Спирт этиловый (40%, ТОО Компания Shingiskhan)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Этил спирті
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Cыртқа қолдануға арналған 40%, 70 % және 90 % ерітінді
Құрамы
1 л препараттың құрамында 40 % 70 % 90 %
белсенді зат – 96 % этанол 416,7 мл 729,2 мл 937,5 мл
қосымша зат - тазартылған су 612,7 мл 297,2 мл 72,4 мл
Сипаттамасы
Спиртке тән иісі мен күйдіретін дәмі бар түссіз мөлдір, ұшпа, оңай тұтанғыш сұйықтық, көкшілдеу әлсіз жарқырап, түтінсіз алаулана жанады.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және дезинфекциялайтын басқа да препараттар. Этанол.
ATХ коды D08AX08
Фармакологиялық қасиеттері
Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті ерітіндісінің (70% және 90%) тері жабынынан әсерінен кейін тін ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлық әрекеті туындайды. Спирттің теріге иіткіш әсері ауырғанын басып, қышынуда тоқтатуға ықпал ете отырып, оның сезімталдығы мен тер бөлінуін төмендетеді. Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.
Қолданылуы
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, дымқылдап басу түрінде. Операция жасалатын аумақты өңдегенде және операция алдында хирург қолын зарарсыздандыруы үшін 70% ерітіндіні, компрестер және сүртінулер үшін 40% ерітіндіні пайдалану ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
-
теріні, шырышты қабықты және тыныс алу жолдарын тітіркендіру және күйдіру
-
резорбциялық жалпы уытты әсер етуі мүмкін
-
ОЖЖ бәсеңдеуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препаратқа аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ішке қабылдағанда ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың әсерін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Компресс жасау үшін (күйдіруін болдырмау үшін) этанолды 1 : 2 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.
Хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Этанол сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабықтар арқылы ішінара сіңеді, оны балаларға пайдаланғанда осыны ескерген жөн.
Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып - 1:4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Сақтау шарттары
Жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада, оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Компания «Shingiskhan» ЖШС, Қазақстан, Семей қ., Сеченов к-сі 9, тел (7222)531985, e-mail: FK- Shingiskhan @mail.ru