Скин-кап® (крем)

МНН: Пиритион цинка
Производитель: Б.Браун Медикал С.А., Испания для Хемигруп Франс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pyrithione zinc
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022574
Информация о регистрации в РК: 23.12.2016 - 23.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

СКИН-КАП®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиритион мырышы

Дәрілік түрі

Крем

Құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат - пиритион мырышы 48% 0.42 г

қосымша заттар: изопропилпальмитат (Tegosoft P),

диэтилгексилкарбонат (Tegosoft DЕC), сахароза эфирі (Tegosoft LSE 65К SOFT), полиглицерил 3-метилглюкоза дистеараты (Tego Care 450), абил 8839, глицерил стеараты (Tegin M), стеарил спирті (Tego alkanol 18), метилглюкоцет Е20 (Tegosoft E20), альфа бисаболол, токоферол ацетаты, бутилгидрокситолуол, пропилпарабен, нипагин, глицерин, церамидтер кешені (SK-INFLUX), карбопол, гермабен, Бинеа хош иістендіргіші, натрий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақ түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқадай препараттар. Пиритион мырышы

АТХ коды - D11AX12

Фармакологиялық қасиеттері

Скин-кап® кремінің белсенді заты – микробтарға қарсы және зеңдерге қарсы белсенділігі бар белсендірілген мырыш пиритионаты. Препарат Pytyrosporum ovale және Rytyrosporum orbiculare жөнінде ең жоғары белсенділік танытады және терінің беткейлік қабаттары жасушаларының патологиялық өсуін бәсеңдетеді және осының арқасында псориаздағы, себореядағы, қайызғақтағы шамадан тыс қабыршықтануды кетіреді. Емдік концентрацияларда препарат сау жасушалардың қызметін бәсеңдетпейді.

Мырыш пиритионатының әсер ету механизмі транслокацияның индукциялануына және С протеинкиназаның белсенділігіне байланысты болады.

Мырыш пиритионаты сыртқа қолданған кезде эпидермисте және дерманың беткейлік қабаттарына жинақталады. Мырыш пиритионатының жүйелі сіңуі баяу жүреді, білінетін мөлшерлерде қанда анықталады.

Қолданылуы

Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға:

- псориаздың, атопиялық дерматиттің әсіресе қышынуда, тітіркену, терінің құрғауында (кремнің жоғары ылғалдандыратын қабілеті бар) және қабынбалы реакция сияқты жайылған түрлерін емдеу үшін, сондай-ақ тығыз псориаздық дақтар окклюзиялық таңғыштар астында сіңуі және атопиялық дерматитте инфильтрация үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Зақымданған теріге күніне 2 рет жағу керек. Псориаз кезінде емдеу курсы 1-1,5 ай, атопиялық дерматит кезінде 3-4 апта, қалған аурулар кремді симптомдары толық жоғалғанға дейін қолданады. Кремді патологиялық үдерістің қалған (гиперемия, құрғау, пигменттену, қабыршықтану) белгілері кезінде 1-2 апта бойы қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты әдетте жақсы көтереді. Аллергиялық реакциялары сирек кездеседі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Кремнің компоненттеріне жоғары сезімталдықта.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Скин Кап®-ты құрамында глюкокортикоидтары бар жақпамаймен және креммен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Кремнің көзге және шырышты қабықтарға тиіп кетуінен сақ болу керек. Препарат кездейсоқ тиіп кеткен жағдайда көзді суық судың мол мөлшерімен жуу керек. Препаратты АІЖ кездейсоқ қабылдап қойған кезде белсендірілген көмірді пайдалана отырып, асқазанды шаю және тұзды іш жүргізетіндерді тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде сыртқа қолдануға арналған крем түріндегі Скин-Кап® препаратын қолдану қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Скин-кап® препаратының кездейсоқ артық дозалануы анықталмаған. Препараттың артық дозалану қаупі төмен, өйткені жергілікті қолданғанда мырыш пиритионатының жүйелі сіңуі өте төмен.

Шығарылу түрі

Пластик сықпада 15 г-нан және 50 г-нан препарат. Картон қорапшаға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 сықпа салынған.

Сақтау шарттары

4°С-ден 20°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Б.Браун Медикал С.А.», Испания «Хемигруп Франс» Испания үшін

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хемигруп Франс», Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ORAI» ЖШС, мемлекеттік лицензия № ОР64602914Р 30.03.2002 ж. Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Керемет ықш. ауд., 7 үй, 1-42 кеңсе,

тел. 8 (727)2 609832, 2609901, e-mail: orai@inbox.ru

Прикрепленные файлы

Скин-кап_крем_инструкция_рус.doc 0.05 кб
Cкин-кап_крем_инструкция_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники