Стрепсилс® (таблетки для рассасывания)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Стрепсилс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг,
2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг,
қосымша заттар: шарап қышқылы, левоментол, жұлдызды анис майы, бұрыш жалбызы майы, Понсо 4R (E 124), Азорубин Эдикол
(Е 122), сұйық сахароза (67 %), сұйық глюкоза (80 %), тазартылған су.
Сипаттамасы
Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, анис иісі басымырақ, жалпақ цилиндр пішінді қызыл таблеткалар.
Ақ өңездің, түсінің біркелкі емес болуына, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің аздап тегіс болмауына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар
АТХ коды R02AA20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дәрілік түрінде болатын фармакокинетикалық белсенді ингредиенттер ауыз-жұтқыншақ шегінде жергілікті әсер көрсетеді.
Фармакодинамикасы
ЛОР-тәжірибеде жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат.
2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, антисептик болып табылады. Амилметакрезол – фенол туындысы, антисептик, микробқа қарсы белсенділікке ие. 2,4-дихлорбензил спирті мен амилметакрезолдың әсер ету механизмі микробтық және зең жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін білдіреді.
Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептиктік және жергілікті жансыздандырушы әсер береді. Препарат жоғарғы тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының шырышты қабықтарының тітіркену симптомдарын, жұтқыншақта бөгде зат тұрғандай сезінуді, қышытуын, жыбылауды басады; шырышты қабыққа деконгестивтік әсер береді, мұрынның бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.
Препарат граммоң және граммтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына: стафилококка штаммдарының көпшілігіне (S. epidermidis, S. pyogenes, S. aureus, S. salivarius), А, С және D топтарының стрептококктары, Diplococcus pneumoniae, Pseudomonas aerogenosa, Klebsiella aerogenes, Haemophilus influenzae, Proteus spp., Aerobacter aerogenes, Aerobacter cloacae және т.б. қатысты белсенді, сондай-ақ ашытқы тәрізді Candida albicans зеңдеріне қатысты микозға қарсы әсері бар.
Қолданылуы
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу үшін
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ауыз қуысында соруға арналған.
Ересектер: әр 2-3 сағат сайын бір таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Егде жастағы адамдар: егде жастағы адамдарда дозасын азайту қажет емес. Емдеу курсы 5-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Симптомдар сақталып қалса, дәрігермен кеңесу керек.
Қант диабетімен науқастар таблетканың құрамында 2,6 г қант бар екенін ескеруі тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ, сондықтан препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
12 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Дәрігердің рецептісінсіз босатылады
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,
Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Достық к-сі, 85 «А», 116 кеңсе.
Тел.: +7 (727) 272 88 04; факс: +7 (727) 266 27 96
Жедел байланыс желісі: 8-800-505-1-500 (қоңырау шалу тегін) Электронды поштасы: contact_ru@reckittbenckiser.com