Сыворотка противостолбнячная лошадиная очищенная концентрированная

МНН: Сыворотка противостолбнячная лошадиная очищенная концентрированная жидкая (ПСС)
Производитель: ФГУП "НПО "Микроген" Минздрава России
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Столбнячный анатоксин
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№020129
Информация о регистрации в РК: 16.09.2013 - 16.09.2018
Номер регистрации в РБ: 4182/99/04/05/10/15/19/21
Информация о регистрации в РБ: 16.03.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сіреспеге қарсы жылқыдан алынған тазартылған концентрацияланған қан

сарысуы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 3000 ХБ ерітінді жылқыдан алынған тазартылған сұйылтылған 1:100 қан сарысуымен жиынтықта

Құрамы

Бір миллилитр сіреспеге қарсы қан сарысуы ерітіндісінің құрамында

белсенді зат - сіреспеге қарсы антитоксин - 1200 ХБ кем емес

Бір миллилитр тазартылған сұйылтылған 1:100 жылқы қан сарысуының құрамында

белсенді зат - тазартылған сұйылтылған 1:100 жылқы қан сарысуы

қосымша заттар – натрий хлориді 0,9%

*) Сіреспе анатоксинінің меншікті белсенділігі – 0,1 г ақуызға

1000 ХБ кем емес

Сипаттамасы

Мөлдір немесе аздап бозаңданатын түссіз немесе сарғыш реңді шөгіндісіз сұйықтық. Тазартылған сұйылтылған 1:100 жылқы қан сарысуы шөгіндісіз мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Иммунды қан сарысуы және иммуноглобулиндер. Иммунды қан сарысуы. Сіреспе анатоксині.

АТХ коды J06AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат, сіреспе анатоксинімен немесе құрамында спецификалық антиденелері бар токсинмен иммунизацияланған, жылқы қан сарысуының иммуноглобулинді фракциясы болып табылады.

Препарат құрамындағы антиденелер, сіреспе токсинін бейтараптандырады.

Қолданылуы

- сіреспені шұғыл спецификалық алдын алу және емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сіреспені шұғыл алдын алу

Сіреспені шұғыл алдын алу жараны бірінші хирургиялық өңдеу және қажет болғанда сіреспеге қарсы спецификалық иммунитетті жасау болып табылады.

Сіреспені шұғыл спецификалық алдын алу:

- тері қабаты мен шырыштардың бүтіндігінің бұзылуымен жарақаттарда;

- екінші, үшінші және төртінші дәрежедегі үсіктер мен күйіктерде;

- ауруханадан тыс аборттарда;

- медициналық мекемелерден тыс босануларда;

- кез келген типтегі тіндердің гангренасы немесе некрозында, абсцестерде;

- асқазан-ішек жолының тесілумен зақымдануында;

- жануарлар тістегенде.

Сіреспені шұғыл спецификалық алдын алуда қолданылады:

- АС-анатоксин;

- сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині (СҚАИ);

- СҚАИ болмағанда - сіреспеге қарсы қан сарысуы.

АС-анатоксин және СҚАИ осы препараттарды қолдануға қатысты нұсқаулыққа сәйкес енгізеді.

Сіреспені шұғыл спецификалық алдын алуда қолданылатын алдын алу дәрілерін таңдау сызбасы таблицада көрсетілген (1 қосымша).

Сіреспені шұғыл алдын алуда мақсатында сіреспеге қарсы қан сарысуын жарақатты алған кезден барынша ертерек және 20 күнге дейін ересектер мен балаларға тері астына 3000 ХБ дозада енгізеді.

Тері ішіне жасалатын сынама

Сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізер алдында жылқының тазартылған, сұйылтылған 1:100 қан сарысуымен тері ішіне сынама қояды. Сынама қою үшін 0,1 мл бөлінген және жіңішке инелерімен еккіштер қолданылады. Сұйылтылған қан сарысуын 0,1 мл көлемде білектің ішкі беткейіне тері ішіне енгізеді. Реакцияны 20 минуттан кейін бағалайды.

Егер енгізілген жерде пайда болған ісінудің диаметрі немесе қызаруы 1 см аз болса сынаманы теріс деп санайды. Егер енгізілген жерде пайда болған ісіну немесе қызару 1 см және одан көп диаметрге жетсе сынаманы оң деп санайды.

Егер тері ішіне жасалған сынама теріс болса сіреспеге қарсы сарысуды жауырын асты аймағына немесе иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы және ортаңғы үштің бірінің шекарасына, 0,1 мл мөлшерде теріастына енгізеді (стерильді еккішті қолданады, ашылған ампуланы стерильді сүрткімен жабады). 30 минуттан кейін реакция болмаған жағдайда стерильді еккішті қолданып қан сарысуының барлық тағайындалған дозасын тері астына жауырын асты аймағына немесе иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы және ортаңғы үштің бірінің шекарасына (алдын алу мақсатында), көктамыр ішіне немесе жұлынми өзегіне (емдік мақсатта) енгізеді.

0,1 мл сіреспеге қарсы сарысудың теріастылық инъекциясына оң тері ішіне жасалған сынамада немесе анафилактикалық реакция пайда болғанда оны ары қарай енгізуге болмайды. Аталған жағдайда СҚАИ енгізу көрсетілімде.

Препаратты енгізу екпе мерзімін, дозасын, препаратты дайындаушы кәсіпорынды, серия нөмірін, препаратты енгізуге реакцияны көрсетумен бекітілген есептік формада тіркеледі.

Сіреспені емдеу

Сіреспеге қарсы сарысуды ересек науқастар мен балаларға ауру басталғаннан барынша ерте кезеңде 100 000-200 000 ХБ дозада енгізеді.

Сарысуды жат ақуызға сезімталдықты (жылқыдан алынған тазартылған сұйылтылған 1:100 қан сарысуымен сынама) тексергеннен кейін көктамыр ішіне немесе жұлынми өзегіне енгізеді. Аурудың ауырлығына байланысты қан сарысуын енгізуді рефлекторлық құрысу жоғалғанға дейін қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

Сарысуды енгізу әртүрлі аллергиялық реакциялармен жүруі мүмкін: дереу (дереу сарысуды енгізген бойында немесе бірнеше сағаттан кейін), ерте (2-6 тәулікте) және кешеуілдеген (2-ші аптада және кешірек).

Сирек (>1/10000 - <1/1000): сарысу құю ауруының симптомдары кешені: температураның жоғарылауы, қышыма, есекжем, тері бөртпесі, терінің қызаруы, буындардың ауыруы және т.б.

Өте сирек (<1/10000): анафилактикалық шок.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқысында бұрын енгізілген сіреспеге қарсы қан сарысуына, жылқыдан алынған сұйылтылған 1:100 қан сарысуына жоғары сезімталдық немесе жүйелі аллергиялық реакциялар және асқынулардың болуы

- жүктілік: бірінші жартысында АС-анатоксинді және сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізуге болмайды, екінші жартысында сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізуге болмайды

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сіреспеге қарсы қан сарысуын және сіреспе анатоксинін бір мезгілде енгізгенде иммунды жауаптың бәсеңдеуі байқалған.

Басқа иммунобиологиялық препараттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Бүтіндігі бұзылған немесе таңбаланбаған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, физикалық қасиеттері өзгерген, сақтау тәртібі бұзылған препаратты қолдануға болмайды.

Сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізер алдында міндетті түрде жат ақуызға сезімталдықты анықтау үшін тазартылған сұйылтылған 1:100 жылқы сарысуымен терішілік сынама қояды.

Шоктың пайда болу мүмкіндігін ескеріп, сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізгенде әрбір егілгенді препаратты енгізгеннен кейін 1 сағат ішінде медициналық бақылаумен қамтамасыз ету керек. Екпе жүргізілетін жерлер шокқа қарсы емнің дәрілерімен қамтамасыз етілуі керек.

Сіреспеге қарсы қан сарысуын алған тұлғалар сарысу құю ауруына ұқсайтын белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуі туралы ескертілуі керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат өмірінің алғашқы күнінен бастап сіреспемен ауыратын балаларды емдеуде қолданылады. Дозасы осы нұсқаулықтың «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде баяндалған ақпаратты ескеріп, әрбір науқастың жағдайына байланысты анықталады. Сіреспеге қарсы сарысуды енгізу жоғарыда сипатталған барлық сақтық шараларын сақтаумен жүргізілуі керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: бірінші жартысында АС-анатоксинді және сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізуге болмайды, екінші жартысында сіреспеге қарсы сарысуды енгізуге болмайды

Препаратты лактация кезінде анаға деген мүмкін пайдасы мен бала мен ұрыққа деген қаупін ескеріп өмірлік көрсеткіштеріне қарай қолдануға болады.

Препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыйымдылығы 1, 2, 3, 5 немесе 10 мл бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда 3000 ХБ. Ампуладағы сарысу көлемі препараттың спецификалық белсенділігіне байланысты есептеледі.

Сыйымдылығы 1 мл бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда тазартылған сұйылтылған 1:100 жылқы сарысуы 1 мл-ден. Жиынтықта шығарылады. Жиынтық сіреспеге қарсы жылқыдан алынған тазартылған концентрацияланған 1 ампула қан сарысуы және 1 ампула тазартылған сұйылтылған 1:100 жылқы сарысуынан тұрады.

5 жиынтықтан ампула пышағы немесе ампула скарификаторы және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Кертігі, сындыру сақинасы немесе сындыруға арналған нүктесі бар ампуланы қаптағанда ампула пышағы немесе ампула скарификаторы салынбайды.

Сақтау шарттары

2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы (емдеу-алдын алу мекемелері үшін)

Өндіруші

«Микроген «ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС Министрлігі,

Ресей Федерациясы, 115088, Мәскеу қ-сы 1-ші Дубровская к-сі, 15 үй,

тел. (495) 710-37-87.

Өндірістің мекенжайы: Ресей, 355019, Ставрополь өлкесі, Ставрополь қ-сы, Биологическая к-сі, 20 үй, тел. (8652) 24-40-84.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микроген «ҒӨБ» ФМУК Ресей ДС Министрлігі,

Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препараттың сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе,

тел. /факс (727) 2796659, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

1 қосымша

СІРЕСПЕНІҢ ШҰҒЫЛ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУЫН ЖҮРГІЗУДЕ АЛДЫН АЛУ ДӘРІЛЕРІН ТАҢДАУ СЫЗБАСЫ

Құрамында сіреспе анатоксині бар препаратпен сіреспеге қарсы бұрынғы екпелер

Жас тобы

Соңғы екпеден кейін өткен мерзім

Қолданылатын препараттар

АС анатоксин

СҚАИ2

СҚС*

Екпелер туралы құжаттық дәлелдемелер

Жасына сәйкес жоспарлық екпенің толық курсы

балалар мен жасөспірімдер

Мерзіміне байланысты емес

енгізбейді3

енгізбейді

Соңғы жасына сәйкес ревакцинациясыз жоспарлық екпенің толық курсы

балалар мен жасөспірімдер

Мерзіміне байланысты емес

0,5

енгізбейді

Иммунизацияның толық курсы 4

ересектер

5 жылдан асырмай

енгізбейді

5 жылдан аса

0,5 мл

енгізбейді

Екі екпе5

барлық жастағылар

5 жылдан асырмай

0,5 мл

енгізбейді

5 жылдан аса

1,0 мл

250 ХБ

3000 ХБ7

Бір екпе

барлық жастағылар

2 жылдан асырмай

0,5 мл

енгізбейді6

2 жылдан аса

1,0 мл

250 ХБ

3000 ХБ7

Егілмегендер

5 айға дейінгі балалар

 

енгізбейді9

250 ХБ

 

қалған жастағылар

 

0,5 мл7'8

250 ХБ

3000 ХБ7

Екпелер туралы құжаттық дәлелдемелер жоқ

Сыртартқысында екпеге қарсы көрсетілімдер болған жоқ

5 айға дейінгі балалар

 

енгізбейді

250 ХБ

 

5 айдан асқан балалар, жаөспірімдер, әскери адамдар, бұрын әскери қызметте болғандар

 

0,5 мл

енгізбейді 6

Басқа контингент

барлық жастағылар

 

1,0 мл

250 ХБ

3000 ХБ

• СҚС – сіреспеге қарсы қан сарысуы

• СҚАИ - сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині

Ескертпе:

  • Егер күлге қарсы осы препаратпен вакцинация қажет болса 0,5 мл АС-анатоксиннің орнына АДС-М-анатоксинді қолдануға болады. Егер жарақаттық орны мүмкіндік берсе, АС-анатоксинді тері астылық айнала егу жолымен оның орналасқан жеріне енгізеді.

  • Аталған препараттардың біреуін қолдану керек: СҚАИ немесе СҚС (СҚАИ енгізген дұрыс).

  • «жұқпаланған» жарақаттарда 0,5 мл АС-анатоксинді енгізеді, егер соңғы ревакцинациядан кейін 5 және одан көп жыл өтсе.

  • Ересектерге арналған АС-анатоксинмен иммунизацияның толық курсы әрқайсысы 0,5 мл-ден 30-40 күн аралықпен екі екпеден және сол дозамен 6-12 айдан кейін ревакцинациядан тұрады. Қысқартылған сызбамен иммунизацияның толық курсы қос дозада (1 мл) АС-анатоксинмен бір реттік вакцинацияны және 6 ай-2 жылдан кейін АС-анатоксиннің 0,5 мл дозасымен ревакцинациядан тұрады.

  • Иммунизацияның әдеттегі сызбасы бойынша екі екпе (ересектер мен балалар үшін) немесе ересектерге арналған иммунизацияның қысқартылған сызбасы бойынша бір екпе.

  • 6.«Жұқпаланған» жарақаттарда СҚАИ немесе СҚС енгізеді.

  • Белсенді-белсенсіз алдын алу өткерген барлық тұлғалар, 6 ай — 2 жылдан соң иммунизация курсын аяқтау үшін 0,5 мл АС-анатоксинмен ревакцинациялануы керек.

  • АС-анатоксинді 6 жасқа дейінгі балаларға тағайындау қажет болғанда, препаратты бұлшықет ішіне енгізу керек.

  • Жарақаттан кейінгі жағдайы қалпына келтірілгеннен кейін 3 жасқа дейінгі балалар алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесінің мерзімдеріне сәйкес.

     

     

     

     

Прикрепленные файлы

720438161477976863_ru.doc 152.5 кб
669947511477978025_kz.doc 121 кб
4182_99_04_05_10_15_19_21_i.pdf 0.48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