СЛАБИКАП

МНН: Натрия пикосульфат
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sodium picosulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003671
Информация о регистрации в РК: 08.02.2012 - 08.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

СЛАБИКАП

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий пикосульфаты

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 7,5 мг/мл

Құрамы

10 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат 75 мг натрий пикосульфаты (сусызға шаққанда),

қосымша зататр: сорбитол, пропиленгликоль, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір, сәл тұтқыр түссіз немесе әлсіз боялған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізгіш дәрілер. Жанаспалы іш жүргізгіштер. Натрий пикосульфаты.

АТХ коды А06АВ08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан сіңбейді және бауыр-ішек айналымына түспейді.

Фармакодинамикасы

Слабикап – іш жүргізетін дәрі. Электролиттер мен судың сіңуін азайтады, ішек перистальтикасын күшейтеді.

Ішек микроорганизмдерінің ықпалымен гидролиз арқылы түзілетін препараттың белсенді түрі ішек қабырғасы жүйкелік құрылымын тікелей қоздырады, ішек шырышты қабығының сезімтал жүйке ұштары тітіркенісін күшейтеді, соның нәтижесінде ішек ішіндегілердің қозғалысы жылдамдайды. Қабылдағаннан соң 10-12 сағаттан кейін әсер ете бастайды.

Қолданылуы

- атониялық іш қатуда

- геморрой, проктит, нәжісті реттеу үшін артқы өтіс жарылуында

- хирургиялық операцияларға, инструменталдық және рентгенологиялық зерттеулерге даярлауда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған, ересектер мен 10 жастан үлкен балаларға бастапқы дозасы – 10 тамшыдан (5 мг) ұйықтар алдында күніне бір рет, орташа дозасы – 12-24 тамшыдан (6-12 мг), ауыр және тұрақты сипаттағы іш қатуда – 30 тамшыға (15 мг) дейін. 4 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үшін бастапқы доза 5-8 тамшы (2,5-4 мг), орташа 6-12 тамшыдан (3-6 мг), қол жеткен тиімділігіне қарай кейінгі қабылдауларда дозаны көбейтеді немесе азайтады.

Дәрігердің бақылауынсыз 10 күннен артық күнделікті қолданбау керек.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін жағымсыз реакциялар:

Иммундық жүйе тарапынан

Белгісіз: аллергиялық реакциялар (соның ішінде тері реакциялары және терінің және/немесе шырышты қабықтың ісінуі (ангионевроздық ісіну), мысалы, бет пен жұтқыншақ маңының ісінуі, тыныс тарылуы мүмкін).

Жүйке жүйесі тарапынан

Белгісіз: бас айналуы және естен тану.

Қолда бар ақпарат, бұл дімкәстанулардың дефекация кезіндегі ширығудың салдары немесе жүрек-қантамыр жүйесінің құрсақ қуысындағы ауыруға білдіретін реакциясы болып табылатынын көрсетеді.

Асқазан-ішек жолы тарапынан

Өте жиі: диарея,

Жиі: метеоризм, абдоминальді ауырулар немесе абдоминальді шаншулар,

Жиі емес: жүрек айнуы және құсу.

Слабикап, ішуге арналған тамшылар препаратын қысқа мерзімде қабылдау аясынан тыс кез-келген қолдану су мен электролиттердің (әсіресе, калийдің) жоғалтылуына және соған орай, ішек атониясының ушығуына алып келеді. Сондықтан, Слабикап, ішуге арналған тамшыларын тек қысқа мерзімде ғана қолдану керек.

Слабикап, ішуге арналған тамшылар препаратын ұзақ уақыт бойы қабылдау немесе жоғары дозаларын қолдану көбінесе судың, калий мен басқа да тұздардың организмнен шағарылуының артуымен қатар жүреді. Бұл әсіресе, несеп айдағыш дәрілермен немесе кортикостероидтармен бір мезгілде қабылдағанда жүрек функциясының бұзылуларына және бұлшықет әлсіздігіне алып келуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа және оның компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • ішек бітелісі

  • қысылып қалған жарық

  • құрсақ қуысы мүшелерінің жедел қабынбалы аурулары

  • перитонит

  • іштің ауыруы (түсініксіз генез)

  • ауыр дегидратация

  • асқазан-ішек жолынан қан кетулер

  • метроррагия

  • цистит

  • спазмдық іш қатулары

  • 4 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік (І триместр)

  • тұқым қуалайтын фруктоза және галактоза көтере алмаушылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтар, диуретиктер электролиттік бұзылулардың дамуы қаупін, атап айтқанда гипокалиемияда арттырады.

Кең ауқымды әсер ететін антибиотиктер препараттың іш жібіткіш әсерін төмендетеді. Электролитті дисбаланстың дамуына байланысты жүрек гликозидтеріне сезімталдық жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұзақ уақытқа тағайындау электролиттік дисбаланс пен гипокалиемияға апарып соғуы, сондай-ақ «әдеттену» мен «рикошет» әсері салдарынан іш қатуларына себеп болуы мүмкін.

Гипокалиемия, қан құрамында магний мөлшері жоғары болғанда егде адамдарға, организмі нашарлаған емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Үлкен дозада опиоидтер қабылдайтын онкологиялық науқастарда іш қатуын болдырмауға тиімді.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға 3 күннен артық қолданбау керек!

Дәмі жоқ, сондықтан балаларға тамаққа қосып беруге болады.

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің II және III триместрлерінде, егер болжамды түрде анаға пайдасы іштегі балаға қауіптілігі мүмкіндігінен жоғары болған жағдайда ғана қолданған жөн. Лактация кезеңінде қолдану қажеттілігінде, емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозаланғанда

Симптомдары: диарея, сусыздану, әлсіздік, құрысулар, артерия қысымының төмендеуі, су-электролиттік баланстың бұзылуы, іштегі ауыру сезімдері.

Бұдан басқа, ұзақ уақыт артық дозалану кезінде созылмалы диарея, калийдің төмендеуі, тоқ ішектің шырышты қабығы ишемиясы, салдарлы гиперальдостеронизм, несептас аурулары, бүйрек түтікшелері зақымдануы, метаболизмдік алкалоз, бұлшықет әлсіздігінің дамуы мүмкін.

Емдеу: асқазанды жуу, су-электролиттік баланстың бұзылуын түзету, спазмолитикалық дәрілер.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығын-тамшылатқышы және бұрандалы қалпақшалары (құты-тамшылатқыш) бар полиэтилен құтыларға10 мл-ден.

Әр құтыны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ

640008, Ресей Федерациясы, Қорған қ-сы, Конституция даңғылы, 7.

тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

780419961477977162_ru.doc 49.5 кб
872485541477978324_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники