Сулайдин®

МНН: Нимесулид
Производитель: Эмбил Илач Сан.Лтд.Шти.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Нестероидные противовоспалительные препараты для наружного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019214
Информация о регистрации в РК: 26.06.2018 - 26.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Сулайдин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нимесулид

Дәрілік түрі

1 % 30 г сыртқа қолдануға арналған гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат - 10 мг нимесулид,

қосымша заттар: диэтиленгликоль моноэтилді эфирі, глицерин моноолеаты, гидроксипропилцеллюлоза.

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті өзіне тән иісі бар гель.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.

АТХ коды M02AА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нимесулид гелін теріге жаққанда препаратты ішу арқылы қабылдағандағы қол жеткізілетін концентрациямен салыстырғанда қан плазмасындағы препарат концентрациясының деңгейі өте төмен болады. Нимесулидті гель түрінде сыртқа қолданғаннан кейін 8 сағаттан соң қан плазмасындағы оның концентрациясы 14-тен 57.5 нг/мл-ге дейін ауытқиды. Бірақ қалай болғанда да осы концентрациялар ішу арқылы қайта қабылданған доза нәтижесінде қол жеткен концентрациядан 100 есе төмен.

Фармакодинамикасы

Сулайдин® гель жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП) болып табылады.

Қабынуға қарсы айқын, ауырғанды басатын және орташа ыстық басатын әсері бар. Әсер ету механизмі: циклооксигеназаны бәсеңсіте отырып, ісіну қалыптасуы мен қабынудағы ауыруға қатысты қабыну ошағындағы простагландиндер мөлшерін азайта отырып, арахидон қышқылы метаболизміне әсер етеді.

Қолданылуы

  • ревматоидты артритте, шорбуынданатын спондилоартритте кешенді ем құрамында

  • бурситте, синовитте, тендовагинитте

  • сіңірдің, байламдардың, бұлшықет және буындардың тері жабындылары бұзылуынсыз жарақатты зақымдануларында (созылу, шығу, соғып алу)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.

Шамамен 3 см гель ауырған аумақтың үстіне күніне 2-3 рет терінің таза және құрғақ бөлігіне жұқа қабатпен жағылады.

Гельді қарқынмен уқалап жағуға немесе окклюзиялық таңғыш астына пайдалануға болмайды.

Тар киім киюден аулақ болу ұсынылады.

Емшараға дейін және одан кейін қол жуу керек.

Ем ұзақтығы орташа 7-15 күн болып жеке анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстар жиілігін бағалау үшін мынадай критерийлер пайдаланылған: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, бірақ <1/10), кейде (≥ 1/1000, бірақ <1/100), сирек (≥ 1 / 10 000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10 00), белгісіз (бар мәліметтер бойынша анықталмаған).

Жағымсыз әсерлер бойынша, сыртқа қолданумен байланысты болуы жиі хабарланбайды.

Жиі емес:

- қышу

- терінің қызаруы

Белгісіз:

- терінің түлеуі, қышыну, бөртпе, жеңіл немесе орташа жергілікті тітіркену

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- нимесулидке немесе препараттың қандай да бір қосымша компоненттеріне белгілі жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес

препараттарға (сыртартқысында) аллергиялық реакциялар (бронх түйілуі, ринит,есекжем)

- гельді ашық жараға немесе оқшауланған инфекция болғанда қолдану

- сыртқа қолдануға арналған басқа препараттармен бір уақытта қолдану

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас (препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сулайдин® гелін басқа дәрілік препараттармен жергілікті қолданғанда елеулі өзара әрекеттесулер саны анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Сулайдин® гельді ашық жараға және терінің кесілген жеріне жағуға болмайды.

Сулайдин® гелін сыртқа қолдануға арналған басқа препараттармен бір уақытта пайдалаунға болмайды.

Препаратты көзге, шырышты қабыққа тигізіп алудан абай болу керек. Кездейсоқ тиіп кетсе дереу сумен жуып-шаю керек.

Препаратты ішке қабылдауға болмайды.

Жаққаннан кейін қолды жуу керек.

Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғыш салудың керегі жоқ.

Жағымсыз реакциялар қаупін ең төмен дозаны қысқа уақыт аралығына жағумен төмендетуге болады.

Препаратты сыртартқысында асқазан-ішектен қан кетуі, асқазанның және 12 елі ішекте ойық жарасы бар науқастарға немесе асқыну кезеңінде, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлерімен, қан ұюы бұзылуымен және жүрек жеткіліксіздігімен науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Фотосезімталдық реакцияларын болдырмау үшін пациенттер тікелей түсетін күн сәулелерінің ұзақ әсерінен аулақ болуы тиіс.

Егер гель жаққан жерде тітіркенушілік, қызару немесе қышыну дамыса немесе жақсару байқалмаса, немесе керісінше жағдай нашарласа емді тоқтатып және дәрігерге қаралу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезеңінде және емшекпен емізу кезеңінде қолдану тәжірибесі жоқ. Нимесулидті мерзімінен бұрын жатыр атониясының және түтіктер тарылу қаупіне байланысты жүктіліктің ІІІ триместрінде пайдалануға болмайды. Жүктіліктің І және ІІ триместрінде және лактация кезеңінде препарат тек ұрыққа потенциалды пайдасы потенциалды қаупінен артық болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқаруға немесе қауіптілігі зор механизмдерді әлеуетті пайдалануға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препарат жергілікті қолдануға арналғандықтан, дұрыс қолданған жағдайда, жүйелі сіңудің яғни, артық дозаланудың ықтималдығы аз болып келеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан ламинацияланған, жарғақшамен баспаланған және ақ пропилен қақпақпен бұралып бекітіліп тығындалған сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Эмбил Илач Сан.Лтд. Шти., Текирдаг, Түркия 

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Эмбил Илач Сан.Лтд. Шти., Стамбул, Түркия

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Эмбил Илач Сан.Лтд. Шти., Текирдаг, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Raifarm» (Райфарм) ЖШС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Алматы қ., 

Тимирязев к-сі 42, корпус 15/3 В,

Телефон/факс нөмірі: 8-(727-2) 66-92-78

Электронды поштасы: lyubov.tsoy@raifarm.com

Прикрепленные файлы

873711361477977071_ru.doc 52 кб
462525891477978248_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники