Стрептоцидовая мазь 25 г (10 %)

МНН: Сульфаниламид
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Сульфаниламид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013076
Информация о регистрации в РК: 08.07.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Стрептоцид жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сульфаниламид

Дәрілік түрі

10% жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: 10.0 г сульфаниламид

қосымша зат: вазелин

Сипаттамасы

Ақ немесе ақшыл сарғыш түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған микробтарға қарсы препараттар. Сульфаниламидтер. Сульфаниламид.

АТХ коды: D06BА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сульфаниламидтерді жергілікті қолданған кезде, белсенді компоненттердің локальді жоғарғы концентрациясы орын алады. Сульфаниламидтің терінің зақымданған (жараланған, күйген) беткейі арқылы жүйелі сіңірілуі 10% жетуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы дәрі. Бактериостатикалық әсері бар. Әсер ету механизмі парааминобензой қышқылымен бәсекелес антагонизмімен және дигидроптероатсинтетаза ферментін бәсекелес бәсеңдетумен байланысты. Ол дигидрофолий синтезінің бұзылуына әкеп соғады, содан кейін тетрагидрофолий қышқылының және нәтижесінде - нуклеин қышқылының синтезі бұзылады.

Сульфаниламид грамтеріс және грамоң кокктарға қатысты белсенді Escherichia coli, Shigella spp., Vibrio cholerae, Haemophilus influenzae, Clostridium spp., Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriaе, Yersinia pestis, сондай-ақ Chlamydia spp., Actinomyces spp., Toxoplasma gondii.

Қолданылуы

  • жұқпа жұқтырған жараларда

  • күйіктерде (І –ІІ дәрежелі)

  • фолликулитте

  • фурункулдарда

  • карбункулдарда

  • өрескел безеулерде

  • импетигода

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған.

Жергілікті, сыртқа тікелей зақымданған беткейіне дәке сүрткісіне жағылады; таңуларды 1-2 күн сайын жүргізеді. Емдеу ұзақтығы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балалар

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан банкіні тығындау үшін нығыздағыш элементімен бұрандалы полиэтилен қақпағы немесе нығыздағыш элементімен тартылған қақпағы бар мойны бұралатын шынымассадан жасалған банкілерде немесе медициналық шыныдан жасалған банкілерде.

Банкілер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылумен бекітілетін полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге қойылады.

25 г препараттан медициналық мақсаттағы полимер немесе алюминий сықпада. Әр сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге қораптық картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019,

Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

133852141477976527_ru.doc 45 кб
719522771477977686_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники