Таурин-DF

МНН: Таурин
Производитель: Досфарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015917
Информация о регистрации в РК: 02.05.2018 - 02.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Таурин–DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Таурин

Дәрілік түрі

4 % 5 мл, 10 мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 0,04 г таурин

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01XA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде таурин көз ортасына өтеді, сол жерде өзінің арнайы әсерін көрсетеді. Емдік дозада қолданған кезде препарат іс жүзінде жүйелі қан ағысына сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Таурин-DF көз торқабығының дистрофиялық сипаттағы ауруларында, көз тіндерінің жарақаттық зақымдануларын, осы тіндер метаболизмінің күрт бұзылуымен қатар жүретін патологиялық үдерістерін, репарациялық және регенерациялық үрдістерін көтермелейтін амминқышқылдар препараттарына жатады.

Қолданылуы

- мөлдір қабықтың жарақатында және дистрофиясында

- катарактада (қарттық, диабеттік, жарақаттық және сәулелік)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге тағайындайды.

Катаракта кезінде Таурин-DF инстилляция түрінде күн сайын 3 ай бойы 1-2 тамшыдан күніне 2-4 рет тағайындайды. Крусты бір айлық аралықпен қайталау керек.

Мөлдір қабықтың жарақаттарында және дистрофиялық аурулары кезінде жоғарыда көрсетілген дозада 1 ай бойы қолданылады.

Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек.

Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек

Жағымсыз әсері

- аллергиялық конъюнктивит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Көзге арналған басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болса олардың қолданылу аралығы 15 минуттан кем болмауы керек.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде Таурин-DF препаратын қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан препарат жүкті және бала емізетін аналарға тағайындалмайды.

Препараттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда 5 мл немесе 10 мл-ден. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Салқын, жарықтан қорғалған жерде, 8ºС-ден 18ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі - 28 тәулік

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727)253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3,

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88,

электронды поштасы: dosfarm@dosfarn.kz

 

Прикрепленные файлы

872864821477976896_ru.doc 46.5 кб
369765621477978066_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники