Сухая микстура от кашля для детей

МНН: Алтея лекарственного корни, Аммония хлорид, Аниса обыкновенного семян масло, Натрия бензоат, Натрия гидрокарбонат, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная)
Производитель: Тернофарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011939
Информация о регистрации в РК: 30.04.2019 - 30.04.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Жөтелге қарсы балаларға арналған

құрғақ микстура

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 19,55 г

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді заттар: жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы - 4,0 г

натрий гидрокарбонаты - 2,0 г

натрий бензоаты - 2,0 г

мия тамырының құрғақ сығындысы - 1,0 г

аммоний хлориді - 0,5 г

анис майы - 0,05 г

қосымша зат - қант 10,0 г.

Сипаттамасы

Қоңырқай-сұр түсті анис майының иісі бар ұнтақ. Сақтау барысында ұнтақ су құйғанда ыдырайтын кесектерге жұмарлануы немесе қатты кеуек масса түзуі мүмкін. Суспензияның сулы ерітіндісі (1:10) ашықтан күңгірт-қоңыр түске дейінгі түске ие.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық шығаратын препараттар

АТХ коды RО5СА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген

Фармакодинамикасы

Препараттың механизмі мукоцилиарлық клиренсі артуымен, сондай-ақ бронх бездері секрециясы күшеюімен және қақырық тұтқырлығының аздап төмендеуімен шартталған қақырық шығаратын әсері бар.

Жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы құрамында негізгі әсер етуші заттар ретінде полисахаридтер, сондай-ақ пектиндер, аминқышқылдары, крахмал және басқалары бар. Жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы полисахаридтері қанға сіңеді, ішінара бронх бездерімен бөлінеді және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығына бронхтық секрет құрамындағы сұйық өнімді аздап ұлғайтумен бүркемелейтін, жұмсартатын және қабынуға қарсы әсер етеді және оның реологиялық (тұтқырлық, созылғыштық, адгезиялық) қасиеттерін қалыпқа түсіреді. Бронхиолдар перистальтикалық қозғалысын және бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің моторлық қызметін күшейтеді.

Натрий гидрокарбонаты қақырықтың сұйылуына және оның жақсы шығарылуына алып келеді. Сонымен бірге бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің моторлық қызметі күшейеді.

Мия тамырының құрғақ сығындысы құрамында ликуразид, глицирризин қышқылы, флавоноидтар (ликвиритин, ликвиритозид), ситостерин, пектиндер, қант, крахмал, шырыштар және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Глицирризин қышқылы қабынуға қарсы қасиетке ие. Ликвиритозид және 2,4,4-триоксихалкон спазмолитикалық әсер береді, осының есебінен мия тамырының сығындысының қақырық шығартатын әрекеті жүреді.

Натрий бензоаты, аммоний хлориді, анис майы қақырық шығарылатын әсер етеді.

Қолданылуы

- кешенді ем құрамында тыныс жолдарының бөлінуі қиын қақырығы бар жөтелмен қатарлас жүретін жұқпалы-қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Жөтелге қарсы балаларға арналған құрғақ микстураны қолданар алдында құтыдағы (200 мл) белгіге дейін қайнаған және салқындатылған сумен сұйылтады. Ішке тамақтан кейін қабылдауға 6 айлықтан 6 жасқа дейінгі балаларға – 1 шай қасық микстурадан (5 мл) тәулігіне 4-5 рет, 6 жастан үлкен балаларға – 1 десерт қасықтан (10 мл) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды.

Ересектерге сондай-ақ қажетіне қарай 1 ас қасық (15 мл) микстурадан тәулігіне 4-6 рет тағайындайды. Микстураны қолданар алдында шайқайды.

Емдеу курсының ұзақтығы емнің тиімділігіне қарай жеке анықталады, және әдетте 7-14 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар (бөртпе,қышыну).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 айға дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қант диабеті бар науқастарға дәрілік зат құрамында қанты болғандықтан сақтықпен қолдану керек.

Жөтелге қарсы балаларға арналған құрғақ микстураны жөтелге қарсы дәрілік заттармен, сондай-ақ қақырық түзілуін азайтатын препараттармен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.

Қақырықты сұйылту және бөлінуін жақсарту үшін қақырық шығаратын, әсіресе

секретомоторлық препараттарды қолдануда жылы сұйықтықтың үлкен мөлшерін пайдалану ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге емдеуді дәрігер әйел үшін болжамды пайдасы ұрыққа және балаға болатын потенциалды қауіптен артық болатын жағдайларда ғана тағайындайды.

Сұйылтылған микстураны +8°C- ден аспайтын температурада 10 күн бойына сақтайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануына қатысты хабарламалар болмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бірінші ашылуына бақылауы бар қақпақпен тығындалған полимер құтыларға 19,55 г препараттан салынған. Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Тернофарм" ЖШҚ, Украина

46010, Украина, Тернополь қ., Фабричная к-сі 4;

тел./факс (0352) 521-444, www.ternopharm.com.ua

Тіркеу куәлігінің иесі

"Тернофарм" ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: "Тернофарм" ЖШҚ.

46010, Украина, Тернополь қ., Фабричная к-сі, 4

Телефон: +38 (0352) 52 14 44

Факс: +38 (0352) 52 14 44

Электронды поштасы: ternopharm@ternopharm.com.ua

 

Прикрепленные файлы

803949491477976811_ru.doc 50.5 кб
077464811477977966_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники