Синдронат

МНН: Клодроновая кислота
Производитель: С.К. Синдан-Фарма С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clodronic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016922
Информация о регистрации в РК: 11.03.2016 - 11.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Синдронат

Халықаралық патенттелмеген атаауы

Клодрон қышқылы

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 60 мг/ мл, 5 мл

Құрамы

1 мл концентраттың құрамында

белсенді зат – 75 мг динатрий клодронат тетрагидраты, 60 мг сусыз динатрий клодронатына баламалы,

қосымша заттар – 5 М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссізден бозғылт-сары түске дейінгі ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Сүйектің құрылысына және минерализациясына әсер ететін препараттар. Бисфосфонаттар. Клодрон қышқылы

АТХ коды М05ВА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бір реттік дозаны көктамыр ішіне (к/і) енгізгеннен кейін жүйелік клиренс 110 мл/мин жуықты құрайды. Клодрон қышқылының қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы төмен. Көктамыр ішіне енгізгенде фармакокинетикалық параметрлердің мәні 10-20% шегінде құбылып тұрады.

Клодрон қышқылының қан сарысуынан шығарылуы екі сатымен: клодрон қышқылы сүйек тінімен берік байланысатын болғандықтан, жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуық болатын таралу фазасы және өте баяу жүретін элиминация фазасымен сипатталады. Бүйректік клиренсі плазмалық клиренсінің шамамен 75% құрайды. Сүйекте ұзақ жиналуымен байланысты жаңадан түзілген тінде құрылым бұзылуының ықтимал қауіпсіздігі мен қаңқа беріктігінің төмендеуі болады.

Қан плазмасындағы клодрон қышқылы концентрациясы мен емдік әсерінің немесе жағымсыз реакцияларының арасында айқын байланыс жоқ. Препараттың фармакотерапиялық бейіні жасқа, препараттың метаболизміне немесе клодрон қышқылының бүйректік клиренсін төмендететін бүйрек жеткіліксіздігін қоспағанда, функционалдық бұзылуларына байланысты емес.

Фармакодинамикасы

Клодрон қышқылы бисфосфонаттар тобына жатады және табиғи пирофосфатқа ұқсас болып келеді. Бисфосфонаттың сүйек тіндерінің минералды компонентіне ұқсастығы жоғары. Клодрон қышқылының негізгі әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін төмендету және солар арқылы сүйек тіндерінің резорбциясын азайту болып табылады.

Клодрон қышқылы қан сарысуындағы кальцийдің концентрациясын азайта отырып, остеокластар белсенділігін, сондай-ақ кальцийдің және гидроксипролиннің несеппен бірге бөлініп шығуын төмендетеді.

Іn vitro бисфосфонаттар кальций фосфатының ілінісуін бәсеңдетеді, оның гидроксиапатитке трансформациясын бөгейді, апатиттер кристалдарының ірірек кристалдарға агрегациясын тежейді және осы кристалдардың еруін баяулатады.

Синдронатты монотерапияда сүйек тіндерінің резорбциясын тежеу үшін жеткілікті дозаларда қолданғанда адамдарда сүйектердің қалыпты минерализациясына ықпалы байқалған жоқ. Сүт безінің обыры және көптеген миеломасы бар адамдарда сүйектердің сыну мүмкіндігін төмендеткені байқалған.

Синдронат сүт безінің алғашқы обыры кезінде сүйектерде метастаздардың даму жиілігін төмендетеді. Сүйек метастаздарының алдын алу үшін сүт безінің операция жасауға келетін обыры бар науқастарда өлімнің төмен екені де байқалған.

Қолданылуы

- қатерлі ісіктерден болған гиперкальциемияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне тамшылатып (тек қысқа мерзімді ем үшін). Препаратпен емдеу кезінде сұйықтықтың талапқа сай мөлшерін қабылдау қажет.

Қатерлі жаңа түзілімдерден болатын гиперкальциемия кезінде препаратты қан сарысуында кальций қалыпты концентрацияға жеткенше әдетте 5 күн бойы (7 күннен асырмай қатарынан) күнделікті 2 – 4 сағат бойы көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін 300 мг-ден (1 құты концентрат) немесе бір рет 4 сағат бойы көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін 1500 мг тағайындайды.

Инфузиялық ерітінді дайындау үшін бір құтының ішіндегісін (300 мг белсенді заты бар 5 мл концентратты) 500 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісінің немесе 5% глюкоза ерітіндісінің көмегімен сұйылтады.

Бүйрек функциясы бұзылғанда препарат дозасын келесі нұсқауларға сәйкес түзеткен жөн:

Бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесі

Креатинин клиренсі, мл/мин

Дозаны азайту %

Жеңіл

50-80

25

Орташа

30-50

25-50

Ауыр

< 12

50

300 мг клодрон қышықылы инфузиясын диализсіз күндерде дозаны 50%-ға азайту үшін және емдеу ұзақтығын 5 күнге дейін шектеу үшін диализге дейін жүргізу ұсынылады. Перитонеальді диализдің клодрон қышқылы деңгейін өте аз дәрежеде төмендететінін ескерген жөн.

Динатрий клодронатын креатинин клиренсі 10 мл / мин төмен пациенттерге қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін дозалау жөніндегі арнайы ұсынымдар жоқ.

Клиникалық зерттеулерде 65 жастан асқан пациенттер қамтылды және осы жас тобына тән ешқандай жағымсыз әсерлері байқалмаған.

Инфузиядан кейін қан сарысуында кальций құрамының клиникалық мүмкін болатын деңгейін демейтін уақыт кезеңі пациенттерде едәуір құбылмалы болады. Қан сарысуында кальций құрамы деңгейін бақылау қажет болғанда инфузияны қайталауға болады немесе емдеу клодрон қышқылының ішілетін түрін баламасы ретінде қолданумен жалғастырылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 , <1/10)

- жүрек айнуы, құсу, диарея (көбіне препаратты жоғары дозаларда пайдаланғанда) әдетте жеңіл түрде

- симптомсыз гипокальциемия

- аминотрансфераза деңгейінің, әдеттегідей, қалыпты көрсеткіштер шегінде жоғарылауы

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- клиникалық көріністермен қатар жүретін гипокальциемия, сарысуда паратиреоидты гормон концентрациясының жоғарылауы (әдетте кальций деңгейінің төмендеуімен бірге), сарысуда сілтілік фосфатаза концентрациясының жоғарылауы (метастазы бар пациенттерде сілтілік фосфатаза деңгейі бауырда және сүйектерде метастаздардың болуына байланысты жоғарылауы мүмкін)

- аминотрансфераза деңгейінің, бауыр функциясының бұзылуымен қатар жүрмейтін, қалыптың жоғарғы шегінен екі еседен астамға жоғарылауы

- тері көріністері түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары

- бүйрек жеткіліксіздігі (қан сарысуында креатинин деңгейінің жоғарылауы және протеинурия), әсіресе жылдам енгізгеннен кейінгі, өліммен аяқталатын жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- жедел лимфоцитарлы лейкемия

- ортан жіліктің атипиялық ұршықасты және диафизарлы сынулары (бисфосфонаттарға тән жағымсыз реакциялар)

Өте сирек (<1/10000)

- бронх демікпесі бар пациенттерде тыныс алу функциясының нашарлауы

- респираторлы бұзылулар түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары

- конъюнктивит, эписклерит, склерит, увеит

Бірлі-жарым жағдайлар

- жоғарғы жақ сүйектері остеонекрозының жекелеген жағдайлары, әсіресе, негізінен бұрын золендрон қышқылы және памидронат сияқты амино-бисфосфонаттар қабылдаған пациенттерде

- сүйектерде, буындарда және/немесе бұлшықеттердегі айқын ауырулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа, басқа бисфосфонаттарға жоғары сезімталдық

- басқа бисфосфонаттармен қатар емдеу

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30мл)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді, көбіне диклофенакті бір мезгілде тағайындағанда Синдронатты қабылдау мен бүйрек жұмысының бұзылуы арасындағы байланыс жөнінде деректер бар.

Синдронатты аминогликозидтермен бір мезгілде қолданғанда айқын гипокальциемия пайда болуы мүмкін.

Клиникалық тәжірибе клодрон қышқылының мына: кортикостероидтар, диуретиктер, анальгетиктер немесе цитостатикалық дәрілік заттар сияқты басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін анықтамаған.

Эстрамустин фосфатымен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында эстрамустин концентрациясы ең жоғары дегенде 80%-ға жоғарылауы мүмкін.

Клодронат екі валентті катиондармен нашар еритін кешен түзеді, сондықтан тағамдық өнімдерді немесе екі валентті катиондары бар дәрілерді, мысалы, темірдің антацидтік препараттарын немесе темір препараттарын бір мезгілде қабылдау клодрон қышқылы биожетімділігінің едәуір төмендеуіне әкеледі. Клодронатты құрамында екі валентті катиондар бар (мысалы, Рингер ерітіндісі) ерітінділермен бірге көктамыр ішіне енгізуге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезеңінде бүйрек функциясын, сарысудағы кальций, фосфор және магний деңгейін бақылаған жөн.

Клиникалық зерттеулерде трансаминазалар деңгейінің бауыр функционалдық тестілеріндегі басқа өзгерістерсіз қайтымды жоғарылауы байқалған.

Синдронатпен ем жүргізу кезінде науқасқа сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл Синдронатты көктамырішілік инфузиялар түрінде тағайындағанда, сондай-ақ  гиперкальциемиясы және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін аса маңызды.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда Синдронат препаратын қолданғанда сақ болған жөн.

Синдронатты ұсынылған дозадан едәуір артық дозаларда көктамыр ішіне енгізу, әсіресе инфузия жылдамдығы тым жоғары болғанда, бүйректі ауыр зақымдауы мүмкін.

Тісті жұлғаннан кейін және/немесе ауыз қуысының жергілікті жұқпаларынан кейін (остеомиелитті қоса) қатерлі аурулары бар, көктамырішілік немесе пероральді бисфосфонаттарды қабылдап жүрген пациенттерде жақ сүйегінің остеонекрозы дамуының сирек жағдайлары сипатталған. Осы пациенттердің көбісі сондай-ақ химиялық ем және кортикостероидтар қабылдаған.

Осыған байланысты кез келген бисфосфонаттармен емдеуді бастамас бұрын, әсіресе қауіпті топтағы (мысалы, қатерлі онкологиялық аурулары бар, химиялық ем, сәулемен ем, кортикостероидтар қабылдап жүрген, ауыз қуысының тазалығы жеткіліксіз деңгейдегі) науқастарды емдегенде ауыз қуысы санациясына бағытталған стоматологиялық алдын алу емшараларын жүргізу керек. Бисфосфонаттармен ем қабылдаған науқастарда инвазиялық стоматологиялық емшараларды жүргізбеген жөн.

Бисфосфонаттарды қолдану аясында, негізінен остеопорозға қатысты ұзақ ем қабылдаған пациенттерде, ортан жіліктің атипиялық ұршықасты және диафизарлы сынуларының даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бонефос® препаратымен емдеу кезінде мұндай жағдайлар байқалмаған.

Көлденең немесе қиғаш көлденең сынулар ортан жіліктің кез келген аймағында кіші ұршықтан айдаршықүсті аймағына дейін кездесуі мүмкін.

Мұндай сынулар елеусіз жарақаттардан кейін немесе жарақат жоқ болғанда да пайда болады. Мұндайда кейбір пациенттерде ортан жілік немесе шап маңы аймағында ортан жіліктің стресс-сынуының рентгенологиялық белгілерімен (шаршаудан болатын сыну) біріккен ауыру ортан жіліктің толық сынуы дамығанша апталар немесе айлар ішінде білінді.

Сынулар көбіне екі жақты болады, сондықтан бисфосфонаттармен ем қабылдап жүрген, және ортан жілік денесінің сынуын бастан өткерген пациенттерде екінші қарсы ортан жілікті де тексерген жөн.

Сондай-ақ осындай сынулардың нашар жазылатындығы жөнінде мәлімделді.

Ортан жіліктің атипиялық сынуына күдігі бар пациенттерде бисфосфонаттармен емдеуді тоқтатуды пайда/қаупі арақатынасына жекелей баға бергеннен кейін қарастыру қажет.

Бисфосфонаттармен емдеу кезінде пациенттер сан, жамбас-сан буындары немесе шап маңы аймағындағы кез келген ауыруға көңіл бөлген және мұны дәрігерге мәлімдеген жөн. Мұндай пациенттерді ортан жіліктің толық сынбағанына қатысты тексеру қажет.

Балалар

Балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін дозалау жөнінде арнайы ұсынымдар жоқ.

Клиникалық зерттеулерде 65 жастан асқан пациенттер қамтылды және осы жас тобына тән ешқандай жағымсыз әсерлері байқалмаған.

Фертильдік

Клодрон қышқылының ұрыққа немесе ұрпақ өрбіту функциясына әсер етуіне қатысты жануарларға немесе адамдарға жүргізілген зерттеулердің жеткіліксіз деректері бар.

Жүктілік

Клодрон қышқылын жүктілік кезінде қолдануға болмайды және фертильдік жастағы әйелдерге, егер олар тиісінше контрацепция әдстерін пайдаланбайтын болса, қолданылмауы тиіс.

Лактация кезеңі

Клодрон қышқылымен емдеу кезінде емшекпен қоректендіруді тоқтата тұрған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Синдронаттың автомобильді жүргізу және психикалық және дене реакцияларының жоғары шапшаңдығын қажет ететін жұмыстарды жасау қабілетіне жағымсыз әсері жөнінде деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: клодрон қышқылын жоғары дозаларда көктамыр ішіне енгізгенде қан сарысуында креатинин деңгейінің жоғарылауы және бүйрек функциясының бұзылуы байқалды.

Емі: симптоматикалық ем жүргізеді. Талапқа сай гидратацияны жүзеге асырған, бүйрек функциясын және қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылап отырған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан резеңке тығынмен тығындалған және қорғағыш пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған құтыда.

Құты қорғағыш қабығымен немесе онсыз болуы мүмкін.

Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

С.К. Синдан-Фарма С.Р.Л., Румыния

11-ші Айон Михалаче бульвары, сектор 1, 011171, Бухарест

Тіркеу куәлігінің иесі

«Актавис Групп» АҚ, Исландия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Актавис Интернешнл Лтд» Алматы қ. өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241 – 1 А.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

 

Прикрепленные файлы

870151881477976311_ru.doc 73 кб
756632431477977519_kz.doc 89.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники