Спирт этиловый-DF (раствор для наружного применения 70%, 100 мл)

МНН: Этанол
Производитель: DOSFARM ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014543
Информация о регистрации в РК: 16.08.2021 - 16.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті - DF

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 70% және 90% ерітінді

Құрамы

1,0 мл препараттың құрамында 70% 90%

белсенді зат 96% этанол 0.665 г 0.913 г

қосымша зат - тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз, ұшатын, өзіне тән спирт иісі және дәмі күйдіргіш жылжымалы сұйықтық. Оңай жанады, көгілдір аздаған алауы бар түтінсіз жанады.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар. Этанол.

АТХ коды D08AХ08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті және рефлекторлық әсері тітіркендіргіш, тұтқырлық және антисептикалық әсерімен байланысты. Этил спиртінің (70 % және 90 %) концентрацияланған ерітінділерінің теріге әсерінен кейін тіндердегі ақуыздар денатурациясына байланысты тұтқыр әсері пайда болады. Спирттің теріге иіткіш әсері ауыруды басуға және қышынуды тоқтатуға ықпал ете отырып, оның сезімталдығын және тер бөлінуін төмендетеді. Антисептикалық әсері микробты жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалы ақуыздарының денатурациясымен байланысты. Этанолға ең сезімталы бактериялық флора болып табылады. Бактерицидті әсері үшін оңтайлысы препараттың 70 % концентрациясы болып табылады. Бұдан жоғары концентрацияларда этил спиртінің тіндік құрылымдарға иіткіш (тұтқыр) әсері оның диффузиясын қиындатады, әрі антисептикалық әсерінің тереңдігі төмендейді.

Қолданылуы

- медициналық практикада этил спиртін негізінен сыртқа антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде сүртуге, компресс жасауға қолданады

- медициналық құрал-саймандарды, хирургтың қолы мен операция алаңын өңдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа – теріге мақта тампондарының, сүрткілердің көмегімен жағады. Компресс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- терінің, шырышты қабықтардың және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күюі

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңдеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың әсерін көтермелейді.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіруді болдырмау үшін) этанолды 1:1 (70 %, 90 %) арақатынаста суға араластыру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек

Балаларға

Балаларға компресс жасау үшін 90 % ерітінді үшін 1:4 (спирт пен суды), 70 % ерітінді үшін - 1:3 (спирт пен суды) араластырып қолданылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда препараттың жағымсыз әсерлеріне ескере отырып сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан, бұралатын пластмасса қақпақтары немесе полиэтиленнен немесе полимер материалдардан жасалған тығыздалып бұралатын унификацияланған қақпақтары бар полиэтилен тығындармен тығындалған шыны құтыларда. Құтыларды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста, салқын, жарықтан қорғалған, оттан алыс жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727) 253-03-88

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88, эл. поштасы: dosfarm@dosfarn.kz

3

Прикрепленные файлы

511791121477976911_ru.doc 43.5 кб
285978711477978072_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники