Таурин-АКОС
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ТАУРИН-АКОС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Таурин
Дәрілік түрі
4 % көз тамшысы
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – 40 мг таурин, қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды S01ХА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде жүйелік сіңуі төмен.
Фармакодинамикасы
Катарактаға қарсы дәрі, метаболикалық әсер етеді.
Таурин құрамында күкірті бар, организмде цистеинге айналу үдерісінде түзілетін амин қышқылы болып табылады. Дистрофиялық сипаттағы ауруларда және көз тіндері метаболизмінің күрт бұзылуымен қатар жүретін ауруларда репарация және регенерация үдерістерін белсендендіреді.
Жасушалық жарғақша қызметінің қалыпқа келуіне, энергетикалық және алмасу үдерістерінің белсенділенуіне, калий мен кальций иондарының жиналуы есебінен цитоплазманың электролиттік құрамының сақталуына, жүйке импульстарының өту жағдайларының жақсаруына мүмкіндік береді.
Қолданылуы
- мөлдір қабықтың дистрофиясында
- кәрілік, диабеттік, жарақаттың және сәулелік катаракталарда
- мөлдір қабықтың жарақатында (репаративтік үдерістердің стимуляторы ретінде)
Қолдану тәсілі және дозалары
Катарактада инстилляция түрінде 1-2 тамшыдан күніне 2-4 рет 3 айға тағайындайды. Курсты айлық аралықпен қайталайды.
Мөлдір қабықтың жарақатында және дистрофиялық ауруларында 1 ай бойы осындай дозада қолданады.
Жағымсыз әсерлері
Кейде
- қышу
- көздің қызаруы
Сирек
- жергілікті аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Таурин тимололмен бірге қолданылуы ықтимал.
Тауриннің офталмологияда қолданылатын басқа препараттармен дәрілік жағымсыз өзара әрекеттесуі мәлімделмеген.
Басқа офтальмологиялық дәрілік заттарды (көз тамшы дәрілері және т.б.) бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда таурин мен басқа препараттарды қолдану арасындағы аралық 10-15 минуттан кем болмауы тиіс.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде тек пайда/қаупінің арақатынасына баға берілгеннен кейін ғана қолданылады (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ). Препараттың құрамындағы консервант көзге жанаспалы линза киген кезде тітіркендіруі мүмкін, сондықтан дәріні көзге тамызар алдында кез келген жанаспалы линзаны көзден алған және тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минуттан соң киген жөн.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Анықталған жоқ.
Артық дозаланғанда
Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл-ден бұралып жабылатын қалпақшасы (полимерлі тамшылатқышмен-құты) және тамшылатқыш-тығыны бар полимерлі құтыда.
Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8С-ден 15С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашылғаннан кейін 1 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
"Синтез" ААҚ, Ресей Федерациясы
640008, Курган қ-сы, Конституция даңғылы, 7.
тел./факс (3522) 48-16-89
E-mail: real@kurgansintez.ru
http://www.kurgansintez.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
"Синтез" ААҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, Қостанай қ-сы, Уральская к-сі, 14
тел. 714 228 01 79
E-mail: real@kurgansintez.ru