Стрептоцидовая мазь 10%

МНН: Сульфаниламид
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Сульфаниламиды
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021257
Информация о регистрации в РК: 11.03.2020 - 11.03.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Стрептоцид жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сульфаниламид

Дәрілік түрі

Жақпамай 5% және 10%

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 5 г және 10 г стрептоцид

қосымша зат – медициналық вазелин

Сипаттамасы

Ақ немесе ақшыл сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы препараттар. Сульфаниламидтер.

АТХ коды D06 BА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сульфаниламидтерді жергілікті қолданған кезде, белсенді компоненттердің локальды жоғарғы концентрациясы орын алады. Сульфаниламидтің терінің зақымданған (жараланған, күйген) беткейі арқылы жүйелі сіңірілуі 10% жетуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы дәрі. Сульфаниламид –сульфаниламидтер тобының химиотерапиялық дәрілерінің алғашқы өкілдерінің бірі. Бактериостатикалық әсері бар. Әсер ету механизмі парааминобензой қышқылымен бәсекелес антагонизмімен және дигидроптероатсинтетаза ферментін бәсекелес бәсеңдетумен байланысты. Ол дигидрофолий синтезінің бұзылуына әкеп соғады, содан кейін тетрагидрофолий қышқылының және нәтижесінде - нуклеин қышқылының синтезі бұзылады.

Сульфаниламид грамтеріс және грамоң кокктарға, Esherichia coli¸ Shigella spp., Vibrio cholerae, Clostridium spp., Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheria, Yersinia pеstis, сондай-ақ Chlfmydia spp., Actinomyces spp.. Toxoplasma gondii қатысты белсенді.

Қолданылуы

  • жұқпа жұқтырған жараларда

  • күйіктерде (І –ІІ дәрежелі)

  • фолликулитте

  • фурункулдарда

  • карбункулдарда

  • өрескел безеулерде

  • импетигода

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, сыртқа тікелей зақымданған беткейіне немесе дәке сүрткісіне жағылады; таңуларды 1-2 күн сайын жүргізеді.

Емдеу ұзақтығы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті аллергиялық реакциялар

  • қышыну

  • есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық

- бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

- туа біткен глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезінде көп мөлшерде сілтілі су ішу ұсынылады.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты дәрігердің тағайындауымен қолдануға болады.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г, 40 г-ден жиынтықта қақпағы бар дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкіде. Банкіге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады. 40 банкіден қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың жеткілікті санымен бірге топтамалық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

18 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ.,

Б. Бұлқышев к-сі, 4е

тел./факс +7727233-27-58

E-mail: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

400777411477976559_ru.doc 40.5 кб
841403231477977719_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники