Стрепсилс® с Согревающим Эффектом
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Стрепсилс® Қыздыратын Әсері бар
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 2,4-дихлорбензил спирті – 1.20 мг,
амилметакрезол - 0.60 мг,
қосымша заттар: шарап қышқылы, антоциандар (Е163), алхоры хош иістендіргіші, кілегей хош иістендіргіші, қыздыратын әсері бар хош иістендіргіш, зімбір хош иістендіргіші, ұзындығы орташа тізбекті триглицеридтер, сұйық сахароза, сұйық глюкоза.
Сипаттамасы
Таблетканың екі жағында «» таңбасы, алхоры мен зімбірге тән дәмі бар, қызылдан күлгін түске дейінгі дөңгелек таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препарат. Антисептиктер. Басқа да препараттар
АТХ коды R02AA20
Фармакологиялық қасиеттері
ЛОР-тәжірибесінде және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат.
2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, амилметакрезол – фенол туындысы болып табылады.
Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық және жергілікті жансыздандырушы әсер береді. Стрепсилс® қыздыратын әсері бар жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының тітіркену симптомдарын басады, шырышты қабыққа деконгестивті әсер береді, мұрынның бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.
Стрепсилс® қыздыратын әсері бар әсер ету механизмі микробтық жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл препараттың антисептикалық әсерін анықтайды. Граммоң және граммтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенді, сондай-ақ антимикотикалық әсері бар.
Қолданылуы
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларында тамақтың ауыруын симптоматикалық емдеу үшін
Қолдану тәсілі мен дозалары
Жергілікті. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға ұсынылады. Әрбір 2-3 сағат сайын бір таблеткадан сору керек. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды. 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 24 сағат ішінде 8 таблеткадан артық қабылдауға болмайды. Көрсетілген дозадан асыруға болмайды.
Емдеу курсы 3 күн. Симптомдар 3 күннен астам сақталса, дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз әсерлері
-
аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, өңештің ісінуі (фарингеальді ісіну)
-
ауызжұтқыншақ аумағының ашу сезімі
-
ауыз қуысының парестезиясы
-
тілдің ауыруы
-
жүрек айнуы, диспепсия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері тіркелмеген. Препаратты басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Айрықша нұсқаулар
Тіл сезімталдығын жоғалту ықтималдығы кезінде ыстық тамақ пен суды қабылдағанда сақтық таныту ұсынылады. Препараттың құрамына кіретін кез келген компонентке жеке жоғары сезімталдық болған кезде препаратты пайдаланбаған жөн. Қант диабетімен науқастарға тағайындаған кезде 1 таблетканың құрамында 2,6 мг қант бар екенін ескеру қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезінде тек дәрігердің бақылауымен қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
12 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,
Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қ., Көктем-1, ү. 15 «А», 302 кеңсе.
Тел.: +7 (727) 356 07 52; факс: +7 (727) 356 07 50 Электронды поштасы: contact_ru@reckittbenckiser.com