Синафлан (мазь, 0,25 мг/г, 15 г)

МНН: Флуоцинолона ацетонид
Производитель: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluocinolone acetonide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011679
Информация о регистрации в РК: 10.07.2023 - 10.07.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Синафлан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуоцинолон ацетониді

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 0,25мг/г

Құрамы

Бір сықпаның ішінде

белсенді зат: 3,75 мг синафлан (флуоцинолон ацетониді)

қосымша заттар: пропиленгликоль, ақ жұмсақ парафин, сусыз ланолин, церезин

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш түске дейінгі жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар (III топ). Флуоцинолон ацетониді.

АТХ коды D07АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданған кезде синафланның жүйелі сіңу дәрежесінің төмен болуына байланысты организмге елеулі жүйелі әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған глюкокортикостероид; қабыну медиаторларының босап шығуын кідіртеді. Теріге әсер еткен кезде нейтрофильдердің шеткергі жинақталуының алдын алу жүреді, ол қабыну экссудатының және цитокиндер өнімдерінің азаюына, макрофагтар миграциясының кідіруіне, инфильтрациялар және грануляциялар үдерістерінің азаюына әкеледі. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

Шығу тегі микробтық емес терінің қабыну және аллергиялық ауруларында

- экземаларда

- жанаспалы дерматиттерде

- себорейлы дерматитте

- қызыл жалпақ теміреткіде

- дискоидты жүйелі қызыл жегіде

- күн сәулесінен болған күюлерде және I дәрежелі күюлерде

- нейродермитте

- терінің қышынуында

- псориазда

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Алдын ала антисептикалық сұйықтыққа малынған тампонмен сүртілген теріге препараттың аздаған мөлшерін күніне 2-4 рет жағып, аздап ысқылайды. Қажет кезде окклюзиялық таңғышты зақымданған беткейде, 3 - 4 күнге дейін қалдырып таңуға болады. Таңғыштың астына тәулігіне 2 г көп қолдану рұқсат етілмейді. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділікпен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- терінің екіншілік жұқпалы зақымдануы

- терінің атрофиялық өзгеруі

- терінің тітіркенуі (қышыну, шымылдатып ашыту).

Сирек

  • есекжем немесе макуло-папулезді бөртпе немесе бар өзгерістердің асқынуы

  • окклюзиялық таңғыш астында ісінулер, артериялық гипертензия, организмнің инфекцияларға қарсыласуының төмендеуі түріндегі резорбтивті әсер білдіруі мүмкін

  • қабақ терісінде қолданғанда глаукома немесе катаракта дамуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аппликация учаскелеріндегі жаралар

- терінің туберкулездік, зеңдік, вирустық аурулары

- мерез біліністері, тері туберкулезі, жөргектік бөртпе, қызғылт безеулер,

ауқымды псориаздық бөртулер (түйіндақтар), аногенитальді қышыну

- көктамырдың варикозды кеңеюімен байланысты балтырдың трофикалық ойықжаралары, асқазан-ішек жолдарының ойық-жаралы зақымданулары, аппликация учаскелеріндегі жаралар

- терінің обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Микробтарға қарсы дәрілермен үйлесімді. Гипотензивті, диурездік, гипогликемиялық, анаболикалық, аритмияға қарсы дәрілердің белсенділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

2 аптадан ұзақ үзіліссіз қабылдауға болмайды. Дененің ауқымды беткейінде ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлерінің біліну жиілігі және ісінулердің, артериялық гипертензияның, гипергликемияның дамуы, инфекцияларға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігі артады.

Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданғанда гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, қандағы кортизол деңгейінің азаюы және Кушингтің ятрогенді синдромы дамуының салдарынан емді тоқтатқаннан кейін қайтатын АКТГ өндірілуі азаюы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті бездерін стимуляциялаудан кейін қанда және несепте кортизолды анықтау жолымен бүйрекүсті безі қатпарлары функциясын әлсін-әлсін бақылау ұсынылады.

Жақпамайды қолданған жерде инфекция дамыған жағдайда, сәйкес бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем жүргізу керек. Егер инфекция симптомдары қайтпаса, жақпамайды қолдануды инфекцияны емдеу кезінде тоқтату керек.

Препаратты жабықбұрышты және ашықбұрышты глаукомамен адамдарда, сондай-ақ катарактамен адамдарда ауру симптомдарының күшеюі мүмкіндігін ескеріп, қабақ маңайындағы теріге қолдануға болмайды.

Тіпті аз уақыт қолданғаннан кейін де, күшті сіңірілуі және жағымсыз әсерлерінің дамуының (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) жоғары қаупін ескеріп, бет терісінде, шап және қолтықасты терісі аумақтарында айрықша қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек

Тері асты шелмайы атрофиясы жағдайында, әсіресе егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат жаққан жерде терінің қышынуы және шымылдатып ашытуы, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы.

Емі: препаратты біртіндеп тоқтату аясында симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпада 15 г. Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

5 °С-ден 15 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев көшесі, 64,

тел/факс +375(177)734043.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев көшесі, 64,

тел/факс +375(177)734043,

электронды поштасы market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

132465291477976800_ru.doc 58 кб
604941331477977957_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники