Тамипул®

МНН: Аскорбиновая кислота, Биотин, Декспантенол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Токоферол, Фолиевая кислота, Цианокобаламин, Эргокальциферол
Производитель: Целтрион Фарм Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016306
Информация о регистрации в РК: 10.12.2013 - 10.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Тамипул®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді заттар: 100.0 мг аскорбин қышқылы

3,300 ХБ А дәрумені

(оның ішінде 1,815 мг ретинол пальмитаты)

200 ХБ эргокальциферол

3,81 мг тиамин гидрохлориді

(3.0 мг тиаминге баламалы)

3,60 мг рибофлавин натрий фосфаты

4,86 мг пиридоксин гидрохлориді

(4.0 мг пиридоксинге баламалы)

40.0 мг никотинамид

15.0 мг декспантенол

10.0 мг токоферол ацетаты

60.0 мкг биотин

400.0 мкг фолий қышқылы

5.0 мкг цианокобаламин,

қосымша заттар: D-маннитол, полисорбат 20, полисорбат 80, натрий гидроксиді.

Сипаттамасы

Сары түсті қатты кептірілген құрғақ масса.

Фармакотерапиялық тобы

Дәрумендер. Полидәрумендер.

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін бола бермейді, барлық компоненттері бірге маркерлер немесе биологиялық зерттеулер көмегімен қадағалана алмайды.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы С дәруменінің тапшылығын толықтырады, метаболизмдік, антиоксидантты әсер көрсетеді, тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейді. Көптеген биохимиялық реакцияларда сутегі тасымалдануын реттейді, трикарбон қышқылдары циклында глюкозаның пайдаланылуын жақсартады, тетрагидрофолий қышқылының түзілуіне және тіндердің регенерациясына, стероидты гормондар, коллаген синтезіне қатысады. Жасуша аралық заттың коллоидты жағдайын және капиллярлардың қалыпты өткізгіштігін демейді, протеолизистік ферменттерді белсендіреді, холестерин, пигменттер алмасуына қатысады, бауырда гликоген жинақталуына ықпал етеді. Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антиденелер, комплементтің С3-компоненті, интерферон синтезін белсенділендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің инфекцияларға қарсыласуын жоғарылатады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсер көрсетеді.

А дәрумені тотығу-тотықсыздану үдерістерін белсенділендіреді, пуринді және пиримидинді негіздер синтезін көтермелейді, аденозинтрифосфор қышқылы синтезіне қолайлы жағдайлар туғыза отырып, метаболизмді энергиямен қамтамасыз етуге қатысады. Шеміршек және сүйек тіндеріндегі ақуыз синтезін жоғарылатады, эпителизацияны көтермелейді, жасушалардың беткейлік жарғақшаларының гликопротеидтер биосинтезін реттейді, антиденелер түзілуін күшейтеді, фагоцитозды реттейді, фоторецепцияға әсер етеді, көру пурпурасын құруға қатысады.

Эргокальциферол D дәруменінің тапшылығын толықтырады, фосфор-кальций алмасуын реттейді. Эргокальциферолдың белсенді метаболиттері жасуша жарғақшалары арқылы оңай өтеді, ақуыз синтезін жандандырады, қанға кальцийдің түсуін жеңілдетеді. Эргокальциферол сүйектердегі шеміршек жасушаларының дамуын, плазмадан кальцийдің қармалуын және оның фосфат түрінде сүйектерде жинақталуын қалыпты етеді, бүйректе кальций, натрий, фосфаттар, амин қышқылдарының қалыпты сіңірілуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Тиамин гидрохлориді В1 дәруменнің тапшылығын толықтырады, антиоксидантты, ганглиобөгегіш, иммунитет көтермелейтін әсер көрсетеді. Көптеген декарбоксилазалардың коферменті болып табылатын тиаминпирофосфат түзе отырып, фосфорланады, пируват, альфа-кетоглутараттың метаболизміне қатысады және көмірсу, ақуыз, май алмасуында, сондай-ақ синапстардағы жүйке қозуының өту үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Жасушалар жарғақшаларын асқын тотығу өнімдерінің уытты әсер етуінен қорғайды.

Никотинамид РР дәрумені тапшылығын толықтырады. Никотинадениндинуклеотид (НАД) және никотинадениндинуклеотидфосфат (НАДФ) синтезін көтермелейді, көптеген алмасу түрлерінің қалыпты жүруін қамтамасыз етіп, алуандаған тотығу-тотықсыздану реакцияларында протондарды тасымалдайды.

Декспантенол пантотен қышқылының тапшылығын толықтырады, қабынуға қарсы әсер иеленеді, регенерация үдерістерін, ішек перистальтикасын көтермелейді. Организмде белсенді метаболит - А коферменті синтезінің субстратты көтермелегіші болып табылатын пантотен қышқылын түзеді, барлық метаболизмдік үдерістерге қатысады, кортикостероидтер түзілуін, холин ацетилденуін қамтамасыз етеді, ішектің қалыпты сөл бөлу және кинетикалық қызметін демейді.

Токоферол ацетаты антиоксидантты әсер көрсетеді, гем және ақуыздар синтезіне, жасушалар пролиферациясына, тіндердің тыныстауына, метаболизмнің басқа маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизін болдырмайды, капиллярлардың жоғары өткізгіштігін және сынғыштығын кедергілейді.

Фолий қышқылы фолий қышқылының тапшылығын толықтырады, гемопоэздік әсер көрсетеді. Организмде мегалобласттар жетілуіне және олардың нормобласттарға өзгеруіне қажетті тетрагидрофолий қышқылына айналады, пуриндер, пиримидиндер алмасуында, нуклеин қышқылдары синтезінде, амин қышқылдары метаболизмінде маңызды орын алады.

Цианокобаламин эритропоэздік, метаболизмдік әсер көрсетеді. Көмірсу, ақуыз, май алмасуына қатысады. Регенерацияны арттырады, қан түзілуін, бауыр және жүйке жүйесінің қызметін көтермелейді, қанның ұю жүйесін белсенділендіреді, қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді. Организмде көптеген ферменттер құрамына кіретін кофактор – кобамамидке айналады, дезоксирибоза, дезоксирибонуклеин қышқылы, креатин, метионин түзілуі үшін қажет.

Қолданылуы

- толық парентеральді тамақтандыруды ұзақ қажет ететін ересектер үшін инфузиялық дәрумендік ем

- хирургиялық операциялардан, ауқымды күйіктерден, сынулардан, инфекциялық ауыр аурулардан кейінгі дәрумен тапшылығы жай-күйлерінің алдын алу

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер үшін

1 құтының ішіндегісі асептикалық жағдайда инъекцияға арналған 5 мл суда сұйылтылады. Алынған ерітіндіні сілкіп, 500-1000 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе физиологиялық ерітіндіде ерітіледі.

Көктамыр ішіне, тамшылатып, баяу, күніне 1 рет.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (терінің бөртуі, қышынуы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Диакарб, тиазидті диуретиктермен, тетрациклин гидрохлоридімен, сілтілік ерітінділермен үйлесімсіз.

Кальций тұздарымен өзара әрекеттескенде препараттың тиімділігі төмендейді. Препараттың кейбір компоненттері К дәруменмен өзара әрекеттеседі.

Айрықша нұсқаулар

Парентеральді енгізуге арналған мультидәруменді препараттар тек толық парентеральді тамақтандыруды ұзақ қажет ететін кезде қолданылады.

Ұсынылған тәуліктік дозадан асыруға болмайды.

Ұзақ емдеу кезінде А, D дәрумендерінің жинақталуын және уытты әсерлерінің дамуын болдырмау үшін зертханалық көрсеткіштерді бақылау қажет.

А, D дәрумендер және рибофлацин жарыққа өте сезімтал келетінін ескеру керек.

Препаратты қолданардың алдында жағымсыз әсерлер (шок, бас айналуы) болдырмау үшін көктамыр ішіне енгізуге арналған жарамды инъекциялық сұйықтыққа сұйылту керек.

Препаратты құрамында литий бар инъекциялық сұйықтыққа сұйылтуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану кезінде көлік құралын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болады.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: гипервитаминоз көріністері: бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы, көру бұзылыстары, құрысулар, құсу, диарея, организмнің сусыздануы, аллергиялық реакциялар.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ.

713,78 мг-ден flip-off типті қалпақшалары бар (пластмасса қақпақшасы қоса берілген алюминий негізді) резеңке тығындармен тығындалған сыйымдылығы 5 мл күңгірт шыны құтыларда. 5 немесе 10 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Celltrion Pharm. Inc., Корея.

588-2, Sakok-ri, Eewol-myun, Chinchun-gun, Chungcheongbuk-do, Korea.

Қаптаушы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

903747341477976845_ru.doc 60 кб
311633021477978002_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники