Стрепсилс® с медом и лимоном

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010688
Информация о регистрации в РК: 19.11.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Стрепсилс® балмен және лимонмен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған бал-лимонды таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: амилметакрезол - 0.60 мг,

2,4-дихлорбензил спирті - 1.20 мг,

қосымша заттар: бұрышты жалбыз майы, лимон майы (ішінде терпендер жоқ), бал, хинолинді сары (Е 104), шарап қышқылы, сұйық сахароза, сұйық глюкоза.

Сипаттамасы

Таблетканың екі жағында S әрпі бейнеленген, дөңгелек пішінді сары таблеткалар. Ақ өңездің, түсінің біркелкі емес болуына, карамель массасында ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің аздап тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар

АТХ коды R02AA20

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуінің төмендігіне байланысты препараттың фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

ЛОР-тәжірибеде және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат.

2,4-дихлорбензил спирті бензол туындысы, амилметакрезол – фенол туындысы болып табылады. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептиктік және жансыздандырушы әсер береді. Стрепсилс балмен және лимонмен жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабығының тітіркену симптомдарын қайтарады, шырышты қабыққа деконгестивтік әсер береді, мұрынның бітелуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.

Бал және лимон қосылған Стрепсилстің әсер ету механизмі микробтық жасушалар ақуыздары коагуляциясымен, сондай-ақ қоздырғыштарға қарсы тиімділігін айқындайтын жасуша жарғақшалары липидтерімен өзара әрекеттесуіне байланысты. Кең ауқымды граммоң және граммтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді, әрі антимикотикалық әсері бар.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпалы-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ауыз қуысында соруға арналған.

Ересектер: әр 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Егде жастағы адамдар: дозасын егде жастағы адамдарда азайту қажет емес. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, тамақты күйдіру және шаншып ауыру сезімі, тамақтың ісінуі).

Әдеттегіден өзге реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қолданудың дұрыстығы жөнінде дәрігермен кеңескен жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталмаған. Препараттың басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетімен науқастар таблетканың құрамында 2,6 г жуық қант бар екенін ескеруі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде тек дәрігердің бақылауымен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне, сондай-ақ жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану мүмкіндігі аз. Ықтимал артық дозалану асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздыққа әкелуі мүмкін: жүрек айнуы.

Емі: симптоматикалық, дәрігердің бақылауымен.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

12 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз босатылады

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд,

Тейн Роуд, Ноттингем, NG90 2DB, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рекитт Бенкизер Хелскэр Интернешнл Лтд, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Достық к-сі, 85 «А», 116 кеңсе.

Тел.: +7 (727) 272 88 04; факс: +7 (727) 266 27 96

Жедел байланыс желісі: 8-800-505-1-500 (қоңырау шалу тегін) Электронды поштасы: contact_ru@reckittbenckiser.com

 

Прикрепленные файлы

183877531477976824_ru.doc 45 кб
844081931477977973_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники