Стоптуссин Фито
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Стоптуссин Фито
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
100 мл шәрбат
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 4.1624 г жебіршөп сұйық экстракты,
4.1630 г тасшөп сұйық экстракты,
4.1666 г жолжелкен сұйық экстракты,
қосымша заттар: тазартылған бал, сахароза, пропилпарагидроксибензоат, натрий бензоаты, глицерин (85%), тазартылған су.
Сипаттамасы
Жебіршөп иісі бар қоңыр түсті шәрбат. Уақыт өте препараттың тиімділігіне әсер етпейтін азғантай шөгінді пайда болады.
Фармакотерапиялық тобы
Тұмау және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттардың біріктірілімі.
АТС коды R05CA10
Фармакологиялық қасиеттері
Жебіршөп сұйық экстракты жөтелге қарсы және антисептикалық әсерге ие. Тасшөп сұйық экстрактінің жөтелге қарсы және секретолитикалық әсері бар. Жолжелкен сұйық экстракты қабынуға қарсы, микробқа қарсы әсерге ие.
Қолданылуы
- тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
- 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 1/2-1 шай қасық күніне 3 рет тамақтанудан кейін (тәбеттің болмау мүмкіндігіне байланысты)
- 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға 1-2 шай қасық күніне 3 рет тамақтанудан кейін (тәбеттің болмау мүмкіндігіне байланысты)
- 10-нан 15 жасқа дейінгі балаларға 2-3 шай қасық күніне 3 рет тамақтанудан кейін (тәбеттің болмау мүмкіндігіне байланысты)
- 15 жастан асқан балаларға және ересектерге 1 ас қасық күніне 3-5 рет.
Ұсынылатын емдеу курсы 7 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- қолданыстағы заттарға немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдықта
- 1 жасқа дейінгі балаларға
- фруктозаны туа біткен көтере алмаушылықта
- глюкоза мен галактозаны сіңірудің бұзылуында
- сахароза мен изомальтозаны ыдырататын энзим жетіспеушілігінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Стоптуссин Фитоны құрамында кодеин бар препараттармен және басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбаған жөн, өйткені бұл сұйытылған қақырықты жөтелмен шығаруды қиындатады.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың құрамында 62 грамм сахароза бар. Ұсынылған дозаларға сәйкес қолданғанда – (5мл бір шай қасықта 3,1г дейін сахароза, 15мл бір ас қасықта 9,3г дейін сахароза бар). Қанттың болуына байланысты препаратты ұзақ уақыт және жиі қолданбау керек.
Препарат туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза мен галактозаны сіңірудің бұзылуы немесе сахароза мен изомальтозаны ыдырататын энзим жетіспеушілігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Препараттың құрамында этанолдың 3,4 % көлемдік бірлігі бар. Ұсынылған дозаларға сәйкес қолданғанда - (5мл бір шай қасықта 0,14 г этанолға дейін, 15мл бір ас қасықта 0,42 г этанолға дейін).
Осыған байланысты препарат маскүнемдікпен зардап шегетін емделушілерге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты препарат алкоголизмнен зардап шеккен пациенттерге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ бауыр аурулары, эпилепсия, ми аурулары мен жарақаттары бар пациенттер секілді қатерлі топты назарға алу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік пен лактация кезеңінде анасы үшін болжамды пайдасы шаранаға немесе сәбиге төнетін потенциалды қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.
Препараттың автокөлікті және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұрандалы қақпақпен және полиэтилен өлшеуіш қалпақшасы бар қызғылт-сары шыны құтыда 100 мл. 1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 10 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Құтыны ашқаннан кейін – 1 жылдан асырмай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Тева Чех Өндірістері с.р.о., Остравска 29747 Опава-Комаров,
Чех Республикасы
Тіркеу куәлігінің иесі
«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Опава-Комаров, Чех Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ратиофарм Казахстан» ЖШС
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы 19
Нұрлы-Тау БО, 1Б, 603 кеңсе
Тел, факс (727)2311 09 16, 311 07 34
Е-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ратиофарм Казахстан» ЖШС
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы 19
Нұрлы-Тау Бизнес Орталығы, 1Б корпус, 603 кеңсе
Тел, факс 87017580043 (727) 311 07 34
Е-mail: Dina.Baimakova@teva.co.il