Спирт этиловый (70%) (Шаншаров-Фарм ТОО)

МНН: Этанол
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009425
Информация о регистрации в РК: 10.11.2011 - 10.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Этанол

Дәрілік түрі

70 % және 90 % ерітінді

Құрамы

100 мл ерітінді құрамында

белсенді зат 90 % 70%

 

этил спирті 96 % 91.3 мл 66,5мл

қосымша заттар - тазартылған су

 

Сипаттамасы

Спиртке тән иісі, күйдіретін дәмі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш басқа да препараттар.

АТЖ коды D08AX08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ертіндісінің тері жабындыларына әсерінен кейін тін ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлық әрекеті туындайды. Спирттің теріге иіткіш әсері ауырғанын басып, қышымасын тоқтатуға ықпал ете отырып, оның сезімталдығы мен тер бөлінуін төмендетеді. Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.

Қолданылуы

- хирургтың қолын, операция жасалатын аумақты, медициналық құралдарды тазалап-өңдеуге

-сүрту үшін, тітіркендіретін дәрі ретінде компресс жасауға

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолданылады. Мақта тампондары, сүрткі көмегімен теріге жағылады. Компресстер жасайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- теріні, шырышты қабықты және тыныс алу жолдарын тітіркендіру және күйдіру

- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

- ОЖЖ бәсеңсіту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа асқын сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңсітетін препараттар әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) қатынаста сумен сұйылту керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолданады

Балалық жаста

Компресс жасау үшін балалық жаста 1 : 4 (спирт пен суды) сұйылтып қолданылуы мүмкін.

Хирургиялық құралдарды стерилизациялауға сұйылтылмаған 95 % спирт пайдаланылады.

Артық дозалағанда

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мойны бұрандалы, полиэтилен тығынмен тығындалған және бұралып кигізілетін қақпағы бар қызыл сары шыны құтыда 30 мл, 50 мл, 60 мл,

90 мл препараттан. Құтыларды картоннан жасалған қораппен немесе топтамамен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қаптайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 300С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к., 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к., 4е

ҚР аумағында өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к., 4е

Тел./факс +7 727 233-27-58

Электрондық поштасы: farm-4@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

376674261477977161_ru.doc 43 кб
926140631477978321_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники