Танакан® ЕGb 761
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Танакан® EGb761
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 40 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: стандартталған гинкго билоба (EGb 761) сығындысы, құрамында 24% гинкго гликозидтер және 6% гинкголид-билобалидтер 40 мг
қосымша компоненттері: лактоза, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты
қабықтың құрамы: макрогол 400, гипромелоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172)
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, кірпіш-қызыл түсті қабықпен қапталған, сындырғанда сарғыш түсті таблеткалар. Өзіне тән ерекше иісі бар.
Фармакотерапиялық тобы
Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды N06DX02
Фармакологиялық қасиеттері
Әсері жасушалардағы зат алмасу үдерістеріне, қанның реологиялық қасиеттеріне және микроайналымына, сондай-ақ қантамырларының вазомоторлы реакцияларына ықпал етуімен жүзеге асатын өсімдік препараты.
Препарат ми қан айналымын және мидың оттегімен және глюкозамен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Барлық қантамырлар жүйесін: артерияларды, веналарды, капиллярларды реттеп отыратын әсері бар.
Қан ағысының жақсаруына мүмкіндік жасайды, эритроциттердің агрегациясына кедергі жасайды (anti – sludge effect).
Тромбоциттердің белсенділенуі факторын тежейтін әсер береді (anti – PAF effect).
Метаболизмдік үдерістерді қалыпты етеді, тіндерге гипоксияға қарсы әсер етеді.
Бос радикалдардың пайда болуына және жасуша жарғақшалары липидтерінің асқын тотығуына кедергі жасайды.
Мида, сонымен бірге шеткері деңгейде де ісікке қарсы айқын әсер етеді.
Нейромедиаторлардың (норадреналинанің, допаминнің, ацетилхолиннің) босап шығуына, кері қармалуы мен катаболизміне және олардың жарғақша рецепторларымен байланысу қабілетіне әсерін тигізеді.
Қолданылуы
- генезі әртүрлі когнитивтік және нейросенсорлы тапшылықта (Альцгеймер ауруын және этиологиясы әртүрлі деменцияны қоспағанда)
- аяқтардың созылмалы облитерациялайтын артериопатияларында мезгіл-мезгіл ақсақтықта (Фонтейн бойынша 2-дәреже)
- генезі қантамырлық көрудің бұзылуларында, көру өткірлігі нашарлағанда
- есту нашарлағанда, құлақтағы шуыл, бас айналғанда және қозғалыс үйлесімі бұзылғанда, генезі көбіне қантамырлық
- Рейно синдромында және ауруында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтану кезінде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан, ½ стакан сумен ішіп қабылдайды.
Емдеу курсының ұзақтығы – 1 айдан 3 айға дейін.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- ас қорытудың бұзылыстары
- терінің аллергиялық реакциялары
- бас ауыру
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жағдайдың жақсаруының алғашқы белгілері емді бастағаннан кейін 1 айдан соң білінеді.
Препараттың құрамында лактоза бар болғандықтан, ол іштен туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе лактаза жеткіліксіздігі бар адамдарға қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 немесе 6 қаптамадан қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Beaufour Ipsen Industrie –
28100 Dreux, France
Қаптаушы
Beaufour Ipsen Industrie –
28100 Dreux, France
Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі
Ipsen Pharma SAS, Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
IPSEN PHARMA (ИПСЕН ФАРМА) АҚ ҚР өкілдігі
050040 Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 45, 2 кеңсе
Тел./факс: 8 (727) 2646448, 2646715
Электрондық пошта: aigul.ismagulova@ipsen.kz