Сироп от кашля с подорожником и мать-и-мачехой
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Жолжелкен мен өгейшөптен жасалған жөтелге қарсы шәрбат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат
Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар: 5,00 г сопақ жапырақты жолжелкен жапырағының
сығындысы, 5,00 г кәдімгі өгейшөп жапырағының сығындысы, 0,01 г жалбыз майы, 0,01 г эвкалипт майы
қосымша заттар: бал, «карамель» тағамдық бояғыш, сахароза
[құрақ қанты], калий сорбаты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар қоңыр тұтқыр сұйықтық. Аздап бұлыңғырлануға жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.
АТХ коды R05CA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген
Фармакодинамикасы
Өсімдік текті біріктірілген препарат.
Жолжелкеннің негізгі әсер етуші заттары иридоидты гликозидтер (аукубин, катапол), фенолкарбон қышқылдары (хлороген қышқылы) және олардың гликозидтері (вербаскозид), сапониндер, флавоноидтер, таниндер болып табылады. Осы заттардың арқасында сопақ жапырақты жолжелкен қабынуға қарсы, секретоликалық, түйілуге қарсы және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, қақырықты сұйылтады, жыпылықтағыш эпителийдің қызметін қалпына келтіреді, мукоцилиарлық клиренсті жақсартады. Жолжелкен сығындысының құрамына кіретін шырыштар респираторлық жол жоғарғы бөліктерінің шырышты қабықтарында қорғаныш қабатын түзеді, сол арқылы жөтелді туындататын тітіркендіргіштерге кедергі жасап, жөтел рецепторларының тітіркенуін азайтады.
Өгейшөп сығындысы жөтелді бәсеңдетеді, қақырықты сұйылтады, қабыну үдерісін саябырлатады. Өсімдіктер жапырақтарында шырыштың елеулі мөлшері болуы арқасында ауыз қуысы, тамақ пен көмейдің шырышты қабығына оларды тітіркенуден қорғай отырып, бүркемелеуші әсер береді.
Бұдан басқа шырыштар, сапониндер мен органикалық қышқылдар жоғарғы тыныс жолдарындағы құрғақ бөлінулерді жұмсартып, сұйылтады, трахея мен бронхтардағы кірпікшелі эпителийдің табиғи қозғалысын қалпына келтіреді, қабыну өнімдерін барынша жылдам көшіруге ықпалдасады және қақырықтың түсуін айтарлықтай жақсартады. Өсімдіктердің иіткіш заттары, каротиноидтер мен стериндер бір мезгілде айқын қабынуға қарсы әсер етеді: шырышты қабықтың гиперемиясын азайтады, осы қосылыстардың бактериостатикалық қасиеттері арқасында қабыну үдерісінің әртүрлі фазаларына белсенді әсері бар. Аздаған түйілуді басатын әсері өгейшөп жапырақтары құрамында эфир майы флавоноидтерінің болуына байланысты.
Бұрыш жалбызы мен эвкалипт майы жолжелкен мен өгейшөп сығындыларының қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсерін күшейтеді, жөтел рецепторларының сезімталдық шегін жоғарылатады. Өсімдіктер биологиялық белсенді заттарының фармакологиялық қасиеттері өгейшөп галендік препараттарының жоғарғы тыныс алу жолдары мен ауызжұтқыншақ шырышты қабықтарындағы қабыну үдерістеріне жағымды кешенді әсер етуіне себепші болады.
Қолданылуы
-
тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларын (трахеитті, трахеобронхитті, бронхит, бронхопневмонияны) кешенді емдеу құрамында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қолданылады. Препаратты тамақтану арасында қабылдаған жөн.
6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға – 1 шай қасықтан күніне 2-3 рет.
10-нан 15 жасқа дейінгі балаларға – 2 шай қасықтан күніне 2-3 рет.
Ересектерге және 15 жастан асқан балаларға – 1-2 ас қасықтан күніне 3-4 рет.
Емдеу курсы 2-3 апта. Дәрігердің ұсынымы бойынша емдеуді ұзартуға және қайталау курстарын өткізуге болады.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар (қышыну, күйдіру, тері бөртпесі, есекжем)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
асқазанның қышқылдығы жоғары ойық жаралы ауруы
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
6 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен: қант диабеті.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сұйылтылған қақырықтың шығуын қиындатуына байланысты құрамында кодеин мен басқа да жөтелге қарсы дәрілер бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Қант диабетімен науқастар үшін: 1 ас қасық препаратта көмірсу құрамы 0,8 НБ, 1 шай қасықта – 0,26 НБ сәйкес келеді.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл-ден күңгірт шыны немесе пластик құтыға құйылады.
1 құтыдан қолданылу жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
Натур Продукт Еуропа Б.В., Нидерланды
Твейберг 17, 5246 XL Розмален
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы тау» бизнес орталығы, 4Б блок, 1104 кеңсе
Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517
Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com