Соликем (10 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Соликем
Халықаралық патенттелмеген атауы
Солифенацин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг және 10 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - солифенацин сукцинаты 5 мг және 10 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты (200 М), жүгері крахмалы, гипромеллоза 2910, магний стеараты, тазартылған су
қабықтың құрамы: қызғылт опадрай 03F14895 (гипромеллоза 2910, тальк, макрогол, титанның қостотығы (E 171), темірдің (Ш) қызыл тотығы (Е 172); сары опадрай 03F12967 (гипромеллоза 2910, тальк, макрогол, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), тазартылған су
Сипаттамасы
Бір жақ беті «S5» өрнектелген және екінші жақ беті тегіс, дөңгелек пішінді, ашық-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Бір жақ беті «S10» өрнектелген және екінші жақ беті тегіс, дөңгелек пішінді, ашық-қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар.
Спазмолитиктер. Солифенацин.
АТХ коды G04BD08
Фармакологиялық қасиеттері
Сіңірілуі
Плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) солифенацинді пероральді қабылдағаннан кейін 3-8 сағат өткеннен кейін жетеді. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты (tmax) дозасына тәуелді емес. Cmax пен қисық астындағы ауданы (АUС) дозаны 5-тен 40 мг-ға дейін жоғарылатқанда пропорционалды түрде артады. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 90 % құрайды. Тамақтану солифенациннің Cmax пен АUС әсер етпейді.
Таралуы
Вена ішіне енгізуден кейін солифенациннің таралу көлемі шамамен 600 л құрайды. Солифенацин елеулі дәрежеде (98% жуық) плазма протеиндерімен, көбінесе ai -қышқыл гликопротеинмен байланысады. Солифенацин тіндерде кең таралады.
Метаболизмі
Солифенацин негізінен Р450 3А4 (СҮР3А4) цитохромымен бауырда белсенді метаболизденеді. Алайда солифенациннің метаболизмі жүзеге асатын басқа да баламалы метаболизм жолдары бар. Солифенациннің жүйелі клиренсі 9,5 л/сағатты құрайды, ал жартылай шығарылуының түпкілікті кезеңі 45-68 сағатқа тең. Препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін плазмада солифенациннен басқа мынадай: бір фармакологиялық белсенді (4R-гидроксисолифенацин) және үш белсенді емес (N-глюкуронид, N-оксид пен солифенациннің 4R-гидрокси-N-оксиді) метаболиттер идентификацияланды.
Шығарылуы
10 мг 14С-таңбалы солифенацинді 26 күннен кейін бір рет енгізгенде несепте шамамен 69% және нәжісте 22,5% радиоизотоп анықталған. Несепте радиоизотоптардың шамамен 11%-ы өзгермеген белсенді зат күйінде, 18%-ға жуығы N-оксидті метаболит түрінде, 9%-ы 4R-гидрокси- Ы--оксидті метаболит түрінде және 8%-ы 4R-гидрокси метаболит (белсенді метаболит) түрінде анықталған. Созылмалы дозалаудан кейінгі солифенациннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 45-68 сағатты құрайды.
Дозаға тәуелділік/дозаға тәуелсіздік
Солифенациннің фармакокинетикасы дозаларының емдік ауқымында дозасына тәуелді.
Пациенттердің жеке санаттарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері
Жасы
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Егде жастағы адамдардағы солифенацин сукцинатын (күніне бір рет 5 мг және 10 мг) қолданудан кейін AUC (концентрацияның уақытқа тәуелділігінің қисық астындағы ауданы) түрінде байқалған солифенацин экспозициясы егде жастағы (65 жастан 80 жасқа дейін) дені сау адамдарда және жас дені сау пациенттердегі (жасы 55-ке толмағандарға) экспозицияға ұқсас болды. Tmax түрінде байқалған абсорбцияның орташа жылдамдығы егде жастағы пациенттерде біраз төмен болды және жартылай шығарылудың соңғы кезеңі егде жастағы пациенттерге қарағанда шамамен 20% ұзақтау. Бұл аздаған айырмашылықтар клиникалық тұрғыдан маңызды емес. Солифенациннің фармакокинетикасы балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған.
Жынысы
Солифенациннің фармакокинетикасы пациенттің жынысына байланысты емес.
Нәсілі
Қандай нәсілге жататындығы солифенациннің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде солифенацин AUC (концентрацияның уақытқа тәуелділігінің қисық астындағы ауданы) және Сmax дені сау еріктілердегі тиісті көрсеткіштерден елеулі дәрежеде айырмашылық болмады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) пациенттерде солифенациннің экспозициясы едәуір жоғары - Cmax артуы 30 %-ға жуық, АUС – 100 %-дан астам және ti/2 – 60 %-дан астам. Креатинин клиренсі мен солифенацин клиренсі арасында статистикалық маңызды өзара байланыс байқалған.
Гемодиализдегі пациенттердің фармакокинетикасы зерттелмеді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью көрсеткіші 7-ден 9 дейін) пациенттерде Cmax шамасы өзгермейді, АUС 60 %-ға артады, ti/2 екі есе артады. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде фармакокинетикасы анықталмаған.
Фармакодинамика сы
Әсер ету механизмі
Қуық парасимпатикалық холинергиялық жүйкелермен иннервацияланады. Ацетилхолин мускариндік рецепторларға, көбінесе М3 қосалқы түріне ықпалы есебінен детрузордың тегіс бұлшықетінің жиырылуын туындатады.
Солифенацин мускариндік рецепторлардың, негізінен М3 қосалқы түрінің спецификалық бәсекелес тежегіші болып табылады. Сонымен бірге препараттың басқа да түрлі рецепторлармен және иондық өзекшелермен тектестігі әлсіз немесе болмайтыны анықталған.
Фармакодинамикалық әсерлері
Солифенацин препаратының 5 мг және 10 мг дозалардағы тиімділігі емдеудің бірінші аптасында байқалған және одан кейінгі 12 аптаның ішінде тұрақталған, препарат тиімділігі 12 ай бойы сақталады. 12 апта қолданғаннан кейін ем басталғанға дейін несеп ұстай алмаудан зардап шегетін 50% пациентте несеп ұстай алмауы басылды және 35% пациентте күніне 8 эпизодтан аз несеп шығару жиілігіне қол жеткізілді. Гиперактивті қуықтың басқа симптомдарын емдеу де жалпы денсаулық жағдайын қабылдау, несепті ұстай алмаудың салдары, шектеудің әсері, физикалық шектеулері, күнделікті өмірге қатысты шектеулер, эмоция, симптомдар ауырлығы, дәрежесінің ауырлығы және ұйқы/күш сияқты өмір сапасы көрсеткіштерінің жақсаруына әкелді.
Қолданылуы
несепті ургентті (императивті) ұстай алмауды симптоматикалық емдеуде
қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерге тән жиі несеп шығаруды және несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылуды симптоматикалық емдеуде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Егде жастағы адамдарды қоса алғанда, ересектер
Тамақтану уақытына қарамастан, таблетканы тұтастай жұтып, сұйықтықпен бірге іше отырып, күніне бір рет 5 мг-ден ішке қабылдайды. Қажет болса дозасы күніне бір рет 10 мг дейін жоғарылатылуы мүмкін.
Балалар
Препараттың балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Демек, препаратты балаларға тағайындауға болмайды.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Дәрежесі жеңілден орташаға (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатин клиренсі < 30 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы орташа бұзылған ((Child-Pugh) Чайлд - Пью шкаласы бойынша ауырлықты бағалауға сәйкес 7-9 балл) пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн.
Р4503А4 цитохромының күшті тежегіштері
Солифенацинді кетоконазолмен немесе CYP3A4 басқа потенциалды тежегіштерінің, мысалы, ритонавирді, нелфинавирді, итраконазолды бір уақытта қолданғанда Соликем препаратының ең жоғарғы дозасы шектелуі және 5 мг болуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Солифенацин жеңіл және орташа дәрежедегі антихолинергиялық жағымсыз әсер туындатуы мүмкін. Антимускаринді дәрілерден күтілетін жағымсыз реакциялар ауыздың құрғауы, іш қатуы, көрудің бұлыңғырлануы (аккомодация ауытқулары), несеп іркілісі және көздің құрғауы болып табылады.
Антихолинергиялық жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозамен байланысты. Ең жиі хабарланатын жағымсыз реакция ауыздың құрғауы болып табылады. Ауыз құрғауының ауырлығы жалпы алғанда жеңіл болды және кейде ғана емнің тоқтатылуына әкелді.
Жағымсыз реакциялар анықтау жиілігінің төмендеу тәртібімен төменде тізілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100 - <1/10 дейін); жиі емес (>1/1000 - <1/100 дейін); сирек (>1/10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- ауыздың құрғауы
Жиі
- көру арқылы қабылдаудың анық болмауы (аккомодация бұзылуы)
- іш қатуы, жүрек айнуы, диспепсия, іштің ауыруы,
Жиі емес
несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит, несеп шығарудың қиындауы
ұйқышылдық, шаршау
дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)
көз, жұтқыншақ, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы
гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы
терінің құрғауы
қажығыштық
шеткері ісінулер
Сирек
- бас айналуы*, бас ауыруы*
- жуан ішектің тарылуы, копростаз, құсу
- қышыну, бөртпе
- несеп іркілуі
Өте сирек
- елестеулер, сананың шатасуы
- мультиформалы эритема, есекжем, ангионевроздық ісіну
Белгісіз
- анафилаксиялық реакция
- тәбеттің төмендеуі
- гиперкалиемия
- делирий
- глаукома
- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, электрокардиограммда QT аралығының ұзаруы, жүрекшелер фибрилляциясы, жүрек қағуын сезіну, тахикардия
- дисфония
- ішек бітелісі
- асқазан-ішек жайсыздығы
- бауыр бұзылыстары, бауырдың функционалдық сынамалары көрсеткіштерінің нормадан ауытқуы
- эксфолиативті дерматит
- бұлшықет әлсіздігі
- бүйрек функциясының бұзылуы
* - маркетингтен кейінгі кезеңдегі қадағалау
Маркетингтен кейінгі кезеңде солифенацинді қабылдағанда «пируэт» типті тахикардия және QT аралығының ұзаруы дамыған жағдайлары туралы мәлімдемелер түскен, олардың жиілігін анықтау қиындау болып табылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
несеп шығарудың іркілуі және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер
асқазан-ішектің ауыр сипатты (уытты мегаколонды қоса) аурулары және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер
миастения gravis және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер
жабық бұрышты глаукома және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
гемодиализ жүргізу
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
СҮР3А4 күшті тежегіштерімен, мысалы кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының орташа жеткіліксіздігі
сирек тұқым қуалайтын галактоза көтерімділігінің бұзылуы, Lapp-лактаза ферменті жеткіліксіздігі, глюкоза-галактозды мальабсорбциясы бар пациенттер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фармакологиялық өзара әрекеттесуі
Антихолинергиялық қасиеттері бар дәрілік заттармен қатарлас емдеу емдік және жағымсыз әсерлерінің едәуір айқын болуына алып келуі ықтимал. Соликем препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, басқа антихолинергиялық препаратпен емдеуді бастамас бұрын шамамен бір апталық үзіліс жасау керек. Холинергиялық рецепторлар агонистерін бір мезгілде қабылдағанда емдік әсері төмендеуі мүмкін.
Препарат асқазан-ішек жолдарының моторикасын көтермелейтін дәрілік препараттардың, мысалы - метоклопрамид пен цизапридтің әсерін төмендетуі мүмкін.
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі
Солифенацин емдік концентрацияларда адам бауырының микросомаларынан бөлінген CYP1A1/2, 2C9, 2C19, 2D6 немесе 3A4 тежемейді. Осылайша, солифенацин осы CYP-ферменттермен метаболизденетін дәрілік препараттардың клиренсін өзгерту ықтималдығы аз.
Басқа дәрілік препараттардың солифенацин фармакокинетикасына ықпалы
Солифенацин СҮР3А4 арқылы метаболизденеді. СҮР3А4 күшті тежегіші кетоконазолды (күніне 200 мг) бір мезгілде енгізу солифенацин АUС екі есе артуын, ал 400 мг/күн дозада – үш есе артуын туындатты. Сондықтан егер науқас кетоконазолды немесе СҮР3А4 (ритонавир, нелфинавир, итраконазол сияқты) басқа да күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын болса, Соликем препаратының барынша жоғары дозасы 5 мг-нан аспауға тиіс. Бүйрегінің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырының орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерді солифенацинмен және СҮР3А4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеуге болмайды.
Солифенациннің және оның метаболиттерінің фармакокинетикасына ферменттер индукциясының ықпалы, сондай-ақ жоғары аффинді CYP3А4 субстраттарының солифенацинге ықпалы зерттелмеді. Солифенацин СҮР3А4 арқылы метаболизденетіндіктен, СҮР3А4-тің тектестігі едәуір жоғарылау басқа да субстраттарымен (верапамил, дилтиазем) және СҮР3А4 индукторларымен (рифампицинмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі болуы мүмкін.
Солифенациннің басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына ықпалы
Пероральді контрацептивтер
Солифенацинді пероральді контрацептивтік дәрілермен бірге қабылдағанда солифенацин және біріктірілген пероральді контрацептивтердің (этинилэстрадиол\левоноргестрел) фармакокинети- калық өзара әрекеттесулері анықталмады.
Варфарин
Солифенацинді варфаринмен қоса қабылдағанда R-варфарин немесе S-варфариннің фармакокинетикасы және олардың протромбиндік уақытқа әсері өзгермейді.
Дигоксин
Солифенацинді дигоксинмен бірге қолданғанда дигоксин фармакокинетикасына әсер етпейді.
Айрықша нұсқаулар
Соликем препаратымен емдеуді бастамас бұрын несепті жиі шығарудың басқа себептерінің (жүрек жеткіліксіздігінің немесе бүйрек ауруларының) бар-жоғын анықтап алу қажет. Егер несеп шығару жолдарының инфекциясы анықталса, бактерияға қарсы тиісті емдеуді бастау керек.
Соликем препаратын төмендегі:
несептің ағып шығуының бұзылуымен және несептің іркілу қаупімен қуықтың клиникалық тұрғыдан маңызды обструкциясы бар
обструкциямен асқазан-ішек аурулары бар
асқазан-ішек жолдары моторикасының төмендеу қаупі бар
бүйрегінің ауыр (креатинин клиренсі минутына < 30 мл) және бауырының орташа (Чайлд-Пью көрсеткіші 7-ден 9 дейін) жеткіліксіздігі бар пациенттерге, бұл пациенттерге арналған дозалары 5 мг аспауы тиіс
СҮР3А4 күшті тежегішін, мысалы, кетоконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге
диафрагманың өңеш тесігінің жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және/немесе эзофагитті туғызуы немесе күшейтуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге
вегетативті нейропатиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.
QT аралығының ұзаруы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия QT аралығының бұрыннан бар ұзару синдромы және гипокалиемия сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды.
Нейрогендік факторлардан туындаған қуық детрузорының аса жоғары белсенділігі бар пациенттерде Соликем препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Галактоза жақпаушылығының сирек кездесетін тұқым қуалайтын бұзылулары, Lapp-лактаза ферменті жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Солифенацин сукцинатын қолданумен кейбір пациенттерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылған ангионевроздық ісіну туралы хабарланды. Егер ангионевроздық ісіну туындаса солифенацин сукцинатын қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет.
Солифенацин сукцинатын қолданумен ем алатын кейбір пациенттерде анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды. Анафилаксиялық реакциялар дамыған пациенттерде солифенацин сукцинатын қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет.
Препараттың ең жоғарғы әсері 4 аптадан соң барып анықталуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Солифенацинді қабылдап жүріп жүкті болған әйелдер жөнінде деректер жоқ. Адам үшін потенциалды қауіп белгісіз. Бұл препаратты жүкті әйелдерге тағайындау кезінде сақ болу керек. Солифенацинды жүктілік кезінде егер потенциалды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупін ақтаса ғана пайдалану керек. Солифенациннің адам сүтімен бөлініп шығатыны туралы деректер жоқ. Бала емізу кезеңінде Солифенацин қолданудан аулақ болу керек. Бала емізуді тоқтату туралы шешім қабылдау керек немесе бала емізетін аналарда солифенацин қабылдауды тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Солифенацин басқа да антихолинергиялық препараттар сияқты көру айқындығының бұзылуын, сондай-ақ ұйқышылдық пен шаршау сезімін туғызуы ықтимал, бұл көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне жағымсыз ықпал етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары:
Артық дозалану ауыр антихолинергиялық әсерлер туындатуы мүмкін. Бір пациенттің кездейсоқ алған солифенацин сукцинатының ең жоғарғы дозасы 5 сағат ішінде 280 мг құрады, ауруханаға жатуды керек етпейтін психикалық күйдің өзгеруіне әкелді.
Басқа да антихолинергиялық препаратпен артық дозалану жағдайындағы сияқты, QT аралығының ұзару қаупі анықталған пациенттерге (яғни гипогликемияда, брадикардияда және QT аралығының ұзаруын туғызатын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда) және жүрек аурулары (миокард ишемиясы, аритмиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) бар пациенттерге айрықша назар аудару керек.
Емі: белсендірілген көмірді тағайындау, асқазанды шаю егер бір сағат ішінде орындалса тиімді, бірақ құстырмау керек. Басқа да антихолинергиялық дәрілермен артық дозалану кезіндегідей ауру белгілерін төмендегіше емдеу керек:
- орталықтық әсер ететін ауыр антихолинергиялық әсерлері (елестеулер, айқын қозу) болғанда – физостигмин немесе карбахол
- құрысуларда немесе айқын қозғыштықта – бензодиазепиндер
- тыныс алу жеткіліксіздігінде – жасанды тыныс алдыру
- тахикардияда – бета-блокаторлар
- несеп шығару іркілісінде – катетеризация
- мидриазда – көзге пилокарпин тамызу және/немесе науқасты қараңғы бөлмеге орналастыру керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий/алюминийден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Alkem Laboratories Ltd»
Mumbai -400013, Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Alkem Laboratories Ltd», Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«The Pharma Network» («Зэ Фарма Нэтворк») ЖШС
Алматы қ., Сейфуллин д., №404/67/9 үй
Телефон нөмірі +7 727 244 66 11
Факс нөмірі +7 727 244 66 10
Электронды пошта: alkem ltd@inbox.ru
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Nur Business Consulting» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қазыбек би к-сі,50, 28 «а» кеңсе
Ұялы т: +7 708 930 1280
Электронды пошта: pharmacovigilancenbc@gmail.com