Спрегаль
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Спрегаль
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль
Құрамы
30 г препараттың құрамында
белсенді заттар: 1,008 г (0,663%) эсбиол (эсдепаллетрин)
8,064 г (5,305%) пиперонилбутоксид,
қосымша заттар: 96% этил спирті, олеинді макроглицеридтер, диэтиленгликоль моноэтил эфирі , пропеллент HFA 134a.
Сипаттамасы
Ашық-сарыдан қою-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (инсектицидтерді және репелленттерді қоса есептегенде). Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қышыма кенесін қоса есептегенде). Пиретриндер.
АТХ коды Р03АС
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың құрамына кіретін компоненттер емделушінің қанында 1 сағаттан соң байқалады. Препараттың қолданғаннан кейін 24 сағаттан соң оның қан плазмасындағы компоненттерінің концентрациясы өте төмен, ал кейбір жағдайларда анықталмайды. 48 сағаттан соң оның компоненттерінің ешқандай іздері қалмайды.
Фармакодинамикасы
Препараттың құрамына кіретін компоненттерінің инсектицидтік әсері бар. Эсбиол (эсдепаллетрин) – жәндіктерге арналған нейроуытты у. Әсер ету механизмі жүйке жасушалары қабыршақтарының катиондық алмасуларының бұзылуы болып табылады. Пиперонилбутоксид эсбиолдың әсерін күшейтеді.
Қолданылуы
- қышымада
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдануға арналған. Препарат түні бойы әсер етуі үшін емдеуді кешкісін (18-19 сағаттан кейін) бастаған дұрыс. Қолданар алдында баллонды сілку керек. Препаратты денеден 20-30 см қашықтықта ұстап (бас пен беттен басқа жерге) алдымен денеге, одан кейін аяқ-қолға мұқият бүркеді (дәрі себілген жерлер жіпси бастайды). Препаратты қол саусақтарының, аяқ бәшпайларының арасына, қолтықасты аймағына, иілген барлық жерлерге және зақымданған жерлерге жағып, теріде 12 сағатқа қалдырады. 12 сағат өткеннен кейін сабынмен жуынып, сүртіну керек. Әдеттегідей, Спрегальді бір рет қолдану жеткілікті. Тіпті, тиімді ем жүргізілгеннен кейін де қышыну және басқа да симптомдар тағы 8-10 күн байқалуы мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Егер симптомдар осы мерзім өткеннен кейін де сақталса, препаратты қайтадан жағуға болады.
Жағымсыз әсерлері
-
әдетте тез жоғалатын жеңіл күйдіріп ашу сезімі
-
аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттерінің біріне жекелей жақпаушылық
-
бронх демікпесі, обструктивті бронхит (емделушіде немесе препаратты жағатын адамда)
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
жаңа туған нәрестелер және обструктивтік бронхитті бастан өткерген емшектегі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталған жоқ
Айрықша нұсқаулар
-
екінші қайтара жұққан жағдайда (импетиго) Спрегальді қолданар алдында импетигоны емдеу қажет
-
егер қышыма экземамен қоса жүрсе, Спрегальді қолданғаннан кейін 24 сағаттан соң зақымданған жерге глюкокортикоидты жақпамай жаққан жөн
-
жаңа туған және емшектегі балаларға препаратты медицина қызметкерінің бақылауымен ғана қолдану керек
-
көру мүшелерін, мұрын және ауыз қуыстарын қорғау үшін салфетканы пайдаланыңыз
-
беттің тері жабындары зақымданғанда препаратты дәріге малынған тампонның жәрдемімен жағады
-
көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмау керек (көзге тигізіп алған жағдайда оларды судың мол мөлшерімен шаю қажет)
-
науқаспен қарым-қатынастағы барлық адамдар, клиникалық белгілері болмаса да, ем қабылдауы тиіс
-
екінші қайтара жұқтырып алмау үшін төсек-орынды және киімді залалсындандыру қажет. Препаратты киімге, төсек-орынға және басқа да заттарға қолданған жағдайда, оларды өңдеуден кейін 12 сағат бойы пайдаланбаған жөн
-
препаратты жақсы желдетілетін бөлмеде бүрку керек
-
препараттың бір баллоны 3-4 адамды емдеу үшін жеткілікті
-
темекі тартпау керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты, жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдаланылмайды.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Белгісіз
Шығарылу түрі және қаптамасы 152 г аэрозоль бүркуге арналған үздіксіз жұмыс атқаратын клапаны бар алюминий баллонда. 1 баллон медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«АЭРОФАРМ»
468, шемин де Литорал, 13016 Марсель, Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
«Лаборатории Омега Фарма Франция»
20 рю Андре Жид, 92320 Шатильон, Франция
Тұынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасындағы «FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25
e-mail: fic_kz@ficmedical.kz