Таксим-О (гранулы для приготовления суспензии для приема внутрь, 50 мг/5 мл)

МНН: Цефиксим
Производитель: Алкем Лабораториз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cefixime
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004568
Информация о регистрации в РК: 02.05.2013 - 02.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Таксим-О

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефиксим

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 50 мг/5 мл түйіршіктер

Сипаттамасы

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы: цефиксимді ас қабылдауға байланыссыз ішке қабылдағанда оның биожетімділігі 40-50% құрайды, алайда препаратты тамақпен бірге қабылдағанда цефиксим сарысудағы ең жоғары концентрациясына 0,8 сағатқа жылдамырақ жетеді.

Препаратты қабылдағанда қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына 4 сағаттан кейін жетеді және 2,8 мкг/мл, 400 мг доза қабылдағанда - 4,4 мкг/мл құрайды.

Плазма ақуыздарымен, негізінен альбуминдермен байланысуы 65% құрайды.

Шығарылуы: дозаның 50% жуығы несеппен өзгермеген түрде 24 сағат ішінде, дозаның 10% жуығы өтпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты және 3-4 сағатты құрайды.

Бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерде креатинин клиренсі 20-40 мл/мин жағдайында жартылай шығарылу кезеңі 6,4 сағатқа дейін ұлғаяды, креатинин клиренсі 5-10 мл/мин - 11,5 сағатқа дейін ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Таксим-О – ішке қабылдауға арналған кең ауқымда әсер ететін III буынды жартылай синтетикалық цефалоспориндік антибиотик. Бактерицидті әсер етеді. Әсер ету механизмі қоздырғыштың жасуша жарғақшалары синтезін бәсеңдетумен шартталған. Таксим-О грамоң және грамтеріс бактериялардың көбімен өндірілетін бета-лактамазалардың әсеріне төзімді.

Таксим-О грамоң бактерияларға: Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes; грамтеріс бактерияларға: Haemophilus parainfluenzae, Haemophilus influenzae, Escherichia coli, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca, Pasteurella multocida, Providencia spp., Salmonella spp., Shigella spp., Citrobacter amalonaticus, Citrobacter diversus, Serratia marcescens, Neisseria gonorrhoeae қатысты белсенді.

Препаратқа Pseudomonas spp., D серотобының Enterococcus (Streptococcus), Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp көпшілігі (метицилин-резистентті штаммдарын қоса), Enterobacter spp., Bacteroides fragilis, Clostridium spp төзімді.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған жұқпалы-қабыну аурулары:

  • фарингитте

  • тонзиллитте

  • синуситтерде

  • жедел және созылмалы бронхитте

  • ортаңғы отитте

  • несеп шығару жолдарының асқынбаған жұқпаларында

  • гонококктық жұқпаларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Балалар:

Суспензияның ұсынылатын дозасы тәулігіне 8 мг/кг құрайды. Ол тәуліктік дозада бір рет немесе 2 қабылдаумен, яғни әрбір 12 сағат сайын 4 мг/кг-ден қолданылуы мүмкін.

Емделушінің салмағы

(кг)

Тәуліктік доза

Тәуліктік доза

(шай қасық)

(мг)

(мл)

6.25

50

2.5

0.5

12.5

100

5.0

1.0

18.75

150

7.5

1.5

25

200

10.0

2.0

12 жасқа дейінгі балаларға арналған бір реттік доза 4-8 мг/кг, тәуліктік дене салмағының әр келісіне 8 мг.

Дене салмағы 50 кг артық немесе 12 жастан үлкен балалар тәуліктік – 400 мг, бір реттік – 200-400 мг ересектер үшін ұсынылған дозаны алуы керек. Емдеу курсының орташа ұзақтығы 7-10 күн.

Бүйрек функциясының бұзылуы:

Бүйрек функциясының бұзылуы бар кезде Таксим-О препараты осылайша тағайындалуы мүмкін:

Креатинин клиренсі

Доза

 

60 мл/мин

Стандартты доза

(тәулігіне 400 мг)

21 – 60 мл/мин

Стандартты дозаның 75%

(тәулігіне 300 мг)

20 мл/мин

Стандартты дозаның жартысы

(тәулігіне 200 мг)

Суспензия дайындау ережесі

Бөтелкені төңкеріңіз және түйіршіктерді сілку керек. Бөлме температурасына дейін салқындатылған 30 мл жуық қайнаған суды 2 кезеңге бөліп қосып және әрбір қосудан кейін гомогенді суспензия түзілгенше шайқау керек (суспензия көлемі бөтелкедегі белгіден аспауы тиіс). Осыдан кейін түйіршіктер толық суспензиялануын қамтамасыз ету үшін суспензия 5 минут бойына тұруы тиіс. Дайын суспензияны қолданар алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

  • Жиі ( ≥1/100-ден <1/10 дейін)

  • диарея

  • Жиі емес ( ≥1/1 000-ден <1/100 дейін)

  • бас ауыруы

  • іштің ауыруы, ас қорыту бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

  • эритема, бөртпе

  • қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің (трансаминазалар, сілтілік фосфатазалар) қайтымды ұлғаюы

