Силицеа D12 соль доктора Шюсслера №11

Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие разные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020627
Информация о регистрации в РК: 11.06.2014 - 11.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Силицеа D12 доктор Шюсслердің тұзы №11

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Silicea trit. D12 / Силицеа трит. D12 - 250 мг;

қосымша заттар: бидай крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар және бір жағында "11" және екінші жағында – "DHU" деп таңбаланған, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да терапиялық өнімдер.

АТХ коды V03A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қолданылмайды

Фармакодинамика

Силицеа D12 доктор Шюсслердің тұзы №11 доктор Шюсслердің потенциалды 12 минералды тұздарының бірі болып табылады. Минералды тұздар организмге жасуша функциясын демеп отыруға қажет. Доктор Шюсслердің теориясына сәйкес осы минералдар таралуын реттеудің бұзылуы аурулардың дамуына және дімкәстікке әкелуі мүмкін. Доктор Шюсслердің минералды тұздармен емдеу әдісі организм жасушаларының функционалдық қабілеттілігін минералды тұздар теңгерімін үйлестіре отырып, реттейді.

Силицеа D12 доктор Шюсслердің тұзы №11 - гомеопатиялық дәрі, шашқа, тырнақ пен теріге арналған минералды тұз болып табылады. Тері мен дәнекер тіндердің созылғыштығын арттырады.

Қолданылуы

- шаш пен тырнақтың сынғыштығында, шаштың түсуінде және тырнақ өсуінің бұзылуында

- тері мен дәнекер тіндерді нығайту үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Егер өзге ұсынымдар болмаса, төмендегі дозалау тәртібін пайдаланыңыз:

Емделушінің жасы

Жедел ауру

Созылмалы ауру

12 жастан асқан балалар және ересектер

1 таблетка ең көбі тәулігіне 6 рет

1 таблетка тәулігіне

1-3 рет

6-11 жастағы балалар

1 таблетка ең көбі тәулігіне 4 рет

1 таблетка тәулігіне

1-2 рет

1-5 жастағы балалар

1 таблетка ең көбі тәулігіне 3 рет *

тәулігіне 1 таблетка ++

* 6 жастан кіші балаларға таблетканы аздаған су мөлшерінде еріту ұсынылады.

++ 1 таблетканы жарты стақан суда ерітіңіз және осы ерітіндіні балаға бір шай қасықпен тәулігіне 1-3 рет беріңіз.

Таблетканы тамақтанудың алдында жарты сағат бұрын немесе одан кейін, оның ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, қабылдаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Құрамында бидай крахмалы болғандықтан, препаратты қолданғанда болуы мүмкін:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары.

- жағымсыз әсерлерінің дамуы жағдайында препарат қабылдауды тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бидайға аллергия (құрамында бидай крахмалының болуына байланысты)

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық дәрілерді қолданған кезде уақытша бастапқы нашарлаудың дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдану кезіндегі арнайы ескертулер мен сақтандыру шаралары

1 таблеткада 0,021 НБ бар.

Осы препарат құрамында лактоза моногидраты бар екендігін лактозаны көтере алмаушылығы бар емделушілердің ескергені жөн.

Препарат құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалының құрамында глютен болады (бірақ өте аз мөлшерде), сондықтан препарат глютенге сезімтал целиакиясы бар емделушілер үшін қауіпсіз деп саналады.

Жүктілік және лактация

Препаратты тек дәрігердің ұсынымы бойынша қолдануға болады.

Балаларда қолданылуы

Бұл препаратты балаларға қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі кезге дейін артық дозаланудың зиянды әсер етуі байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

80 таблеткадан алюминий герметикалық дискісімен бұрандалы пластмасса қақпағы бар қоңыр түсті шыны құтыға салынған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25 ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші және тіркеу куәлігінің иесі

Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ, Германия

Эсклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ, Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

 

Прикрепленные файлы

887207891477976703_ru.doc 60.5 кб
988381491477977836_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники