Спирт этиловый-DF (спрей для наружного применения 90%, 30 мл, 50 мл)

МНН: Этанол
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015730
Информация о регистрации в РК: 03.03.2018 - 03.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті - DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% спрей

Құрамы

1,0 мл препараттың құрамында 70% 90%

белсенді зат 96% этанол 0,665 г 0,913 г

қосымша зат - тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз, ұшатын, өзіне тән спирт иісі және дәмі күйдіргіш жылжымалы сұйықтық. Оңай жанады, көгілдір аздаған алауы бар түтінсіз жанады.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандырғыш препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AХ08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті және рефлекторлық әсері тітіркендіргіш, тұтқырлық және антисептикалық әсерімен байланысты. Этил спиртінің (70 % және 90 %) концентрацияланған ерітінділерінің тері жабындарына әсерінен кейін тіндердегі ақуыздар денатурациясына байланысты тұтқыр әсері пайда болады. Спирттің теріге иіткіш әсері ауыруды басуға және қышынуды тоқтатуға ықпал ете отырып, оның сезімталдығын және тер бөлінуін төмендетеді. Антисептикалық әсері микробты жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалы ақуыздарының денатурациясымен байланысты. Этанолға ең сезімталы бактериялық флора болып табылады. Бактерицидті әсері үшін оңтайлысы препараттың 70 % концентрациясы болып табылады. Бұдан жоғары концентрацияларда этил спиртінің тіндік құрылымдарға иіткіш (тұтқыр) әсері оның диффузиясын қиындатады, әрі антисептикалық әсерінің тереңдігі төмендейді.

Қолданылуы

Медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық дәрі ретінде қолданады.

- медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы мен операция алаңын өңдеу үшін

- инъекциялық алаңды өңдеу үшін (пункция мен катетерлер енгізудің алдында, донорларда шынтақтың бүгілген жерін)

- бактериялық аурулардың жекелей алдын алу (қоғамдық орындарға барғаннан кейін, ақшамен жұмыс істегеннен кейін қолды өңдеу) үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Спрейді шырышты қабықтарға және тыныс алу жолдарына түсірмеу, тері бөлігіне мұқият ылғалдау үшін жеткілікті мөлшерде бүркеді немесе теріге мақта тампондар мен сүрткілердің көмегімен жағады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңдеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Балаларға

Сақтықпен қолдану керек.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне скере отырып сыртқа сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл және 50 мл препарат бұрап жабылатын пластмасса бүріккіш қондырмасы және қорғайтын қалпақшасы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларда. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, салқын, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде, 14оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88,

Эл. поштасы: dosfarm@dosfarn.kz

3

Прикрепленные файлы

500024321477976920_ru.doc 43 кб
088931631477978085_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники