Силденафил (50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Силденафил
Халықаралық патенттелмегн атауы
Силденафил
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 50 мг және 100 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында,
белсенді зат: – 70.241 мг және 140.482 мг силденафил цитраты (50 мг және 100 мг силденафилге баламалы),
қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты,
үлбірлі қабықтың құрамы: опадри II Ақ 31К58902
опадри II Ақ 31К58902 құрамы: лактоза моногидраты, гипромеллоза (15 Ср), титанның қостотығы (Е 171), триацетин.
Сипаттамасы
Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «С1» өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған,сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «436» өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (100 мг доза үшін). |
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Силденафил.
АТХ коды G04BE03
Фармакологиялық қасиеттері
Дозаларды ұсынылған дозаларда ішке қабылдағанда силденафилдің фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатқа ие.
Сіңуі
Ішке қабылдағаннан кейін силденафил асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Силденафилдің абсолютті биожетімділігі ора есеппен 41% (25-63%) құрайды. Ішке ашқарынға қабылдағанда қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax) 30-120 мин ішінде (орта есеппен 60 мин) жетеді. Майлы тағаммен біріктіріп қабылдағанда сіңу жылдамдығы төмендейді; Сmax орта есеппен 29%-ға төмендейді, ал ең жоғары концентрацияға жету уақыты (Тmax) 60 минутқа ұзарады.
Таралуы
Силденафил таралу көлемі тепе-тең жағдайда орта есеппен 105 л құрайды.
Силденафилдің және оның негізгі айналымдағы N-деметилденген метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 96% құрайды және препараттың жалпы концентрациясына байланысты емес. Силденафилді ішке қабылдағаннан кейін 90 минуттан соң спермада дозасының 0,0002%-дан азы (орта есеппен 188 нг) табылды.
Метаболизмі
Силденафил негізінен бауырда Р450 цитохромының микросомальді СYP3А4 (негізгі жолы) және СYP2С9 изоферменттерінің әсер етуімен метаболизденеді. Силденафилдің N-деметилденуі нәтижесінде түзілетін негізгі айналымдағы белсенді метаболит әрі қарай метаболизмге ұшырайды. Қан плазмасындағы метаболиттің концентрациясы силденафил концентрациясының 40%-ға жуығын құрайды.
Шығарылуы
Силденафилдің организмдегі жалпы клиренсі сағатына 41 л құрайды, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі – 3-5 сағат. Ішке қабылдағаннан кейін силденафил метаболиттер түрінде негізінен нәжістермен бірге (шамамен дозаның 80%-ы) және несеппен бірге аз дәрежеде (шамамен дозаны 13%-ы) шығарылады.
Егде жастағы емделушілер
Егде жастағы емделушілерде (65 жас және одан үлкен) силденафил клиренсі төмендеген, ал қан плазмасындағы бос силденафилдің концентрациясы жас емделушілерге (18-45 жас) қарағанда шамамен 40%-ға жоғары.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының жеңіл (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) және орташа (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) дәрежедегі жеткіліксіздігінде ішке бір рет 50 мг қабылдағанда силденафилдің фармакокинетикасы өзгермейді. Бүйрек функциясының ауыр (креатинин клиренсі ≤ 30 мл/мин) дәрежедегі жеткіліксіздігінде силденафилдің клиренсі төмендейді, бұл фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның (АUC) және Сmax (88%) шамамен екі есе артуына әкелді.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр циррозы (Чайлд-Пью А және В) бар емделушілерде силденафил клиренсі төмендейді, бұл АUC мәнінің 84%-ға және Сmax 47%-ға жоғарылауына әкеледі.
Фармакодинамикасы
Препараттың белсенді заты – силденафил циклогуанозинмонофосфаттың (цГМФ) күшті селективті тежегіші - спецификалық фосфодиэстераза 5 типі (ФДЭ-5) болып табылады.
Силденафил кавернозды денені тікелей босаңсытатын әсер бермейді. Силденафил кавернозды денеде цГМФ ыдырауына жауап беретін ФДЭ5 тежелуі арқылы азот тотығының (NO) босаңсытатын әсерін күшейтеді.
Осының нәтижесінде тегіс бұлшықеттер босаңсиды және кавернозды денедегі қан ағымы күшейеді.
Қолданылуы
-
еркектерде жыныс мүшесінің жыныстық қатынасты қанағаттандыру үшін жеткілікті эрекцияға жету және оны сақтау қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді функцияның бұзылуын емдеуге
Қолдану тәсілі және дозалары
Қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен!
Пероральді түрде қолдануға арналған. Ұсынылатын дозасы - 50 мг, қажеттілігіне қарай, жыныстық қатынастан шамамен бір сағат бұрын қолдану керек. Тиімділігіне және жағымдылығына қарай, дозаны 100 мг-ге дейін арттыруға немесе 25 мг-ге дейін төмендетуге болады. Ең жоғары ұсынылатын доза – 100 мг. Дозаны қабылдаудың ең жоғары ұсынылатын жиілігі – күніне бір рет. Егер силденафил тамақпен бірге қабылданса, белсенділігінің басталуы аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда кейін болуы мүмкін.
Егде жастағылар үшін қолданылуы:
Егде жастағы емделушілерде дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
-
бас ауыру, бас айналу
-
хроматопсия (жеңіл және өткінші, негізінен түрлі-түс реңін айыра білудің өзгеруі), көрудің нашарлауы
-
мұрынның бітелуі
-
диспепсия
-
қан құйылулар
Сирек
-
миокард инфарктісі, жүрекшелердің фибрилляциясы
-
ми қан айналымының жедел бұзылуы, естен тану
-
кереңдік
-
мұрыннан қан кету
-
гипертония, гипотония
-
аса жоғары сезімталдық реакциялары
-
құрысулар, құрысулардыцң қайталануы
Өте сирек
-
тахикардия
-
ұйқышылдық, сезімталдықтың төмендеуі
-
конъюнктивальді бұзылыстар және басқа да көз аурулары
-
құлақтың шыңылдауы
-
жүректің айнуы, құсу, ауыздың кеберсуі
-
тері бөртпесі
-
бұлшықеттердің ауыруы
-
кеуденің ауыруы, шаршау
Белгісіз
-
қарыншалық аритмия, тұрақсыз стенокардия, кенеттен болатын өлім
-
ми қан айналымының өткінші ишемиялық бұзылуы, пароксизм, пароксизмнің қайталануы
-
көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық невропатиясы, қантамырлардың ретинальді окклюзиясы
-
приапизм, ұзақ эрекция
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың белсенді затына немесе компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
сексуальді белсенділік керек емес емделушілер (мысалы, тұрақсыз стенокардияда немесе жүрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуларында)
-
көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық невропатиясы салдарынан бір көзі көрмей қалған емделушілер
-
бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі
-
сирек тұқым қуалаған галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі мәселелері немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілер
-
нитраттармен немесе азот тотығының донаторларымен біріктіріп қолдану
-
әйелдерге қолдануға арналған
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Мыналарда сақтықпен:
-
жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)
-
приапизмның дамуына бейім ететін аурулар (мысалы, орақ–жасушалы анемия, көптеген миелома, лейкоз, тромбоцитемия сияқты)
-
қан кетумен қатар жүретін аурулар
-
ойық жара ауруының өршуі
-
тұқым қуалаған пигментті ретинит
-
жүрек функциясының жеткіліксіздігі
-
тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі, инсульт немесе өмірге қауіп төндіретін аритмиялар
-
артериялық гипертензия (артериялық қысым (АҚ) > 170/100 мм с. б.) немесе гипотония (АҚ < 90/50 мм с. б.)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Силденафилдің метаболизмі негізінен P450 (CYP) цитохромының 3A4 (негізгі жолы) және 2C9 (қосымша жолы) изоформалары арқылы жүреді. Демек, осы изоферменттердің тежегіштері Силденафилдің шығарылуын төмендетуі мүмкін.
Силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін, соңғысын ұзақ қолданғанда да, сондай-ақ оларды қатаң көрсетілім бойынша тағайындағанда да күшейтеді. Осыған байланысты, Силденафилді нитраттармен немесе азот тотығының донаторларымен біріктіріп қолдануға болмайды.
Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, эритромицин, циметидин сияқты) бір мезгілде қолданғанда Силденафилдің шығарылуының төмендеуі байқалады. Мұндай науқастарда жағымсыз реакциялардың ұлғаюы байқалмаса да. Сондықтан CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда Силденафилдің 25 мг бастапқы дозасын тағайындаған жөн.
Белсенділігі жоғары Р450 тежегіштері болып табылатын АИВ протеазасы тежегіші ритонавирді (күніне екі рет 500 мг) Силденафилмен бірге (бір реттік 100 мг) бір мезгілде тағайындау Силденафилдің Cmax 300%-ға (4 есе) және AUC 1,000%-ға (11 есе) артуына әкеледі. 24 сағаттан кейін плазмадағы Силденафил деңгейі, Силденафилдің өзін ғана қолданған кездегі 5 нг/мл-мен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсерін тигізбейді. Фармакокинетикалық нәтижелер деректерінің негізінде Силденафилді ритонавирмен біріктіріп тағайындауға ұсыныс жасалмайды және кез келген жағдайда Силденафилдің ең жоғары дозасы 48 сағат ішінде қандай жағдай болмасын 25 мг-нан аспауы тиіс.
АИВ протеазасы тежегіші саквинавирді, CYP3A4 тежегішін (күніне үш рет 1200 мг-ден) Силденафилмен (100 мг бір реттік доза) бір мезгілде тағайындау Силденафилдің Cmax 140%-ға және AUC на 210%-ға артуына әкелді. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Бәрінен де гөрі, кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 күштірек тежегіштері өте күшті әсер етеді.
Силденафилдің 100 мг бір реттік дозасы CYP3A4 тежегішіне тән эритромицинмен (күніне екі рет 500 мг-ден, 5 күн бойы) тағайындалған кезде Силденафилдің AUC мәні 182%-ға артты. Дені сау ерікті еркектерде азитромициннің (күніне 500 мг-ден, 3 күн бойы) Силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC, Cmax, Тmax, мәндеріне, элиминация жылдамдығының константасына, немесе жартылай шығарылу кезеңіне ықпалы айғақталған жоқ.
Дені сау еріктілерге Силденафилді (50 мг) циметидинмен (800 мг-ден) бір мезгілде тағайындағанда, P450 цитохромының тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші плазмада Силденафил концентрациясын 56%-ға арттырды.
Грейпфрукт шырыны метаболизмнің CYP3A4 әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасында Силденафилдің концентрациясын елеусіз арттыруы мүмкін.
Антацидтердің (магний гидроксиді/алюминий гидрототығы) бір реттік дозалары Силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.
Медициналық препараттардың барлығымен де спецификалық өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмесе де, фармакокинетикалық жиынтығын талдау, яғни CYP2C9 тежегіштерімен (мысалы, толбутамид, варфарин, фенитоин), CYP2D6 тежегіштерімен (мысалы, серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер, үш циклдік антидепрессанттар), тиазидпен байланысқан диуретиктермен, ілмектік диуретиктермен және калий жинақтаушы несеп айдағыш дәрілермен, ангиотензин-I-өзгертуші фермент тежегіштерімен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, бета-адренорецептор антагонистерімен немесе CYP450 метаболизмі факторын индукциялаушы дәрілермен (мысалы, рифампицин, барбитураты сияқты) бір мезгілде қолданғанда Силденафилдің фармакокинетикасына конкомитантты препараттың ешқандай да әсер етпейтіндігін көрсетті.
Никорандил калий өзекшелері мен нитрат белсендіргішінің гибриді болып табылады. Нитратты компонентінің арқасында, ол Силденафилдің функциясына ықпалын тигізеді.
Силденафилдің басқа дәрілік препараттарға әсері
Силденафил Р450 цитохромының 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1 және 3А4 изоферменттерінің (ИК50>150 мкмоль) әлсіз тежегіші болып табылады. Силденафилді ұсынылған дозаларда қабылдағанда оның Cmax 1 мкмоль жуық құрайды, сондықтан Силденафилдің осы изоферменттер субстраттарының клиренсіне ықпал ету ықтималдығы аз.
Силденафилдің және теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразаның спецификалық емес тежегіштерінің өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.
