Сорбит

МНН: Сорбитол
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие лекарственные препараты для лечения сахарного диабета
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004404
Информация о регистрации в РК: 23.04.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сорбит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ұнтақ

Құрамы

Бір пакеттің (5 г) ішінде белсенді зат: 5 г сорбитол

Сипаттамасы

Иіссіз кристалды ақ ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған басқа да дәрілік препараттар.АТХ коды А10Х Фармакологиялық қаситтері Фармакокинетикасы

Биологиялық сұйықтықтардағы сорбитолдың концентрациясы микроколориметриялық әдіспен анықталады.

Cорбитол ауыз арқылы және ректальді енгізген кезде АІЖ-ден өте аз мөлшерде сіңіріледі.

Негізінен бауырда фруктозаға дейін метаболизденеді.

Біршама мөлшері альдозредуктаза энзимімен бірден глюкозаға конверсиялануы мүмкін.

Ішке қабылданған 35г дозаның кем дегенде 75 %-ы, қанда глюкоза түрінде көрінбестен, көміртек қос тотығына дейін метаболизденеді, және ішке қабылданған дозаның 3 %-ға жуығы несеппен бөлінеді.

Қолданудан кейін әсері 0.5-1 сағат ішінде басталады.

Фармакодинамикасы Сорбит өт түзілу көтермелегіші, өт айдайтын, іш жүргізетін дәрі және қант алмастырғыш болып табылады. Әсер ету механизмі ішектегі осмостық қысымның жоғарылауымен байланысты, бұл нәжіс массасының ұлғаюы мен жұмсаруына ықпал етеді. Бұған қоса, Сорбит өт қабының тарылуын, Одди сфинктерінің босаңсуын туындатады және өттің ағып шығуын жақсартады.

Қолданылуы

- іш қатуда - билиарлы дисфункцияларда - улануда - қант диабетінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Іш қату ішке: 2-3 пакеттің ішіндегісі 100 мл суда ерітіледі және ұйықтар алдында немесе дәрігердің ұсынымы бойынша қабылданады; балаларға 2 жастан бастап көрсетілген дозаның жартысы тағайындалады; ректальді: 10 пакеттің ішндегісі 200 мл суда ерітіледі және ұйықтар алдында клизма түрінде немесе дәрігердің тағайындауы бойынша енгізіледі; балаларға 2 жастан бастап көрсетілген дозаның жартысы тағайындалады. Билиарлы дисфункциялар Бір пакеттің ішіндегісі 100 мл суда ерітіледі және тамақтануға дейін 10 минут бұрын күніне 1-3 рет немесе дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданады; балалар 2 жастап бастап ересектерге ұсынылатын дозаның жартысын қабылдайды. Улану Сорбит бір кг дене салмағына 1 г есебінен 250 мл суға ерітіледі, белсенділендірілген көмірмен (бір кг дене салмағына 1 г) араластырылады және ішке қабылданады немесе асқазан зонды арқылы енгізіледі; үлкен дәреті болмаған кезде жоғарыда көрсетілген дозаның жартысы 4-6 сағаттан кейін белсенділендірілген көмірмен үйлестіріліп қайтадан тағайындалады. Балаларға 2 жастан бастап ұқсас дозада тағайындайды. Қант алмастырғыш ретінде: дәрігердің тағайындауы бойынша, балаларға 2 жастан бастап дәрігердің тағайындауы бойынша

Жағымсыз әсерлері

- әлсіздік - жүрек айну - іштің ауыруы - іштің кебуі - дозаны төмендеткен соң қайтатын диарея

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық - өт шығару жолдарының бітелуі - бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылулары - тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық - асцит - колит - холелитиаз - тітіркенген тоқ ішек синдромы - 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сорбит препаратының дәрілермен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастарда гликемияны бақылау қажет. Іш жүргізгіш ретінде ұзақ қолдану ұсынылмайды. Жүктілік және лактация кезеңі Сорбитті, егер анасы үшін пайдасы ұрық пен нәрестеге төнетін ықтимал қатерден асып түсетін болса ғана, жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі Емі: симптоматикалық ем. Шығарылу түрі және қаптамасы 5 г препараттан Крафт қағазынан, тығыздығы төмен полиэтиленнен және алюминий фольгадан жасалған ауа- және су өткізбейтін пакеттерге салынады. 20 пакет медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

+25º С-ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

36, Мохамед Хасан Эль Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Факс/тел: 2(02) 2270-93-15; 2(02) 2271-94-60.; export@mupeg.com.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ., Шашкин к-сі 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 2 63 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

Прикрепленные файлы

750576861477976914_ru.doc 41.5 кб
734341371477978069_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники