СИРОП ОТ КАШЛЯ-ТЕВА (200г)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
СИРОП ОТ КАШЛЯ-ТЕВА
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шәрбат, 200 г
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді басатын біріктірілімдерді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар.
АТХ коды R05CA
Қолданылуы
- тұтқыр шырыштың түсуінің қиындауымен тыныс алу жолдарының суық тию ауруларының симптомдарын жеңілдету және жедел бронхит симптомдарын жеңілдету үшін.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жебіршөпке немесе ерінгүл (lamiaceae) тұқымдас басқа өсімдіктерге, қайыңға, жусанға, балдыркөкке немесе препараттың басқа компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- препарат құрамында этил спиртінің болуына байланысты алкоголизм, эпилепсия, бауыр аурулары
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен және бассүйек-ми жарақаты және құрысуға бейімділіктің төменгі шегімен мидың басқа аурулары бар пациенттерге дәрілік препаратты дәрігердің кеңесінен кейін ғана қабылдау керек.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жөтелге шағымдар бір аптадан астам уақыт сақталса, ентігу, қызу немесе іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препарат құрамында көлемі бойынша 4% спирт бар (1 мл препаратта 0,04 г спирт), сондықтан бауыр функциясының бұзылуы, алкоголизм, эпилепсия, органикалық аурулар немесе миының жарақаттары бар пациенттерге ұсынылмайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулықты сақтаған кезде ересектерге арналған бір реттік дозадағы спирттің мөлшері 0,95 г дейін.
Құрамына алкоголь болуына байланысты сұйық жебіршөп экстрактісі ерітінділерін қолдану допинг-бақылау кезінде оң нәтижелер көрсетеді.
Препаратты ойық жара ауруы, асқазан-ішек жолы, қалқанша безі, бауыр және бүйрек аурулары кезінде қабылдау ұсынылмайды.
Препарат құрамында өсімдіктен алынған экстракті бар, ол шәрбаттың аздап бұлыңғырлануына немесе құтының ішінде тұнба түзілуіне әкелуі мүмкін, алайда бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Белгісіз
Арнайы сақтандырулар
Сахароза
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
20 мл шәрбат құрамында 13,25 г сахароза (қант) бар. Бұл препаратты қант диабеті бар пациенттерге тағайындау кезінде ескерілуі тиіс.
Натрий
Препарат құрамында 1 мл шәрбатқа 1,18 мг натрий бар, бұл ДДҰ ересек адам үшін ұсынған 2 г құрайтын натрийдің ең жоғары тәуліктік тұтынылуының 0,06% мөлшеріне баламалы.
Қант диабетімен науқастарға арналған нұсқаулар
6 мл шәрбат құрамында 3,98 г сахароза бар, ол 0,3 НБ сәйкес келеді.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында спирттің болуына байланысты көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу қажет
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Сұйылтылмаған күйінде қабылдаңыз.
Ересектер: 10 мл тәулігіне 3 рет. Жалпы тәуліктік доза 30 мл.
Мүмкіндігінше, қабылдаулар арасындағы аралықтарды тұрақты сақтай отырып, күні бойы бөліп қабылдау керек. Қолданар алдында құты ішіндегісін сілку керек. Орташа емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Емдеу курстарының ұзақтығын ұлғайту және қайталау дәрігердің ұсынысы бойынша ғана мүмкін. Аурудың симптомдары 1 апта бойы сақталған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет.
«Арнайы сақтандырулар» және «Жағымсыз әсерлер» бөлімдерінде көрсетілген ақпаратты назарға алыңыз.
Құрамында этил спиртінің болуына байланысты дәрілік препаратты ұзақ уақыт бойы қабылдау ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған.
Сұйылтылмаған түрде қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Курстың ұзақтығы дәрігердің ұсынысына байланысты.
Артық дозалану кезінде қабылдау керек шаралар
Дәрілік заттың құрамында этил спирті бар, артық дозалану жағдайында алкогольдік уыттану дамуы мүмкін.
Симптомдары: құсу, диарея түрінде асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі. Ауыр жағдайларда құрысулар болуы мүмкін, препарат құрамында спирт болуына байланысты, алкогольдік уыттану ескерілу керек.
Емдеу: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, қажет болса, диурезді бақылау, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек болатын шаралар
Өте сирек
аса жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі)
Жиі емес
асқазан-ішек бұзылулары (түйілулер, жүрек айну, құсу, диарея)
Жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, реакцияның ауырлық дәрежесін анықтайтын және қажет болған жағдайда одан әрі шаралар қабылдайтын дәрігерге жүгіну керек.
Препаратты аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері кезінде қайта тағайындауға болмайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г (80 мл) шәрбат құрамында
белсенді зат - 9,001 г (9.04 мл) сұйық жебіршөп экстрактісі*,
қосымша заттар: 0,147 г натрий бензоаты, 0,633 г глицерин 85% , 79,7 г сахароза ерітіндісі 66.5%.
Қосымша заттардың толық тізімін 6.1 тармағынан қараңыз.
_____________________
* - препараттың бір дозасында (10 мл) 1.13 мл сұйық жебіршөп экстрактісі бар.
1 мл сұйық жебіршөп экстрактісінде 0,04 г этил спирті бар.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән жебіршөп иісі бар мөлдір қоңыр шәрбат.
Шығарылу түрі және қаптамасы
200 г шәрбаттан бұрандалы қақпағы бар қоңыр шыны құтыларға кұйылады.
1 құтыдан полипропиленнен жасалған өлшегіш стақанмен, медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты қолдану кезеңі 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Merckle GmbH,
Graf-Arco-Str. 3, 89079, Ульм, Германия
Тел.: +49 31 4027344
эл. пошта: info.teva-deutschland@teva.de
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
ratiopharm GmbH, Ульм, Германия
Graf-Arco-Str.3, 89079
Тел.: +49 31 4027344
эл. пошта: info@ratiopharm.de
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, Нұрлы Тау БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: 8(727)3251615; е-mail: info.tevakz@tevapharm.com; веб сайт: www.kaz.teva