Стимол®

МНН: D,L-кислота яблочная, L - цитруллин
Производитель: Биокодекс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023440
Информация о регистрации в РК: 26.12.2017 - 26.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Стимол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішу үшін ерітінді дайындауға арналған көпіршитін ұнтақ 1,0 г

Құрамы

белсенді зат: 1000 мг цитруллин малаты екі ұнтақ қоспасы түрінде:

L – цитруллин 566.44

DL- алма қышқылы 433.56

қосымша заттар: повидон, натрий бикарбонаты, мальтодекстрин 6, натрий сахаринаты (Е 162), құлпынай хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Құлпынай иісі бар, ақ ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы сергітетін препараттар.

АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика

Цитруллин ішекке тез сіңеді. 4 г цитруллин малатын қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрациясына 45 минут ішінде жетеді және қан плазмасындағы негізгі деңгейінен 6-15 есе асады. Препарат 5-6 сағат бойы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Стимол® – бұл L-цитруллин мен малаттың бірігуі, ол жасуша деңгейінде энергия түзілу механизмін белсендіреді. Малат неоглюкогеназаға айналуды қоса, Кребс циклын көтермелейді, қан және тіндердегі лактат деңгейін төмендетеді, сүт қышқылды ацидоз дамуының алдын алады және АТФ деңгейін жоғарылатады. Цитруллин - бұл мочевина циклына жататын аминқышқылдарының бірі, ол организмде мочевина түзілуі және шығарылуын белсендіреді. Осылайшы, Стимол® лактат, аммиактың жойылуын қамтамасыз етеді және жасушаны басқа энергетикалық деңгейге ауыстыра отырып, энергия түзілуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

Функциональді астенияны симптоматикалық емдеуде:

- астения –невротикалық синдромда

- инфекциядан кейінгі астенияда

- операциядан кейінгі астенияда

- егде жастағы адамдардағы астенияда

- спортшылардағы астенияда (қарқынды жаттығулардан кейінгі бұлшықет ауыруын басады).

Астенияның келесі симптомдарына ұсынылады: жалпы әлсіздік, көңіл-күйдің құбылмалылығы, созылмалы шаршағыштық, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық.

Препаратты астеновегетативті синдромның өршуіне әкеп соқтыратын аурудың реконвалесценция кезеңінде қолданған жөн.

Қолдану тәсілі және дозалары

6 жастан үлкен балаларға: күніне 2 рет 1 пакеттен.

Ересектер мен егде жастағы адамдарға: күніне 3 рет 1 пакеттен.

Ұсынылған емдеу курсы - 4 апта.

Пакет ішіндегісін стақандағы суға ерітіп ішу керек.

Жағымсыз әсерлері

Емнің басында эпигастральді аймақта жеңіл ауыру байқалады.

Қандайда бір жағымсыз реакциялар болғанда дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруында

- 6 жасқа дейінгі балаларда

- жүктілікте және лактацияда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тұзсыз диетада жүрген науқастарға препаратты тағайындаған кезде бір пакеттің құрамында 100 мг натрий бар екенін ескеру қажет.

рН- қышқылы түрінде, пакеттегілерді әрдайым бір стақан суға араластыру қажет.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат ұнтағы, салмағы 2806.09 мг қағаз-алюминий-полиэтилен кешенінен жасалған термодәнекерленген пакетке салынады.

18 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биокодекс,

7, авеню Гальени, 94250 Жантилли – Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Биокодекс, 7 Авеню Гальени, 94250 Жантилли – Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

"Pharmaline" ЖШС, Алматы қ., Шәмиева к-сі, 11.

Тел.: +7(727) 338 48 15 тәулік бойы қол жетімді тел. 8 701 027 70 44

pvppharmaline@pharmaline.kz

Прикрепленные файлы

Стимол_каз.doc 0.05 кб
Стимол_рус.doc 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту