Смекта®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Смекта®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ
Құрамы
Бір пакетшенің (3г) ішінде
белсенді зат - 3 г диоктаэдрлік смектит (диосмектит),
қосымша заттар: натрий сахарині, глюкоза моногидраты, апельсин хош иістендіргіші, ваниль хош иістендіргіші
Сипаттамасы
Суспензия дайындағанда білінетін жеңіл апельсин иісі бар, ақтан сәл ақшыл сұр түске дейінгі ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы препараттар. Басқа да ішек адсорбенттері. Диосмектит
АТХ коды А07ВС05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Диоктаэдрлік смектит асқазан-ішек жолынан сіңбейді, өзгермеген түрде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Смекта® тегі табиғи, сіңіретін әсері бар препарат. Шырышты бөгетті тұрақтандырады, шырыштың гликопротеидтерімен поливалентті байланыс түзеді, шырыштың мөлшерін арттырады, оның гастропротекторлық қасиеттерін жақсартады (тұз қышқылының сутегі иондарының, өт тұздарының, микроорганизмдердің және олардың токсиндерінің теріс әсеріне қатысты).
Оның диск тәрізді-кристалдық құрылымымен түсіндірілетін іріктеп сіңіргіш қасиеті бар; асқазан-ішек жолы саңылауындағы бактерияларды, вирустарды бойына сіңіреді. Смекта® радиомөлдір препарат болып табылады, нәжісті боямайды, емдік дозаларында физиологиялық ішек тасымалы уақытына әсер етпейді.
Қолданылуы
- балалар мен нәрестелерде жедел диареяда оральді регидратациямен кешенде және ересектерде
- созылмалы диареяда
- гастриттегі, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, колиттегі қыжылды, іштің кебуі мен жайсыздықтарын симптоматикалық емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Жедел диареяны емдеу
Балаларға
1 жасқа дейін: күніне 2 пакетшеден 3 күн бойына, содан соң күніне 1 пакетшеден;
1 жастан үлкен: күніне 4 пакетшеден 3 күн бойына, содан соң күніне 2 пакетшеден.
Ересектер
Күніне шамамен 3 пакетшеден.
Тәжірибеде емдеу курсының басында (бірінші 3 күн бойына) тәуліктік доза екі еселенуі мүмкін.
Басқа да көрсетілімдер
Балалар:
1 жасқа дейін: күніне 1 пакетшеден
1 жастан 2 жасқа дейін: күніне 1-2 пакетшеден
2 жастан асқан: күніне 2-3 пакетшеден
Ересектер:
Күніне шамамен 3 пакетшеден.
Қолдану тәсілі
Ішке. Пакетше ішіндегісі дәл қолданар алдында ерітілуі тиіс.
Балаларға:
Пакетше ішіндегісін балалар бөтелкесінде (50 мл) ерітеді және күні бойы бірнеше рет қабылдауға бөледі немесе басқа қандай да бір жартылай сұйық тағаммен араластырады (ботқа, пюре, компот, балалар тағамы).
Ересектерге:
Пакетшенің ішіндегісін ½ стақан суда ерітеді.
Оңтайлы қабылдау уақыты – тамақтану арасында, эзофагит кезінде – тамақтан соң.
Ұсынылатын емдеу курсы: 3-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: іш қатуы (бұл жағдайда емді дозалауды төмендету арқылы жалғастыруға болады )
Жиі емес: ішектің кебуі, құсу.
Есекжем, бөртпе, қышыну және тамыр ісінуін қоса алғандағы өте жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар болды.
Іш қатудың асқыну жағдайлары туралы да хабарланған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- фруктозаны көтере алмаушылық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қабылданатын дәрілік заттардың сіңу жылдамдығын және/немесе дәрежесін төмендетеді
Айрықша нұсқаулар
Смекта® мен басқа дәрілік заттарды қабылдау арасындағы аралық 1 – 2 сағатты құрауы керек.
Сыртартқысында ауыр созылмалы іш қатуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Жедел диареясы бар балаларда сусыздануды болдырмау үшін препарат алдын ала оральді регидратациялық ерітіндіні қабылдайтын кешенде қолданылуы тиіс.
Ересектерде регидратация ерекше жағдайларда болмаса қажет емес.
Оральді немесе көктамырішілік регидратациялық ерітіндімен регидратацияның ұзақтығы ауру барысына, пациенттің жасына және ерекшеліктеріне қарай тағайындалады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ алюминий фольгамен және полиэтиленмен ламинацияланған қағаздан жасалған пакетке салынған.
10 немесе 30 пакетшеден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
25°С-дан аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
БОФУР ИПСЕН Индастри, Франция
28100 DREUX, France
Тіркеу куәлігінің иесі
ИПСЕН Фарма, Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы АО IPSEN PHARMA (ИПСЕН ФАРМА) өкілдігі
050040 Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы, 45, 2 кеңсе
Тел./факс: 8 (727) 2646448, 2646620, 2646715
Электрондық поштасы: aigul.ismagulova@ipsen.kz