Скин-кап® (шампунь)

МНН: Пиритион цинка
Производитель: Б.Браун Медикал С.А., Испания для Хемигруп Франс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pyrithione zinc
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022575
Информация о регистрации в РК: 23.12.2016 - 23.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Скин-кап®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиритион мырышы

Дәрілік түрі

Сусабын

Құрамы

100 мл сусабынның құрамында:

белсенді зат - пиритион мырышы 48% 2,08г

қосымша заттар: этилендиаминтетрасірке қышқылы, полигель W400, 0,1% натрий гидроксиді ерітіндісі, метилпарагидроксибензоаты, ментол, этил спирті, натрий лаурилсульфаты, абил В88183, тего перладо N100, Бинеа хош иістендіргіші, токоферол ацетаты, церамидтер кешені (SK-INFLUX), тего бетаин, натрий хлориді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақ түсті суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқадай препараттар. Пиритион мырышы

АТХ коды D11AX12

Фармакологиялық қасиеттері

Скин-кап® сусабынының белсенді заты – микробтарға қарсы және зеңдерге қарсы белсенділігі бар белсендірілген мырыш пиритионаты. Препарат Pytyrosporum ovale және Rytyrosporum orbiculare жөнінде ең жоғары белсенділік танытады және терінің беткейлік қабаттары жасушаларының патологиялық өсуін бәсеңдетеді және осының арқасында псориаздағы, себореядағы, қайызғақтағы шамадан тыс қабыршықтануды кетіреді. Емдік концентрацияларда препарат сау жасушалардың қызметін бәсеңдетпейді.

Мырыш пиритионатының әсер ету механизмі транслокацияның индукциялануына және С протеинкиназаның белсенділігіне байланысты болады.

Мырыш пиритионаты сыртқа қолданған кезде эпидермисте және дерманың беткейлік қабаттарына жинақталады. Мырыш пиритионатының жүйелі сіңуі баяу жүреді, білінетін мөлшерлерде қанда анықталады.

Сусабын терінің гидратациясын арттырады, оның майлылығын төмендетеді, тазартатын және қабыршықтандыратын әсер етеді, шаштың фолликулдарының қызметін қалпына келтіреді.

Қолданылуы

Ересектер мен балаларға 3 жастан бастап:

- псориаз және бастың шашты бөлігінің дерматиттерінде, майлы және құрғақ себореяда, себореялық экземада, қышуда, қайызғақта.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында құтыны бірнеше рет қатты сілку керек. Шашты сулау керек. Скин-кап® сусабынын аз мөлшерде шашқа жағу және бастың терісін уқалау керек. Жуып және тағы да жағу керек. Өнімге 5 минут бойы әсер етуге мүмкіндік береді. Судың көптеген мөлшерімен мұқият жуу керек. Екі апта бойы аптасына кем дегенде 2-3 рет қолдану керек. Қажет болған жағдайда қайталауға болады. Ремиссия кезеңінде сусабын аптасына 1-2 рет алдын алу мақсатында қолданылады.

Сусабынның жұмсартатын әсері сезімтал немесе терісі жеңіл тітіркенетін басты жиі жууға мүмкіндік береді және табиғи түске және ең сезімтал шаштың жағдайында әсер етпейді.

Жағымсыз әсері

Сусабынның әдетте жағымдылығы жақсы. Аллергиялық реакциялары сирек кездеседі, ондай кезде оны қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Сусабынның кейбір компоненттеріне жоғары сезімталдықта.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Скин-кап® құрамында глюкокортикоидтары бар жақпамаймен немесе креммен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Сусабынның көзге және шырышты қабықтарға тиіп кетуінен сақ болу керек. Препарат кездейсоқ тиіп кеткен жағдайда көзді суық судың көптеген мөлшерімен жуу керек. Препарат кездейсоқ қабылдап қойған кезде белсендіріліген көмірді пайдалана отырып, асқазанды шаю және тұзды іш жүргізетіндерді тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде сыртқа қолдануға арналған сусабын түріндегі Скин-кап® препаратын қолдану қауіпсіздігі туралы мәлімметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Скин-кап® препаратының кездейсоқ артық дозалануы анықталмаған. Препараттың артық дозалану қаупі төмен, өйткені жергілікті қолданғанда мырыш пиритионатының жүйелі сіңуі өте төмен.

Шығарылу түрі

Құтыда 75 мл немесе 150 мл сусабын.

Картон қорапшаға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 құты салынған.

Сақтау мерзімі және шарттары

4°С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Б.Браун Медикал С.А.» , Испания «Хемигруп Франс» Испания үшін

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хемигруп Франс», Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ORAI» ЖШС, мемлекеттік лицензия № ОР64602914Р 30.03.2002 ж. Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Керемет ықш. ауд., 7 үй, 1-42 кеңсе,

тел. 8 (727)2 609832, 2609901, e-mail: orai@inbox.ru

Прикрепленные файлы

Скин-кап_шампунь_инстр_рус.doc 0.05 кб
Скин-кап_шампунь_инстр_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники