Таксотер® (20 мг/0,5 мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Таксотер
Халықаралық патенттелмеген атауы
Доцетаксел
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы 20 мг/0,5 мл немесе 80 мг/2,0 мл концентрат құтыдағы еріткішпен жиынтықта
Құрамы
Бір құтының құрамында
белсенді зат: доцетаксел тригидраты 20 мг, 80 мг (сусыз доцетакселге баламалы) 20.00 80.00,
қосымша заттар- полисорбат 80, азот.
еріткіш - инъекцияға арналған судағы 13% (салмақты) этанол ерітіндісі
(Құрамы: этанол (95% о/о), инъекцияға арналған су).
Сипаттамасы
Мөлдір, сарыдан қоңыр-сары түске дейінгі майлы ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Таксандар
АТЖ коды L01CD02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Доцетакселдің кинетикасы дозаға тәуелді емес және жартылай шығарылу кезеңі α, β және γ фазаларында, тиісінше, 4 минут, 36 минут және 11,1 сағат болатын үш компартаментті фармакокинетикалық үлгіге сәйкес келеді. Соңғы фаза доцетакселдің шеткергі компартаменттен салыстырмалы баяу шығарылуымен шартталған. Бір сағаттық инфузияда 100 мг/м2 дозаны енгізгеннен кейін, тиісінше сағатына 4,6 мкг/мл тең қисық асты алаңына (AUC) сәйкес плазмадағы орташа ең жоғары концентрациясы 3,7 мкг/мл жетеді. Қанығу сатысында жалпы клиренстің және таралу көлемінің орташа көрсеткіштері тиісінше сағатына 21 л/м2 және 113 л құрайды. Жалпы клиренс көрсеткішінде дербесаралық ауытқымалылығы шамамен 50% құрайды. Доцетакселдің плазма ақуыздарымен 95%-дан астамы байланысады. 7 күннің ішінде доцетаксел Р450-цитохромының қатысуымен терт-бутил эфир тобының тотығуынан кейін нәжіспен және несеппен бірге шығарылады; несеппен және нәжіспен шығарылуы, тиісінше, енгізілген радиоактивтіліктің (14С-доцетакселдің) 6% және 75% құрайды. Нәжіспен бірге шығарылатын радиоактивті препараттың шамамен 80%-ы 48 сағаттың ішінде негізгі белсенді емес метаболит және маңыздылығы аз белсенді емес үш метаболит түрінде, және өте мардымсыз мөлшерде өзгермеген күйінде білінеді. Доцетакселдің фармакокинетикасы емделушінің жасына және жынысына байланысты болған жоқ. Бауыр қызметі бұзылуының айқындығы жеңіл байқалатын (аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейлерінің қалып шегінен 1,5 есе жоғарылауы сілтілік фосфатаза белсенділігі қалып шегінен 2,5 есе жоғарылауымен ұласқан) аздаған науқастарда орташа көрсеткішпен салыстырғанда жалпы клиренсі 27%-ға төмендейді. Доцетаксел клиренсі сұйықтықтың жеңіл немесе орташа іркілуі бар науқастарда өзгерген жоқ; сұйықтықтың іркілуі айқын болатын науқастарда препарат клиренсі туралы мәліметтер жоқ.
Доцетакселді біріктіріп тағайындаған кезде доксорубициннің клиренсіне және доксорубицинолдың (доксорубициннің метаболиті) плазмалық деңгейіне ықпал етпейді. Доцетакселдің, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикалық параметрлері бір мезгілде тағайындаған кезде өзгерген жоқ.
Капецитабин мен доцетакселдің бір-бірінің фармакокинетикасына өзара әсері зерттелген клиникалық зерттеу капецитабиннің доцетакселдің фармакокинетикасына әсерінің жоқ екендігін (Смах және АС) және доцетакселдің капецитабиннің маңызды метаболиті - 5-ДФУР фармакокинетикасына әсерінің жоқ екендігін көрсетті.
Цисплатинмен біріктіріп емге қолданған кезде доцетакселдің клиренсі монотерапия кезіндегі клиренске сәйкес келді. Доцетакселдің инфузиясынан кейін көп ұзамай енгізілген цисплатиннің фармакокинетикалық профилі цисплатиннің өзімен ғана емдеген кезде байқалған профиліне ұқсас болады.
Ауыр ісігі бар науқастарда доцетакселді, цисплатинді және 5-фторурацилді біріктіріп тағайындау осы препараттардың ешқайсысының фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.
Преднизонның дексаметазонмен стандартты премедикациямен бірге тағайындалған доцетакселдің фармакокинетикасына әсері білінген жоқ.
Фармакодинамикасы
Таксотер® – ісікке қарсы препарат, ол тубилиннің тұрақты микротүтікшелерге бірігуіне ықпал етеді және олардың ыдырауына кедергі етеді, бұл бос тубулиннің мөлшерінің айқын төмендеуіне әкеледі. Доцетакселдің микротүтікшелерге қосылуы протофиламенттер санына әсер етпейді. Доцетаксел жасушалардың қызметінде өмірлік маңызы бар, митозда және интерфазада тең келетіні жоқ жасушалардағы микротубулярлы торды бұзады. Доцетаксел ісік жасушаларының әртүрлі желісіне қатысты, ал клоногенділікке тестте – ісіктің жаңадан белсендендірілген жасушаларына қатысты цитоуытты. Таксотер® жасушаларда ұзақ уақыт бойы сақталады, онда оның жасушаішілік концентрация деңгейі жоғары мәнге жетеді. Бұдан басқа, доцетакселдің дәрілік полирезистенттілік геномымен реттелетін, шамадан тыс мөлшерде Р-гликопротеинді экспрессирлейтін, бәріне болмаса да, кейбір (барлығы емес) жасушалар желісіне қатысы белсенділік білдіруі анықталды. Таксотер® тәуелсіз және адамның өршудегі трансплантацияланған ісіктеріне қатысты ісікке қарсы белсенділіктің кең спектріне ие.
Қолданылуы
– сүт безінің обыры
Таксотер® доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріліп сүт безінің лимфотүйіндердің зақымдануымен және зақымданбауымен операбельді обырына шалдыққан науқастарды адъювантты емдеуге арналған.
Лимфотүйіндердің зақымдануынсыз, сүт безінің операбельді обырымен науқастарда адъювантты емді тек сүт безінің ерте обырының алғашқы терапиясының халықаралық критерийіне сәйкес химиотерапия алуына болатын науқастарға ғана жүргізуге болады.
Таксотер® доксорубицинмен бірігіп, сүт безінің жергілікті таралған немесе метастатикалық қатерлі ісігі бар, бұрын осы жағдайға байланысты цитоуытты ем қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.
Таксотер® монотерапия ретінде сүт безінің жергілікті таралған немесе метастатикалық обыры бар науқастарды, цитоуыттық ем тиімсіз болған кезде, емдеуге арналған. Бұдан бұрынғы химиотерапияда антрациклин немесе алкилдейтін препарат қамтылуға тиіс.
Таксотер® трастузумабпен бірігіп, сүт безінің шектен шығуы жоғары неr-2 метастатикалық обыры бар, бұрын метастазаға байланысты химиотерапия қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.
Таксотер® капецитабинмен бірігіп, сүт безінің жергілікті таралған немесе метастатикалық обыры бар науқастарды цитоуыттық ем тиімсіз болған кезде емдеуге арналған. Бұдан бұрынғы химиотерапияда антрациклин қамтылуға тиіс.
– өкпенің уақ жасушалы емес обыры
Таксотер® өкпенің жергілікті таралған немесе метастатикалық уақжасушалы емес обыры бар науқастарды химиотерапиялық ем тиімсіз болған кезде емдеуге арналған.
Таксотер® цисплатинмен бірігіп, өкпенің жергілікті таралған немесе метастатикалық уақжасушалы емес обыры бар, осы жағдайға байланысты алдын ала химиотерапия жүргізілмеген, резектабельді емес науқастарды емдеуге арналған.
– қуық асты безінің обыры
Таксотер® преднизонмен немесе преднизолонмен бірігіп, қуық асты безінің метастатикалық қатерлі ісігі бар, гормональды емге рефрактерлі науқастарға арналған.
– асқазанның аденокарциномасы
Таксотер® цисплатинмен және 5-фторурацилмен бірігіп, асқазанның метастатикалық аденокарциномасы, оның ішінде гастро-эзофагеальды бөлімінің аденокарциномасы бар, бұдан бұрын метастазаға байланысты химиотерапия қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.
– бастың және мойынның обыры
Таксотер® цисплатинмен және 5-фторурацилмен бірігіп, бас пен мойынның жергілікті таралған сквамозды-жасушалы карциномасы бар науқастарды индукциялық емдеуге арналған.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Таксотерді® қолдану цитоуытты химиотерапиямен мамандандырылған бөлімдермен шектелуге тиіс, Таксотер® қатерлі ісікке қарсы химиотерапияны колдануда құзіретті терапевттің бақылауымен ғана тағайындалуға тиіс.
Тиісті дозалар:
Сүт безінің обырында, өкпенің уақ жасушалы емес обырында, асқазанның және бас пен мойынның обырында, науқасты операцияға дәрі-дәрмек арқылы дайындау ауыз арқылы ішілетін (егер қарсы көрсетілімі болмаса), күніне 16 мг дозада (яғни 8 мг-нан күніне 2 рет) 3 күн бойы қабылданатын дексаметазон сияқты кортикостероидты препаратты тағайындау болып табылады, премедикацияға Таксотерді® енгізуден бір күн бұрын кіріседі. Алдын алу мақсатында гематологиялық уыттылықтың даму қаупін төмендету үшін, гранулоцитарлы колонияны ынталандыратын факторды (Г-КЫФ) қолдануға болады.
Қуық асты безінің обырында, преднизонды немесе преднизолонды бір мезгілде тағайындауға байланысты, премедикацияның тиісті тәртібі ауыз арқылы қабылданатын 8 мг дексаметазонды доцетаксел инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын тағайындау болып табылады.
Доцетакселді әрбір 3 апта сайын, бір сағаттық инфузиямен тағайындайды.
Сүт безінің обыры
Сүт безінің зақымданған және зақымданбаған лимфотүйіндерімен операбельді обырын адъювантты емдеу үшін Таксотердің® ұсынылатын дозасы, әрбір 3 аптада, 6 цикл бойы 50 мг/м2 доксорубицинді және 500 мг/м2 циклофосфамидті енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң енгізілетін 75 мг/м2 құрайды (ТАЦ режимі) (Емдеу кезінде дозаны түзетуді қараңыз).
Сүт безінің жергілікті таралған немесе метастатикалық обыры бар науқастарды емдеу үшін Таксотердің® монотерапия ретіндегі ұсынылған дозасы – 100 мг/м2. Алғашқы емді жүргізу үшін 75 мг/м2 доцетакселді доксорубицинмен (50 мг/м2) біріктіріп тағайындайды.
Трастузумабпен біріктіріп ұсынылатын Таксотердің® дозасы әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 құрайды, мұндай кезде трастузумаб апта сайын тағайындалады. Таксотердің® алғашқы инфузиясы трастузумабтың алғашқы дозасынан кейінгі күні тағайындалды. Таксотердің® кейінгі дозалары, егер бұдан бұрын қолданылған трастузумабтың дозасының жағымдылығы жақсы болса, трастузумабпен инфузия жасауды аяқтау бойына енгізіледі. Трастузумабтың дозасы мен енгізу тәсілдерін трастузумабтың нұсқаулығынан қараңыз.
Капецитабинмен біріктіріп қолданғанда Таксотердің® тиісті дозасы әрбір 3 апта сайын 75 мг/м2-ді, капецитабиннің 2 апта бойы, кейін бір апталық үзіліспен, күніне екі рет қабылданатын дозасы 1250 мг/м2-ді (ас қабылдаудан кейін 30 минут ішінде) құрайды. Капецитабиннің дозасын дене бетінің ауданына шағып, есептейді, оны капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Өкпенің уақ жасушалы емес обыры
Өкпенің уақ жасушалы емес обырына байланысты, бұрын химиотерапия қабылдамаған науқастар үшін тиісті дозалау тәртібі 75 мг/м2 Таксотерді® құрайды, содан кейін бірден 30-60 минут ішінде 75 мг/м2 цисплатинмен жалғастырады. Құрамына платина кіретін химиотерапия тиімсіз болғаннан кейінгі емдеуде монотерапия ретінде тиісті доза 75 мг/м2 құрайды.
Қуық асты безінің обыры
Таксотердің® тиісті дозасы 75 мг/м2 құрайды. Преднизон немесе преднизолон: күніне 2 рет 5 мг-нан үзіліссіз ішіледі.
Асқазанның аденокарциномасы
Таксотердің® тиісті дозасы бір сағаттық 75 мг/м2 дозасын құрайды, кейін 1-3 сағаттық инфузиямен енгізілетін 75 мг/м2 цисплатин (екі инфузия да тек алғашқы күні жасалады), содан кейін 5 күн бойы үзіліссіз 24 сағаттық инфузияны, цисплатинмен инфузия жасау аяқталған сәттен бастап, күніне м2 шаққанда 750 мг болатын 5-фторурацилді құрайды. Емдеуді әрбір 3 апта сайын қайталайды. Антиэметикалық дәрілермен премедикация және цисплатинді енгізумен байланысты тиісті гидратация жүргізген жөн. Алдын алу мақсатында гематологиялық уыттылықтың даму қаупін төмендету үшін Г-КЫФ тағайындаған жөн (Емдеу кезінде дозаға түзету енгізуді де қараңыз).
Бас пен мойынның обыры
Антиэметикалық препараттармен премедикация және тиісінше гидратацияны (цисплатинді енгізуге дейін және одан кейін) жүргізу керек. Гематологиялық уыттылығын мүлдем азайту үшін алдын алу мақсатында Г-КЫФ пайдалану керек. Таксотерді® қолданатын барлық науқастарға антибиотиктермен алдын алу емін жүргізу қажет.
Кейіннен радиациялық ем жалғастырылатын индукциялық химиялық ем:
Бас пен мойынның операбельді емес, жергілікті таралған сквамозды-жасушалық карциномасын (БМСЖК) индукциялық емдеу үшін алғашқы күні бір сағаттық инфузиямен жасалатын Таксотердің® тиісті дозасы 75 мг/м2 –ді, одан кейін 1 сағат бойы 75 мг/м2 цисплатинді енгізеді, бірінші күнінен бастап ұдайы 5 күн бойына жасалатын инфузия күніне м2 шаққанда 750 мг 5-фторурацилді құрайды. Бұл сызбаны әрбір 3 апта сайын 4 циклмен қайталайды. Химиялық емнен кейін сәулемен ем тағайындалуға тиіс.
Кейіннен химиялық радиациялық еммен жалғастырылатын индукциялық химиялық ем:
Жергілікті таралған БМСЖК бар науқастарды (техникалық тұрғыда кесуге болмайтын, хирургиялық жолмен алып тастау ықтималдығы шамалы және мүшені сақтап қалу ниетінде) индукциялық емдеу үшін алғашқы күні бір сағаттық инфузиямен жасалатын Таксотердің® тиісті дозасы 75 мг/м2 –ді құрайды, одан кейін 30 минуттан 3 сағат бойы цисплатиннің 100 мг/м2 енгізеді, одан кейін бірінші күнінен бастап ұдайы төрт күн бойы жасалатын инфузиямен күніне м2 шаққанда 1000 мг дозада 5-фторурацилді енгізеді. Бұл сызбаны әрбір 3 апта сайын 3 циклмен қайталайды. Химиялық емнен кейін химиялық-радиациялық ем тағайындалуға тиіс.
Цисплатиннің және 5-фторурацилдің дозасын өзгертуді тиісті препаратты медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Емдеу кезінде дозаға түзету енгізу:
Таксотерді® нейтрофилдер саны 1.500 жасуша/мм3 болған кезде қолдануға болады.
Фебрильді нейтропения дамыған жағдайда 1 апта ішінде нейтрофильдер саны 500 жасуша/мм3 болғанда, Таксотермен® емдеу кезінде ауыр немесе жинақталған тері реакциялары, немесе ауыр шеткергі невропатияда Таксотердің® дозасын 100 мг/м2-ден 75 мг/м2-ге дейін және (немесе) 75 мг/м2-ден 60 мг/м2-ге дейін төмендету керек болады. Егер 60 мг/м2 дозада жоғарыда айтылған реакциялар жойылмаса, емдеуді тоқтатқан жөн.
Сүт безі обырының адъювантты емі
Таксотермен®, доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ТАЦ) сүт безінің обыры жөнінде адъювантты ем алған науқастарда Г-КЫФ көмегімен алғашқы алдын алудың қажеттігін, екшелеу керек.
Фебрильді нейтропениямен және/немесе нейтропениялық жұқпамен науқастарда Таксотердің® дозасын барлық келесі циклдарда 60 мг/м2 дейін төмендету керек.
Стоматиттің 3-4 дәрежесі жағдайында дозаны 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн.
Цисплатинмен біріктіріп
Науқастар үшін Таксотердің® 75 мг/м2-ге тең бастапқы дозасынан бастап, емдеудің бұдан бұрынғы курсы барысында цисплатинмен және 25.000 жасуша/мм3 тромбоциттердің өте аз санымен біріктіріу, сондай-ақ фебрильді нейтропениясы немесе уыттылықтың ауыр гематологиялық емес симптомдары бар науқастарға Таксотердің® дозасы кейінгі циклдарда 65 мг/м2-ге дейін төмендетілуге тиіс. Цисплатиннің дозасына түзету енгізуді сәйкес медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығынан қараңыз.
Капецитабинмен біріктіріп
Капецитабиннің дозасын өзгертуді капецитабиннің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығынан қараңыз.
- алғаш рет пайда болған және Таксотер® препаратын капецитабинмен біріктірілетін келесі емдеу сәтіне дейін сақталатын 2 дәрежелі уыттылықтың белгілерінде, уыттылық қашан 0-1 дәрежесіне дейін төмендемейінше, кейінге қалдыра тұрған жөн; емдеуді бастапқы 100 дозаны пайдалана отырып жаңартады.
- 2 дәрежелі уыттылық қайтадан дамыған кезде немесе емдеу циклының кез келген сатысында уыттылықтың 3 дәрежесі алғаш пайда болғанда емдеуді, уыттылық 0-1 дәрежесіне дейін төмендегенше, кейінге қалдыра тұрған жөн, содан кейін емдеуді Таксотердің® 55 мг/м2 дозасымен жалғастыру керек.
- уыттылықтың кез келген қайталап білінулерінде немесе 4 дәрежелі уыттылық кезінде Таксотер® препаратын енгізуді тоқтату қажет.
Трастузумаб дозасын өзгертуді препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктіріп
Егер Г-КЫФ-ге қарамастан, фебрильді нейтропения, ұзаққа созылатын нейтропения немесе нейтропенияға байланысты болатын жұқпа көрінісі орын алса, доцетакселдің дозасын 75 мг/м2-ден 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Асқынған нейтропенияның кейінгі көріністері дамыған кезде Таксотердің® дозасын 60-тан 45 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Тромбоцитопенияның 4 дәрежелі жағдайында Таксотердің® дозасын 75-тен 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Таксотермен® емдеудің кейінгі циклдарын жүргізу тек нейтрофильдер саны 1.500 жасуша/мм3-ге артқан жағдайларда ғана, ал тромбоциттер саны 100000 жасуша/мм3 деңгейге дейін қалпына келгенше ғана рұқсат етіледі. Емдеуді, егер уыттылық белгілері сақталатын болса, тоқтатқан жөн.
Таксотерді® цисплатинмен және 5-фторурацилмен (5-ФУ) біріктіріп қабылдап жүрген науқастарда уыттылық құбылыстары жағдайында тиісті дозаларды өзгерту:
Уыттылық |
Дозаны түзету |
3-дәрежелі диарея |
Алғашқы эпизод: 5-ФУ-ді 20-ға төмендету керек Екінші эпизод: содан кейін Доцетаксел дозасын 20-ға төмендету керек |
4-дәрежелі диарея |
Алғашқы эпизод: Таксотер® және 5-ФУ дозасын 20-ға төмендету керек Екінші эпизод: емдеуді тоқтату |
3-дәрежелі стоматит (мукозит) |
Алғашқы эпизод: 5-ФУ-ді 20-ға төмендету керек Екінші эпизод: кейінгі барлық циклдарда тек 5-ФУ-ді ғана тоқтату керек. Үшінші эпизод: Таксотердің® дозасын 20-ға төмендету керек |
4-дәрежелі стоматит (мукозит) |
Алғашқы эпизод: кейінгі барлық циклдарда тек 5-ФУ-ді ғана тоқтату керек. Екінші эпизод: Таксотердің® дозасын 20-ға төмендету керек |
Цисплатин мен 5-фторурацил дозаларын түзетуді осы препараттардың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығынан қараңыз.
БМСЖК және асқынған нейтропениямен (ұзаққа созылған нейтропенияны, фебрильді нейтропенияны, жұқпаны қосқанда) науқастарда емдеудің кейінгі циклдарында алдын ала қорғауды (мысалы, 6-15 күндері) қамтамасыз ету үшін Г-КЫФ тағайындау ұсынылады.
Айрықша популяциялар:
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар: Таксотердің® бөлек алынған 100 мг/м2 дозасының фармакокинетикалық деректерінің негізінде, трансаминазалар (АСТ және АЛТ) деңгейі қалыптағының жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 есе асып түсетін және сілтілік фосфатаза деңгейі ҚЖШ-нен 2,5 есе асатын деңгейде болатын науқастарда доцетакселдің тиісті дозасы 75 мг/м2 құрайды. Қанда билирубин деңгейі жоғары болғанда және (немесе) ҚЖШ-нен 3,5 есе асып түсетін АСТ мен АЛТ деңгейлерінде сілтілік фосфатаза деңгейімен бірге ҚЖШ-нен 6 есе асып түсетін деңгейінде дозаны төмендету керек емес – Таксотерді® тек қатаң көрсетілім бойынша ғана тағайындайды.
Асқазанның аденокарциномасын емдеген кезде цисплатин мен 5-фторурацилді біріктірген жағдайда жүргізілген клиникалық зерттеулерде ҚЖШ-нен 1,5 есе асып түсетін АЛТ және (немесе) АСТ бар, ҚЖШ-нен 2,5 есе асып түсетін сілтілік фосфатазасы деңгейімен біріктірген, және билирубин деңгейі ҚЖШ-дан жоғарыларға дозаны төмендету керек емес - Таксотерді® тек қатаң көрсетілімдер болмаса қолданбау керек.
Бауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарды басқа көрсеткіштер бойынша доцетакселмен біріктіріп емдеу туралы деректер жоқ.
Педиатриялық популяциясы:
1 айдан < 18 жасқа дейінгі балалардағы назофарингеальды карциномада Таксотердің® қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Таксотерді® педиатриялық популяцияда аз дифференциацияланған назофарингеальды карциноманың II және III түрін қоспағанда, сүт безінің обыры, өкпенің ұсақжасушалы емес обыры, қуық асты безінің обыры, асқазан карциномасы және бас пен мойын обыры көрсетілімдерінде қолдану тиімсіз.
Егде жастағы науқастар: популяцияның фармакокинетикалық анализінің деректерінде препаратты егде жастағы науқастарға қолдану жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ.
60 немесе одан үлкен жастағы науқастарға капецитабинмен біріктіріп тағайындаған жағдайда капецитабиннің бастапқы дозасын 75-ға дейін төмендету керек (капецитабин нұсқаулығын қараңыз).
Қолданудағы айрықша сақтық шаралары
Таксотер® ісікке қарсы дәрі болып табылады, сондықтан, басқа потенциальды уытты заттармен болған жағдайлардағыдай, оларды қолданған кезде және Таксотер® ерітіндісін әзірлеу кезінде сақ болу қажет. Қолғап кию керек.
Теріге концентрат, ертерек дайындалған қоспа немесе Таксотердің® инфузиялық ерітіндісі тиіп кеткен кезде теріні дереу сабынды сумен мұқият тазартқан жөн. Шырышты қабыққа концентрат, ертерек дайындалған ерітінді немесе Таксотердің® инфузиялық ерітіндісі тиіп кеткен кезде оларды сумен дереу мұқият шайған жөн.
Көктамыр ішіне енгізуге дайындық
а) Таксотердің® алдын ала қоспасының ерітіндісін дайындау (10 мг доцетаксел/мл)
Егер құты тоңазытқышта сақталса, Таксотер® қорабындағы қажетті мөлшерді бөлме температурасында (25 оС-ден төмен) 5 минут ұстаңыз.
Таксотерге® арналған еріткіштің барлығын құтысынан, асептика ережесін сақтай отырып, инесі бар еккішке құйып алыңыз. Еккіштің ішіндегі барлық затты Таксотердің® тиісті құтысына енгізіңіз.
Инесімен бірге еккішті суырып алыңыз және құтының ішіндегісін, оны қолмен кем дегенде 45 секунд бойы оқтын-оқтын айналдыра отырып, араластырыңыз. Сілкімеңіз.
Құтыны алдын ала дайындалған ерітіндісімен бірге бөлме температурасында (25 оС-ден төмен) 5 минут ұстаңыз, содан кейін ерітіндінің біркелкілігін және мөлдірлігін тексеріңыз (5 минуттан кейін көбіктің болуы – құрамында полисорбат 80 болғандықтан, жүзеге асатын қалыпты жағдай).
Алдын ала дайындалған қоспада 10 мг/мл доцетаксел бар және оны дайындағаннан кейін дереу қолдану керек. Алайда, дайындалған қоспаның химиялық және физикалық тұрақтылығына байланысты 2оС-8оС температурада және бөлме температурасында (25 оС- ден төмен) 8 сағат бойы сақталады.
б) Инфузиялық ерітіндіні дайындау
Науқас үшін қажетті дозаны алу үшін алдын ала жасалған ерітіндісі бар бір құтыдан көбірек қажет болуы мүмкін. Инесі бар градуирленген еккіштің көмегімен және асептика ережесін сақтай отырып, науқас үшін қажетті мг дозасының тиісті көлемін ертерек дайындалған қоспасы бар құтылардағы құрамында доцетакселдің 10 мг/мл бар алдын ала дайындалған ерітіндісін аласыз. Мысалы, доцетакселдің ертерек араластырылған ерітіндісінің 14 мл-де 140 мг доцетаксел бар.
Ертерек араластырылған ерітіндісінің қажетті көлемін ішінде 5 глюкоза ерітіндісі, не 9 мг/мл (0,9) натрий хлориді ерітіндісі бар 250 мл инфузиялық қалтаға немесе инфузиялық бутылкаға енгізіңіз.
Егер 200 мг доцетакселден артығырақ мөлшер қажет болса, доцетакселдің концентрациясы 0,74 мг/мл-ден аспауы үшін сұйылтқыштың көп мөлшерін пайдаланыңыз.
Инфузиялық қалтаның немесе бутылка ішіндегісін, оларды шайқай отырып, араластырыңыз.
Таксотердің® инфузиялық ерітіндісі 4 сағаттың ішінде қолданылуға тиіс, оны бөлме температурасы (25 оС- ден төмен) жағдайында және қалыпты жарықта, асептика ережесін сақтай отырып, 1 сағаттық инфузиямен енгізген жөн.
Парентеральды түрде қолдануға арналған басқа препараттарға ұқсас, ертерек дайындалған қоспа мен Таксотердің® инфузиялық ерітіндісін қолданар алдында көзбен тексеріп алу керек. Тұнбасы бар ерітінді концентрациясы жарамсыз.
Қолданылмаған кез келген препарат немесе артық материал жергілікті талаптарға сай жойылуға тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Таксотердің® жағымсыз реакцияларының ауырлығы оны басқа химиотерапиялық дәрілермен біріктіріп тағайындаған кезде күшеюі мүмкін.
Төменде монотерапия кезінде, сондай-ақ Таксотерді® доксорубицинмен, цисплатинмен, трастузумабпен, капецитабинмен, преднизонмен немесе преднизолонмен (емге байланысты маңызды жағымсыз әсерлері көрсетілген) доксорубицин және циклофосфамидпен (емге байланысты маңызды жағымсыз әсерлер), 5-фторурацилмен (емге байланысты маңызды жағымсыз әсерлер), біріктірген кезде байқалған жағымсыз әсерлер айтылған.
100 мг/м2 дозадағы Таксотерді® моноем ретінде қолданғанда
Өте жиі
-
нейтропения (қайтымды және жинақталмайтын, жасушалардың ең аз саны орташа 7 күні анықталады, ауыр нейтропенияның орташа ұзақтығы 500/мкл 7 күнді құрайды) анемия, алопеция, жүрек айнуы, құсу, стоматит, іш өтуі және астения.
-
парестезия, дизестезия немесе шымылдауды қоса ауырумен сипатталатын жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауырлықтағы жүйке сезімталдығының бұзылу белгілері. Нейромоториканың бұзылуы негізінен әлсіздікпен білінеді. Белгілері өздігінен 3 ай аралығында кетеді. Белгілердің қайтымдылығы жөнінде деректер монотерапия ретінде 100 мг/м2 Таксотермен® емделген 35,3% нейроуыттылықпен науқастарға қатысты. Ауыр шеткергі нейроуыттылығы дамыған кезде дозаны төмендету керек.
-
жоғары сезімталдық реакциялары: әдетте доцетаксел инфузиясы басталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін қызару, қышумен немесе онсыз бөртпе, кеудедегі қысу сезімі, арқаның ауыруы, ентігу, температураның жоғарылауы немесе қалтырау дамиды және жеңіл немесе орташа дәрежедегі ауырлықта өтеді.
Ауыр реакциялар гипотензиямен және/немесе бронхтүйілуімен немесе жайылған бөртпемен (эритемамен) өтеді.
-
Әдетте, жеңіл немесе орташа айқындылықта саналатын қайтымды тері реакциялары. Көбінесе аяқ пен қолда (оның ішінде алақан – табан эритродизестезиясы синдромының ауыр түрі), білекте, бетте және кеудеде қышымамен жалғасатын жергілікті бөртпе түріндегі жеңіл немесе орташа білінетін тері реакциялары.
Әдетте бөртпелер доцетаксел инфузиясынан кейін 1 апта ішінде пайда болады.
-
инфузияны енгізу орнындағы реакциялар әдетте жеңіл түрде өтеді және гиперпигментация, қабыну, терінің қызаруы және құрғақтығы, флебит немесе көктамырдың ісінуі және қанталаумен білінеді.
-
шеткергі ісіну және сирек плевральді жалқық, перикардиальді жалқық, асцит және дене салмағының артуы түріндегі сұйықтың іркілуі. Шеткергі ісінулер әдетте бастапқы кезде аяқтарда пайда болады, ал содан кейін бүкіл денеге таралып, дене салмағын 3 кг-ға және одан астамға арттырады. Сұйықтық іркілуінің жиілігі және айқындылығы жинақталатын сипатта болады. Емдеуді тоқтатқан кезде орташа жинақталатын дозасы 1000 мг/м2-ден жоғары, сұйықтың іркілуінің қайтымдылығының орташа уақыты 16,4 аптаны құрайды (0 ден 42 аптаға дейін).
Премедикациямен науқастарда премедикациясыз (орташа жинақталатын доза: 489,7 мг/м2) науқастармен салыстырғанда орташа және ауыр дәрежедегі сұйықтың іркілуі кеш (орташа жинақталатын доза: 818,9 мг/м2) байқалған, алайда кейбір науқастарда ол емнің бастапқы курстарында анықталған
- жұқпалар (оның ішінде сепсис және пневмония, 1,7 % өліммен аяқталуы)
- нейтропения, оның ішінде фебрильді, анемия
- жоғары сезімталдық
- анорексия
- шеткергі сенсорлы және шеткергі моторлы невропатия, дисгевзия
- ентігу
- стоматит, диарея, жүрек айнуы, құсу
- алопеция, тері реакциялары, тырнақтардың бұзылуы
- миалгия
- сұйықтың іркілуі, астения, ауыру
Жиі
- нейтропениямен байланысты жұқпа
- тромбоцитопения
- аритмия
- гипотензия, гипертензия, геморрагия
- іш қату, іштің ауыруы, асқазан-ішектен қан кетуі (оның ішінде ауыр түрі)
- артралгия
- инфузия енгізген орындағы реакция, кеуде қуысының жүрек ауруымен
байланыспаған ауыруы
- қандағы жоғары билирубин, қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің артуы, АСТ және АЛТ артуы
Кейде
- жүрек жеткіліксіздігі
- эзофагит
Сирек
- сирек жағдайларда Таксотермен® емдеуді үзуді немесе тоқтатуға мәжбүр ететін кейін десквамацияға ұласатын бөртпелер,
- гипопигментациямен немесе гиперпигментациямен және кейде ауырумен және онихолизиспен сипатталатын тырнақтардың ауыр өзгерулері
- тромбоцитопениямен қатар жүретін қан кету эпизодтары
Өте сирек
- қайтымсыз алопеция
тері реакциясының 73% 21 күн ішінде қайтады
75 мг/м2 дозадағы Таксотерді® монотерапия ретінде қолданғанда
Өте жиі
- жұқпалар
- нейтропения, анемия, тромбоцитопения
- анорексия
- шеткергі сенсорлық невропатия
- жүрек айнуы, стоматит, құсу, диарея
- алопеция, тері реакциялары
- астения, сұйықтықтың іркілуі, ауыру
Жиі
- фебрильді нейтропения
- жоғары сезімталдық (ауыр емес)
- шеткергі моторлық невропатия
- аритмия (ауыр емес)
- гипотензия
- іш қату
- тырнақтартың бұзылуы (ауыр: 0,8%)
- миалгиялар
- қандағы билирубиннің жоғарылауы
75 мг/м2 дозадағы Таксотердің® доксорубицинмен бірігуінде
Өте жиі
- жұқпалар
- нейтропения, оның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения
- шеткергі сенсорлық невропатия
- жүрек айнуы, стоматит, диарея, құсу, іш қату
- алопеция,
- астения, сұйықтың іркілуі, ауыру, тырнақтың бұзылуы, тері реакциялары
Жиі
- жоғары сезімталдық
- анорексия
- шеткергі моторлық невропатия
- жүрек жеткіліксіздігі, аритмия (ауыр емес)
- миалгия
- инфузия енгізген орындағы реакция
- қандағы билирубин, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
Кейде
- гипотензия
- АСТ және АЛТ деңгейінің жоғарылауы
75 мг/м2 дозадағы Таксотердің® цисплатинмен бірігуінде
Өте жиі
- жұқпалар
- нейтропения, анемия, тромбоцитопения
- жоғары сезімталдық реакциялары
- анорексия
- шеткергі сенсорлық және шеткергі моторлық невропатия
- жүрек айнуы, құсу, диарея, стоматит
- алопеция, тырнақтардың бұзылуы, тері реакциялары
- миалгия
- астения, сұйықтықтың іркілуі, қызба
Жиі
- фебрильді нейтропения
- аритмия
- гипотензия
- іш қатуы
- енгізілген орындағы реакция, ауыру
- қандағы билирубин, АЛТ жоғарылауы
Кейде
- жүрек жеткіліксіздігі
- АСТ және қандағы сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
100 мг/м2 дозадағы Таксотердің® трастузумабпен бірігуінде
Өте жиі
- нейтропения, фебрильді нейтропения (оның ішінде қызбамен қатар жүретін және антибиотиктер салдарынан болатын нейтропения) немесе
нейтропениялық сепсис
- анорексия
- ұйқысыздық
- парестезия, бас ауыруы, дисгевзия, гиперестезия
- жас бөлінуінің күшеюі; конъюнктивит
- лимфоісіну
- эпистаксис, фаринголарингеальды ауыру, назофарингит, ентігу, жөтел, ринорея
- жүрек айнуы, диарея, құсу, іш қатуы, стоматит, диспепсия, іш ауыруы
- алопеция, эритема, бөртпе, тырнақтардың бұзылуы
- миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, сүйектердің ауыруы, арқаның ауыруы
- астения, шеткергі ісіну, пирексия, шаршағыштық, шырышты қабықтардың қабынуы, ауыру, тұмау тәрізді жай-күй, кеуде қуысының ауыруы, қалтырау
- дене салмағының артуы
Жиі
- жүрек жеткіліксіздігі
- летаргия
75 мг/м2 дозадағы Таксотердің® капецитабинмен бірігуінде
Өте жиі
-
нейтропения, анемия-
-
анорексия, тәбеттің болмауы
-
дисгевзия, парестезия
-
жас бөлінуінің күшеюі
-
фаринголарингеальді ауыру
-
стоматит, диарея, жүрек айнуы, құсу, іш қату, іштің ауыруы, диспепсия
-
алақан-табан эритродизестезия синдромы, алопеция, тырнақтардың бұзылуы
- миалгиялар, артралгия
-
астения, пирексия, шаршағыштық немесе әлсіздік, шеткергі ісіну
Жиі
-
ауыз қуысының кандидозы
-
тромбоцитопения
-
сусыздану
-
бас айналуы, бас ауыруы, шеткергі невропатия
-
ентігу, жөтел, эпистаксис
-
іштің жоғарғы жағының ауыруы, ауыздың кеберсуі,
-
дерматит, эритематоздық бөртпе, тырнақтардың түссізденуі, онихолизис
-
аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы
-
летаргия, ауыру
-
дене салмағының азаюы, қандағы билирубиннің жоғарылауы
75 мг/м2 дозадағы Таксотердің® преднизонмен және преднизолонмен бірігуінде
Өте жиі
- жұқпалар
- нейтропения- анемия
- анорексия
- шеткергі сенсорлық невропатия, дисгевзия
- жүрек айнуы, диарея, стоматит\ фарингит, құсу
- алопеция, тырнақтардың бұзылуы (ауыр емес)
- шаршағыштық, сұйықтықтың іркілуі (ауыр: 0,6%)
Жиі
- тромбоцитопения, фебрильді нейтропения
- жоғары сезімталдық
- шеткергі моторлық нейропатия
- жас бөлінуінің күшеюі
- сол жақ қарыншаның жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі
- эпистаксис, ентігу, жөтел
- экфолиативті бөртпе
- артралгия, миалгия
Лимфотүйіндердің зақымдануымен және зақымдануынсыз сүт безінің обырын 75 мг/м2 дозадағы Таксотерді® доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп адъювантты емдеу
Өте жиі
-
жұқпалар, нейтропениялық жұқпалар
-
анемия, нейтропения оның ішінде фебрильді, тромбоцитопения
-
анорексия
-
дисгевзия, шеткергі сенсорлық невропатия
-
конъюнктивит
-
ысыну
-
жүрек айнуы, стоматит, құсу, диарея, іш қату
-
алопеция, терінің бұзылуы, тырнақтың бұзылуы
-
миалгия, артралгия
-
аменорея
-
астения, пирексия, шеткергі ісінулер
Жиі
-
жоғары сезімталдық
-
шеткергі моторлық невропатия
-
жас бөлінуінің күшеюі
-
аритмия
-
гипотензия, флебит
-
жөтел
-
іштің ауыруы
-
дене салмағының жоғарылауы немесе төмендеуі
Кейде
-
синкопе, нейроуыттылық, ұйқышылдық
-
лимфоісіну
Сирек
-
іркілген жүрек жеткіліксіздігі
Асқазан аденокарциномасы кезінде 75 мг/м2 дозадағы Таксотердің® цисплатинмен және 5-фторурацилмен бірігуінде
Өте жиі
-
инфекция, оның ішінде нейтропениялық
-
анемия, нейтропения, оның ішінде фебрильді, тромбоцитопения
-
жоғары сезімталдық
-
анорексия
-
шеткергі сенсорлық невропатия
-
диарея, жүрек айнуы, стоматит, құсу
-
алопеция
-
летаргия, қызба, сұйықтық іркілуі (ауыр/өмірге қауіп төндіретін)
Жиі
- бас айналуы, шеткергі моторлық невропатия
-
жас бөлінуінің күшеюі
-
естудің нашарлауы
-
аритмия
-
іш қатуы, асқазан-ішектің ауыруы, эзофагит/дисфагия/одинофагия
-
бөртпелі қышыма, тырнақтардың бұзылуы, терінің қабыршақтануы
Бас пен мойын обырында 75 мг/м2 дозадағы Таксотердің® цисплатинмен және 5-фторурацилмен бірігуінде
Индукциялық химиотерапия келесі радиотерапиямен
Өте жиі
-
инфекция, оның ішінде нейтропениялық
-
нейтропения, анемия, тромбоцитопения
-
анорексия
-
дисгевзия/ паросмия, шеткергі сенсорлық невропатия
-
жүрек айнуы, стоматит, диарея, құсу
-
алопеция
-
летаргия, гипертермия, сұйықтықтың іркілуі, ісінулер
Жиі
-
обыр кезіндегі ауырулар
-
фебрильді нейтропения
-
жоғары сезімталдық (ауыр емес)
-
бас айналуы
-
жас бөлінуінің күшеюі, конъюнктивит
-
естудің нашарлауы
-
миокард ишемиясы
-
көктамырлық өзгерулер
-
іш қату, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іштің ауыруы, диспепсия,
-
асқазан-ішектік қан кетулер
-
бөртпелі қышыма, терінің құрғауы және қабыршақтануы
-
миалгия
-
дене салмағының артуы
Кейде
-
аритмия
Индукциялық химиотерапия келесі химиорадиотерапиямен
Өте жиі
-
жұқпалар
-
нейтропения оның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения
-
анорексия
-
дизгезия/паросмия, шеткергі сенсорлық невропатия
-
естудің нашарлауы
-
жүрек айнуы, стоматит, құсу, диарея, эзофагит \дисфагия\ одинофагия, іш қату
-
алопеция, бөртпелі қышыма
-
летаргия, пирексия, сұйықтың іркілуі, ісіну, дене салмағының төмендеуі
Жиі
-
нейтропениялық жұқпалар
-
обыр кезіндегі ауырулар
-
бас айналу, шеткергі моторлық невропатия
-
жас бөлінуінің күшеюі
-
аритмия
-
диспепсия, асқазан-ішек ауыруы, асқазан-ішектік қан кету,
-
терінің құрғауы және терінің қабыршақтануы
-
миалгия
Кейде
жоғары сезімталдық
-
конъюнктивит
-
миокард ишемиясы
-
көктамырлық өзгерулер
-
дене салмағының артуы
Постмаркетингтік кезең тәжірибесі
-
Сүйек кемігін бәсеңдету және басқа да жағымсыз - гематологиялық реакциялар
-
диссеминацияланған қантамырішілік коагуляция (ДҚК), жиі сепсиспен немесе полиорганды жеткіліксіздікпен байланысты
-
кейде өліммен аяқталатын анафилактикалық шок
Сирек
-
доцетакселмен байланысты, оны басқа химиотерапиялық дәрілермен және/немесе сәулемен емдеумен біріктіріп қабылдағанда жедел миелоидты лейкемия және миелодиспластикалық синдром
-
доцетакселді қабылдауға байланысты конвульсия немесе уақытша естен тану жағдайлары. Кейде осы реакциялар дәрілік препаратты инфузиялау кезінде дамыған.
-
отоуыттылық, естудің төмендеуі және/немесе есту қабілетінен айрылу
-
миокард инфаркты
-
көктамырлық тромбоэмболия
-
жедел респираторлы дистресс синдромы, интерстициальды пневмония және өкпе фиброзы
-
бір мезгілде сәулемен ем алған науқастардағы радиациялық пневмонит
-
гастроинтестинальды өзгерулер, перфорация, ишемиялық колит, колит және нейтропениялық энтероколит нәтижесінде сусыздану
-
ішектің айналып кетуі және ішек бітелуі
-
сәулеленуге ретроспективті реакция
-
жедел олигурия немесе гипотензия
-
эпизодтарынсыз сұйықтың іркілуі
-
сусыздану және өкпе ісінуі
Өте сирек
- дәрілік препаратты инфузиялау кезінде және жоғары сезімталдық реакцияларымен бірге пайда болған көрудің уақытша бұзылуы (жарықтың жарқ етуі, жарық дақтары, скотома) инфузияны тоқтатқан соң қайтымды болады. Олар инфузия аяқталғаннан кейін қайтымды сипатқа ие.
- жас бөлінуінің күшеюі, оның ішінде конъюнктивитпен көз жасының көп түзілуіне әкелетін көз жасы каналының бітелуінің нәтижесі болып табылады
-гепатит, кейде өлім-жітімге ұшырау жағдайлары, әсіресе сыртартқысында бауыр ауыруы бар науқастарда
- тері қызыл жегісі және көпформалы эритема түріндегі буллезді бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз. Кейбір жағдайларда осы әсерлердің дамуында басқа қосарланған факторлар роль атқаруы мүмкін.
- доцетакселді қолдануға байланысты алдында шеткергі лимфо ісіну болған склеродермаға ұқсас өзгерулер
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың әсер ететін затына немесе қосымша заттарының біреуіне жоғары сезімталдықта
-
нейтрофильдердің бастапқы деңгейі 1,500 жасуша\мм3 болғанда
-
деректердің болмауына байланысты бауыр қызметінің ауыр бұзылуында
-
біріктіріп тағайындаған жағдайларда, басқа дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлерін ескерген жөн.
-
жүктілікте және лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
In vitro зерттеулер Таксотердің® метаболизмі бір мезгілде қабылданған Р450-3А цитохромын индукциялайтын, тежейтін қосылыстардың немесе Р450-3А цитохромы арқылы өзгеріске ұшырайтын (энзимді компетитивті жолмен басуы мүмкін), мысалы, циклоспорин, терфенадин, кетоконазол, эритромицин және тролеандомицин сияқты қосылыстардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Осы препараттармен бір мезгілде емдеген кезде сақтық білдірген жөн, өйткені олардың арасында елеулі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.
Доцетаксел ақуыздармен (95) өте жақсы байланысады. Доцетакселдің бір мезгілде in vivo тағайындалатын дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне, ақуыздармен (эритромицин, дифенгидрамин, пропранолол, пропафенон, фенитоин, салицилат, сульфаметоксазол және натрий вальпроаты) мықты байланыс түзетін препараттармен in vitro өзара әрекеттесуіне қатаң зерттеулердің жоқтығына қарамастан, Таксотердің® ақуыздармен байланысына ықпалын тигізген жоқ. Бұдан басқа, дексаметазон доцетакселдің ақуыздармен байланысына ықпалын тигізбеді. Таксотер® дигитоксиннің байланысуына ықпал еткен жоқ.
Таксотердің®, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикасы осы препараттарды бір мезгілде қолданған кезде өзгерген жоқ. Бақыланбаған жалғыз зерттеудің шектелген деректері Таксотер® мен карбоплатин арасында өзара әрекеттесудің болғанын көрсетеді. Таксотермен® біріктіріп тағайындаған кезде карбоплатиннің клиренсі карбоплатиннің өзімен ғана емдеген кездегі бұрын тіркелген клиренсінен 50-ға жоғары болды.
Таксотердің® преднизонның қатысуымен болған фармакокинетикасы қуық асты безінің метастатикалық қатерлі ісігі бар науқастарда зерттелді. Доцетаксел СҮР3А4 арқылы метаболизмге ұшырайды; преднизонның СҮР3А4-ті демейтіні белгілі. Преднизонның Таксотер® фармакокинетикасына статистикалық тұрғыдан маңызды әсері байқалған жоқ.
Таксотерді® бір уақытта күшті СУР3А4 тежегіштерін ( ритонавир секілді протеаз тежегіштерін, кетоконазол немесе итраконазол секілді азольды зеңге қарсы дәрілерді) қабылдайтын науқастарға сақтықпен енгізу керек.
Кетоконазол және доцетаксел қабылдайтын науқастардың қатысуымен жүргізілген дәрілердің өзара әрекеттесуін зерттеулер көрсеткендей, кетоконазолдың доцетаксел клиренсін айтарлықтай, жартысына төмендетуінің себебі, доцетакселдің метаболизмінде СУР3А4 метаболизмнің негізгі (жалғыз) жолы ретінде қатысуына байланысты болуы мүмкін. Доцетаксел толеранттылығының төмендеуі тіпті аз дозада да болуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Сүт безінің обырында және өкпенің уақ жасушалы емес обырында ауыз арқылы ішілетін кортикостероидты гормонды мысалы, доцетакселді қолданудан 1 күн бұрын дексаметазонды 3 күн бойы күніне 16 мг дозада (күніне екі рет 8 мг-ден) қолданып жасалатын премедикация ағзада сұйықтықтың кідіру дәрежесін және даму жиілігін, сондай-ақ жоғары сезімталдық реакциясының айқындылығын төмендетуі мүмкін. Қуық астының қатерлі ісігі жағдайында жасалатын премедикацияда ауыз арқылы ішілетін дексаметазонның 8 мг-дық дозасын доцетаксел инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын қабылдау керек.
Гематология
Нейтропения доцетакселдің ең жиі жағымсыз реакциясы болып табылады. Нейтрофильдер саны ең төменгі деңгейге, орта есеппен, 7-күні, ал алдын ала қарқынды түрде емделген науқастарда тіпті ерте жетеді. Қанның толық көрінісін жиі бақылауды доцетаксел қабылдап жүрген барлық науқастарға жүргізген жөн. Таксотермен® емдеуді нейтрофильдер саны 1,500 жасуша/мм3 деңгейіне дейін жеткен кезде жаңартуға болады.
Ауыр нейтропения жағдайында (7 күнде және одан астам уақыт ішінде 500 жасуша/мм3) Таксотермен® емдеу курсы кезінде, емдеудің кейінгі курстары ішінде дозаны төмендету, не болмаса тиісті симптоматикалық ем қолдану керек.
Таксотермен® цисплатинді және 5-фторфурацилді (ТЦФ) біріктіріп емделген науқастарда фебрильді нейтропения және нейтропениялық жұқпалар, егер науқастар алдын алу мақсатында Г-КЫФ қабылдаған болса, сирек дамиды. ТЦФ қабылдап жүрген науқастарға асқынған нейтропенияның (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылатын нейтропения немесе нейтропениялық жұқпалар) даму қаупін ең төменгі дәрежеге жеткізу үшін Г-КЫФ-мен алдын алған жөн. ТЦФ-мен емделіп жүрген науқастарға қатаң мониторинг жүргізген жөн.
Доцетакселді доксорубицин және циклофосфамидпен (ТАЦ) біріктіріп емделген науқастарда, науқастарға алғашқы алдын алуды Г-КЫФ көмегімен жүргізгенге қарағанда, фебрильді нейтропения және нейтропениялық жұқпалар сирек кездескен. Г-КЫФ көмегімен алғашқы алдын алудың қажеттілігін нейтропенияның (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық жұқпада) асқыну қаупін азайту үшін, сүт безінің обырында ТАЦ пен адъювантты ем алатын науқастарға қатысты қарастыру керек.
ТАЦ қабылдайтын науқастарды мұқият бақылау қажет.
Жоғары сезімталдық реакциялары
Науқастарға, әсіресе бірінші және екінші инфузия кезінде жоғары сезімталдық реакциясына байланысты қатаң бақылау қажет етіледі. Жоғары сезімталдық реакциялары доцетакселмен инфузия жасаудың алғашқы минуттарында пайда болуы мүмкін. Сондықтан гипотензияны және бронхтың түйілуін емдеу үшін қажетті барлық дәрілер дайын тұруға тиіс. Жоғары сезімталдық реакцияларының, мысалы, гиперемия немесе оқшауланған тері реакциялары сияқты аздаған симптомдары дамыған жағдайда емдеуді тоқтату қажет емес, ал мынадай ауыр реакциялар, мысалы, айқын гипотензия, бронхтың түйілуі немесе денеге таралған бөртпе (эритема) доцетакселмен емдеуді дереу тоқтатуды және тиісті ем жүргізуді қажет етеді. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары орын алған науқастарды Таксотермен® қайтадан емдеуге болмайды.
Тері реакциялары
Аяқ-қолдарда (алақан және табан) оқшауланып, ісінумен және кейін десквамацияланатын тері эритемасы байқалған. Ауыр симптомдар, мысалы, десквамацияға ұласатын бөртпелер пайда болып, доцетакселді үзген немесе тоқтатқан жағдайлар тіркелген.
Сұйықтықтың іркілуі
Сұйықтықтың іркілуінің ауыр түрлерінен мысалы, плевралық жалқық, перикардиальды жалқық және асцитпен науқастарды мұқият бақылау керек.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар
Доцетакселдің 100 мг/м2 дозасын монотерапия ретінде қабылдап жүрген және трансаминазаның (АЛТ және/немесе АСТ) ҚЖШ-нен 1,5 есе асып түсетін деңгейі бар, сілтілік фосфатазаның ҚЖШ-нен 2,5 есе асып түсетін деңгейімен біріктірілген науқастарда жоғары сезімталдықтың ауыр жағымсыз реакцияларының дамуы, мысалы, уыттылықтың сепсисті және гастроинтестинальды қан кетуді, қосқанда, өлім сияқты зор қаупіне, өлім-жітімге дейін апаратын фебрильді нейтропения, тромбоцитопения жұқпалары, стоматит және астения пайда болады. Осылайша, бауыр қызметі көрсеткішінің (БҚК) деңгейі жоғары науқастар үшін доцетакселдің тиісті дозасы 75 мг/м2 құрайды; бастапқы этапта және әрбір кезекті цикл алдында БҚК- ін өлшеп отырған жөн.
Қандағы билирубин деңгейі қалыптан жоғары болғанда және / немесе ҚЖШ-нен 3,5 есе басым болатын АЛТ және АСТ ҚЖШ-нен 6 есе басым болатын сілтілік фосфатазамен біріктіргенде дозаны түзету қажет емес – доцетакселді (егер қатаң көрсетілімдері жоқ болса) тағайындамайды.
Асқазанның аденокарциномасын емдеу үшін цисплатин мен 5-фторурацилді біріктіру: жүргізілген клиникалық зерттеулерге АЛТ/ немесе АСТ ҚЖШ-нен 1,5 есе жоғары болатын, ҚЖШ-нен 2,5 есе басым болатын сілтілік фосфатазасы бар және билирубин қалыпты деңгейден жоғары болатын науқастар қатыстырылған жоқ. Мұндай науқастар үшін дозаны түзету ұсынылмайды – қатаң көрсетілімдер жоқ болса, доцетакселді тағайындамайды. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан, басқа көрсетілімдері бойынша Таксотермен® біріктіріліп емделген, науқастар жөнінде деректер жоқ.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар
Бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр науқастарды Таксотермен® емдеу жөнінде деректер жоқ.
Жүйке жүйесі
Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамыған кезде дозаны төмендету қажет.
Жүрекке уыттылығы
Таксотерді® трастузумабпен біріктіріп қабылдаған науқастарда, әсіресе, құрамында антрациклині (доксорубицин немесе эпирубицин) бар химиотерапиядан кейін жүрек қызметінің жеткіліксіздігі байқалды. Жеткіліксіздіктің ауырлық дәрежесі орташа немесе ауыр болуы және өлім-жітімге әкелуі мүмкін.
Таксотерді® трастузумабпен біріктіріп емдеуді жоспарлаған кезде жүрек қызметінің жағдайына алдын ала тексеру жүргізу қажет. Кейін жүрек қызметінің бұзылуы мүмкін науқастарды анықтау үшін емдеу барысында жүрек қызметіне бақылау (мысалы, әрбір 3 айда) жүргізу қажет. Нақтысын трастузумабты медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Тағы басқалар
Ерлер де әйелдер де емдеу кезеңінде ал ерлер емнен кейін кем дегенде 6 ай ішінде контрацепция қолдануы қажет,
Сүт безінің обырын адъювантты емдеу жағдайында қажетті қосымша ескертулер
Асқынған нейтропения
Асқынған нейтропения (ұзаққа созылатын нейтропения, фебрильді нейтропения немесе жұқпалар) жағдайында Г-КЫФ қолдануды және дозаны төмендетуді қажет етуі мүмкін.
Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын реакциялар
Іштің ерте ауыруы және басқан кезде болатын ауыру, жоғары температура, іш өту сияқты симптомдар, нейтропениямен немесе онсыз да, асқазан-ішектік ауыр уыттылықтың ерте біліністері болуы мүмкін, оларды тексеріп қарап және кідіртпей емдеу қажет.
Жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігі
Емделу кезінде және одан кейінгі кезеңде жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінің симптомдарын бақылау жүргізу қажет.
Лейкемия
Таксотер®, доксорубицин және циклофосфамид (ТДЦ) қабылдап жүрген науқастарда кейін миелодисплазия немесе жедел миелоидты лейкемия дамуы мүмкін болғандықтан, гематологиялық көрсеткіштерін бақылау қажет.
4 және одан да көп зақымданған лимфотүйіндері бар науқастар
Аралық анализ барысында 4 және одан да көп зақымданған лимфо- түйіндері бар науқастар үшін ТДЦ режимінің пайдасы мен қаупінің қатынасы нақты анықталған жоқ.
Егде жас
70 жастан асқан науқастарға Таксотерді® доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп қолдану жөнінде деректер шектеулі.
ТЦФ қолданған жағдайда егде жастағы науқастарды қатаң бақылаумен қамтамасыз еткен жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде Таксотерді® қолдану жөнінде ақпараттар жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер нәтижесінде оның эмбриоуытты және фетоуытты әсер көрсететіні, сондай-ақ фертильділікті төмендететіні дәлелденген. Басқа да цитотоуытты емдік препараттар секілді, доцетаксел егер оны жүкті әйелдерге енгізсе ұрыққа зиян тигізуі мүмкін.
Сондықтан Таксотерді® қатаң көрсетілімдері болмаған жағдайда жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала туатын жастағы әйелдер/контрацепция
Таксотер® қабылдайтын бала туатын жастағы әйелдерге жүктіліктен қорғануға кеңес беру керек, жүктілік болған жағдайда дереу емдеуші дәрігерге айту керек.
Емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдісін пайдалану керек.
Клиникадан тыс зерттеулерде доцетаксел геноуытты әсер береді және ерлердің фертильділігін төмендетеді. Сондықтан Таксотермен® емделудегі ерлерге, емделу кезінде және ары қарай 6 ай ішінде бала ұрықтандырудан бас тартқан жөн және емделгенге дейін шәуһатты консервациялау жөнінде кеңес алу керек.
Лактация
Доцетаксел липофильді зат болып табылады, бірақ оның емшек сүтімен бөлінуі белгісіз. Сондықтан емшектегі балаларда жағымсыз әсерлері даму мүмкіндігіне байланысты Таксотермен® емделудің барлық кезеңінде емшекпен емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың автомобильді және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі
Автомобильді және жұмыстық механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Артық дозалануы
Белгілері: Артық дозалануы жөнінде хабарламалар аз түсті. Артық дозаланғанда жағымсыз реакциялары күшеюі мүмкін. Артық дозаланудың алғашқы асқынуы сүйек кемігі қызметінің төмендеуі, шеткергі нейроуыттылық және мукозит болып табылады.
Емдеу: Таксотердің® артық дозаланғанда қолданылатын у қайтарғысы жоқ. Артық дозаланған жағдайда науқасты мамандандырылған бөлімде бақылайды және организмнің тіршілік үшін маңызды қызметтеріне мұқият мониторинг жүргізеді. Артық дозаланудың констатациясынан кейін мүмкіндігінше тезірек Г-КЫФ (гранулоцитарлы колонияны ынталандырушы факторды) тағайындаған жөн.
Қажет болған кезде басқа симптоматикалық шаралар қолданылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Концентраты бар құты: 0.5 мл немесе 2.0 мл концентраттан мөлдір, түссіз құты (І типті шыны) көлемі 7 мл немесе 15 мл, резеңке тығыны және алюминий қалпақшасы бар, жұлып алынатын пластмассадан жасалған түсті коды бар қақпағымен қамтамасыздандырылған (жасыл 20 мг/0.5 мл дозасына арналған немесе қызыл 80 мг/2.0 мл дозасына арналған).
Еріткіші бар құты: 1.5 мл немесе 6.0 мл еріткіштен мөлдір, түссіз құты (І типті шыны) көлемі 7 мл немесе 15 мл, резеңке тығыны және алюминий қалпақшасы бар, жұлып алынатын пластмассадан жасалған түсті коды бар қақпағымен қамтамасыздандырылған (түссізі еріткішке арналған).
Концентраты бар 1 құтыдан (дозасы 20 мг/0.5 мл немесе дозасы 80 мг/2.0 мл) және еріткіші бар 1 құтыдан (1.5 мл 20 мг/0.5 мл дозасына арналған немесе 6.0 мл 80 мг/2.0 мл дозасына арналған) пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, +2оС-ден +25оС-ге дейінгі температурада, сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Алдын ала араластырылған ерітіндісін мүмкіндігінше оны әзірлеп болысымен қолдану керек, ал инфузияға арналған ерітінді 4 сағаттың (сағаттық инфузияны қосқанда) ішінде бөлме температурасында және әдеттегі жарық түсетін жерде қолданылуға тиіс.
Сақтау мерзімі
Таксотер®, дозасы 20/0.5 мл – 2 жыл. Таксотер®, дозасы 80 мг/2.0 мл – 3 жыл.
Ерітіндінің сақталу мерзімі – 3 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Бұрын дайындалған қоспа: бұрын әзірленген қоспаның құрамында 10 мг/мл доцетаксел бар және оны әзірлеп болысымен қолдану керек. Алдын ала дайындалған қоспаның химиялық және физикалық тұрақтылығы 2оС-8оС температурада немесе бөлме температурасында 8 сағат бойы сақталады.
Алдын ала араластырылған ерітіндісін мүмкіндігінше оны әзірлеп болысымен қолдану керек, ал инфузияға арналған ерітінді 4 сағаттың (сағаттық инфузияны қосқанда) ішінде бөлме температурасында және әдеттегі жарық түсетін жерде қолданылуға тиіс.
Дәріханалардан босату шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Авентис Фарма (Дагенхэм), Ұлыбритания
Мекенжайы: Reinham Road South, Dagenham, Essex RM10 7XL, United Kingdom
Тіркеу куәлігінің иесі:
Авентис Фарма С.А., Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы 050016 Алматы қ., Қонаев к-сі 21Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com