Сингуляр (4 мг, Мерк Шарп и Доум Лимитед)

МНН: Монтелукаст натрия
Производитель: Мерк Шарп и Доум Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020207
Информация о регистрации в РК: 11.11.2013 - 11.11.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 106.57 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Сингуляр

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар 4 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 4.16 мг монтелукаст натрий (4 мг монтелукастқа баламалы) бар.

қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), натрий кроскармеллозасы, шие хош иістендіргіші, аспартам, магний стеараты.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жағы дөңес, қызғылт түсті, бір жақ бетінде нақышталған «SINGULAIR» деген және басқа жақ бетінде «MSD 711» деген жазулары бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелік пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриендік рецепторлардың антагонистері. Монтелукаст

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Монтелукасты ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді. 10 мг дозада үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды аш қарынға қабылдағанда ересектерде қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) препаратты қабылдағаннан кейін 3 сағаттан соң (Tmax) жетеді. Пероральді түрде қолданғанда орташа биожетімділігі 64% құрайды. Әдеттегідей тамақтану таблетканың биожетімділігіне және Cmax мәніне ықпалын тигізбейді. Қауіпсіздігі мен тиімділігі ас ішуге байланыссыз үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларды қолданған кезде клиникалық зерттеулерде расталған.

5 мг-ден шайнайтын таблеткалар үшін Cmax мәніне ересектерде аш қарынға қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң жетеді. Пероральді қолданған кезде орташа биожетімділігі 73% құрайды және стандартты тағаммен бірге қабылдағанда 63%-ға дейін төмендеген.

2 жастан 5 жасқа дейінгі пациенттер шайнайтын 4 мг таблеткаларды аш қарынға қабылдағаннан кейін Cmax мәніне енгізгеннен кейін 2 сағаттан соң жетеді. 10 мг таблетканы қабылдап жүрген ересектерге қарағанда, орташа Cmax 66%-ға жоғары, ал орташа Cmin төмен болады.

Таралуы. Монтелукаст қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астам шамада байланысады. Монтелукастың тепе-тең жағдайда таралу көлемі, орта есеппен, 8-11 литрді құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукастты қолдану арқылы жүргізілген зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өткенде ең аз таралуын көрсетеді. Бұдан бөлек, радиоактивті-таңбаланған заттың концентрациялары дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң барлық басқа тіндерде ең төмен болған.

Метаболизмі. Монтелукаст белсенді түрде метаболизденеді. Емдік дозаларды қолданған кезде монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары қан плазмасында ересектер мен балаларда тепе-тең жағдайларда анықталған шегінен төмен күйде болады. Монтелукаст метаболизмі негізінен P450 2С8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP 3А4 тежегіші болып табылатын итраконазолды тағайындаған кезде тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукастты қабылдаған дені сау еріктілерде монтелукасттың фармакокинетикасы өзгермегеніне қарамастан, CYP 3А4 және 2С9 азғана әсер көрсетеді. Адам бауырының микросомдарына жүргізілген іn vitro клиникалық зерттеулер монтелукасттың емдік концентрациялары қан плазмасында P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукасттың емдік әсеріндегі метаболиттердің рөлі өте төмен.

Шығарылуы. Монтелукасттың плазмалық клиренсі дені сау ересектерде, орта есеппен, минутына 45 мл құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукастты пероральді түрде қолданғаннан кейін радиоактивтіліктің 86%-ы 5 күн бойы нәжіспен және <0.2%-ы несеппен шығарылады, бұл монтелукаст және оның метаболиттері іс жүзінде толық өтпен бірге шығарылатындығын көрсетеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері. Егде жастағы пациенттерде немесе бауыр функциясы ауырлығы жеңіл дәрежеден орташаға дейін бұзылғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ. Монтелукаст пен оның метаболиттері өтпен шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукаст дозасын түзету қажет деп болжанбайды. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түрі бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) пациенттерде монтелукасттың фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукасттың жоғары дозаларын (ересектер үшін ұсынылған дозадан 20 және 60 есе жоғары) қолданғанда қан плазмасында теофиллин концентрацияларының төмендегені байқалды. Бұл әсер препаратты ұсынылған 10 мг дозада тәулігіне 1 рет қолданғанда байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Цистеин -лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) қабыну эйкозаноидтары болып табылады, олар әртүрлі жасушалар, соның ішінде толық жасушалар және эозинофилдер арқылы бөлініп шығады. Осы демікпе алдындағы медиаторларының әсері адамның тыныс алу жолдарында болатын цистеин -лейкотриен рецепторлары (CysLT) арқылы жүзеге асады және бронхтардың түйілуімен, шырыштардың бөлініп шығуымен, қантамырлар өткізгіштігінің жоғарылауымен және эозинофилдердің көшуімен білінеді.

Монтелукаст CysLT1-рецепторларының жоғары іріктелуімен және химиялық тектестікпен бәсекелес байланыстыратын белсенді қосылыс болып табылады. Клиникалық зерттеулер монтелукасттың оны 5 мг дозада тағайындаған кездің өзінде LTD4 тыныс алумен туындаған бронх түйілуін басатынын анықтады және пероральді түрде қабылданғаннан кейін 2 сағат ішінде бронхдилатациясын туғызады. Монтелукаст сондай-ақ β-агонистер әсеріне аддитивтік әсер береді. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмендете отырып, ерте сатыларында да, сондай-ақ кеш сатыларында да бронхтың түйілуін басады. Монтелукаст, плацебомен салыстырғанда, ересектер мен балаларда шеткергі қан эозинофилдер мөлшерін төмендетеді. Монтелукастпен емдеу тыныс алу жолдарында (қақырыққа талдау жасаумен расталған) эозинофилдер мөлшерін елеулі төмендетеді. Ересектер мен 2-ден 14 жасқа дейінгі балаларда, плацебомен салыстырғанда, монтелукастпен емдеу шеткергі қанда эозинофилдер мөлшерін төмендетіп, бронх демікпесін клиникалық бақылауды жақсартады.

Қолданылуы

  • талап бойынша ингаляциялық кортикостероидтармен және қысқа әсерлі β-агонистермен емдеуден клиникалық әсері жеткіліксіз болғанда жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші демікпесі бар 2-5 жастағы пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде

  • жеңіл дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларының орнына 2-5 жастағы пациенттер үшін демікпені емдеудің баламалы тәсілі ретінде (пероральді кортикостероидтарды қабылдауды қажет ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамалары болмағанда, сондай-ақ ингаляциялық кортикостероидтарды көтере алмағанда)

  • 2 жастан асқан пациенттерде дене жүктемесімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Балалар дәріні тек ересектердің бақылауымен қабылдауы қажет. Таблетканы шайнай алмайтын балалар үшін препараттың түйіршіктер түріндегі шығарылу түрі бар.

2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін доза тәулігіне 1 рет кешкісін шайнайтын 4 мг 1 таблетканы құрайды. Сингулярды тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Аталған жас тобындағыларда дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ. 4 мг шайнайтын таблеткаларды 2 жастан кіші балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Жалпы нұсқаулар. Сингулярдың бронх демікпесі барысының бақыланатын көрсеткіштерін жақсарту түріндегі емдік әсері 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге демікпені бақылауға қол жеткізілгеннің өзінде де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңінде де Сингулярды қабылдау керектігін хабарлау керек.

Бүйрек функциясының немесе бауыр функциясының жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейін бұзылуы бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылуы бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Дозалану ұлдар мен қыздарға бірдей.

Сингуляр ауырлығы жеңіл дәрежелі персистирлеуші демікпеде ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозасының орнына емдеудің альтернативтік әдісі ретінде. Сингуляр ауырлығы орташа дәрежелі персистирлеуші демікпесі бар пациенттерде монотерапия ретінде ұсынылмайды. Ауырлығы жеңіл дәрежелі персистирлеуші демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде монтелукастты қолдануды пероральді кортикостероидтарды қолдануды қажет ететін және ингаляциялық кортикостероидтарды пайдалануға қабілетсіз соңғы кезде күрделі демікпе ұстамалары болмаған пациенттер үшін ғана қарастыру керек. Ауырлығы жеңіл дәрежелі персистирлеуші демікпе оның симптомдарының аптасына 1 реттен жиірек, бірақ күніне 1 реттен сирек пайда болуымен, түнгі симптомдардың пайда болуы айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сиректігімен, көріністер арасындағы аралықтарда өкпе функциясының қалыпты болуымен сипатталады. Егер демікпені жеткілікті түрде бақылау үшін ақырғы рет баруға қол жеткізілмесе (әдетте 1 ай бойы), демікпені емдеудің бірізді жүйесін негізге ала отырып, қосымша немесе басқа қабынуға қарсы ем қажеттілігін анықтау керек. Демікпені бақылауға қатысты пациенттердің жай-күйіне ауық-ауық баға беріп отыру қажет.

Сингуляр 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесінің демікпесін алдын алуда. 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттерде дене жүктемесімен

индукцияланған бронхтың түйілуі персистирлеуші демікпенің негізгі көрінісі болуы мүмкін, ол ингаляциялық кортикостероидтарды қолдануды қажет етеді. Монтелукастпен 2-4 апта емдегеннен кейін емделушінің жағдайына баға беру керек. Егер қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізілмесе, қосымша емді немесе емді алмастыруды қарастыру қажет.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Сингулярмен емдеу .Егер ингаляциялық кортикостероидтармен емдеген кезде Сингулярды қосымша ем ретінде қолданса, Сингулярмен ингаляциялық кортикостероидтарды күрт алмастыруға болмайды.

15 жастан бастап және одан жоғары ересек пациенттер үшін Сингуляр 10 мг таблетка түрінде тағайындалады. 6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін Сингуляр 5 мг шайнайтын таблетка түрінде тағайындалады. 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар үшін Сингуляр ішке қабылдауға арналған 4 мг түйіршік түрінде тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері олардың пайда болуының келесі жиілігі бойынша топтарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Жиі (≥1/10, <1/10):

  • бас ауыруы

  • шөлдеу

  • іштің ауыруы

Постмаркетингілік зерттеу нәтижелері

Өте жиі (≥1/10):

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100, <1/10):

  • диарея**, жүректің айнуы**, құсу**

  • бөртпе**

  • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (АЛТ және АСТ)

  • пирексия*

Жиі емес (≥1/1000, <1/100):

  • анафилаксияны қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары

  • шым-шытырық түстер көруді қоса патологиялық түстер, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, озбырлық пен жауығуды қоса ажитация, депрессия, ашушаңдық, мазасыздық, треморды қоса психомоторлық аса жоғары белсенділік***

  • бас айналуы, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

  • мұрыннан қан кету

  • ауыздың құрғауы, диспепсия

  • қанталаулар, есекжем, қышыну

    • бұлшықеттердің түйілулерін қоса артралгия, миалгия

  • астения/шаршау, ісіну

  • балалардағы энурез

Сирек (≥1/10000, <1/1000):

  • қанағыштыққа бейімділік

  • зейін шоғырландырудың бұзылуы, жадының нашарлауы

  • пальпитация

  • ангионевротикалық ісіну

Өте сирек (<1/10000):

  • бауырдағы эозинофильді инфильтраттар

  • елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидті ниеттер және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

  • Чердж-Стросс синдромы

  • гепатит, холестатикалық, гепатоцеллюлярлы түрлерін және генезі әртүрлі бауыр зақымдануларын қоса

  • мультиформалы эритема, түйінді эритема

  • тромбоцитопения

* Бұл жағымсыз әсерлер монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да, клиникалық зерттеулерде «өте жиі» бірдей жиілікпен кездесті.

** Бұл жағымсыз әсерлер монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, плацебо қабылдаған пациенттер тобында да, клиникалық зерттеулерде «жиі» бірдей жиілікпен кездесті.

*** «Сирек» жиілікпен кездесті.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукастты әдетте демікпенің алдын алу және оны ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен бірге қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде монтелукасттың ұсынылған клиникалық дозасы келесі дәрілік заттардың фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан елеулі әсерін тигізген жоқ: теофиллин, преднизон, преднизолон, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Қан плазмасындағы монтелукасттың қисық астындағы концентрациясының ауданы (AUC) фенобарбиталды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде шамамен 40%-ға төмендеді. Монтелукаст CYP 3A4, 2С8 және 2С9 арқылы метаболизденетін болғандықтан, монтелукастты, әсіресе балаларға, фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2С8 және 2С9 индукторларымен бір мезгілде абайлап тағайындау керек.

Іn vitro зерттеулер монтелукасттың CYP 2C8 күшті тежегіші екендігін көрсетті. Алайда монтелукастты және росиглитазонды (маркерлі субстрат, көбіне CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттар өкілі) қолдану

зерттелген препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген клиникалық зерттеу деректері монтелукасттың CYP 2C8 in vivo тежемейтіндігін көрсетті. Сондықтан монтелукаст CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын ықпал етеді деп күтілмейді.

Іn vitro зерттеулер монтелукаст CYP 2C8 үшін, және төмен деңгейде 2C9 және 3A4 үшін субстрат болып табылатынын көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзилдің (CYP 2C8 тежегіші, сондай-ақ 2C9 тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеу деректері монтелукасттың жүйелік сенсибилизациясын гемфиброзил 4.4 есе арттыратындығын көрсетті. Монтелукастты гемфиброзилмен және басқа да CYP 2C8 тежегіштерімен бір уақытта қолданғанда дозаны түзету қажет емес, бірақ жағымсыз реакциялар мөлшерінің артуы мүмкін. CYP 2C8 басқа белгілі тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. Бұдан басқа, монтелукастты CYP3А4 күшті тежегіші болып табылатын тек итраконазолмен ғана бір мезгілде қолдану монтелукасттың жүйелік әсер етуінің айтарлықтай жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пероральді түрде қолданылатын монтелукастты ешқашан демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін пайдалануға болмайтынын пациенттер мен олардың ата-аналары/қамқоршылары білуі тиіс, сондай-ақ олар жедел жәрдемнің тиісті препаратын өздерімен бірге үнемі алып жүруі тиіс. Жедел ұстама жағдайында қысқа әсер ететін ингаляциялық β‑агонистерді пайдалану керек. Егер олар әдеттегіге қарағанда қысқа әсерлі β‑агонистінің көп мөлшерін қажет еткенде, пациенттер дәрігермен барынша тезірек кеңесулері керек.

Монтелукаст ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды күрт алмастыра алмайды.

Монтелукастпен бір мезгілде қолданғанда пероральді кортикостероидтардың дозасы төмендетілуі тиістігін растайтын деректер жоқ.

Сингулярды қоса демікпеге қарсы препараттармен ем қабылдап жүрген Пациенттерде кейде Чердж-Стросс синдромына (жүйелік кортикостероидтармен жиі ем жүргізілетін жағдайлар) тән васкулиттің клиникалық көрініс беруімен жүйелік эозинофилия туындауы мүмкін.

Кейде бұл жағдайлар пероральді кортикостероидтар дозасын төмендетумен немесе тоқтатумен байланысты. Лейкотриен рецепторлары антагонистерімен емдеу және Чердж-Стросс синдромының туындауы арасындағы байланысты жоққа шығаруға да немесе растауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, васкулярлық бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болған жағдайда, қосымша тексеру және емдеу тактикасын қайта қарау қажет.

Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде монтелукастпен емдеу аспиринді немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану қажеттілігіне әсер етпейді.

Жүйке-психикалық бұзылыстар. Сингуляр қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда психика тарапынан бұзылулар байқалған. Психика тарапынан болатын бұзылуларға қозу, озбыр мінез-құлық, жауығу, үрейлену, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін шоғырландырудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидальді ойлар және әрекеттер (суицидті қоса), тремор сияқты жағымсыз әсерлер кіреді. Постмаркетингілік есептерден алынған деректер дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған деректермен салыстырарлық. Пациенттер мен медицина қызметкерлері жағымсыз құбылыстардың туындау мүмкіндігін білулері тиіс. Пациенттер аталған жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарлауы тиіс. Аталған жағымсыз әсерлер туындаған кезде Сингулярмен емді жалғастыру үшін пайда қауіп арақатынасына баға беру керек.

Сингулярдың құрамында фенилаланиннің көзі болып табылатын аспартам бар. Фенилкетонуриясы бар пациенттер әрбір 4 мг таблеткада фенилаланиннің 0.674 мг дозасына баламалы мөлшерде фенилаланин бар екендігін ескеруі қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: қолда бар деректер Сингулярды қолдану мен бүкіләлемдік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған мальформация (аяқ-қол кемістіктері сияқты) туындауы арасында себеп-салдарлы өзара байланысты көрсетпейді. Монтелукасттың әйелдерде емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне тікелей ықпалы анықталған жоқ. Алайда сирек жағдайларда жекелеген пациенттерде бас айналу немесе ұйқышылдық пайда болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Көптеген жағдайда артық дозаланудан жағымсыз реакциялары пайда болған жоқ.

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлы аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукасттың перитонеальді диализде немесе гемодиализде шығарылуы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірден/алюминий фольгадан/микробағыттағы полиамидтен (ОПА) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді 1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк Шарп және Доум Лимитед, Крамлингтон, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Люцерн, Швейцария

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы «Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7 (727) 330-42-66, +7 (727) 259-80-84

Факс +7 (727) 259-80-90

эл. поштасы: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

S-WPC-MK0476-MF-012015

Прикрепленные файлы

932866701477976852_ru.doc 101.5 кб
194169541477978004_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники