Солкосерил (мазь, 20 г)

МНН: Депротеинизированный гемодериват из крови молочных телят (Bos taurus), стандартизованный химически и биологически
Производитель: Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011818
Информация о регистрации в РК: 29.11.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Солкосерил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

1г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – (Воs tаurus) жаңа туылған бұзаулардың қанынан депротеинделген гемодериват, химиялық және биологиялық стандартталған 2.07 мг,

қосымша заттар: пропилпарагидроксибензоат, метилпарагидроксибензоат, холестерин, цетилді спирт, ақ вазелин, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Солкосерил (жағымды, ет сорпасының иісі сияқты) және вазелиннің әлсіз иісі бар ақтан сәл сарғыш түске дейінгі біртекті майлы масса

Фармакотерапиялық тобы

Жараны және ойық жараны емдеуге арналған препараттар

Аса тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АTХ коды D03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттеулер нәтижесінде сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлері белсенді затының төмен жүйелік сіңуі анықталған.

Фармакодинамикасы

Солкосерил препараты құрамында жаңа туылған бұзаулардың жасушалық массасы мен қан сарысуларының төмен молекулярлы компоненттерінің кең ауқымы бар (Воs tаurus) жаңа туылған бұзаулардың қанынан жасалған депротеинделген, стандартталған гемодериват болып табылады

Солкосерилдің:

- репаративті және регенеративті үдерістерді жоғарылататыны

- аэробты метаболикалық үдерістерді және тотығып фосфорланудың белсенділенуіне ықпал ететіні

- гипоксия және ишемия жағдайларында оттегі тұтынуды жоғарылататыны және жасушаларға глюкоза тасымалдануын стимуляциялайтыны

- коллаген синтезін арттыратыны; жасушалар пролиферациясын стимуляциялайтыны анықталған.

Осылайша, Солкосерил жақпамайы тіндерді гипоксиядан және қоректік заттар тапшылығынан қорғайды, қайтымды зақымданған тіндердің қалыпты қызметінің қалпына келуіне жәрдемдеседі және жаралардың жазылу үдерісінің жылдамдауына ықпал етеді.

Қолданылуы

- сыдырылуларда, кесілулерде

- құрғақ, ылғалданбайтын жараларда

- жараға грануляция пайда болған сәттен бастап

Қолдану тәсілі және дозалары

Солкосерил жақпамайын жергілікті қолданады. Солкосерил жақпамайын жараны алдын ала зарарсыздандыратын ерітінді қолданып тазалағаннан кейін жаралы беткейге тікелей жағады. Трофикалық ойық жараны емдеуді бастар алдында, сондай-ақ жараның іріңді жұқпалануы жағдайында алдын ала хирургиялық өңдеу керек. Солкосерил жақпамайын құрғақ жұқпаланбаған жараны емдеу үшін қолдану ұсынылады.

Солкосерил жақпамайы тазаланған жараға күніне 1-2 рет жұқа қабатпен жағылады. Солкосерил жақпамайын таңғыш астына қолдануға болады. Солкосерил жақпамайымен емдеу курсы жара толық жазылғанша, оның эпителизациясына дейін және созылмалы тыртық тіні түзілгенше жалғастырылады және дәрігермен жеке тағайындалады.

Терінің және жұмсақ тіндердің ауыр трофикалық зақымдануын емдеу үшін бір мезгілде Солкосерилдің парентеральді түрін де пайдалану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- есекжем, жиектік дерматит түріндегі аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Солкосерил жақпамайының жергілікті әсер ететін басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Солкосерил жақпамайының құрамында жұқпаға қарсы компоненттері болмайтындықтан Солкосерил жақпамайын ластанған жараға жағуға болмайды.

Солкосерил жақпамайын аллергиялық реакцияларға бейімділікте сақтықпен қолдану керек.

Тіндердің шығу тегі әртүрлі трофикалық зақымдануларын емдеу үшін Солкосерил жақпамайы жарадан некроздалған тіндерді алып тастағаннан кейін ғана қолданылады.

Солкосерил жақпамайын жаққан орын жанындағы тері бөліктерінің ауыру сезімдері, қызарулары пайда болған жағдайда, жарадан секреция бөлінгенде, температура көтерілгенде дереу дәрігерге қаралу керек. Егер Солкосерил жақпамайын қолданған жағдайда зақымданған бөліктің жазылуы байқалмаса дәрігерге қаралу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балаларда қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Препарат жүкті және бала емізетін әйелдерді емдеу үшін, егер оның ана үшін болжамды пайдасы ұрық және бала үшін потенциалды қаупінен асатын болса дәрігер тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Солкосерил жақпамайының артық дозалануының әсері туралы мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан жарғақшалы және эпокси-фенолды шайыр негізді ішкі жабындысы бар пластмасса қалпақшасы (тығыздығы жоғары полипропилен) бар алюминий сықпаға салынады.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Сықпаны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Легаси Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ

Рюрбергштрассе 21, 4127 Бирсфельден, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

МЕДА Фармасьютикалс Швейцария ГмбХ

Хегнауштрассе 60, 8602 Ванген-Брюттизеллен, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «МЕДА Фармасьютикалз Швейцария ГмбХ» өкілдігі: Алматы қ., Достық даңғылы 97, 8 кеңсе, тел : +7 727 264-17-94,

факс: + 7 727 264-17-71

Электронды поштасы: info.safety@meda-cis.com

 

 

Прикрепленные файлы

277257301477976842_ru.doc 46 кб
187890901477977999_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники