Солодкового корня сироп (100 мл/125 г)

МНН: Солодки корни (Лакрица деглицирризированная)
Производитель: Фармацевтический завод ТОО "ТК Фарм Актобе"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014804
Информация о регистрации в РК: 26.12.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Мия тамырының шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - мия тамырларының қою сығындысы 4.0 г

қосымша заттар: 90 % этанол, қант шәрбаты

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі, тәтті дәмі бар қоңыр түсті қоюлау сұйықтық.

Ескертпе: Сақтау кезінде шөгінді отыруы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар.

ATХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес препарат. Қақырық түсіретін, спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсер етеді. Мия сығындысының қақырық түсіретін әсері бар, бұл оның құрамында глицирризиннің болуына байланысты жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының секреторлық функциясын күшейтеді.

Қолданылуы

- жедел бронхитте

- созылмалы бронхитте

- трахеитте

- көкжөтелде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған.

Қолданар алдында шайқау керек.

Шәрбатты күніне 3 рет ішке қабылдайды.

Ересектерге 1/2 стақан суға 1 десерт қасықтан қабылдайды.

Балалар.

12 жастан асқан – 1/4 стақан суға 1 шай қасықтан қабылдайды. 2-ден 12 жасқа дейін – 1/4 стақан суға 1/2 шай қасықтан қабылдайды.

Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, қыжыл

- гипертония

- шеткергі ісінулер

- тері бөртпесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 12 елі ішек және асқазанның ойық жарасы

- гастрит

- препараттың компоненттерін жекелей көтере алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастар, жүкті және лактация кезеңінде, маскүнемдікпен зардап шегетін, бауыр аурулары бар емделушілерге сақтықпен және тек қана дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан полиэтилен немесе пластмасса әмбебап (алюминий) қақпақпен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда және

тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпақпен тығындалған, сыйымдылығы 100 мл бұрандалы мойны бар полиэтилентерефталаттан, күңгірт-қоңыр мөлдір емес поливинилхлоридтен жасалған құтыда немесе бұрандалы қақпақпен тығындалған, сыйымдылығы 125 мл бұрандалы мойны бар полиэтилентерефталаттан, күңгірт-қызғылт мөлдір емес поливинилхлоридтен жасалған құтыда.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады.

Құтылар екіншілік қаптамасыз медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтарпен бірге санына сәйкес орайтын қағаз бумаға немесе картон қораптан жасалған қорапқа немесе жылуұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірушінің атауы және мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Жаңақоныс а/о, №467 уч-сі, телефон/факс 8(7132) 21 72 15

Тіркеу куәлігінің иесі

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Жаңақоныс а/о, №467 уч-сі, телефон/факс 8(7132) 21 72 15

Э

Прикрепленные файлы

494337941477976844_ru.doc 55.5 кб
261993971477977997_kz.doc 686 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники