Синафлан
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Синафлан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флуоцинолон ацетониді
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 0,025 % жақпамай
Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 0,25 мг флуоцинолон ацетониді (синафлан),
қосымша заттар: пропиленгликоль, церезин, ланолин, вазелин.
Сипаттамасы
Ақшыл-сары түстен сары түске дейінгі жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар. Флуоцинолон ацетониді
АТХ коды D07AC04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тері беткейінен сіңгеннен кейін, флуоцинолон ацетониді қан плазмасының ақуыздарымен байланысады, бауырда белсенді емес метаболиттер түзе отырып метаболизденеді. Көбінесе бүйрекпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Сыртқа қолдануға арналған глюкокортикостероид. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, антиэкссудативтік және қышынуға қарсы әсері бар. Бөртпелерді азайтады және терінің қабыну реакциясын қайтарады.
Қолданылуы
-
экземада, атопиялық дерматитте, жай созылмалы теміреткіде (шектеулі нейродермит), токсидермияда, қарапайым аллергиялық дерматитте, себореялық дерматитте, тері қышынуында, есекжемде, қышымада, баздануда, мультиформалы экссудативті эритемада, псориазда (экссудативті формасы)
-
қызыл жалпақ теміреткіде
-
дискоидты қызыл жегіде
-
қол басы дисгидрозында
-
экзематоздық сыртқы отитте
-
I дәрежелі күйіктерде
-
жәндіктер шаққанда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Терінің алдын-ала этил спиртінің 40-70 % ерітіндісімен өңделген зақымданған бөліктеріне препараттың азғантай мөлшерін күніне 2-4 рет, теріге жеңіл ысқылап жағады. Шектеулі зақымдану ошақтарында, әсерін күшейту үшін, окклюзиялық таңғыш салып, оны терінің зақымданған беткейіне 3-4 күнге дейін қалдыруға болады. Таңғыштың астынан тәулігіне 2 г жақпамайдан артық қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы аурудың сипатына байланысты болады және әдетте 5-10 күнді, аурудың ұзақ ағымында – 25 күнге дейінді құрайды.
Жақпамайды дерматоздардың құрғақ түрлерінде пайдаланған дұрыс.
Жағымсыз әсерлері
-
күйдіру, тері қышынуы, терінің құрғауы, стероидты безеулер, фолликулит
-
гипертрихоз, стриялар, алопеция (әсіресе әйелдерде), салдарлы иммунитет тапшылығы (созылмалы инфекциялы аурулардың асқынуы, инфекциялы үдерістің жайылуы, оппортунистік инфекциялардың дамуы); тері атрофиясы, жергілікті гирсутизм, телеангиоэктазиялар, пурпура, пигментация бұзылулары (ұзақ уақыт қолданғанда)
-
терінің ауқымды беткейлеріне жаққанда жүйелі көріністер болуы мүмкін: гастрит, асқазанның стероидты ойық жарасы, бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, Иценко-Кушинг синдромы, «стероидты» қант диабеті, репаративтік үдерістердің баяулауы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
бактериялық, вирустық, зеңдік тері аурулары – пиодермия, желшешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз
-
мерез көріністері, тері туберкулезі, жөргек бөртпесі, қызғылт безеулер, ауқымды псориаздық бөртпелер (түйіндақтар), аногенитальді қышыну
-
веналардың варикозды кеңеюімен байланысты балтырдың трофикалық ойық жаралары, асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, аппликация орнындағы жарақаттар
-
тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Микробқа қарсы дәрілік заттармен үйлесімді. Гипотензивтік, диуретиктік, аритмияға қарсы дәрілік заттардың, калий препараттарының белсенділігін төмендетеді.
Диуретиктік дәрілік заттар (калий жинақтаушылардан басқа) гипокалиемияның даму қаупін арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде сақтықпен қолданады.
Терінің азғантай бөліктерінде қысқа курстармен қолданады. Препаратты бетке жақпаған дұрыс.
Препараттың көзге түсуінен аулақ болу керек.
Балалардағы тағайындалу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Емдеу кезінде бос тұратын киім кию ұсынылады. Кәдімгі немесе қызғылт безеулері бар пациенттерде емдеу аясында ауру асқынуы мүмкін. Жергілікті инфекциялы асқынулардың алдын алу үшін, Синафланды микробқа қарсы дәрілермен үйлестіріп тағайындау ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: қышыну, препаратты жаққан жердегі теріні күйдіруі, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы.
Емі: препаратты біртіндеп тоқтату аясында белгілеріне қарай.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 г немесе 15 г-ден алюминий немесе полиэтилен ламинатты сықпаларда.
Әр сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
20 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
e–mail: med@stada.ru
Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz