Таурин (4%)

МНН: Таурин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018417
Информация о регистрации в РК: 21.11.2011 - 21.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Таурин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Таурин

Дәрілік түрі

4 % көз тамшы дәрісі

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат таурин - 4000 мг;

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

Код АТЖ S01ХА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Катарактаға қарсы дәрі, метаболикалық әсер көрсетеді. Таурин организмде цистеиннің айналу үдерісінде пайда болатын, құрамында күкірт бар аминқышқылы болып табылады. Препарат энергетикалық үдерістердің жақсаруына ықпал етеді, көз тіндерінің метаболизмінің елеулі бұзылуымен қатарласа жүретін дистрофиялық сипаттағы аурулар мен үдерістердегі репаративті үдерістерді көтермелейді. Құрамында күкірті бар аминқышқылы ретінде жасуша жарғақшасының қызметін қалыптастыруға, энергетикалық және алмасу үдерістерін жақсартуға ықпал етеді.

Қолданылуы

- мөлдірқабықтың дистрофиясында

- катарактада (қарттық, диабеттік, жарақаттық, сәулелік)

- мөлдірқабықтың жарақатында ( репаративті үдерісті көтермелеуші ретінде)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Катаракта кезінде препаратты инстилляция түрінде1-2 тамшыдан күніне 2-4 рет 3 ай бойы тағайындайды. Емдеу курсын айлық аралықпен қайталайды. Мөлдірқабықтың жарақатында және дистрофиялық ауруларында осы дозада 1 ай қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықта

-18 жасқа дейінгі балалық жаста

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тауриннің тимололмен бірге қолданылуы мүмкін.

Тауриннің, басқа офтальмологияда қолданылатын препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.

Басқа офтальмологиялық дәрілік заттармен (көз тамшы дәрісі және б.) бір мезгілде қолдану қажет болғанда, тауринді және басқа препараттарды қабылдау аралықтары 10-15 минуттан кем болмауы керек.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшекпен емізу кезінде қолданылуы бойынша жеткілікті тәжірибе жоқ. Жүктілерді және емізетін аналарды тауринмен емдеу, егер күтілетін емдік әсері ұрық пен бала үшін жағымсыз әсердің даму қаупінен жоғары болса, емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Жанаспалы линза тағып жүргенде препараттың құрамындағы консервант көзге тітіркендіретін әсер беруі мүмкін, сондықтан кез келген жанаспалы линзаны тамызар алдында шешу қажет және одан кейін 15 минуттан ерте тағуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жоғары зейін шоғырландыруды және жылдам қимыл-қозғалыс реакцияларын қажет ететін потенциальді қауіпті іс-әрекетті (автокөлікті және қөлік құралдарын басқару, диспетчер жұмысы және т.б.) орындауға ықпалы жоқ.

Артық дозаланғанда

Артық дозалануы бойынша мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бұралатын қақпағымен және полимерлі тығын-тамызғышымен тұмшаланып жабылған стерильді полимер құты-тамызғышта 10 мл-ден.

1 құты-тамызғыштан мемлекеттік және орыс тіліндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты-тамызғышты ашылғаннан кейін 30 тәулік сақтауға болады.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Славянская аптека» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

601125, Владимирская обл., Петушинский ауданы, Вольгинский кенті,

тел./факс: 8(495)742-60-36, 8(495)450-42-48.

Тіркеу куәлігі иесі

«Славянская аптека» ЖШҚ ФК, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Славянская аптека» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

601125, Владимирская обл., Петушинский ауданы, Вольгинский кенті,

тел./факс: 8(495)742-60-36, 8(495)450-42-48.

 

Прикрепленные файлы

485509711477977206_ru.doc 50 кб
920196771477978362_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники