Спирт этиловый (спрей для наружного применения, 70%)

МНН: Этанол
Производитель: Султан ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№025219
Информация о регистрации в РК: 16.09.2021 - 16.09.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған спрей 70 % және 90 %, 50 мл

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Этанол

АТХ коды D08AX08

Қолданылуы

Медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық дәрі ретінде қолданады.

- медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы, операция алаңын өңдеу үшін

- инъекциялық алаңды өңдеу үшін (пункция мен катетерлер енгізудің алдында, донорларда шынтақтың бүгілген жерін)

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық

- тері жабыны тұтастығының бұзылуы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңіріледі, мұны балаларға, жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде пайдаланғанда ескеру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолдану

Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабық арқылы ішінара сіңеді, мұны оны балаларға қолданғанда ескерген жөн.

Сақтықпен қолдану керек!

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне ескере отырып сақтықпен қолдану керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Спрейді шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына түсірмей, тері бөлігіне мұқият ылғалдау үшін жеткілікті мөлшерде бүркеді немесе теріге мақта тампондар мен сүрткілердің көмегімен жағады.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа қолдануға арналған

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Жергілікті қолданған кезде артық дозалану мүмкіндігі аз

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Қажет болған жағдайда, өтініш, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

- аллергиялық реакциялар

- тері мен шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі мен күйіктері

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңдету

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1000 г препарат құрамында 70% 90%

белсендi зат 96% этил спирті 665.0 г 913.0 г

қосымша зат - тазартылған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз, мөлдір, ұшқыш, өзіне тән спирт иісі және күйдіргіш дәмі бар сұйықтық, оңай тұтанады, көкшіл әлсіз жарық беріп, түтінсіз жалындап жанады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бұрандалы пластмасса бүріккіш қондырмасы және қорғайтын қалпақшасы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларда. Құтыларды мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салады

Сақтау мерзiмi

2 жыл

Жарамдылық мерзiмi өткеннен кейiн қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада оттан алыс жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы

041613, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5.

Тел./факс: 8 (727) 3054865, 3054986

E-mail: toosultan@list.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы

041613, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5.

Тел./факс: 8 (727) 3054865, 3054986

E-mail: toosultan@list.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«СУЛТАН» ЖШС, Қазақстан Республикасы

041613, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 5.

Тел./факс: 8 (727) 3054865, 3054986

E-mail: toosultan@list.ru

Прикрепленные файлы

Спирт_спрей_ЛВ_03.08_.2021docx_.docx 0.02 кб
Спирт_этиловый_спрей_инструкция_04.08_подв_.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту