Тагиста (24 мг)

МНН: Бетагистин
Производитель: Макиз-Фарма ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betahistine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018422
Информация о регистрации в РК: 21.11.2011 - 21.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Тагиста

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетагистин

Дәрілік түрі

8 мг, 16 мг, 24 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – бетагистин дигидрохлориді – 8 мг, 16 мг, 24 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон (коллидон 25), картоп крахмалы, лимон қышқылы, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), тальк, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ дерлік немесе крем тәріздес реңді ақ түсті, ойығы мен сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бас айналуын басуға арналған препараттар.

АТЖ коды N07CA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолында тез және толығымен сіңіріледі. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 3 сағаттан соң жетеді.

Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен. Гистогематикалық бөгеттер арқылы өтеді және ағза тіндеріне енеді.

Метаболиттер түзе отырып, биоөзгеріске ұшырайды: көп бөлігі 2-пиридилсірке қышқылына айналады, сондай-ақ белсенді метаболит – 2(2-аминоэтил)пиридиннің азғантай мөлшері анықталады.

Түгелдей дерлік метаболит түрінде (2-пиридилсірке қышқылы) 24 сағат ішінде бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі – 3-4 сағат.

Фармакодинамикасы

Тагистаның үш әсер ету деңгейі бар: кохлеарлық қан ағымы, орталық вестибулярлық аппарат және шеткергі вестибулярлық аппарат.

Препарат негізінен құлақ ішіндегі гистаминдік Н1- және Н3-рецепторларына және орталық жүйке жүйесінің вестибулярлық ядроларына әсер етеді. Ішкі құлақ тамырларының Н1-рецепторларына тікелей агонистік әсер ету жолымен, сондай-ақ Н3-рецепторларға оқшауланған әсер ету жолымен, Тагиста капиллярлардың микроциркуляциясы мен өткізгіштігін жақсартады, эндолимфаның құлақтың ішкі қуысы мен иіріміндегі қысымын қалыпқа келтіреді. Базиллярлық артериядағы қан ағымын ұлғайтады.

Вестибулярлық жүйке ядроларының Н3-рецепторлардың тежегіші бола отырып, орталық әсерге ие. Ми діңі деңгейіндегі вестибулярлық ядролардың нейрондарындағы өткізгіштікті қалпына келтіреді.

Аталған қасиеттерінің клиникалық белгілері бас айналуының жиілігі мен қарқындылығының төмендеуі, құлақтағы шуылдың азаюы, шуыл азайған кездегі естудің жақсаруы болып табылады.

Қолданылуы

  • шығу тегі әртүрлі вестибулярлық бұзылуларды емдеу және алдын алуда

  • бас айналуы мен бас ауруы, құлақтың шуылы, естудің үдемелі кемуі, жүрек айнуы мен құсумен жүретін синдромдарда

  • Меньер ауруы немесе синдромында.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке, шайнамай, дұрысы, ас ішкен кезде.

8 мг таблеткалар: күніне 3 рет 1-2 таблеткадан.

16 мг таблеткалар: күніне 3 рет ½-1 таблеткадан.

24 мг таблеткалар: күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Жақсару әдетте, емдеудің басында-ақ білінеді, тұрақты емдік әсері екі апта қолданудан кейін басталады және бірнеше ай бойы емдегенде артуы мүмкін. Емдеу ұзақ жүреді. Қолдану курсының ұзақтығы жекелей анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

  • бас ауруы, ұйқышылдық

  • ысыну

  • жүректің қағуы

  • қарын үсті тұсының ауыруы, қыжыл, жүрек айнуы, құсу

  • тері жабындары тарапынан болатын жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, қышыма, есекжем), Квинке ісігі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез-келген құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңінде

  • феохромоцитомада

  • бронхиальді демікпеде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу немесе басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздігі жағдайлары белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты асқазанның немесе 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек (соның ішінде сыртартқыдағы). Тагистаны қолдану кезінде мұндай емделушілер дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.

Дәрілік заттың автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Тагистаның тыныштандыратын әсері жоқ және автокөлік басқару қабілетіне және қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығын қажет ететін қызмет түрлерімен шұғылдануға әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: құсу, жүрек айнуы, құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді қабылдау, белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий баспалы лакталған фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Макиз-Фарма» ЖАҚ, Ресей

109029, Мәскеу қ-сы,

Автомобиль жолы, 6 үй

тел.: (495) 974-70-00

факс: (495) 974-11-10

e-mail: mail@makiz-pharma.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Нижфарм» ААҚ өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Хан-Тәңірі ықшам ауданы, 55б

тел.: (727) 271-99-68

факс: (727) 255-33-78

e-mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

658595791477977208_ru.doc 47.5 кб
618792731477978365_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники