Тауфорин

МНН: Таурин
Производитель: Опытный завод ГНЦЛС ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013255
Информация о регистрации в РК: 11.11.2013 - 11.11.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Тауфорин „ОЗ”

Халықаралық патенттелмеген атауы

Таурин

Дәрілік түрі

40 мг/мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 40 мг таурин,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (нипагин), тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды S01Х

Фармакологиялық қасиеттері

Катарактаға қарсы дәрі, ретинопротекторлы және метаболикалық әсер береді.

Тауфорин „ОЗ” (таурин) көздің торқабығының дистрофиялық сипаттағы ауруларында, көз тіндерінің жарақаттық зақымдарында, осы тіндердің метаболизмінің күрт бұзылуымен қоса жүретін патологиялық үдерістерінде репаративтік және регенарциялық үдерістерді стимуляциялайтын амин қышқылы препараттарына жатады. Құрамында күкірт бар амин қышқылы ретінде жасушалық жарғақша қызметін қалыпқа келтіруге, энергетикалық және алмасу үдерістерін оптимизациялауға, жасуша цитоплазмасының электролиттік құрамының тұрақтылығын сақтауға, синапстық берілісті (нейромедиаторлық рөл) тежеуге мүмкіндік береді.

Қолданылуы

  • көздің торқабығының дистрофиялық зақымдануында, тұқым қуалаған тапеторетинальді дегенерацияны, мөлдір қабық дистрофиясын қоса есептегенде

  • қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік катаракталарда

  • мөлдір қабық жарақаттанғанда қалпына келтіру үдерістерін стимуляциялайтын дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Катаракталарда тауфорин „ОЗ” препаратын инстилляция түрінде тағайындайды: 3 ай бойы күн сайын тәулігіне 4 рет 1-2 тамшыдан. Курстарды айлық аралықпен қайталайды. Жарақаттарда осындай дозаларда 1 ай бойы қолданады. Тапеторетинальді дегенерацияны және торқабықтың басқа да дистрофиялық ауруларын, мөлдір қабық тесіп өтетін жараларын емдеу үшін препаратты коньюнктива астына енгізеді: 10 күн бойы күніне 1 рет 0,3 мл 4% ерітінді. Емдеу курсын 6-8 айдан кейін қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық конъюнктивит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат бірге қолданған кезде тимололдың гипотензиялық әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Глаукомасы бар науқастарда препараттың (тимололмен бірге) көзішілік қысымды төмендететін дәрі ретінде тиімділігі жөнінде деректер бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелген жоқ.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

Медициналық резеңке тығынмен тығыз тұмшаланған, алюминий қалпақшамен қаусырылған шыны құтыларға 5 мл препараттан құйылған.

Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.

3 құты, полиэтиленді тамызғыш-қақпақ медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге макулатура типті хром-эрзац картон пәшкеге салынған.

Топтық және тасымалдаушы ыдыс МемСТ 17768-90 талаптарына сәйкес келеді.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 14 тәулік.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШС

Украина, Харьков қаласы, Воробьев көшесі, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШС

Украина, Харьков қаласы, Воробьев көшесі, 8.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: «ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШС

Украина, Харьков қаласы, Воробьев көшесі, 8.

Телефон: 752-30-17

Факс: 752-30-17

Электрондық поштасы: phoenix@gncls.com

Қазақстан Республикасы аумағындағы сенімді өкіл

Мекенжайы: «КФК Медсервис Плюс» ЖШС

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Маметова к-сі, 54

Телефон/факс: (727) 279 98 21

Электронды пошта: pharmanadzor@medservice.kz

 

Прикрепленные файлы

595421341477976846_ru.doc 42.5 кб
986362181477977999_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники