Спирт этиловый
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Этил спирті
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
70 % және 90 %, 50 мл ерітінді
Құрамы
1000 г препарат құрамында 90 % 70 %
белсендi зат - 95 % этил спирті - 913.0 г 665.0 г қосымша зат - тазартылған су 87.0 г 335.0 г
Сипаттамасы
Өзіне тән спирт иісі және күйдіргіш дәмі бар, түссіз, мөлдір, оңай тұтанатын, көкшіл әлсіз жарық беріп, түтінсіз жалындап жанатын сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.
АТХ коды D08АХ08
Фармакологиялық қасиеттері
Этанолдың жергілікті және рефлекторлы әсері тітіркендіргіш, тұтқыр және антисептикалық әсерлерден қалыптасады. Этил спритінің (70% және 90%) концентрацияланған ерітінділерінің тері қабаттарына әсерінен кейін тін ақуыз құрылым бұзылуымен байланысты тұтқырлық әсері пайда болады.
Спирттің теріге илегіш әсері оның сезімталдығын және тер шығару деңгейін төмендетіп, анальгезия тудырып қышынуды тоқтатады.
Антисептикалық әсері микроб жасушаларының жарғақшалық және цитоплазмалық ақуыз құрылымының бұзылуына байланысты. Этанолға деген едәуір сезімталдық бактериялық флора болып табылады. Препараттың бактерицидтік әсері 70% концентрацияда тиімді болып саналады. Жоғарырақ концентрация кезінде спирттің тіндік құрылымдарға илегіш (тұтқыр) әсері оның диффузиясын төмендетеді және антисептикалық тиімділігінің тереңдік деңгейі азайады.
Қолданылуы
Этил сприті медициналық тәжірибеде сүртіну және компрестерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа – сүрткімен, мақта тампонының көмегімен теріге жағады. Компресс жасайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- тыныс алу жолдары және шырышты қабықтары, терінің тітіркенуі мен күйіктері
- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
- ОЖЖ бәсеңдету
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуi
Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттар әсерін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Компресстер үшін (күйдіруден аулақ болу үшін) этанолды 1:1 (70%, 90%) еселеп сумен араластырады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен қолдану керек.
Балаларға
Балаларға компресс жасау үшін 1 : 4 арақатынасында сұйылтып қолданылуы мүмкін (спирт және су).
Хирургиляық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.
Оттан алыс жерде пайдалану керек, жеңіл тұтанады.
Артық дозалануы
Жергілікті қолданған кезде артық дозалану мүмкіндігі аз
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл-ден винтті мойыны, бұралып жабылатын пластмасса қақпағы мен полиэтилен тығынмен тығындалған күңгірт шыны массадан жасалған құтыларда. Қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптама мен тасымалдау ыдысы.
Сақтау шарттары
Құрғақ, оттан алыс жерде, 15о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзiмi
3 жыл
Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Султан» ЖШС, Қазақстан, Алматы облысы,
Талғар ауданы, Еркін кенті, Б.Момышұлы көшесі, 5.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Султан» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Султан» ЖШС, Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін кенті, Б.Момышұлы к-сі, 5.
Телефон, факс, (727) 305-48-65/-80, 304-98-32
E-mail: toosultan@list.ru