ТАЙЛОЛ® ХОТ С

МНН: Аскорбиновая кислота, Кофеин безводный, Парацетамол, Хлорфенирамина малеат
Производитель: Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с психолептиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024840
Информация о регистрации в РК: 11.12.2020 - 11.12.2025

Инструкция

Саудалық атауы

ТАЙЛОЛ® ХОТ С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 4 г

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Анальгетиктер – антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол, психолептиктермен біріктірілімдері.

АТХ коды N02BE71

Қолданылуы

- дене температурасының жоғарылауымен, бас ауыруымен, бұлшықет ауыруымен, мұрынның бітелуімен және құрғақ жөтелмен бірге жүретін суық тиюді, ЖРВИ, тұмауды симптоматикалық емдеуде

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • бүйрек функциясының ауыр бұзылулары

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

ТАЙЛОЛ® ХОТ С тек мынадай жай-күйлерде ерекше сақтықпен немесе дәрігермен кеңескеннен кейін қолданылуы тиіс:

  • бүйрек функциясының бұзылуы

  • бауыр функциясының бұзылуы

  • Жильбер синдромы (Мейленграхт ауруы)

  • оксалатты уролитиаз

  • темірдің жиналуынан болатын аурулар (талассемия, гемохроматоз, орақ -жасушалы анемия)

  • алкогольді шамадан тыс тұтынудың ұзаққа созылуы

  • пилородуоденальді тарылу және өт қабы мойнының тарылуы

  • жабық бұрышты глаукома

  • асқазанның және 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы

  • гипертиреоидизм

  • жүрек ырғағының бұзылуы (тахикардияның және экстрасистолалардың күшею қаупі)

  • үрейлену жағдайы (көріністерінің күшею қаупі)

Жоғары температурада, симптоматика нашарлауында, салдарлы инфекциялардың симптомдары немесе басқа да асқынулар пайда болғанда дәрігермен кеңесу қажет.

Құрамында парацетамол бар дәрілік заттар бірнеше күн бойына ғана қолданылуы тиіс және дәрігер кеңесінсіз ұсынылған дозаларынан асырып қолданылмауы тиіс.

Ауыруды басатын дәрілердің жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолдану, сондай-ақ ұсыныстарды орындамау препарат дозасын арттырумен емдеуге болмайтын бас ауыруының дамуына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, құрамында парацетамол бар дәрілік заттардың бәрі сияқты, ұсынылғанынан асып кететін дозаларда ТАЙЛОЛ® ХОТ С қабылдау бауырдың ауыр зақымдануына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу емдеу қажет.

Препараттың артық дозалануының профилактикасы мақсатында парацетамолды (дене салмағы 43 кг аспайтын жағдайда – 4000 мг парацетамол), оның ішінде құрамында парацетамол бар басқа да препараттарды қолданғанда ең жоғары тәуліктік дозасынан асыруға болмайтынын есте сақтау керек.

Жекелеген жағдайларда глюкоза-6-фосфат дегидрогеназаның эритроцитарлық тапшылығы бар пациенттерде аскорбин қышқылын үлкен дозаларда қабылдағаннан кейін (тәулігіне 4 г) гемолиз даму жағдайлары орын алды. Осыған байланысты ұсынылған дозасынан асыруға болмайды.

Тас түзілуіне бейім пациенттерде аскорбин қышқылын үлкен дозаларда қабылдағанда кальцийоксалатты тастардың түзілу қаупі артады.

Әрбір пакет құрамында 5,6 ммоль (128 мг) натрий бар. Бұны натрий құрамы бақыланатын диетадағы (гипонатрийлі/тұзы аз) пациенттерді емдегенде ескеру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

ТАЙЛОЛ® ХОТ С жеке компоненттерімен өзара әрекеттесудің келесі түрлері белгілі:

Парацетамол

  • Асқазанның босатылуын баяулататын, мысалы пропантелин сияқты дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау сіңірілуін төмендетуі, тиісінше, ацетаминофеннің әсерін баяулатуы мүмкін.

  • Асқазанның босатылуын жеделдететін, мысалы, метоклопрамид сияқты препараттармен бір мезгілде емдеу парацетамолдың сіңуін тездетуі және әсері басталуын жылдамдатуы мүмкін

  • АЗТ (зидовудин) бірге қолдану нейтропенияның даму қаупін арттырады.

Дәрігермен кеңескеннен кейін ғана зидовудинмен бір мезгілде қолдануға

болады.

  • Пробенецид қолдану парацетамолдың глюкурон қышқылымен байланысуын тежейді, сол арқылы парацетамол клиренсінің 2 есеге төмендеуіне апарады. Пробенецидпен бір мезгілде қолданғанда парацетамол дозасын азайту керек

  • Салициламидтер парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңін ұзартуы мүмкін.

  • Бауыр ферменттерінің индукциясына әкелетін, сондай-ақ әлеуетті гепатоуытты компоненттері бар кез келген препаратпен бір мезгілде қабылдаған кезде ерекше сақтық қажет

  • ТАЙЛОЛ® ХОТ С ұзақ уақыт пайдалану (бірнеше апта бойы) антикоагулянттар әсерін күшейтеді.

  • Холестираминді бір мезгілде пероральді қабылдағанда пероральді парацетамолдың сіңуін елеулі төмендетеді.

Хлорфенирамин малеаты

Хлорфенирамин малеатын ОЖЖ функциясын бәсеңдететін препараттармен немесе алкогольмен бір мезгілде қолдану соңғысының тыныштандыратын әсерін күшейтеді

Кофеин

  • Кофеин мысалы барбитураттар, антигистаминдер және т.б. сияқты әр түрлі заттардың тыныштандырғыш әсерін әлсіретуі мүмкін

  • Кофеинді симпатомиметиктермен, тироксинмен бір мезгілде қабылдау соңғысының тахикардиялық әсерінің күшеюіне әкеледі

  • Кофеин теофиллин экскрециясын азайтуы мүмкін

  • Кофеин эфедринді типті заттардың аддиктивті потенциалын ұлғайтады

  • Кофеин және әсер ету ауқымы кең дәрілік заттардың біріктірілімі (мысалы, бензодиазепиндермен) жеке жағдайларда әр түрлі болжанбаған өзара әрекеттесуді туындатуы мүмкін.

  • Ішуге арналған контрацептивтер, циметидин және дисульфирам бауырда кофеиннің ыдырауын төмендетеді, ал барбитураттар және никотин күшейтеді

  • Хинолон-карбон типті гираза тежегіштерімен бірге қолдану кофеиннің және оның метаболиті параксантиннің шығарылуын баяулатуы мүмкін.

Аскорбин қышқылы

  • Ешқандай өзара әрекеттесуі белгісіз

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

ТАЙЛОЛ® ХОТ С жүктілік кезінде қолдануға болмайды, өйткені эпидемиологиялық зерттеулер хлорфенирамин балалардағы ОЖЖ және бас сүйек-ми ауытқулары мен ісіктердің даму қаупін арттыратынын көрсетті. Сондай-ақ, туылғанға дейінгі соңғы екі аптада антигистаминдік препараттың әсерінен кейін шала туылған нәрестелерде ретролентальді фиброплазия қаупінің жоғарылауы туралы мәлімдейтін зерттеу бар.

Хлорфенаминамалеаттың емшек сүтімен бөлініп шығуы белгісіз болғандықтан, ТАЙЛОЛ® ХОТ С емін бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Фертильділігі

Фертильділігі туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тіпті препаратты тиісінше қолданғанның өзінде реакциялар шапшаңдығы көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті бұзылатын дәрежеге дейін өзгеруі мүмкін. Әсіресе, бұл препаратты алкогольмен қосып қолдануға қатысты.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер күніне 3 рет 1 пакеттен қабылдауы керек.

Енгізу әдісі және жолы

Пакет ішіндегісін ауыз суы бар стақанға құяды. Түйіршіктер бір минутта араластырылмай-ақ ерітіледі.

  • Бір қаптаманың ішіндегісін ыдысқа төгіп, салыңыз

  • Стақанның 2/3 ыстық сумен толтырыңыз

  • Ерітіндіні бірнеше рет араластырыңыз

  • Ерітіндіні түгел ішіңіз

  • Емдеу ұзақтығы

    Ересектер күніне 3 рет 1 пакеттен қабылдауы керек.

    ТАЙЛОЛ® ХОТ С ұзақ уақыт бойы немесе дәрігермен кеңесусіз үлкен дозаларда қабылдауға болмайды.

    Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:

    Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, сондай-ақ Жильбер синдромы бар пациенттерде доза төмендетілуі немесе қабылдаулар арасындағы аралық арттырылуы тиіс.

    Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде ТАЙЛОЛ® ХОТ С қабылдауға болмайды.

    Гепатоуыттылық қаупіне байланысты алкоголь қабылдайтын пациенттерде парацетамолдың жалпы тәуліктік дозасы 2 грамнан аспауы тиіс.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    ТАЙЛОЛ® ХОТ С препаратымен артық дозалану туралы бұрын хабарланбаған.

    ТАЙЛОЛ® ХОТ С артық дозалану симптомдары жекелеген компоненттермен уыттану симптомдарынан болуы мүмкін.

    Парацетамол

    Әсіресе егде жастағы адамдарда, жас балаларда, бауыр аурулары бар, алкогольді үнемі көп пайдаланатын, үнемі дұрыс тамақтанбайтын және ферменттердің индукциясына әкелетін дәрілерді бір уақытта қабылдайтын адамдарда уыттанудың қаупі бар. Мұндай жағдайларда артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.

    Симптомдар әдетте 24 сағат ішінде пайда болады: жүрек айну, құсу, анорексия, бозару және іштің ауыруы. Әрі қарай бұл субъективті жағдайдың жақсаруына әкелуі мүмкін, бірақ іштің аздап ауыруы қалады, бұл бауырдың зақымдануын көрсетеді.

    Ересектердегі 6 г жуық парацетамолдың бір реттік дозасымен немесе 140 мг/кг салмақтағы балаларда бір реттік дозада артық дозалануы бауыр жасушаларының некрозына әкеледі, бұл толық қайтымсыз некрозға, содан кейін гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздікке, метаболикалық ацидозға және энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Бұл комаға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен бірге бауыр трансаминазаларының (аспартат-аминотрансфераза, аланин-трансаминаза), лактатдегидрогеназа және билирубиннің жоғары деңгейлері қолданудан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін протромбин уақытының ұлғаюымен бірге байқалды. Бауырдың зақымдануының клиникалық белгілері әдетте 2 күннен кейін көрінеді және 4-6 күннен кейін ең жоғарысына жетеді.

    Бауырдың ауыр зақымдануы болмаса да, жедел тубулярлы некрозбен жедел бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Парацетамолмен артық дозаланғаннан кейін байқалатын бауырға байланыссыз басқа симптомдарға миокард аномалиясы және панкреатит жатады.

    Хлорфенирамин малеаты

    Артық дозаланғанда бет қызаруы, атаксия, қозу, елестеулер, бұлшықет треморы, құрысулар, бір орында қатып қалған және кеңейген көз қарашықтары, ауыз құрғауын, іш қату және аномальді жоғары температураны туындатуы мүмкін. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің бұзылу белгілері пайда болуы мүмкін (елестеулер, дене қозғалысы үйлесімінің бұзылуы, құрысулар). Соңында команы, тыныс алу салдануын және жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігін бақылауға болады.

    Кофеин

    Қысқа уақыт ішінде 1 г немесе одан да көп кофеин қабылдау, мысалы, тремор, орталық жүйке жүйесінің, жүрек-тамыр жүйесі тарапынан реакциясы (тахикардия, миокардтың зақымдануы) улану белгілерін тудыруы мүмкін.

    Аскорбин қышқылы

    Гемолиз және бүйрек тастарының даму қаупі.

    Бір рет 3 г немесе одан да көп қабылдағаннан кейін, асқазан-ішек симптомдарымен бірге жүретін өтпелі осмотикалық диарея әрдайым дерлік пайда болады, ол әрқашан 10 г-нан астам қабылдаған кезде дамиды.

    Емі: симптоматикалық.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

    Көп жағдайда дәрі жағымды болады.

    Сирек жағдайларда ұсынылатын тәуліктік дозадан асатын дозаларды ұзақ қолданғаннан кейін мынадай жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін.

    Жағымсыз реакциялардың жиілігі төмендегіше анықталады:

    Жиі (≥1/100, <1/10)

    - ауыздың құрғауы.

    Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

    - аллергиялық тері реакцияларында (эритематозды немесе есекжем)

    - дене температурасының жоғарылауы (дәрілік қызба)

    - шырышты қабықтардың зақымдануы

    Сирек (≥1/10 000, <1/1 000)

    • бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы

    Өте сирек (<1/10 000)

    - қан талдауларындағы өзгерістер: лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, панцитопения, апластикалық анемия және үлкен дозаларда метгемоглобиннің жеңіл түзілуі

    - парацетамол ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларын тудырады (Квинке ісінуі, тыныс алу бұзылыстары, тершеңдік, жүрек айну, артериялық қысымның күрт төмендеуі, қан айналымының бұзылуы және анафилаксиялық шок).

    • тәбеттің артуы

    • психоздық реакциялар.

    • дискинезия

    • глаукоманың дамуы (тар бұрышты глаукома), жинақтап көре алмау

    • алдын ала парацетамолдан белгілі болған адамдардағы тыныс алу жолдарының аса жоғары сезімталдық реакциялары бронх түйілуін (анальгетикалық демікпе) туындатуы мүмкін

    • гастроинтестинальді шағымдар

    • бауыр зақымдануы (жоғары дозаларды ұзақ қолданғаннан кейін немесе артық дозаланғаннан кейін)

    • ауыр тері реакциялары.

    • несеп шығарудың бұзылуы, бүйректің зақымдануы (жоғары дозада ұзақ қолданудан кейін)

    Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

    • Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз/Риттер синдромы сияқты буллёзді тері реакциялары

    • іштей мазасыздық, ұйқысыздық

    • тыныштандыру әсері, ұйқышылдық

    • аритмия, мысалы, тахикардия

    • парацетамол қабылдау фосфор-вольфрам қышқылын пайдаланумен несеп қышқылы талдауына және глюкоза-оксидаза-пероксидаза әдісімен қандағы глюкоза деңгейін анықтауға ықпал етуі мүмкін

    • аскорбин қышқылын 1 г дозада қабылдағаннан кейін несептегі аскорбин қышқылының концентрациясы әртүрлі клиникалық-химиялық параметрлерді (глюкоза, несеп қышқылы, креатинин және органикалық емес фосфаттар) бағалауды қиындататын сипатта көтеріледі, сондай-ақ нәжістегі қанды анықтауға жасалған талдау тұсында сенімсіз теріс нәтиже беруі мүмкін. Жалпы, аскорбин қышқылын қабылдағаннан кейін түсті реакцияларға негізделген химиялық әдістердің нәтижелеріне баға беру қиындай түседі;

    Терінің аллергиялық тесттерінің реакциясы хлорфенираминомалеатпен әлсіреуі мүмкін.

    Препаратты қолданғанда күдік болған жағымсыз реакциялар туралы хабарлау өте маңызды. Бұл препаратты қолданудың пайда / қауіп арақатынасына мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлері кез-келген күдікті жағымсыз реакция туралы хабарлауы керек.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    Бір пакеттің ішінде

    белсенді зат парацетамол 400 мг

    сусыз кофеин 50 мг

    хлорфенирамин малеаты 5 мг

    аскорбин қышқылы 300 мг

    қосымша заттар: шарап қышқылы, сорбитол (сорбидекс S 16606), повидон (ПВП К 30), натрий бикарбонаты (натрий гидрокарбонаты), сусыз натрий карбонаты, сусыз лимон қышқылы, рибофлавин натрий фосфаты, тальк, лимон хош иістендіргіші, сукралоза, этанол 96.0 %

    Сипаттамасы

    Сусымалы түйіршіктелген ұнтақ. Қызғылт сары теңбілі және лимон иісі бар ақ түсті түйіршіктер.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    4 г препараттан ПЭТ/Al/ПЭ пакеттерге салынған.

    12 пакеттен медициналық қолдануы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау мерзімі

    2 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Сақтау шарттары

    Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші туралы мәліметтер

    Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш., Дюздже қ., Түркия

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

    Телефон нөмірі: (+7 727)399-50-50

    Факс нөмірі: (+7 727)399-60-60

    Электронды пошта nobel@nobel.kz

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

    Телефон нөмірі: (+7 727)399-50-50

    Факс нөмірі: (+7 727)399-60-60

    Электронды пошта: nobel@nobel.kz

    Прикрепленные файлы

    каз_ТАЙЛОЛ_ХОТ_С_-_ЛВ.doc 0.1 кб
    ТАЙЛОЛ_ХОТ_С_-_ЛВ.docx 0.05 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники