Тазид® (1 г)

МНН: Цефтазидим
Производитель: Alkem Laboratories Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ceftazidime
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005431
Информация о регистрации в РК: 01.08.2018 - 01.08.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 610.6 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тазид®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефтазидим

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1г, 2г ұнтақ

Құрамы

бір құты ішінде

белсенді зат - 1.0 , 2.0 цефтазидим (цефтазидим пентагидраты  
  және натрий карбонаты қоспасы түрінде)  

Сипаттамасы

Ақ немесе крем түсті кристалды ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамды басқа да препараттар. Үшінші буынды цефалоспориндер. Цефтазидим

АТХ коды J01DD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы – қан сарысуындағы цефтазидимнің ең жоғары концентрациясы 1 г көктамыр ішіне бір рет енгізгеннен кейін 69-90 мкг/мл құрайды. Антибиотик көптеген тіндер мен сұйықтықтарда жылдам таралады, гематоэнцефалдық бөгет, плацента арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді, аздаған мөлшерде өтке бөлінеді. Заттың 10 %-дан кемі қан ақуыздарымен байланысады.

Шығарылуы: цефтазидим көбіне несеппен бірге шығарылады (80-90%); жартылай шығарылу кезеңі 14-30 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Цефтазидим – парентеральді қолдануға арналған үшінші буынды цефалоспориндер қатарының жартылай синтетикалық антибиотигі. Цефтазидим бактериялық жасуша қабырғасы синтездейтін мукопептидтерді тежейді, ол осмостық қысымның бұзылуына және дестабилизациясына әкеп соқтырады, жасуша қабырғаларының қалыптасуын бұза отырып, өсетін микроорганизмдерге әсер етеді.

Цефтазидим гентамицин және басқа да аминогликозидтерге төзімді штаммдарды қоса, грамтеріс микроорганизмдерге бактерицидті әсер етеді, грамтеріс бактерияларға қарсы белсенділік танытады: Pseudomonas spp. (Pseudomonas aeruginosa қоса); Klebsiella spp. (Klebsiella pneumonia қоса); Proteus mirabilis және P. Vulgaris; Morganella morganii; Providencia spp. (Providencia rettgeri қоса); Escherichia coli; Enterobacter spp; Citobacter spp.; Serratia spp.; Salmonella spp.; Shigella spp.; Yersinia enterocolitica; Pasteurella multocida; Acinobacter spp.; Neisseria gonorrhoreae; Neisseria meningitides; Haemophilus influenzae (ампициллинге төзімді штаммдарды қоса), сондай-ақ мынадай грамоң микроорганизмдерге қатысты: Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдарды қоса); Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдарды қоса); Streptococcus pyogenes; В тобының стрептококктары, Streptococcus pneumoniae. Цефтазидим кейбір анаэробты микроорганизмдерге: Peptococcus spp.; Peptostreptococcus spp.; Clostridium spp. (бірақ C. Difficile емес); Bacteroides spp. (көптеген D. Fragilis штаммдары төзімді) әсер етеді.

Цефтазидим метициллин- төзімді стафилококктарға; Streptococcus faecalis және басқа көптеген энтерококктарға; Listeria monocytogenes; Campylobacter spp. немесе C. Difficile қарсы белсенді емес.

Цефтазидим және аминогликозидтер кейбір P. Aeruginosa және Enterobacteriaceae штаммдарына қатысты синергисттер болуы мүмкін. Сондай-ақ цефтазидим және карбенициллин де P. Aeruginosa қарсы синергисттер болуы мүмкін.

Қолданылуы

Берілген препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан жұқпаларды емдеу үшін қолданылады:

- аурухана ішілік жұқпаларды қоса алғандағы, ауыр жұқпаларда (септицемия, бактериемия, перитонит, менингит, иммунитеті төмендеген емделушілердегі жұқпалар, жұқпа жұқтырған күйіктер)

- тыныс алу жолдарының жұқпаларында

- ЛОР ағзаларының жұқпаларында

- несеп шығару жолдарының жұқпаларында

- тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында

- асқазан-ішек жолдарының, өт шығару жолдарының және іш қуысының жұқпаларында

- кіші жамбас ағзаларының жұқпаларында

- сүйек және буындардың жұқпаларында

- диализ жүргізумен байланысты жұқпа қаупінде

- қуық асты безіне жасалған операцияларда жұқпадан асқынуының алдын алу үшін (трансуретральді резекция).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат дозасын және емдеудің ұзақтығын ауру ағымының ауырлығына, орналасуына, қоздырғыш түріне және оның препаратқа сезімталдығына, сондай-ақ емделушінің жасына және бүйрек қызметіне қарай жеке анықтайды. Ең жоғары тәуліктік доза 6 г құрайды.

Препаратты көктамыр ішіне немесе үлкен жамбас бұлшықетінің жоғары сыртқы квадратына немесе санның латеральді бөлігіне терең бұлшықет ішіне енгізеді.

Ерітіндіні тікелей көктамырға немесе инфузиялық жүйе түтігіне енгізуге болады.

Ересектер

0,5- 2 г-ден әрбір 8 немесе 12 сағатта.

Әдетте 1 г-ден әрбір 8 сағат сайын немесе 2 г-ден 12 сағаттық аралықпен тағайындайды.

Ауыр жұқпаларда, әсіресе иммунитеті төмен емделушілерде (нейтропениясы бар емделушілерді қоса) 2 г-ден әрбір 8 сағат немесе 12 сағат сайын немесе 3 г-ден әрбір 12 сағат сайын.

Несеп шығару жолдарының жұқпаларында және ағымы жеңіл жұқпаларда әрбір 12 сағат сайын 500 мг немесе 1 г-ден енгізу ұсынылады.

Pseudomonas туындатқан муковисцидозда жұқпалы асқынуларды емдеу үшін тәулігіне 100-150 мг/кг (3 қабылдау) тағайындайды, бірақ тәулігіне 9 г артық емес.

Қуық асты безіне жасалған операцияларда препарат кіріспе анестезияда

1 г дозада тағайындалады және екінші дозаны катетерді шығарғанда тағайындайды.

Егде жастағы емделушілер

Ұсынылатын доза тәулігіне 3 г-ден аспауы керек, әсіресе 80 жастан үлкен емделушілерге.

2 айға дейінгі балалар

Тәулігіне 25-тен 60 мг/кг-ге дейін 12 сағаттық аралықпен көктамырішілік инфузия түрінде

2 айдан үлкен балалар

Тәулігіне 30-100 мг/кг, енгізу жиілігі тәулігіне 2 немесе 3 рет көктамыр ішіне.

Иммунитеті төмендеген, муковисцидозы және менингиті бар балаларға препарат тәулігіне 150 мг/кг (ең жоғары 6 г/тәулік) дейінгі дозада 3 рет енгізуге тағайындалады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Препарат бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Сондықтан бүйрек қызметінің бұзылулары бар емделушілерге дозаны төмендету ұсынылады.

Бастапқы доза 1 г-ні құрайды. Демеуші дозаны гломерулярлы сүзілу жылдамдығына байланысты таңдайды.

Бүйрек жеткіліксіздігінде препараттың дозалануы:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Препараттың ұсынылатын доза бірліктері

Дозалау жиілігі

31 – 50

1 г

Әрбір 12 сағат

16 – 30

1 г

Әрбір 24 сағат

6 – 15

500 мг

Әрбір 24 сағат

< немесе = 5

500 мг

Әрбір 48 сағат

Препаратты дайындау және енгізу ережесі

Қаптама өлшемі

Еріткіш (мл) дейінгі

Препарат концентрациясы (мг/мл)

б/і

250 мг құты

500 мг құты

1 г құты

2 г құты

1,0

1,5

3

6

210

280

280

280

к/і

250 мг құты

500 мг құты

1 г құты

2 г құты

2,5

5

10

10

90

100

90-100

50-60

Еріткіштер: инъекцияға арналған су, натрий хлоридінің 0,9 % физиологиялық ерітіндісі, инфузиялық ерітінділер (5% декстроза ерітіндісі, натрий хлоридінің 0.9% ерітіндісіндегі 10%инъекцияға арналған декстран 40).

Жағымсыз әсерлері

- макула-папулезді бөртпе, есекжем, қалтырау немесе қызба, бөртпе, қышыну, сирек – бронх түйілуі, эозинофилия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок

- жүрек айнуы, құсу, диарея немесе іш қату, метеоризм, іш ауыруы, дисбактериоз, бауыр қызметі бұзылуы ("бауыр" трансаминазалары белсенділігі, ЛДГ, ГГТ және СФ жоғарылауы, стоматит, глоссит, жалған жарғақшалы энтероколит, сарғаю, гиперкреатининемия

-эозинофилия, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лимфоцитоз, гемолитикалық анемия

- бүйрек қызметі бұзылуы (азотемия, қандағы мочевина мөлшерінің жоғарылауы), олигурия, анурия

- бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, дәм сезу бұзылуы; көбіне бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде – неврологиялық бұзылулар, тремор, миоклониялық құрысулар, конвульсиялар, энцефалопатия, команы қоса

- флебит, көктамыр бойындағы ауырсыну, б/і енгізу орнында ауырсыну және инфильтрат - мұрыннан қан кету

- кандидоз, асқынжұқпа, вагинит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • цефалоспориндер тобының антибиотиктеріне, пенициллиндерге, сұйылтуға арналған ерітінділерге жоғары сезімталдық

  • бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тазид® препаратын жоғары дозаларда және нефроуытты препараттарды бір мезгілде енгізу бүйрек қызметіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

"Ілмектік" диуретиктер, аминогликозидтер, ванкомицин, клиндамицин цефтазидим клиренсін төмендетеді, соның нәтижесінде нефроуытты әсер қаупі жоғарылайды.

Бактериостатикалық антибиотиктер (оның ішінде хлорамфеникол) бета-лактамдық антибиотиктер әсерін азайтады.

Фармацевтикалық өзара әрекеттесуі

Тазид® к/і енгізуге арналған ерітінділердің көбімен үйлесімді.

Алайда цефтазидимнің натрий бикарбонаты ерітіндісіндегі тұрақтылығы төмен, сондықтан оны еріткіш ретінде қолдану ұсынылмайды.

Тазид® аминогликозидтермен, гепаринмен, ванкомицинмен, хлорамфениколмен фармацевтикалық үйлеспейді.

Хлорамфеникол цефтазидим және басқа да цефалоспориндердің антагонисі сияқты әсер етеді.

Тазид® препараты ерітіндісіне ванкомицин қосқанда шөгінді шөккені анықталды, сондықтан бұл екі препаратты енгізу арасында инфузия жүйесін шаю ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Сыртартқысында пенициллинге аллергиясы тіркелген емделушілерде цефалоспориндерге айқаспалы жоғары сезімталдық анықталған (3-7% емделушілерде). Тазид® ішек флорасын басу салдарынан К витамині синтезіне кедергі келтіруі мүмкін, бұл қан ұюдың К витаминіне тәуелді факторлары деңгейі төмендеуін туындатуы мүмкін және сирек жағдайларда қан кетуге алып келуі мүмкін.

Тазид® бүйрекпен шығарылатын болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде препарат дозасын бүйрек қызметі бұзылуы дәрежесіне сай азайту керек. Препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдер (мысалы, Candida, Enterococcus) өсуі ұлғаюына алып келуі мүмкін.

Тазид® несептегі глюкозаны ферментативті әдістермен анықтаудың нәтижесіне әсер етпейді, бірақ мысты қалпына келтіруі бар (Бенедикт, Фелинг, Клинитест) тест нәтижесіне аз дәрежеде әсер етуі мүмкін. Кумбс реакциясы оң болуы мүмкін.Тазид® сілтілік-пикраттық әдіспен креатинин анықтау нәтижесіне әсер етпейді.Емдеу уақытында диарея және/немесе қанды диарея, колит және жалған жарғақшалы колит туындаған жағдайда Тазид® препаратымен емдеуді үзу керек және тиісті ем тағайындау керек.Антиперистальтикалық препараттар қолдануға тиым салынған. Тазидті® асқазан-ішек бұзылыстары бар, әсіресе сыртартқысында колит бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Тазид® препаратымен ұзақ емдеу кезінде қан талдауын, бүйрек/бауыр қызметін бақылау ұсынылады. Натрий тұтынуда шектеулері бар емделушілер препарат құрамында натрий барын ескеруі керек (250 мг Тазид® препараты құрамында 13 мг натрий, 500 мг - 26 мг натрий, 1.0 г - 52 мг натрий, 2.0 г - 104 мг натрий бар).

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану тәжірибесі жеткіліксіздігіне байланысты Тазид® препараты жүктілік және лактация кезеңінде тағайындалмайды.

Педиатрияда пайдаланылуы

Препаратты балаларда абайлап қолдану керек, әсіресе жаңа туған нәрестелерде.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Болуы мүмкін жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналуы, парестезия, бас ауыруы, энцефалопатия, құрысулар және кома. Қан талдауында - креатинин, билирубин және бауыр ферменттері деңгейі жоғарылауы, оң Кумбс реакциясы, тромбоцитоз, тромбоцитопения, эозинофилия, лейкопения және протромбиндік уақыттың ұлғаюы.

Емі: симптоматикалық және демеуші. Қандағы препарат концентрациясы перитонеальді немесе гемодиализде төмендетілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған, қызыл түсті (1,0 г доза үшін) немесе жасыл түсті (2,0 г доза үшін) пластмасса қақпақпен және алюминий қақпақшамен қаусырылған, түссіз шыныдан жасалған құтыларда 1,0 г және 2,0 г-дан.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Alkem Laboratories Ltd (Алкем Лабораториз Лтд.)

Mumbai - 400013

Тіркеу куәлігінің иесі

«Alkem Laboratories Ltd», Үндістан

Mumbai - 400013

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ., Мәметова к-сі. 67

Телефон нөмірі (727) 266-39-90

Факс нөмірі (727) 266-39-90

Электронды поштасы dubeysand@yahoo.com

   

 

Прикрепленные файлы

946235371477976914_ru.doc 92 кб
342090701477978083_kz.doc 86.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники