Солодки масло
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Мия майы
Халықаралық патенттелменген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Майлы сығынды
Құрамы
100 мл препарат құрамында
белсенді зат – 5.0 г мияның тамыры
қосымша заттар – 100 мл-ге дейінгі күнбағыс майы
Сипаттамасы
Алтын-сары түсті өзіне тән иісі және дәмі бар майлы сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Жөтел және салқын тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттар.
АТХ коды R05
Фармакологиялық қасиеттері
Препарат қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, иммунитетті көтермелейтін, жараны жазатын, антиоксидантты әсерге ие.
Қолданылуы
- бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде
- гастриттерде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауыруында
- тік ішектің қабынуы, геморройда
- дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда
- ревматизм, артриттерде
- иммунитет төмендегенде
Қолдану тәсілі және дозалары
7 жасқа дейінгі балаларға ішке – ½ шай қасықтан күніне 4 рет;
7 жастан үлкендер және ересектер – ас ішерден 15-20 минут бұрын 1 шай қасықтан күніне 4 рет. Емдеу курсы 10-14 күн.
Геморройда, сызаттарда және тік ішек қабынуларында микроклизма түрінде 10 мл-ден күніне 1 рет енгізеді (ішекті алдын ала тазалап алғаннан кейін), курс 10-20 емшарадан тұрады.
Дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда зақымдалған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек. Емдеу курсы 10-14 күн.
Жағымсыз әсерлері
Анықталмаған
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препаратқа жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әректтесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулары
Жүктілік, лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұралып жабылатын қақпағы және полиэтилен тығыны бар құтыдағы препарат 50 мл және 100 мл-ден.
50 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулық санымен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Сара» ӨК, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 74,
8 (7132) 53-20-22
Тіркеу куәлігінің иесі
«Сара» ӨК, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Сара» ӨК, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 74,
8 (7132) 53-20-22
Электронды пошта: pk_sara@mail.ru