  • Сирек ( ≥1/10 000 -ден <1/1 000 дейін)

  • бас айналуы, құлақтағы шуыл

  • тәбет жоғалуы және метеоризм

  • эозинофилия; қан сарысуындағы мочевина жоғарылауы

  • шырышты қабық қышынуы және қабынуы

  • төзімді бактериялармен немесе зеңдермен асқын жұқпа (ұзақ және көп рет қолдануда)

  • ауырлығы әртүрлі дәрежедегі өте жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактикалық шок, дәрілік қызба

  • Өте сирек (<1/10 000)

  • лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения немесе тромбоцитопения, қан ұюының бұзылуы, қан сарысуындағы креатинин жоғарылауы, гипербилирубинемия

  • транзиторлық өте жоғары белсенділік, құрысу дамуы мүмкін

  • тоқ ішектің антибиотиктік-астасқан қабынуы (мысалы, жалған жарғақшалы колит, дисбактериоз)

  • мультиформалы эритема, Лайелл синдромы, сарысулық-ұқсас реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, бет ісінуі, уытты эпидермалдық некролиз

  • гемолитикалық анемия, апластикалық анемия

  • интерстициальді нефрит, бауыр қызметі бұзылуы

  • гепатит, холестатикалық сарғаю

  • генитальді кандидоз, генитальді қышыну, вагинит

  • В гиповитаминозы

  • ентігу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • цефалоспориндерге және пенициллиндерге жоғары сезімталдық

  • сыртартқысында қан кетудің болуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 6 айға дейінгі балалық жас

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • құсу және диареямен қатар жүретін асқазан-ішек жолдарының ауыр аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кальций өзекшелері блокаторы нифедипин Таксим-О биожетімділігін шамамен 70% ұлғайтады.

Таксим-О потенциалды нефроуытты заттармен (аминогликозидтер, колистин, полимиксин, виомицин сияқты) немесе әсері күшті диуретиктермен (этакрин қышқылы немесе фуросемид сияқты) біріктірілгенде бүйрек жеткіліксіздігі дамуының жоғары қаупі бар.

Таксим-О және варфаринді немесе басқа да антикоагулянттарды қоса қолданғанда кейде қан кетуге алып келетін протромбиндік уақыт ұлғаюы анықталды.

Таксим-О карбамазепинмен бірге үйлестіре қабылдау карбамазепин деңгейінің жоғарылауына алып келеді.

Препаратты гамма-аминомай қышқылымен қолданғанда нейроуыттылық даму қаупі бар.

Таксим-О жоғарыда көрсетілген препараттармен абайлап тағайындау керек.

Айырықша нұсқаулар

Таксим-О препаратын егде жастағы емделушілерге, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі немесе жалған жарғақшалық колиті (сыртартқыда) бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Таксим-О препаратын қабылдаған жағдайда ішектің қалыпты микрофлорасының бұзылуы, бұл Clostrіdіum dіffіcіle өсуіне және ауыр диарея мен жалған жарғақшалық колиттің дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Сыртартқысында пенициллиндік қатардағы препараттарға аллергиялық реакциялары бар емделушілер цефалоспоринді антибиотиктерге жоғары сезімталдық байқатуы ықтимал.

Әсіресе Таксим-О аминогликозидтермен, В полимиксинмен, колистинмен, виомицинмен немесе ілмекті диуретиктермен жоғары дозаларда біріктірілгенде (мысалы, фуросемидпен), әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде бүйрек қызметін мұқият бақылау керек.

Емдеу кезінде тікелей Кумбс оң реакциясы мен несептің глюкозаға жалған оң реакциясы байқалуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: нейроуытты синдром (нистагм, мінез-құлықтың бұзылуы, елестеулер, құрысулар) және басқа да жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: асқазанды шаю, белгілеріне қарай және демеуші ем жүргізіледі, ол қажет болған жағдайда антигистаминдік препараттарды, глюкокортикоидтарды, прессорлық аминдерді, оксигенотерапияны, инфузиялық ерітінділер құюды, өкпенің жасанды желдетілуін қамтиды.

Гемодиализ бен перитонеальді диализ тиімсіз.

Шығарылу түрі

Өлшеуіш стақанымен және алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпақпен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған құтыда түйіршіктер 15 г-ден. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайын суспензияны сақтау мерзімі 7 күн

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу тәртібі

Рецепт арқылы

Өндіруші

Alkem Laboratories Limited (Алкем Лабораториз Лимитед)

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400 013

Тіркеу куәлігінің иесі

Alkem Laboratories Limited, Үндістан

Alkem House «Devashish», Senapati Bapat Marg, Lower Parel, Mumbai – 400013, India

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ., Мәметова к-сі, 67

Телефон нөмірі (727) 266-39-90

Факс нөмірі (727) 266-39-90

Электронды поштасы viralparikh@alkem.com

 

 

 

Прикрепленные файлы

935599711477976942_ru.doc 74.5 кб
340786841477978110_kz.doc 80.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники