Силмелт (100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Силмелт
Халықралық патенттелмеген атауы
Силденафил
Дәрілік түрі
Ауыз қуысында ұнтақталынатын 50 мг және 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 70.240 мг немесе 140.480 мг силденафил цитраты (сәйкесінше 50 мг немесе 100 мг силденафилге баламалы),
қосымша заттар: кальций карбонаты, натрий кроскармеллозасы
1. (Ac-Di-Sol), маннитол 60 (Pearlitol 160), повидон (Пласдон К-29/32), кросповидон (Полипласдон XL), маннитол (Pearlitol 200), аспартам, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, жалбыз хош иістендіргіші DC 50117 индигокармин лагының бояғышы GA223919 Е (132), бриллиантты көгілдір лагының бояғышы GA216176 (Е 133), магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, дақты-көк түсті, жалбыз дәмі бар, екі жақ беті тегіс таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар, спазмолитиктерді қоса. Эрекцияның бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Силденафил
ATХ коды G04BE03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Силденафил тез сіңеді. Оның ішке ашқарынға қабылдағаннан кейін плазмада препарат концентрациясы 30-120 мин. ішінде (орта есеппен 60 мин) ең жоғары шыңына жетеді. Ішке қабылдағанда абсолютті биожетімділігі орта есеппен 41% (25-63%) құрайды.
Cилденафилді тамақпен бірге қабылдағанда, Tmax орташа кідіру уақыты 60 минутқа тең болып, Cmax орташа төмендегенде сіңу жылдамдығы 29%-ға кемиді.
Силденафилдің таралу көлемі (V) тепе-тең жағдайда орта есеппен 105 л құрайды, ол оның тіндерге таралатындығын көрсетеді. Бір реттік пероральді доза 100 мг қабылдағанда плазмада силденафилдің орташа ең жоғары жалпы концентрациясы 440 нг/мл жуықты құрайды (ауытқу коэффициенті 40% құрайды). Силденафил және оның негізгі айналымдағы М-десметил метаболиті плазма ақуыздарымен шамамен 96%-ға байланысады. Осылай байланысу нәтижесінде бос плазмада силденафилдің орташа ең жоғары концентрациясы 18 нг/мл (38 нм) құрайды. Ақуыздармен байланысуы препараттың жалпы концентрациясына тәуелді емес.
Силденафил негізінен бауырда Р450 цитохромының микросомальді изоферменттерінің: CYP3A4 (негізгі жолы) және CYP2C9 әсер етуімен метаболизденеді. Силденафилдің N-деметилденуі нәтижесінде айналымдағы негізгі белсенді метаболиті әрі қарай метаболизмге ұшырайды. Метаболиттің PDE5-ке әсер ету селективтілігі бойынша силденафилмен ұқсас, ал оның PDE5 қатынасы препаратты өз белсенділігінің шамамен 50%-ын құрайды. Қан плазмасындағы метаболиттің концентрациясы силденафил концентрациясының 40%-ға жуығын құрайды. N-деметилметаболит әрі қарай метаболизмге ұшырайды; оның жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 4 сағатқа жуыққа тең.
Силденафилдің организмнен жалпы клиренсі сағатына 41 л, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 3-5 сағатты құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін силденафил метаболиттер түрінде негізінен нәжіспен (дозаның шамамен 80%-ы) және аз дәрежеде несеппен (дозаның шамамен 13%-ы) шығарылады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы (65 жастағы және одан үлкен) пациенттерде силденафил клиренсі төмендеген, ал қан плазмасындағы бос силденафилдің концентрациясы жас (18-45 жастағы) пациенттермен салыстырғанда 40%-ға жоғары.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің жеңіл (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) және орташа (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) дәрежедегі жеткіліксіздігінде ішке 50 мг бір реттік қабылдағаннан кейін силденафилдің фармакокинетикасы өзгермейді. Бүйрек функциясының ауыр (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) жеткіліксіздігінде силденафил клиренсі төмендейді, бұл AUC (126 %) және Cmax (73%) шамамен екі есе артуына әкелді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр циррозы бар (Чайлд-Пью А және В) пациенттерде силденафил клиренсі төмендейді, бұл AUC мәнінің 84%-ға және Cmax 47%-а жоғарылауына әкеледі.
Фармакодинамикасы
Силмелт – эрекцияның бұзылуларын емдеуге арналған препарат. Силденафил цитраты 5 типті цГМФ-спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ5) селективті тежегіші болып табылады. Жыныс мүшесі эрекциясының физиологиялық механизмі сексуальді стимуляция кезінде кавернозды денеде азот тотығының (NO) босап шығуынан деп болжам жасалады.
Азот тотығы гуанилатциклаза ферментін белсендіреді, ол циклдік гуанозинмонофосфат (цГМФ) деңгейінің жоғарылауына, кавернозды дене бұлшықеттерінің босаңсуына және жыныс мүшесінде қан ағымының күшеюіне әкеледі. Сексуальді қозуда силденафилдің ықпалымен NO жергілікті босап шығуы ФДЭ5 бәсеңдеуіне және кавернозды денеде цГМФ деңгейінің жоғарылауына әкеледі, соның нәтижесінде тегіс бұлшықеттер босаңсиды және кавернозды денеде қан ағымы күшейеді. Силденафилді ұсынылған дозаларда қолдану сексуальді стимуляция жоқ болғанда тиімді емес.
Силмелт көру өткірлігіне, қарама-қайшылықты түйсінуге, электроретинограмма көрсеткіштеріне, көзішілік қысымға немесе қарашықтың диаметріне ықпалын тигізбейді.
Препарат 100 мг дозада оны бір мезгілде қабылдағанда сперматозоидтардың қозғалу белсенділігіне немесе морфологиясына ықпалын тигізбейді.
Қолданылуы
- жыныс мүшесінің жыныстық қатынас қанағаттанарлықтай болу үшін жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункция
Силмелт сексуальді стимуляция кезінде ғана тиімді.
Қолдану тәсілі және дозалары
Асқынуға жол бермеу үшін қатаң түрде дәрігердің тағайындаумен қолдану керек!
Силмелтті қажеттілігі бойынша жыныстық қатынасқа дейін шамамен бір сағат бұрын қабылдау керек. Препараттың ұсынылған дозасы 50 мг құрайды және бос асқазанға қабылданады, өйткені тағаммен бір уақытта қабылдау сіңірілуді баяулатады және ұсақталған пероральді таблетканың әсерін шегереді.
Препараттың тиімділігіне және жағымдылығына сүйене отырып, оның дозасын 100 мг дейін ұлғайтуға немесе 25 мг дейін төмендетуге болады.
Препараттың ең жоғарғы ұсынылған дозасы – 100 мг.
Дәрілік затты қабылдаудың ең жоғарғы ұсынылған жиілігі – тәулігіне 1 рет.
Ұсақталған пероральді таблетканы ауыз үстіне салу және сумен ішіп жұтудан бұрын еруге жол беру керек. Блистерлік қаптамадан шығарғаннан кейін таблетканы дереу қабылдау керек.
Ұсақталған пероральді таблеткаларды май мөлшері жоғары тағаммен бірге пайдаланған жағдайда аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда препарат сіңірілуінің едәуір баяулауы байқалады. Ұсақталған пероральді таблеткаларды аш қарынға қабылдау ұсынылады. Ауыз қуысында ыдырайтын таблеткаларды сумен ішіп немесе сусыз қабылдауға болады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) ұсынылған дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) силденафилдің клиренс төмендегеніне байланысты препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігіне және жағымдылығына сүйене отырып, оның дозасын кезеңімен қажеттілігі бойынша 50 мг және 100 мг дейін ұлғайтуға болады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Силденафил клиренсі бауыр функциясы бұзылған (мысалы, циррозбен) пациенттерде төмендейтініне байланысты препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігіне және жағымдылығына сүйене отырып, оның дозасын сатылап қажеттілігі бойынша 50 мг және 100 мг дейін ұлғайтуға болады.
Егде пациенттер
Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету талап етілмейді.
Бала жастағы пациенттер
Силмелтті 18 жасқа толмаған пациенттерге қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік заттар қабылдайтын пациенттерде қолдану
Ритонавирмен бір уақытта қолданғанда Силмелттің ең жоғарғы бір реттік дозасы 25 мг құрауы тиіс, 48 сағат ішінде 1 реттен жиі емес.
Р450 3А4 цитохромының тежегіштерімен (эритромицин, саквинавир, кетоконазол, итраконазол сияқты) бірге қолданған кезде Силмелттің бастапқы дозасы 25 мг құрайды.
Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында Силмелтпен емді бастаудан бұрын альфа-адреноблокаторлар қабылдайтын пациенттердің жай-күйін тұрақтандыру керек.
Жағымсыз әсерлері
Силмелтті қолданғанда жағымсыз әсерлер тіркелді, олар пайда болу жиілігі бойынша төмендегідей жіктелді: өте жиі (≥ 1/10), жиі ( ≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000).
Өте жиі
- бас ауыру
Жиі
- бас айналу
- түсті ажыратып көрудің бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылысы, анық көрмеу
- гиперемия, қан кернеулер
- мұрынның бітелуі
- диспепсия, жүрек айну
Жиі емес
- ринит
- аса жоғары сезімталдық
- ұйқышылдық, гипестезия
- көзден жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы безі функциясының бұзылуы, көз жасының көп ағуы), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз тамырларының гиперемиясы, айқын көру қабілеті, конъюнктивит
- кеңістікте бағдардан жаңылу (вертиго), құлақтың шуылдауы
- тахикардия, жүрек соғуын сезіну
- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
- мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі
- іштің жоғарғы тұсының ауыруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, ауыздың кеберсуі
- бөртпе
- миалгия, аяқ-қолдың ауыруы
- гематурия
- кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, ысыну сезімі
- жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы
Cирек
- ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлы ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы*, естен тану
- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы (КЖААИН)*, торқабық тамырларының окклюзиясы*, торқабыққа қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, торқабық ауруы, глаукома, көру өрісінің ақауы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің беткейлік бұлыңғырлануы, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру өрісінде нұрлы шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көздің ісіп кетуі, көру бұзылысы, конъюнктивалық гиперемия, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттен тыс түйсік, қабақтың ісінуі, ақ қабық түсінің өзгеруі
- кереңдік
- жүректен болатын кенет өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия
- тамақтағы қысылу сезімі, мұрын ісінуі, мұрын шырышының құрғауы
- ауыздағы гипестезия
- Стивенс-Джонсон синдромы*, уытты эпидермалық некролиз*
- жыныс мүшесінен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі - ашушаңдық
*тіркеуден кейінгі қадағалау кезеңінде ғана тіркелген жағымсыз әсерлері.
Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтердің хабарламасы
Дәрілік препаратты тіркеу кезінде анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтердің хабарламаларында үлкен мән бар. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасын мониторингілеуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
Медицина қызметкерлері мен пациенттерден осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлауды сұрайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- азот оксидінің донаторлары болып табылатын препараттарды (амилнитрит) немесе кез келген түрдегі нитраттарды бір мезгілде қабылдау,
- гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір уақытта қабылдау
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- көз торлы қабығының тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (осы пациенттердің біразында торлы қабық фосфодиэстеразасы функциясының тұқым қуалайтын бұзылыстары))
- бұл жағдай ФДЭ-5 тежегішін алдыңғы қолданумен байланысты болды ма немесе жоқ па, оған қарамастан, көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы (КЖААИН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы.
- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с.б.)
- ауыр жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)
- соңғы 6 айда бастан өткізген миокард инфаркты
- соңғы 6 айда бастан өткізген инсульт
- CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, эритромицин, саквинавир, кларитромицин) бір уақытта қабылдау
- өкпе артериялық гипертензияны емдеуге арналған препараттар (бозентан, илопрост) мен құрамында силденафил немесе кез келген басқа ФДЭ-5 тежегіші бар препараттарды бір уақытта қабылдау
- басқа пероральді немесе эректильді дисфункцияны жергілікті емдеуге арналған дәрілермен бір уақытта қабылдау
Сақтықпен:
-
жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (оның ішінде, ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы)
-
приапизмнің дамуына бейім аурулар (орақ тәрізді - жасушалық анемия (қызыл қанды денелердің аномалиясы), көптеген миелома (сүйек кемігінің обыры) немесе лейкемия (қан жасушасының обыры) сияқты)
-
қан ұю проблемалары (гемофилия)
-
қан кетумен қатар жүретін аурулар
-
асқазан мен он екі елі ішектің ойықжаралы ауруының өршуі
-
альфа-адреноблокаторлар тобының препараттарымен бір уақытта қабылдау
Тіркелген көрсетілімі бойынша препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және әйелдерге қолдануға арналмаған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттардың силденафилге ықпалы
in vivo зерттеулер
Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір уақытта қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендеуі байқалады. Аталған пациенттер тобында жағымсыз әсерлердің жоғары жиілігі байқалмады, дегенмен, Силмелт препаратымен емді бастапқы 25 мг дозада бастау қажет.
P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын ритонавирдің АИТВ протеазасы тежегішін тепе-тең күйде (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік доза) бір уақытта қабылдау силденафилдің ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) 300 % (4-есе) ұлғаюына, сондай-ақ силденафил AUC қан плазмасында 1000 % (11-есе) ұлғаюына әкеледі. 24 сағаттан соң силденафилдің қан плазмасындағы деңгейлері тек силденафилді қабылдағаннан кейін шамамен 5 нг/мл салыстырғанда шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер ритонавирдің P450 цитохромы субстраттарының кең ауқымына айқын әсерімен расталды. Жоғарыда аталған деректерге сүйене отырып, силденафилді ритонавирмен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.
Силмелт ритонавирдің фармакокинетикасына ықпал етпейді.
Силденафилдің ең жоғарғы дозасы ешқандай жағдайларда 48 сағат ішінде 25 мг аспауы тиіс.
P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын саквинавирдің АИТВ протеазасы тежегішін тепе-тең күйде (тәулігіне екі рет 1200 мг) силденафилмен (100 мг бір реттік доза) бір уақытта қабылдау силденафилдің (Cmax) 140 % ұлғаюына, сондай-ақ силденафил AUC 210 % ұлғаюына әкеледі. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына ықпал етпейді. Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштерінің әсері өте айқын.
Силденафилді 100 мг дозада тепе-тең күйде (5 күн бойы тәулігіне екі рет 500 мг) CYP3A4 орташа тежегіші эритромицинмен бірге бір уақытта қабылдағанда силденафилдің жүйелі әсерінің 182 % (AUC мәні бойынша анықталады) ұлғаюы байқалды. Азитромицин (3 күн бойы тәулігіне 500 мг дозада) AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының константына немесе силденафилдің келесі жартылай шығарылу кезеңіне немесе оның негізгі айналымдағы метаболитіне ықпал етпейді.
P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді (800 мг) дені сау ересектерде силденафилмен (50 мг дозада) бір уақытта қолдану силденафилдің қан плазмасындағы концентрациясының 56 % ұлғаюын туындатады.
Грейпфрут шырыны CYP3A4 арқылы болатын метаболизмінің ішек қабырғасындағы әлсіз тежегіші болып табылады және силденафилдің қан плазмасындағы деңгейін орташа жоғарылатуы мүмкін.
Антацидтік дәріні (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір рет қабылдау силденафилдің биожетімділігіне ықпал етпейді.
CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармау селективті тежегіштері, үшциклдік антидепрессанттар), тиазидтік және тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмектік және калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецептор блокаторлары және P450 метаболизмдік белсенділік индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафилдің фармакокинетикасына ықпал етпейді.
Тепе-тең күйдегі бозентан эндотелинінің (тәулігіне екі рет 125 мг) антагонисін (CYP3A4, CYP2C9 және ықтимал CYP2C19 орташа индукторы) тепе-тең күйдегі силденафилмен (тәулігіне үш рет 80 мг) бір уақытта қолдану силденафил үшін AUC және Cmax мәндерінің тиісінше 62,6 % және 55,4 % төмендеуіне әкеледі. Осылайша, рифампин сияқты CYP3A4 күшті индукторларымен бір уақытта қолдану силденафилдің қан плазмасындағы концентрацияларының айқын төмендеуін шарттайды деп болжайды.
ФДЭ-5 басқа тежжегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа тәсілдерімен бір уақытта қолдану
Силденафилді ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе құрамында силденафил бар артериялық өкпе гипертензиясы (АӨГ) емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен немесе эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді. Осыған байланысты препараттардың мұндай біріктірілімдерін пайдалану ұсынылмайды.
Никорандил калий өзекшелері белсендіргішінің және нитраттың гибриді болып табылады. Нитраттық компонент есебінен ол силденафилмен күрделі әрекеттесуге түсуге өте қабілетті.
Силденафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы
in vitro зерттеу
Теофиллин немесе дипиридамол силденафилдің фосфодиэстеразаның спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
in vivo зерттеу
Силденафилдің NO/цГМФ дабылдық жолына белгілі әсеріне сәйкес силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтуге, атап айтқанда артериялық қысымды біршама төмендетуге қабілетті. Сондықтан оны азот оксидінің донаторларымен (амилнитрит) немесе нитраттармен кез келген түрде бір уақытта қолдануға болмайды.
Риоцигуат
Клиникалық зерттеулерде риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтті. Зерттелген популяцияда мұндай біріктірілімді қолдану кезіндегі жағымды клиникалық әсері туралы деректер жоқ. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, оның ішінде силденафилмен бір уақытта қолдануға болмайды.
Альфа-адреноблокаторлармен бір уақытта қабылдау
Силденафилді альфа-адреноблокаторлар тобының препаратын қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені оларды бір уақытта қабылдау кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін. Бәрінен бұрын бұл силденафил дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде байқалуы мүмкін. Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін силденафилмен емді бастаудан бұрын альфа-адреноблокаторлармен ем алатын пациенттердің гемодинамикалық тұрақтылығына қол жеткізу керек. 25 мг дозадан бастап силденафилді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Одан өзге, дәрігерлерге постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы пациенттерге нұсқау беру керек.
Силденафил мен доксазозинді доксазозинмен емдеудің көмегімен тұрақтандырылған пациенттерде бір уақытта қолданғанда симптоматикалық артериялық гипотензия, бас айналу және естен тану алдындағы күй (бірақ естен тану емес) туындауы бойынша сирек жағдайлар туралы хабарланды.
Силденафилді (50 м дозада) толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір уақытта қолданғанда CYP2C9 метаболизденетін екеуінде де елеулі әрекеттесулер анықталмады.
Силденафил (50 мг дозада) ацетилсалицил қышқылын (150 мг дозада) қабылдаудан туындаған қан кету уақытын ұлғайтуға ықпал етпейді.
Силденафил (50 мг дозада) қандағы алкогольдің орташа ең жоғарғы деңгейлері 80 мг/дл болғанда дені сау еріктілерде гипотензиялық әсерін күшейтуге ықпал етпейді.
Келесі кластағы гипертензияға қарсы дәрілік препараттар біріктірілімі: диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегішетері, ангиотензин II антагонистері, гипертензияға қарсы дәрілік заттар (тамыр кеңейтетін және орталық әсерлі), адренергиялық нейроблокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары және альфа-адренорецепторлардың блокаторлары - плацебо алатын пациенттермен салыстырғанда силденафил қабылдайтын пациенттерде жағымсыз әсерлердің бейінінде айырмашылықтар анықталмады. Силденафил (100 мг дозада) артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипинмен бір уақытта қолданылған дәрілік заттардың әрекеттесуі бойынша арнайы зерттеулерде шалқасынан жатқан күйде систолалық артериялық қысымның қосымша төмендеуі 8 мм. с.б. құрады. Шалқасынан жатқан күйде диастолалық артериялық қысымның тиісті қосымша төмендеуі 7 мм. с. б. құрады. Артериялық қысымның осы қосымша төмендеулері силденафилді дені сау еріктілерде монотерапия ретінде пайдалану кезінде байқалғандармен шамасы бойынша ұқсас болды.
Силденафил (100 мг дозада) АИТВ протеазасы тежегіштерінің, саквинавирдің және ритонавирдің, олардан CYP3A4 субстраттары болып табылатын тепе-тең күйінде фармакокинетикасына ықпал етпейді.
Бозентанмен бір уақытта қолданғанда силденафил тепе-тең күйде (тәулігіне үш рет 80 мг) бозентанның AUC және Cmax (тәулігіне екі рет 125 мг) ер жынысты дені сау еріктілерде тиісінше 49,8 % және 42 % жоғарылауын туындатады.
Айрықша нұсқаулар
Эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның алғашқы болжанатын себептерін анықтау үшін фармакологиялық емдеу мүмкіндіктері қарастырылғанша ауру тарихын зерттеп, медициналық тексеру жүргізген жөн.
Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары
Эректильді дисфункцияны емдеуді бастар алдында емдеуші дәрігер өз пациенттерінің жүрек-қантамырлық статусын бағалау керек, өйткені сексуалдық белсенділікпен байланысты жүрек асқынуларының белгілі бір қауіп дәрежесі болады.
Силденафилдің тамырларды кеңейтетін әсері бар, ол артериялық қысымның жеңіл немесе өткінші төмендеуіне әкеледі.
Силденафилді тағайындар алдында дәрігер осы препараттың белгілі бір негізгі аурулары бар пациенттердің жағдайына тамыр кеңейткіш әсерінің, әсіресе, олар сексуалдық белсенділікпен біріккенде қолайсыз зардапты болу ықтималдығын мұқият тексеруі тиіс. Тамыр кеңейтетін дәрілерге жоғары сезімталдық тобына сол жақ қарыншадан шығу бөлімінің тарылуы (мысалы, қолқа клапаны стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия) бар пациенттер, сондай-ақ артериялық қысымды автономды бақылаудың ауыр дәрежеде бұзылуы түрінде көрініс беретін көптүрлі жүйелі атрофияның сирек синдромы бар пациенттер жатады.
Силденафил артериялық қысымның аздаған және қысқа мерзімді төмендеуіне әкеледі, бұның көптеген жағдайларда клиникалық біліністері болмайды. Силденафил 100 мг дозада пероральді қабылдағаннан кейін шалқасынан жатқан күйде систолалық артериялық қысымның орташа ең жоғарғы төмендеуі 8,4 мм. с.б. құрады. Шалқасынан жатқан күйде диастолалық артериялық қысымның тиісті өзгеруі 5,5 мм. с. б. құрады. Артериялық қысымның осы төмендеулері силденафилдің тамыр кеңейтетін әсерімен расталады, бұл тамырлардың тегіс бұлшықеттерінде цГМФ жоғары деңгейлерімен байланысты болуы мүмкін. Силденафилді дені сау еріктілерде 100 мг дейінгі дозада бір рет пероральді қолдану ЭКГ-ге ешқандай клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістерді туындатпады.
Жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) ауыр түрі бар пациенттерде силденафил 100 мг дозада жүрек лықсуының көрсеткіштеріне ықпал етпеді және стеноздалған коронарлық артериялар бойынша қан ағуын азайтпады.
Силмелт нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Силмелттің «азот оксидінің/циклдік гуанозинмонофосфаттың (цГМФ)» метаболизмдік жолына әсеріне сәйкес силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерінің күшеюіне қабілетті, сондықтан оны азот оксидінің донаторларымен (амилнитрит сияқты) немесе нитраттармен кез келген түрде қолдануға болмайды.
Тіркеуден кейінгі кезең барысында силденафил қолдану кезіндегі миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардия, жүректен болатын кенет өлім, қарыншалық аритмия, цереброваскулярлы қан кету, транзиторлы ишемиялық шабуыл, артериялық гипертензия мен артериялық гипотензияны қоса, күрделі жүрек-қантамырлық асқыну жағдайлары тіркелген. Бұл пациенттердің көпшілігінде, бірақ бәрінде емес, осының алдында жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары болды. Осы құбылыстардың көбі жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін тез арада тіркелді, сонымен бірге бірнеше құбылыс силденафилді сексуалдық белсенділіксіз қабылдаудан кейін тез арада тіркелген. Бұл құбылыстардың силденафил қабылдаумен, сексуалдық белсенділікпен, бұрыннан бар жүрек-қантамыр ауруымен, осы факторлардың бірігуімен немесе басқа факторлармен тікелей байланысты болуын анықтау мүмкіндігі жоқ.
Приапизм
Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттар, соның ішінде силденафил жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы бар (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы сияқты) пациенттерде, сондай-ақ приапизмнің дамуына бейімдендіретін аурулары (орақша тәрізді-жасушалық анемия, көптеген миелома немесе лейкемия) бар пациенттерде сақтықпен қолданылу керек.
Силденафилді тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде ұзаққа созылған эрекция мен приапизм жағдайлары хабарланды. Эрекция 4 сағаттан артық созылған жағдайда пациент шұғыл медициналық жәрдемге жүгінгені жөн. Кезек күттірмейтін ем жүргізілмесе, приапизм жыныс мүшесі тінінің зақымдануына және потенция қабілетсіздігіне әкелуі мүмкін.
Көруге әсері
Силденафил және басқа да ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдаумен байланысты көрудің бұзылу жағдайлары, атап айтқанда, сирек ауру – көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы болды. Көру өткірлігінің кез келген ақаулары пайда болған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Қан ұюына әсері
Адам тромбоциттері пайдаланылатын in vitro зерттеулерінде силденафилдің натрий нитропруссидінің агрегацияға қарсы әсерін күшейтуі айғақталады. Қан ұюының бұзылулары немесе белсенді пептидті ойық жарасы бар пациенттерде силденафил қолдану қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ, сондықтан силденафил пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан соң қолданылу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Силмелт әйелдерде қолдануға көрсетілмеген.
Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданудың тиісті және қатаң бақыланатын зерттеулері жүргізілмеген.
Ұрпақ өрбіту функциясы
Силденафилді 100 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдаудан кейін препараттың сперматозоидтар қозғалғыштығына немесе олардың морфологиясына ықпал етуі болмаған.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Силденафилдің автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері зерттелмеген.
Автокөлік құралдарын басқарудың немесе механизмдермен жұмыс істеудің алдында пациенттер препараттың бас айналу және көру қабілетінің нашарлауы сияқты жағымсыз әсерлеріне байланысты, өз организмінің Силмелтті қабылдауға қандай реакция беруін анықтап алу керек.
Артық дозалануы
Препаратты 800 мг дейінгі дозада еріктілердің бір рет қабылдауымен жүргізілген зерттеулерде тіркелген жағымсыз реакциялар препараттың төменірек дозаларын пайдалану кезінде байқалғандармен салыстырмалы болды, бірақ олардың туындау жиілігі және пайда болу ауырлығы жоғарылау болды. Силмелт препаратының жоғарғы дозаларын (200 мг) қабылдау препарат тиімділігінің артуына әкелмейді, тек жағымсыз реакциялар (бас ауыруы, гиперемия, бас айналуы, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру түйсігінің бұзылуы) жиілігінің ұлғаюына әкеледі.
Артық дозаланған жағдайда стандартты симптоматикалық шаралар қабылдау керек.
Гемодиализ силденафил клиренсін жылдамдатпайды, өйткені силденафил қан плазмасының ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ауыз қуысында ұнтақталынатын 50 мг және 100 мг таблеткалар.
Бір жақ беті алюминий фольгадан және екінші жақ беті баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 2 таблеткадан салынған.
Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
MSN Laboratories Private Limited
Plot No 42, Anrich Industrial Estate, Bollaram,
Medak District - 502 325. A. P., Үндістан.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
MSN Laboratories Private Limited, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):
Қазақстан, Алматы қ., Жангельдин к-сі, 31, 205 кеңсе
Тел. +7 747 8163142