Тарка® (4 мг/240 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тарка
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Босап шығуы өзгертілген, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2 мг/180мг, 4 мг/240 мг
Құрамы
Босап шығуы өзгертілген, үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
2 мг трандолаприл және 180 мг верапамил гидрохлориді;
4 мг трандолаприл және 240 мг верапамил гидрохлориді;
трандолаприлді қабатындағы қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, повидон (Mr 29000, К мәні 25), гипромелоза (2910 типі, тұтқырлығы 6 мПа·с), натрий стеарилфумараты
верапамилді қабатындағы қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий альгинаты, повидон (Mr 45000, К мәні 30), магний стеараты, тазартылған су
таблетканың үлбірлі қабығы: гипромеллоза (2910 типі, тұтқырлығы 6 мПа·с), гипромеллоза (2910 типі, тұтқырлығы 15 мПа·с), гидроксипропилцеллюлоза (тұтқырлығы 7 мПа·с), макрогол 400, макрогол 6000, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий докузаты, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172).
Сипаттамасы
2 мг/180 мг: Сопақша пішінді, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында Knoll «182» тауарлық белгісінің өрнегі бар таблеткалар;
4 мг/240 мг: Сопақша пішінді, қызыл-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында Knoll «244» тауарлық белгісінің өрнегі бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер. Басқа препараттармен біріктірілген АӨФ тежегіштері. Кальций өзекшелерінің блокаторларымен біріктірілген АӨФ тежегіштері. Трандолаприл + верапамил.
АТХ коды C09ВВ10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Екі қабатты Тарка таблеткалары: бір қабаты верапамил гидрохлоридінің баяу босап шығуы үшін, екіншісі – трандолаприлдің дереу босап шығуы үшін жасалған.
Верапамил мен трандолаприл немесе трандолаприлат арасында кинетикалық өзара әрекеттестік анықталмағандықтан, аталған біріктірілген препаратқа қатысты тұтас алғанда, осы екі дәрілік заттың жекелеген кинетикалық параметрлері қолданылады.
Трандолаприл
Трандолаприл ізашар дәрі болып табылады және эстеразалардың көмегімен белсенді диацидті метаболиті – трандолаприлатқа дейін гидролизденеді.
Ішке қабылдағаннан кейін трандолаприл өте жылдам сіңеді. Трандолаприл плазмадағы ең жоғарғы концентрацияларына препаратты қабылдағаннан кейін шамамен бір сағаттан соң жетеді. Трандолаприлдің абсолюттік биожетімділігі шамамен 10% құрайды.
Трандолаприлат қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясының орташа мәндеріне шамамен 3-8 сағаттан соң жетеді. Трандолаприлді қабылдағаннан кейін трандолаприлаттың абсолюттік биожетімділігі шамамен 13% құрайды. Ас ішу трандолаприлаттың ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) немесе қисық астындағы ауданына (AUC) әсер етпейді.
Трандолаприл плазмада ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) спецификалық тежегіші – трандолаприлатқа дейін гидролизденеді. Трандолаприлдің плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен 80%-ды құрайды және концентрациясына тәуелді емес. Трандолаприлдің таралу көлемі шамамен 18 литрді құрайды. Трандолаприлаттың қан ақуыздарымен байланысуы оның концентрациясына тәуелді және 1000 нг/мл концентрациясы кезіндегі 65%-дан 0,1 нг/мл концентрациясы кезіндегі 94%-ға дейінгі ауқымда ауытқып тұрады, бұл трандолаприлат концентрациясының жоғарылауына қарай қанығуын көрсетеді. Дені сау еріктілерде трандолаприл плазмадан жылдам шығарылады, сонымен қатар жартылай шығарылуының орташа кезеңі бір сағаттан аспайды. Трандолаприлді бірнеше рет қабылдағанда трандолаприлaт тепе теңдік концентрациясына дені сау еріктілерде де, артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген жас пациенттер мен егде жастағы пациенттерде де шамамен 4 күннен соң жетеді. Тепе теңдік концентрациялары жағдайындағы трандолаприлаттың жартылай шығарылуының тиімді кезеңі қабылданған дәрілік заттың плазмалық және тіндік АӨФ-мен байланысқан аздаған үлесін қоса, 15-тен 23 сағатқа дейінгі ауқымда болады.
Адамда радиоактивті таңбаланған препаратты ішке қабылдағаннан кейін, 33% радиоактивтілігі несепте және 66% – нәжісте анықталды. Трандолаприлдің қабылданған дозасының шамамен 9-14%-ы несеппен трандолаприлат күйінде шығарылады. Трандолаприлдің аздаған мөлшері өзгеріссіз күйде несеппен (<0,5%) шығарылады. Көктамыр ішіне 2 мг енгізгеннен кейін трандолаприл мен трандолаприлаттың жалпы плазмалық клиренсі сәйкесінше, шамамен 52 л/сағат және 7 л/сағатты құрайды. Трандолаприлaттың бүйректік клиренсі дозасына байланысты, сағатына 0,15-тен 4 литрге дейін ауытқып тұрады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар: 18 жасқа толмаған пациенттерде трандолаприлдің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.
Егде жастағы пациенттер және жынысы: Трандолаприлдің фармакокинетикасы ерлерде де, әйелдерде де егде жастағы пациенттерде (65 жастан асқан) зерттелді. Артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттерде трандолаприлдің қан плазмасындағы концентрациясы артады, бірақ артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттер мен жас пациенттер арасында трандолаприлаттың қан плазмасындағы концентрациясы мен АӨФ белсенділігін тежеуінде айырмашылық жоқ. Трандолаприл мен трандолаприлаттың фармакокинетикасы мен АӨФ белсенділігін тежеуі артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген егде жастағы ерлер мен әйелдерде салыстырмалы болып табылады.
Нәсілі: Түрлі нәсіл өкілдерінің фармакокинетикалық айырмашылықтары зерттелген жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі: Дені сау адамдармен салыстырғанда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде трандолаприл мен трандолаприлаттың плазмадағы концентрациялары шамамен екі есе жоғары. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз пациенттер мен гемодиализдегі пациенттерде бүйректік клиренсі шамамен 85%-ға азаяды. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі: Бауырдың ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі алкогольдік циррозы бар пациенттерде трандолаприл мен трандолаприлaттың қан плазмасындағы концентрациялары препаратты ішке қабылдағаннан кейін дені сау адамдарға қарағанда 9 және 2 есе жоғары болды, бірақ АӨФ белсенділігін тежеуі өзгерген жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде төменірек дозаларын қолдану керек.
Верапамил
Верапамил гидрохлориді R-энантиомер мен S-энантиомердің тең бөліктерінене тұратын рацемиялық қоспа болып табылады. Верапамил белсенді метаболизденеді. Норверапамил несепте анықталатын 12 метаболитінің бірі болып табылады, верапамилдің 10-20% фармакологиялық белсенділігіне ие және шығарылған препараттың 6 %-ын құрайды. Норверапамил мен верапамилдің қан плазмасындағы тепе-теңдік концентрациялары бірдей. Тепе-теңдік концентрацияларына препаратты күніне 1 рет көп рет қолданғаннан кейін 3-4 күннен соң жетеді.
Ішке қабылдағаннан кейін верапамилдің 90%-дан астамы жіңішке ішекте сіңіріледі. Экстенсивті метаболизмі себепті бауыр арқылы бірінші өтуі кезінде өзгеріссіз күйдегі верапамилдің орташа биожетімділігі бір рет қолданғаннан кейін 22%-ды құрайды және көп рет қолданғаннан кейін 30%-ға дейін артуы мүмкін.|
Қан плазмасындағы шыңдық концентрациясына жетуінің орташа уақыты 4-15 сағатты құрайды. Норверапамил қан плазмасындағы шыңдық концентрациясына дозасын қабылдағаннан кейін шамамен 5-15 сағаттан соң жетеді. Ас ішу верапамилдің биожетімділігіне әсер етпейді.
Верапамил организм тіндеріне кеңінен таралады, дені сау еріктілерде таралу көлемі 1,8-ден 6,8 л/кг дейінді құрайды. Верапамилдің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 90%-ды құрайды.
Верапамил белсенді метаболизденеді. Метаболизміне жүргізілген in vitro зерттеулерде, верапамилдің P450 CYP3A4, CYP1A2, CYP2C8, CYP2C9 және CYP2C18 цитохромының көмегімен метаболизденетіндігі анықталды. Дені сау еріктілерде препаратты ішке қабылдағаннан кейін верапамил гидрохлориді бауырда 12 метаболит түзе отырып экстенсивті метаболизмге ұшырайтындығы, олардың көпшілігі іздік мөлшерлерде байқалатындығы анықталды. Негізгі метаболиттері верапамилдің түрлі N- және O-деалкилденген өнімдері ретінде анықталды. Ол метаболиттерінің ішінен тек норверапамил ғана фармакологиялық әсер береді (бастапқы қосылыстың 20 %-ға жуығы), бұл иттерге жүргізілген зерттеулер барысында анықталды.
Бірнеше рет қолданғаннан кейінгі жартылай шығарылуының орташа кезеңі 8 сағатты құрайды. Қабылданған дозасының 50 %-ға жуығы 24 сағат ішінде, 70 %-ы 5 күн ішінде бүйрекпен шығарылады. Дозасының 16 %-ға дейінгісі нәжіспен шығарылады. Бүйрекпен шығарылатын 3–4%-ға жуық препарат өзгеріссіз күйде шығарылады. Верапамилдің жалпы клиренсі бауырлық қан ағымындағысы сияқты жоғары деуге болады және 1 л/сағат/кг жуықты құрайды (диапазоны 0,7 – 1,3 л/сағат/кг).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар: балалардағы фармакокинетикасы туралы ақпарат шектеулі. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін верапамилдің жартылай шығарылуының орташа кезеңі 9,17 сағатты құрады, және орташа клиренсі 30 л/сағатты құрады, ал бұл дене салмағы 70 кг ересек пациентте 70 л/сағатқа жуықты құрайды. Препаратты ішке қабылдағаннан кейінгі қан плазмасындағы тепе-теңдік концентрациялары ересектермен салыстырғанда, балаларда біраз төмен.
Егде жастағы адамдар: артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде қартая келе верапамилдің фармакокинетикасы өзгереді. Жартылай шығарылу кезеңі егде жастағы адамдарда арта түсуі мүмкін. Верапамилдің гипертензияға қарсы әсері пациенттің жас шамасына байланыссыз екендігі анықталды.
Бүйрек жеткіліксіздігі: бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттер мен бүйрек функциясы қалыпты адамдардағы салыстырмалы зерттеулерден, бүйрек функциясының бұзылуы верапамилдің фармакокинетикасына әсер етпейтіндігі анықталды. Верапамил мен норверапамил гемодиализдің көмегімен айтарлықтай шығарылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі: верапамилдің биожетімділігі мен жартылай шығарылу кезеңі бауыр циррозы бар пациенттерде жоғарылайды. Алайда бауыр функциясының компенсацияланатын бұзылуы бар пациенттерде верапамилдің кинетикасы өзгермейді.
Фармакодинамикасы
Тарка препараты АӨФ тежегіші трандолаприл мен кальций антагонисі верапамилдің бекітілген біріктірілімі болып табылады.
Трандолаприл
Трандолаприл плазмадағы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін (РААЖ) бөгейді, бұл қан плазмасындағы ангиотензин ІІ деңгейінің төмендеуін туғызады және вазопрессорлық белсенділіктің төмендеуі мен альдостерон секрециясының төмендеуіне алып келеді. Соңғы төмендеудің елеусіз екендігіне қарамастан, қан сарысуындағы калий концентрациясының натрий мен сұйықтық жоғалтумен жүретін аздаған жоғарылауы туындауы мүмкін. Ангиотензин ІІ ренин секрециясына теріс кері байланысы әсерінің тоқтауы плазма ренині белсенділігінің жоғарылауына алып келеді.
Трандолаприл де простагландиндік жүйенің белсенділенуі есебінен шеткергі вазодилатацияға ықпал етеді. Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерін қолдану жатқан қалыптағы және тұрған қалыптағы артериялық қысымның шамамен бірдей, жүректің жиырылу жиілігінің компенсаторлық жоғарылауынсыз төмендеуіне алып келеді. Шеткергі артериялық резистенттілігі жүрек лықсытуының өзгіруінсіз немесе жоғарылауымен төмендейді.
Бүйректің қан ағысының жоғарылауы байқалады, алайда шумақтық сүзілу жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Артериялық қысымның оңтайлы төмендеуіне жетуі кейбір пациенттерде бірнеше апта емдеуді қажет етуі мүмкін. Гипертензияға қарсы әсерлері ұзақ уақыт емдеген кезде сақталып қалады. Емдеуді күрт тоқтату артериялық қысымның жылдам жоғарылауымен қатар жүрмейді.
Трандолаприлдің гипертензияға қарсы әсері дозасын қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң анықталады және артериялық қысымның циркадтық ырғағына әсер етусіз 24 сағатқа созылады.
Верапамил
Верапамилдің фармакологиялық әсеріне қантамырлардың және миокард жасушаларының тегісбұлшықетті жасушаларының жасуша жарғақшасының баяу кальций өзекшелері арқылы кальций иондары ағынының бәсеңдеуі түрткі болады.
Верапамилдің әсер ету механизмі төмендегі әсерлерді қамтамасыз етеді.
1. Артериялық вазодилатация.
Верапамил тыныштық күйіндегі және дене жүктемесі кезіндегі артериялық қысымды шеткергі артериолаларды кеңейтудің есебінен төмендетеді.
Шеткергі қантамырлардың жалпы кедергісінің (кейінгі жүктеме) азаюы миокардқа оттегі мен энергия қажеттілігінің азаюына алып келеді.
2. Миокард жиырылғыштығының азаюы.
Верапамилдің теріс инотропты әсері жалпы шеткергі кедергінің азаюымен компенсацияланады. Бұл кезде сол жақ қарынша дисфункциясы бар пациенттерден басқаларда жүрек индексі азаймайды.
Верапамил жүректің симпатикалық реттелісіне әсер етпейді, өйткені бета-адренергиялық рецепторларды бөгемейді. Сондықтан бронх түйілуі мен аталған жағдайлар верапамилді қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Тарка®
Верапамил мен трандолаприл арасында фармакокинетикалық немесе РААЖ өзара әрекеттестіктер анықталған жоқ. Сондықтан да, бұл екі әсер етуші затының байқалған синергиялық белсенділігі олардың комплементарлық фармакологиялық әсерлеріне негізделеді.
Клиникалық зерттеулерде Тарка® препараты жоғары артериялық қысымды төмендетуде әсер етуші заттарын жеке-дара алғандағыға қарағанда тиімдірек болды.
АӨФ тежегіші мен ангиотензин II рецепторлары блокаторының біріктірілімін қолдану рандомизацияланған бақыланатын екі ірі ONTARGET (ONgoing Telmisartan Alone and in combination with Ramipril Global Endpoint Trial) және VA NEPHRON-D (The Veterans Affairs Nephropathy in Diabetes) зерттеуінде зерттелді. ONTARGET зерттеуі сыртартқысында жүрек-қантамыр немесе цереброваскулярлық аурулары бар немесе нысана ағзалардың зақымдану симптомдарымен қатар жүретін 2 типті қант диабеті бар пациенттерде жүргізілді. VA NEPHRON-D зерттеуі 2 типті қант диабеті және диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде жүргізілді. Бұл зерттеулер өлім жағдайлары мен бүйрек және жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты нәтижелерге оң әсерін тигіген жоқ, алайда, монотерапиямен салыстырғанда, гиперкалиемия, бүйректің жедел зақымдануы және/немесе гипотензия қаупінің жоғарылығы байқалды. Сонымен қатар бұл нәтижелер басқа АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларына да қолданылады. Осы себепті АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторлары диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір мезгілде пайдаланылмауы тиіс.
ALTITUDE (Aliskiren Trial in Type 2 Diabetes Using Cardiovascular and Renal Disease Endpoints) зерттеуі 2 типті қант диабеті мен бүйректің қатарлас созылмалы ауруы немесе жүрек-қантамыр ауруы бар, немесе аталған жағдайлардың екеуі де бар пациенттерде АӨФ тежегішімен немесе ангиотензин II рецептоларының блокаторымен стандартты емдеумен салыстырғандағы алискиреннің артықшылықтарын зерттеуге негізделді. Бұл зерттеу жағымсыз жайлармен аяқталу қаупінің жоғарылығына байланысты, мерзімінен бұрын аяқталды. Алискирен тобында, плацебо, тобына қарағанда жүрек-қантамыр ауруынан болатын өлім жағдайлары мен инсульттер жиі тіркелді, сондай-ақ жағымсыз реакциялар мен күрделі жағымсыз құбылыстар (гиперкалиемия, артериялық гипотензия және бүйрек дисфункциясы) туралы жиі хабарланды.
Қолданылуы
- артериялық қысым бірдей дозалардағы бөлек-бөлек трандолаприл мен верапамилдің көмегімен қалыпқа түсетін, немесе препараттың белсенді компоненттерінің біреуін ғана қолданғанда, артериялық қысым талапқа сай бақыланбайтын пациенттердегі эссенциальді артериялық гипертензияда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылдауға арналған
Дозасы
Ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан қолдану ұсынылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар: Тарка препаратының балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Сондықтан аталған жас тобында қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы адамдар: кейбір егде жастағы пациенттерде артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген жастау пациенттермен салыстырғанда биожетімділік жүйесінің жоғарылығына байланысты, артериялық қысымды төмендету әсерінің айқынырақ болуы байқалуы мүмкін.
Қолдану тәсілі
Таблетканы дұрысы таңертеңгілік, тамақтан кейін, тұтастай, сумен ішіп жұту керек.
Жағымсыз әсерлері
Атап көрсетілген жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулер мен маркетингтен кейінгі тәжірибеде тіркелді. Жағымсыз реакциялар хабарлану жиілігіне байланысты жіктелді: жиі >1/100 және <1/10, жиі емес >1/1000 және <1/100, сирек >1/10 000 және <1/1000, өте сирек <1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса.
Жиі
- бас айналуы, бас ауыруы
- вертиго
- I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- жөтел
- іштің қатуы
- гипотензия
- ортостатикалық гипотензия
- шок
- гиперемия
- қан кернеулері
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық
- гиперлипидемия
- тремор, ұйқышылдық
- жүрек соғуының жиілеуі
- жүрек айнуы, диарея, іштің ауыруы, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
- бауырдың функционалдық сынамаларының нормадан ауытқулары
- бөртпе, қышыну, беттің ісінуі, гипергидроз
- полиурия
- кеуденің ауыруы
Сирек
- қарапайым герпес
- анорексия
- естен тану
- гипербилирубинемия
- алопеция, терінің спецификалық емес өзгерістері
- азотемия
Өте сирек
- бронхит
- панцитопения, лейкопения, тромбоцитопения
- депрессия, күйгелектік, үрейлену, озбырлық
- миішілік қан құйылу, сананы жоғалту, ұйқысыздық, тепе-теңдіктің бұзылуы, гиперестезия, парестезия, дисгевзия
- көрудің бұзылуы, көру жітілігінің нашарлауы
- стенокардия, брадикардия, тахикардия, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы
- артериялық қысымның ауытқулары
- бронх демікпесі, ентігу, синустардағы іркілісті құбылыстар
- құсу, тамақтың тқұрғауы, ауыздың құрғауы, панкреатит
- гепатит, сарғаю, холестаз
- ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, псориаз, дерматит, есекжем
- артралгия, миалгия, бұлшықет әлсіздігі
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі*
- эректильді дисфункция, гинекомастия
- ісіну, шеткергі ісіну, астения, шаршау сезімі
- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, липаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий концентрациясының жоғарылауы, иммуноглобулин концентрациясының жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес)
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, фарингит, синусит*, ринит*, глоссит*, несеп шығару жолдарының инфекциялары
- агранулоцитоз, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, гематокрит төмендеуі, гемолиздік анемия*
- тәбеттің жоғарылауы, гиперкалиемия, гиперхолестеринемия, гипергликемия, гипонатриемия, гиперурикемия, подагра, ферменттік бұзылулар
- ұйқысыздық, ұйқы бұзылысы*, елестеулер, либидо төмендеуі, сананың шатасуы *
- транзиторлық ишемиялық шабуыл*, ми қанайналымының жедел бұзылуы, миоклонус, бас сақинасы, экстрапирамидалық бұзылыс, салдану (тетрапарез)
- блефарит, конъюнктиваның ісінуі, көрудің бұзылуы
- құлақтағы шуыл
- миокард инфарктісі, атриовентрикулярлық блокада (2, 3 дәрежесі), синустық брадикардия, синустық түйіннің тоқтауы, асистолия, аритмия, қарыншалық тахикардия, миокард ишемиясы, электрокардиограммадағы патологиялық өзгерістер
- артериялық гипертензия, ангиопатия, шеткергі артериялардың ауыруы, көктамырлардың варикозды кеңеюі
- бронх түйілуі, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, жоғарғы тыныс жолдарындағы іркілу құбылыстары, өнімді жөтел, жұтқыншақтың қабынуы, орофарингеальді ауыру, мұрыннан қан кету, тыныс алудың бұзылуы
- іштегі жайсыздық, диспепсия, гастрит, метеоризм, гипертрофиялық гингивит, қан құсу, ішек бітелісі, ішектің ангионевроздық ісінуі *
- холестаздық сарғаю *
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некроз, пурпура, Экзема, акне, терінің құрғауы
- арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, остеоартрит, бұлшықет құрысулары, сүйектердің ауыруы
- поллакиурия
- галакторея
- гипертермия, өзін нашар сезіну, дімкәстану
- қандағы креатинин, мочевина, пролактин деңгейінің жоғарылауы.
* АӨФ класты препараттардың жағымсыз реакциялары көрсетілген.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- трандолаприлге немесе кез келген басқа АӨФ тежегішіне және/немесе верапамилге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен жасөспірімдерде (18 жастан кіші) қолдану
- β-адренорецепторлардың блокаторларын бір мезгілде көктамыр ішіне қолдану (қарқынды ем жүргізуді қоспағанда)
Тарка® препаратының құрамында верапамил гидрохлоридінің болуына байланысты қарсы көрсетілімдер
- кардиогендік шок
- жасанды ырғақ жетекшісінің қызмет атқаруынсыз екінші немесе үшінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- жасанды ырғақ жетекшісінің қызмет атқаруынсыз пациенттердегі синустық түйін әлсіздігі синдромы
- лықсыту фракциясы 35% аз және/немесе өкпе артериясының қысылу қысымы 20 мм сын.бағ.жоғарылауымен жүрек жеткіліксіздігі
- қосымша өткізу жолдары бар жүрекшелердің фибрилляциясы/ дірілдеуі (мысалы, Вольф–Паркинсон–Уайт синдромы, Лаун-Ганонг-Левин синдромы). Верапамил гидрохлоридін қолданған кезде бұл пациенттерде жүрекшелердің фибрилляциясын қоса, қарыншалық тахиаритмияның даму қаупі бар.
- ивабрадинмен бір мезгілде қолдану
Тарка® препаратының құрамында трандолаприлдің болуына байланысты қарсы көрсетілімдер
- сыртартыдағы АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну
- тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну
- жүктіліктің екінші және үшінші триместрі («Айрықша нұсқаулар» Жүктілік және лактация кезеңін қараңыз)
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)
- диализ
- қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 60 мл/мин/1,73 м2)
- асцитпен жүретін бауыр циррозы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тарка® препаратының құрамында верапамилдің болуына байланысты болуы мүмкін өзара әрекеттесулер
Верапамил гидрохлоридінің метаболизмін in vitro зерттеулер, оның Р450 CYP3A4, CYP1А2, CYP2С8, CYP2С9 және CYP2С18 цитохромы арқылы метаболизденетінін көрсетті. Верапамил өзін CYP3A4 ферменттері мен Р-гликопротеиннің (Р-gp) тежегіші ретінде танытады. CYP3A4 тежегіштерімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі туралы, оның қан плазмасындағы верапамил деңгейінің артуын туғызғандығы хабарланды, бұл кезде CYP3A4 индукторлары қан плазмасындағы верапамил деңгейінің төмендеуін туғызған, сондықтан басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне қатысты мониторинг жүргізу қажет.
Празозин: жартылай шығарылу кезеңінің өзгерісінсіз празозин Сmax (~40 %) жоғарылауы. Аддитивтік гипотензиялық әсері бар.
Теразозин: теразозиннің AUC (~24 %) және Сmax (~25 %) артуы. Аддитивтік гипотензиялық әсері бар.
Флекаинид: қан плазмасындағы флекаинид клиренсіне аздаған әсері бар (<~10 %); қан плазмасындағы верапамил клиренсіне әсер етпейді («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Хинидин: ішу арқылы қабылдаған кезде хинидин клиренсінің азаюы (~35 %). Артериялық гипотензияның дамуы, ал гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы бар пациенттерде – өкпенің ісінуінің дамуы мүмкін.
Теофиллин: клиренсінің төмендеуі ішу арқылы және жүйелі қолданған кеде 20 %-ға, шылымқорларда –11 %-ға жуық.
Карбамазепин: рефрактерлік парциальді эпилепсиясы бар пациенттерде карбамазепин AUC артуы (~46 %). Карбамазепин деңгейлерінің жоғарылауы, диплопия, бас ауыруы, атаксия немесе бас айналуы сияқты карбамазепиннің жағымсыз әсерлерін туғызуы мүмкін.
Фенитоин: қан плазмасындағы верапамил концентрациясының төмендеуі.
Имипрамин: оның белсенді метаболиті дезипраминнің деңгейіне әсерінсіз имимпрамин AUC жоғарылауы (~15 %).
Глибурид: Cmax (~28 %) және AUC жоғарылауы (~26 %).
Колхицин – колхициннің AUC (шамамен 2 есе) және Сmax (шамамен 1,3 есе) жоғарылауы. Колхициннің дозасын азайту ұсынылады (колхицинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Кларитромицин, эритромицин, телитромицин: верапамилдің деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Рифампицин: верапамилді ішу арқылы қолданғаннан кейін AUC (~97 %), Сmax (~94 %) және биожетімділігінің төмендеуі (~92 %) гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.
Доксорубицин: өкпенің ұсақ жасушалы обыры бар пациенттерде доксорубицин мен верапамилді бір мезгілде қолданғанда (ішу арқылы) қан плазмасындағы доксорубициннің AUC (104 %) пен Сmax (61 %) артады.
Фенобарбитал: ішу арқылы қолданғанда верапамил клиренсінің жоғарылауы (шамамен 5 есе).
Буспирон: буспиронның AUC және Сmax 3,4 есеге жуық артуы.
Мидазолам: мидазоламның AUC 3 есеге жуық және Сmax – 2 есеге жуық артуы.
Метопролол: стенокардиясы бар пациенттерде метопрололдың AUC (~32,5 %) және Сmax (~41 %) артуы.
Пропранолол: стенокардиясы бар пациенттерде пропранололдың AUC (~65 %) және Сmax (~94 %) жоғарылауы.
Дигитоксин: дигитоксин клиренсінің (~27 %) және экстраренальді клиренстің (~29 %) азаюы.
Дигоксин: дені сау еріктілерде дигоксиннің Сmax (~44 %), С12h (~53 %), Css (~44 %), AUC (~50 %) жоғарылауы. Дигоксиннің дозасын азайту ұсынылады ( «Айрықша нұсқауларын» да қараңыз).
Циметидин: R-верапамил (~25 %) мен S-верапамил (~40 %) AUC жоғарылауы R- және S-верапамил клиренсінің сәйкесінше төмендеуімен.
Циклоспорин: циклоспориннің AUC, Сmax, СSS шамамен 45 %-ға артуы.
Эверолимус: эверолимус AUC жоғарылауы (3,5 есеге жуық) және Сmax (2,3 есеге жуық). Верапамилдің Ctrough жоғарылауы (2,3 есеге жуық). Эверолимустың концентрациясы мен дозасын дәл анықтау қажет болуы мүмкін.
Сиролимус: сиролимустың AUC артуы (2,2 есеге жуық), S-верапамилдің AUC артуы (1,5 есеге жуық). Сиролимустың концентрацияларын анықтау және дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Такролимус: қан плазмасындағы бұл препараттың деңгейі артуы мүмкін.
Аторвастатин: аторвастатиннің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Аторвастатин верапамилдің AUC шамамен 43 %-ға арттырады.
Ловастатин: ловастатиннің деңгейі артуы мүмкін. Верапамилдің AUС (~63 %) және Cmax (~32 %) артуы.
Симвастатин: симвастатиннің AUC 2,6 есеге, симвастатиннің Сmax– 4,6 есеге жуық арттырады.
Алмотриптан: алмотриптанның AUC (~20 %) және Сmax (~24 %) жоғарылауы.
Сульфинпиразон: ішу арқылы қолданғанда верапамил клиренсінің 3 есеге жуық жоғарылауы, биожетімділігінің шамамен 60 %-ға азаюы. Гипотензиялық әсерінің төмендеуі байқалуы мүмкін.
Дабигатран: дабигатранның Cmax (90 %-ға дейін) және AUC (70 %-ға дейін) жоғарылауы. Қан кету қаупі артуы мүмкін. Пероральді верапамилмен бір мезгілде қолданғанда дабигатранның дозасын азайту қажет болуы мүмкін (дозалау жөніндегі ұсынымдарға қатысты дабигатранды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Ивабрадин: верапамилдің қосымша жүректің жиырылу жиілігін төмендететін әсеріне байланысты, верапамилді ивабрадинмен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз).
Грейпфрут шырыны: жартылай шығарылу кезеңі мен бүйректік клиренсіне әсерінсіз R-верапамил (~49 %) мен S-верапамил (~37 %), AUC жоғарылауы, R-верапамил (~75 %) мен S-верапамил (~51 %) Сmax жоғарылауы. Грейпфрут шырынының верапамилмен қолданылуын болдырмау керек.
Шайқурай: сәйкесінше Сmax төмендеуімен, R-верапамил (~78 %) мен S-верапамил (~80 %) AUC азаюы.
Басқа өзара әрекеттесулері
Гипертензияға қарсы дәрілер, диуретиктер, вазодилататорлар: гипотензиялық әсерінің күшеюі.
Вирусқа (АИТВ) қарсы дәрілер: ритонавир сияқты, кейбір вирусқа (АИТВ) қарсы дәрілердің метаболизмді бәсеңдету қабілетіне байланысты, верапамилдің плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Верапамилді сақтықпен қолдану немесе верапамилдің дозасын төмендету керек.
Литий: литий препараттарын верапамил гидрохлоридімен бір мезгілде қолданғанда, литийдің нейроуыттылығының қан плазмасындағы литий деңгейлерінің жоғарылауымен немесе өзгерістерінсіз жоғарылығы туралы хабарланды. Алайда, литийдің бірдей дозасын тұрақты түрде ішу арқылы қабылдайтын пациенттерде, верапамил гидрохлоридін қосу қан плазмасындағы литий деңгейлерінің төмендеуіне алып келді. Екі препаратты да қабылдап жүрген пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Көктамырішілік бета-блокаторлар: көктамырішілік бета-блокаторларды Тарка препаратымен емдеу кезінде тағайындамаған дұмыс («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз). Верапамилді бета-блокаторлармен үйлестіру атриовентрикулярлық өткізгіштіктің күрделі бұзылуын күшейтуі мүмкін, ол кейбір жағдайларда ауыр брадикардияға алып келуі мүмкін: сонымен қатар жүрек қызметінің күрделі бәсеңдеуі де туындауы мүмкін.
Нейробұлшықеттік блокаторлар: нейробұлшықеттік блокаторлардың әсерлері күшеюі мүмкін. Жануарларға жүргізілген клиникалық деректер мен зерттеулер, верапамил гидрохлориді нейробұлшықеттік блокаторлардың белсенділігін (кураре тәрізді және деполяризациялаушы) әлеуеттендіруі мүмкін екендігін көрсетеді.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): ҚҚСД қолдану басқа АӨФ тежегіштерінікі сияқты, трандолаприлдің гипертензияға қарсы әсерлерін азайтуы мүмкін. ҚҚСП қосқан немесе тоқтатқан кезде, трандолаприлді қабылдап жүрген пациенттерде артериялық қысымды бақылауды күшейту қажет. Бұдан өзге, ҚҚСП мен АӨФ тежегіштерінің қан сарысуындағы калийдің артуына және бүйрек функциясының төмендеуіне қатысты аддитивтік әсер беретіні сипатталды. Әдетте бұл әсерлер қайтымды болып табылады және әдетте, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде байқалады.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, ацетилсалицил қышқылын қоса (антиагрегант ретінде оны төмен дозаларда қолданатын жағдайлардан басқа), ҚҚСП АӨФ тежегіштерімен бірге қолданылуын болдырмау қажет. Ацетилсалицил қышқылын верапамилмен бір мезгілде қолдану ацетилсалицил қышқылының жағымсыз әсерлерінің айқындығын арттыруы мүмкін (қан кету қаупін арттыруы мүмкін).
Алкоголь: қандағы этанол деңгейлерінің жоғарылауы. Алкоголь гипотензияның даму қаупін арттырады.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер): ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеу (симвастатин, аторвастатин немесе ловастатин сияқты) верапамилді қабылдап жүрген пациенттерде, мүмкіндігінше ең аз дозасынан бастау және дозасын арту жағына қарай титрлеу керек. Верапамил мен жоғары дозалардағы симвастатинді бір мезгілде қолданғанда миопатия/рабдомиолиз қаупінің артқандығы туралы хабарланды. Егер верапамилмен емдеу ГМГ-КоА-редуктаза тежегішін (симвастатин, аторвастатин немесе ловастатин) бұрыннан қабылдап жүрген пациенттерге тағайындалуы тиіс болса, статиннің дозасын азайту және қан сарысуындағы холестерин концентрациясына сәйкес таңдап алу керек.
Флувастатин, правастатин және розувастатин CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденбейді және верапамилмен өзара әрекеттеседі.
Тарка® препаратының құрамында трандолаприлдің болуына байланысты болуы мүмкін өзара әрекеттесулер.
Диуретиктермен емдеу: диуретиктермен немесе гипертензияға қарсы басқа дәрілермен біріктіру трандолаприлдің гипертензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Калий жинақтаушы диуретиктер (спиронолактон, амилорид, триамтерен) немесе құрамында калий бар тағамдық қоспалар, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі кезінде, гиперкалиемияның туындау қаупін арттыруы мүмкін. Трандолаприл тиазидтік диуретиктерден туындаған калий жоғалуын әлсіретуі мүмкін.
Антиотензин-II рецепторларының блокаторлары, алискирен: клиникалық зерттеулердің мәліметтері, АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы жүретін РААЖ қосарлы блокадасы, РААЖ-ға әсер ететін бір дәріні қолданумен салыстырғанда, гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстар жиілігімен байланысты екендігін көрсетті («Фармакодинамикасы», «Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).
Диабетке қарсы препараттар: басқа АӨФ тежегіштерін қолданған жағдайдағы сияқты, диабетке қарсы дәрілерді (инсулинді немесе пероральді гипогликемиялық дәрілерді) бір мезгілде қолдану гипогликемияның туындау қаупінің жоғарылауымен жүретін қандағы глюкоза утилизациясының күшеюіне алып келуі мүмкін.
Литий: трандолаприл литийдің организмнен шығарылуын кідіртуі мүмкін. Қан плазмасындағы литий концентрациясын жиі бақылау керек.
Алтын препараттары: Тарка® препаратын қоса, АӨФ тежегішімен бір мезгілде алтынның инъекциялық препараттарымен (натрий ауротиомалатымен) ем қабылдап жүрген пациенттерде нитритоидтық реакциялар (бетке қан тебуді, жүрек айнуын, құсу мен артериялық гипотензияны қоса алғандағы симптомдар) туралы сирек хабарланды.
Гемодиализ: АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде гемодиализ үшін қолданылатын ағын тығыздығы жоғары полиакрилонитрильді жарғақшаларға анафилактоидтық реакциялар туралы хабарланды. Осы химиялық кластың гипертензияға қарсы басқа дәрілерін қолдану сияқты, бүйректік диализдегі пациенттерде АӨФ тежегіштерінің қолданылуын болдырмау қажет.
Ингаляциялық анестетиктер: АӨФ тежегіштері кейбір ингаляциялық анестетиктердің гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Аллопуринол, цитостатиктер немесе иммунодепрессанттар, жүйелі кортикостероидтар немесе прокаинамид АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда лейкопенияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Антацидтер АӨФ тежегіштерінің биожетімділігін төмендетуі мүмкін.
Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерлерін төмендетуі мүмкін. Пациенттердің жағдайын мұият қадағалау керек.
Нейролептиктер, үшциклдық антидепрессанттар: барлық гипертензияға қарсы дәрілермен жағдайдағы сияқты, препаратты нейролептиктермен немесе үшциклдық антидепрессанттармен үйлестірген кезде, ортостатикалық гипотензияның даму қаупі жоғары.
Айрықша нұсқаулар
Тарка® препаратының құрамында трандолаприлдің болуына байланысты айрықша нұсқаулар
Ангионевроздық ісіну
Трандолаприл беттің, аяқтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ісінуін қоса, ангионевроздық ісінуді туғызуы мүмкін. Негроид нәсілді пациенттерде АӨФ тежегіштерін қолданғанда, басқа нәсілді пациенттермен салыстырғанда ангионевроздық ісінудің даму жиілігі жоғарылағаны туралы хабарланды.
Сонымен қатар АӨФ тежегіштерімен емделген пациенттерде интестинальді ангионевроздық ісіну туралы да хабарланды. Бұл реакцияның даму мүмкіндігін трандолаприлді қабылдап жүрген, іші ауырған (жүрек айнуымен немесе құсумен немесе оларсыз) пациенттерде ескеру керек.
Ангионевроздық ісіну дамыған кезде пациенттер дереу емдеуді тоқтатуы тиіс, және ісіну басылғанға дейін олардың жағдайын бақылау керек.
Беттің ангионевроздық ісінуі әдетте өздігінен басылады. Бетке ғана емес, дауыс саңылауына да жайылған ісіну тыныс жолдарының обструкциясының даму мүмкіндігіне байланысты, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Тілге, дауыс саңылауына немесе көмейге жайылған ангионевроздық ісіну кезінде дереу, 0,3-0,5 мл адреналин ерітіндісін (1:1000 арақатынаста сұйылтылған) қажеттілігіне қарай басқа емдеу шараларын жүргізумен бір мезгілде тері астына енгізу керек.
Реноваскулярлық гипертензиясы бар пациенттер
АӨФ тежегіштерін, реноваскулярлық гипертензияға радикалды ем жүргізілгенше, немесе осы шараны мүмкін болмаған кезде қолдануға болады. Бүйрек артерияларының біржақты немесе екіжақты стенозы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеу кезінде ауыр артериялық гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Диуретиктерді қолдану бұл қауіпті арттыра түсуі мүмкін. Бүйрек функциясының төмендеуі, тіпті бүйрек артериясының біржақты стенозы бар пациенттерде тек қан сарысуындағы креатинин концентрациясының аздаған жоғарылауымен ғана көрініс беруі мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеу препараттың азғантай дозаларынан басталып, ары қарай дозасы стационар жағдайларында қатаң медициналық қадағалаумен мұқият таңдалуы тиіс. Препаратпен емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы апталар бойына диуретиктерді тоқтату және бүйрек функциясы мен қан сарысуындағы калий концентрациясына қадағалау жүргізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі минутына 30 мл аз пациенттерде трандолаприлдің дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Артериялық гипертензиясы бар пациенттерді тексеруге үнемі бүйрек функциясын бағалау кірістірілуі тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек артерияларының екіжақты стенозы немесе қызмет атқарып тұрған жалғыз бүйрек артериясының біржақты стенозы (мысалы, бүйрек трансплантациясынан кейін) бар пациенттерде бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар. Алдында бүйректің ауыр болмаған артериялық гипертензиясы бар кейбір пациенттерде трандолаприл мен диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда мочевина азоты мен қан сарысуындағы креатинин концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
Протеинурия
Протеинурия, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе АӨФ тежегіштерінің салыстырмалы түрде жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда дамуы мүмкін.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АӨФ тежегіштері мен II ангиотензин рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолдану гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылу (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) қаупін арттыратыны туралы деректер бар. Осы себепті АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторлары блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы жүретін РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Фармакодинамикасы» бөлімдерін қараңыз). Егер қосарлы блокаданың көмегімен емдеу қажет деп саналса, ол дәрігердің қадағалауымен ғана және бүйрек функциясын, артериялық қысымды және электролиттер концентрациясын мұқият жиі қадағалай отырып жүргізілуі тиіс.
АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторлары диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір мезгілде қолданылмауы тиіс.
Гиперкалиемия
Препаратты қолдану артериялық гипертензиясы бар, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде гиперкалиемияға алып келуі мүмкін.
Гиперкалиемия дамуының қауіп факторлары бүйрек жеткіліксіздігі, калий жинақтаушы диуретиктерді, гипокалиемияны емдеуге арналған дәрілерді бір мезгілде қолдану, қант диабеті және/немесе бастан өткерген миокард инфарктісінен кейінгі сол жақ қарыншаның дисфункциясы болып табылады.
Жөтел АӨФ тежегіштерімен емдеу кезінде препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалатын құрғақ өнімсіз жөтел туындауы мүмкін.
Жүктілік. АӨФ тежегіштерін қабылдауды жүктілік кезінде бастауға болмайды. Жүктілікті жоспарлап жүрген пациент әйелдерге аталған емді жүктілік кезінде қолданылуының қауіпсіздік бейіні анықталған гипертензияға қарсы баламалы еммен алмастыру қажет («Қолдануға болайтын жағдайларды» және «Жүктілік және лактация кезеңін» қараңыз). Жүктілік расталған жағдайда Тарка® препаратымен емдеуді дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда баламалы ем тағайындау қажет.
Лактация кезеңі. Тарка® препаратын бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды («Жүктілік және лактация кезеңін» қараңыз).
Симптоматикалық артериялық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде трандолаприлдің бастапқы дозасын қолданғаннан немесе оны арттырғаннан кейін байқалды. Бұл жағдайдың даму қаупі диуретиктерді қабылдағаннан, тұзсыз диета ұстанғаннан кейін, диализ, дегидратация, диарея немесе құсу кезінде су-тұз теңгерімі бұзылған кезде арта түседі. Мұндай пациенттерде трандолаприлмен емдеуді бастар алдында диуретиктерді қолдануды тоқтату және айналымдағы қан көлемін (АҚК) және/немесе тұздардың деңгейлерін қалпына келтіру керек.
Агранулоцитоз/ сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі
АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде агранулоцитоз және сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі байқалған. Нейтропенияның даму қаупі қабылданатын препараттың дозасына, түріне байланысты және пациенттің клиникалық жағдайына тәуелді. Бұл реакциялар көбінесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, әсіресе тамырдың коллагендік аурулары кезінде туындауы мүмкін. Осыған байланысты тамырдың коллагендік аурулары бар (мысалы, жүйелі қызыл жегі, склеродермия) пациенттерде, әсіресе бүйрек функциясының бұзылуы және қатарлас, атап айтқанда кортикостероидтармен және антиметаболиттермен ем жүргізу кезінде, несептегі лейкоциттер саны мен ақуыз деңгейлеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізу керек. Нейтропения АӨФ тежегішін қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтымды болып табылады.
Қолқа стенозы/қан ағымының обструкциясы
Трандолаприлді қолқа стенозы немесе қан айналымының обструкциялық бұзылулары кезінде қолданбаған дұрыс.
Бауыр функцияларының бұзылуы
Трандолаприл бауырда өзінің белсенді метаболитіне дейін метаболизденетіндіктен, Тарка® препаратын қабылдау кезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер ерекше көңіл бөлу мен мұқият мониторинг жүргізуді қажет етеді.
Хирургиялық араласу /анестезия
Хирургиялық араласу кезінде немесе артериялық гипотензия тудыратын дәрілермен жалпы анестезия жүргізу кезінде пациенттерде Тарка® рениннің компенсаторлық жоғарылауына жауап ретінде ангиотензин ІІ түзілуін бөгеуі мүмкін.
Десенсибилизация
Анафилактоидтық реакциялар (кей жағдайларда өмірге қауіп төндіретін) АӨФ тежегіштерін және жануар текті уларға қатарлас десенсибилизацияны қолданған кезде туындауы мүмкін.
ТТЛП-аферез
Өмірлік қауіпті анафилактоидтық реакциялар ТТЛП-аферезден өткен және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданған пациенттерде байқалды.
Тарка® препаратының құрамында верапамилдің болуына байланысты айрықша нұсқаулар:
Жедел миокард инфарктісі
Препараттың құрамында верапамилдің болуына байланысты, жедел миокард инфарктісі бар, асқынған брадикардиясы, айқын артериялық гипотензиясы немесе сол жақ қарыншаның дисфункциясы бар пациенттерде Тарка® препаратын тағайындаған кезде сақтық таныту керек.
Жүрек блокадасы/1-ші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада/брадикардия/ асистолия
Верапамил гидрохлориді атриовентрикулярлық (АV) және синоатриальді (СА) түйіндерге әсер етеді және атриовентрикулярлық беріліс уақытының ұзаруын тудырады. Тарка® препаратын пайдаланған кезде сақтық таныту керек, өйткені 2-ші немесе 3-ші дәрежелі АV блокаданың (қарсы көрсетілім), немесе Гисс тармағының бір шоғырлы, екі шоғырлы немесе үш шоғырлы блокадасының дамуы верапамил гидрохлоридінің келесі дозаларын тоқтатуды, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сәйкесінше ем тағайындауды талап етеді.
Верапамил гидрохлориді АV және СА түйіндерге әсер етеді және сирек жағдайларда 2-ші немесе 3-ші дәрежелі АV-блокадаға, брадикардияға және өте сирек жағдайларда - асистолияға түрткі болуы мүмкін. Мұндай симптомдардың, көбінесе егде жастағы пациенттерде кездесетін синустық түйін әлсіздігі синдромы бар (СА түйін ауруы) пациенттерде байқалу ықтималдығы зор.
Синустық түйін әлсіздігі синдромы жоқ пациенттердегі асистолия, әдетте ұзаққа созылмайды (бірнеше секунд және одан да аз), атриовентрикулярлық немесе қалыпты синустық ырғақа өздігінен қайтып келеді. Егер бұл дер кезінде орын алмаса, дереу сәйкесінше емдеуді бастау керек («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).
Бета-блокаторлар
Бета-блокаторлар мен верапамилді бір мезгілде қолданғанда кардиоваскулярлық әсерлерінің өзара күшеюі жүреді (АV-блокада дәрежесінің жоғарылауы, жүректің жиырылу жиілігінің едәуір төмендеуі, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы және артериялық қысымның едәуір төмендеуі). Жүрекшенің кезбе ырғақ жетекшісі бар симптомсыз брадикардия (минутына 36 соғу) пациенттерде тимололды (бета-адреноблокатор) көз тамшылары түрінде және ішке қабылдауға арналған верапамил гидрохлоридін бір мезгілде қолданған кезде байқалды.
Дигоксин
Верапамил мен дигоксинді бір мезгілде қолданған кезде дигоксиннің дозасын төмендету керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).
Жүрек жеткіліксіздігі
Препараттың құрамында верапамилдің болуына байланысты, лықсыту фракциясы 35%-дан артық жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттерге компенсация жүргізілуі және Тарка® препаратымен емдеу басталғанға дейін және емдеу кезінде сәйкесінше ем қабылдауы тиіс.
Артериальная гипотензия
Диуретиктерді қабылдап жүрген кейбір пациенттерде, әсіресе олар жуырда тағайындалса, Тарканы қабылдаудың басында трандолаприлмен өзара әрекеттесуіне байланысы, артериялық қысым шамадан тыс төмендеп кетуі мүмкін.
ГМҚ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер) – «Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз.
Нейробұлшықеттік беріліс зақымданатын ауруларПрепаратты нейробұлшықеттік берілісі бұзылған (gravis миастениясы, Ламберт-Итон синдромы, Дюшеннің үдемелі бұлшықет дистрофиясы) пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Басқа да
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолданылуы
Тарка® препаратының балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі (<18 жас) анықталған жоқ. Сондықтан бұл жас тобындағыларда пайдалану ұсынылмайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы – сақтықпен
Сенімді салыстырмалы зерттеулерде бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар пациенттерде бүйрек функциясы бұзылуының верапамилдің фармакокинетикасына әсер ететіндігі анықтамағандығына қарамастан, бірнеше клиникалық жағдайдың сипаттамасында, верапамилді бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен және мұқият қадағалай отырып қолдану керектігі көрсетілген.
Верапамил гемодиализ кезінде шығарылмайды.
Бауыр функциясының бұзылуы
Тарка® препаратын бауыр функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде қолданған кезде сақтық таныту керек (бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолданылуына қатысты «Қолдану тәсілі және дозалары бөлімін қараңыз»).
Лактоза
Тарка® препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан галактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрлері, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Натрий
4 мг/240 мг Тарка® препараты үшін:
Дәрілік препараттың құрамында бір дозасына шаққанда 1,49 ммоль (немесе 34,4 мг) натрий бар. Мұны натрий тұтынылуы бақыланатын диета ұстанып жүрген пациенттерде ескеру керек.
2 мг/180 мг Тарка® препараты үшін:
Дәрілік препараттың құрамында бір дозасына шаққанда 1,12 ммоль (немесе 25,71 мг) натрий бар. Мұны натрий тұтынылуы бақыланатын диета ұстанып жүрген пациенттерде ескеру керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік. АӨФ тежегіштерін жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде қолдану ұсынылмайды («Айрықша нұсқауларды» қараңыз). АӨФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері кезінде қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз).
Тарка® препаратын жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген. Алайда АӨФ тежегіштерінің ұрыққа әсерінен кейін, жаңа туған сәбилердегі өкпе гипоплазиясы, өсудің құрсақішілік тежелуі, персистирленетін артериялық түтік және бассүйек гипоплазиясы туралы жекелеген хабарламалар болды.
АӨФ тежегіштерінің жүктіліктің алғашқы триместрі кезіндегі әсерінен туындаған тератогендік қауіп туралы эпидемиологиялық деректер сенімді болған жоқ; сонымен қатар, қауіптің болар-болмас жоғарылауы жоққа шығарылмауы мүмкін. Жүктілікті жоспарлап жүрген пациент әйелдерде АӨФ тежегішімен емдеу жүктілік кезінде пайдаланылуы үшін қауіпсіздік бейіні анықталған гипертензияға қарсы препаратпен баламалы емге алмастырылуы тиіс. Жүктілік емдеу кезінде анықталған жағдайда, АӨФ тежегіштерін қолдануды дереу тоқтату және қажет болса, баламалы емді тағайындау керек.
АӨФ тежегіштерін жүктіліктің II және III триместрі кезінде қолдану адамда фетоуыттылық (бүйрек функциясының нашарлауы, олигогидрамнион, бассүйек оссификациясының тежелуі) пен неонатальді уыттылықты (бүйрек жеткіліксіздігін, артериялық гипотензияны, гиперкалиемияны) тудыруы мүмкін екендігі белгілі. Егер трандолаприл жүктіліктің II триместрінен бастап қолданылса, бүйрек функциясы мен бассүйек сүйектеріне ультрадыбыстық зерттеу жүргізу ұсынылады. Аналары жүктілік кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдаған сәбилерді артериялық гипотензияның анықталуына қатысты мұқият қадағалау керек.
Верапамил жүктілік мерзімінің аяғына қарай қолданылса, жиырылу қызметін бәсеңдетуі мүмкін. Бұдан өзге, верапамилдің фармакологиялық қасиеттеріне байланысты, ұрықта брадикардия мен артериялық гипотензияның пайда болуын жоққа шығаруға болмайды.
Лактация. Верапамил гидрохлориді азғантай мөлшерде емшек сүтіне өтеді. Трандолаприлдің бала емізу кезінде қолданылуы туралы ақпарат жоқ.
Тарка® препараты бала емізу кезінде қолдану үшін ұсынылмайды, бала емізу кезінде, әсіресе жаңа туған немесе шала туған сәбилерді емізу кезінде, қауіпсіздік бейіні көбірек зерттелген баламалы емді қолданған дұрыс.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді жүргізу және басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттің жекелей сезімталдығына байланысты, әсіресе емдеудің басында, автокөлік немесе басқа механизмдерді басқару қабілеті нашарлауы мүмкін. Тарка® препараты алкоголь деңгейін арттыруы және оның элиминациясын баяулатуы мүмкін, сондықтан алкогольдің әсерлері күшеюі мүмкін.
Артық дозалануы
Тарка® препаратының клиникалық зерттеулер кезінде қолданылған ең жоғарғы дозасы 16 мг трандолаприлді құрады. Көрсетілген дозасы көтере алмаушылық белгілерін немесе симптомдарын туғызған жоқ.
Препараттың құрамында верапамил гидрохлоридінің болуына байланысты туындауы мүмкін симптомдар: артериялық гипотензия, брадикардия, атриовентрикулярлық блокада, асистолия және теріс инотропті әсері. Артық дозалануының нәтижесінде өлім жағдайлары тіркелген.
Препараттың құрамында АӨФ тежегіштерінің болуына байланысты туындауы мүмкін симптомдар: ауыр гипотензия, шок, ступор, брадикардия, электролиттік бұзылулар, бүйрек жеткіліксіздігі, гипервентиляция, тахикардия, жүрек қағуы, бас айналуы, үрейлену және жөтел.
Емі: трандолаприл/верапамил таблеткаларымен артық дозаланған жағдайда, ішекті толық шаюды жүргізу керек. Асқазан-ішек жолындағы (АІЖ) верапамилдің ары қарай сіңуін асқазанды шаюдың, сорбент (белсендірілген көмір) пен іш жүргізгіш дәріні тағайындаудың көмегімен болдырмауға болады.
Ауыр гипотензияны (мысалы, шокты) емдеуге бағытталған жалпы шаралардан бөлек (айналымдағы қанның талапқа сай көлемін плазма немесе плазмаалмастырғыштарды құюдың көмегімен ұстап тұру), допаминнің, добутаминнің немесе изопреналиннің көмегімен инотропты демеу шараларын да жүргізуге болады.
Артық дозалануының емі демеуші ем болуы тиіс. Верапамил гидрохлоридінің артық дозалануын симптоматикалық емдеуге кальций препараттарын парентеральді енгізу, бета-адренергиялық стимуляция және АІЖ шаю кіреді. Баяу босап шығатындығы себепті верапамилдің сіңірілуі кешеуілдеуі мүмкіндігіне байланысты, пациенттерді медициналық қадағалау және 48 сағатқа дейінгі кезеңге ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Верапамил гидрохлориді гемодиализдің көмегімен шығарылмайды.
Трандолаприл артық дозаланған кезде физиологиялық ерітіндінің көктамырішілік инфузиясы ұсынылады. Гипотензия туындаған жағдайда, пациентті шокқа қарсы қалыпқа ауыстыру керек. Ангиотензин II ерітіндісінің инфузиясын қолдануды қарастыруға және/немесе катехоламиндерді көктамыр ішіне енгізуге болады. Егер препарат ішке жақын арада қабылданған болса, трандолаприлді организмнен шығаруға бағытталған шараларды (мысалы, құстыру, асқазанды шаю, абсорбенттерді тағайындау және натрий сульфаты) қолдану керек. Трандолаприлдің (немесе оның белсенді метаболиті трандолаприлaт) гемодиализ кезінде шығарылатын-шығарылмайтындығы анықталған жоқ. Резистентті брадикардия дамыған жағдайда, кардиостимуляторды қолдану көрсетіледі. Өмірлік маңызы бар функциялардың негізгі көрсеткіштерін және қан сарысуындағы электролиттер мен креатинин концентрациясын жиі бақылап отыру керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
14 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы және елі
Аббви Дойчланд ГмбХ және Ко. КГ, Германия
Кнолльштрассе 50, 67061 Людвигсхафен, Германия
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Аббви Дойчланд ГмбХ және Ко. КГ, Германия
Кнолльштрассе 50, 67061 Людвигсхафен, Германия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Абботт Лабораториз ГмбХ, Ганновер, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы.
«Абботт Қазақстан» ЖШС
050059 Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі-2» бизнес орталығы
тел. + 7 727 244 75 44, факс: +7 727 244 76 44.
e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com
CCDS SOLID1000311530 v11.0