Силденафилді альфа-блокаторлармен бір мезгілде тағайындау, кейбір сезімтал емделушілерде симптоматикалық гипотензияға әкеп соғуы мүмкін. Бұл әсіресе Силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң пайда болуы мүмкін.
Силденафилді (50 мг) CYP2C9 жәрдемімен метаболизденетін толбутамидпен (250 мг) немесе варфаринмен (40 мг) біріктіріп қолдануда елеулі өзара әрекеттесулер көрінген жоқ.
Силденафил (50 мг) ацетилсалицил қышқылынан (150 мг) туындайтын қан кету уақытына ықпалын тигізбейді.
Силденафил (50 мг) қанында алкогольдің орташа ең жоғары деңгейі 80 мг/дл болатын дені сау еріктілерде алкогольдің гипотензиялық әсерін күшейтпейді.
Гипертензияға қарсы препараттардың, мысалы, диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, гипертензияға қарсы басқа да дәрілік препараттар (орталыққа әсер етіп, қантамырларды кеңейтетін дәрілер), адреноблокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары және блокаторы альфа-адренорецепторлар блокаторлары сияқты тобымен біріктіріп қолдану Силденафил қабылдап жүрген емделушілердегі жағымсыз әсерлер бейінінде, плацебо емделіп жүрген топпен салыстырғанда, ешқандай да айырмашылықтарының болмайтындығын көрсетті.
Айрықша нұсқаулар
Эрекцияның бұзылуын диагностикалау, олардың ықтимал себептерін анықтау және талапқа сай емдеу түрін таңдау үшін толық медициналық сыртартқы жинап, тұлабойға мұқият тексеру жүргізу қажет.
Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттарды сексуальді белсенділік жағымсыз болатын еркектерге тағайындамау керек. Жүрек аурулары бар болғанда сексуальді белсенділік белгілі бір қауіп төндіреді, сондықтан эрекцияның бұзылу себебіне байланысты кез келген емді бастамас бұрын жүрек-қан тамырлары жүйесін тексеруден өткізген жөн. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардиясы, соңғы 6 айда өткерілген миокард инфарктісі немесе инсульттері, өмірге қатер төндіретін аритмиялары, артериялық гипертензиясы (АҚ > 170/100 мм сын. бағ.) немесе гипотониясы (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.) бар науқастарда сексуальді белсенділік жайсыздық тудырады.
Силденафил АҚ-ның өткінші төмендеуіне әкелетін жүйелі вазодилатациялау әсерін береді, бұл клиникалық тұрғыдан маңызды құбылыс емес және емделушілердің көпшілігінде қандай да бір зардаптарға әкеп соқтырмайды. Дегенмен, Силденафилді тағайындағанға дейін, әсіресе сексуальді белсенділік аясында тиісті аурулары бар емделушілерде вазодилатациялаушы әсердің ықтимал ұнамсыз көріністерінің қаупіне тиянақты баға берілуі тиіс. Сол жақ қарыншадан шығатын жол тарылған (соның ішінде қолқа стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы), сондай-ақ вегетативтік жүйке жүйесі тарапынан АҚ реттелісінің ауыр бұзылуы түрінде көрініс беретін көптеген жүйелік атрофия синдромы сирек кездесетін науқастарда вазодилататорларға жоғары сезімталдық байқалады.
Клиникалық зерттеулерде Силденафил қабылдаған емделушілерде, плацебо қабылдаған емделушілермен салыстырғанда, миокард инфарктісінің даму жиілігінде (жылына 100 адамнан 1,1) немесе жүрек-қантамыр ауруларының жиілігінде (жылына 100 адамнан 0,3) айырмашылықтың жоқтығы анықталды.
Тұқым қуалайтын пигменттік ретиниті бар емделушілердің аздаған бөлігінде көздің торқабығының фосфодиэстеразасы функциясы бұзылады. Силденафилді мұндай науқастарда қолданудың қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ, сондықтан бұл науқастарда Силденафилді абайлап қолданған жөн.
Барлық ФДЭ5 тежегіштерін, соның ішінде Силденафилді пайдаланғанда көрудің нашарлауына және соқырлыққа әкелетін артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия дамуының сирек жағдайлары жөнінде мәлімдемедер бар. Осы емделушілердің көпшілігінде жасының 50-ден асуы, диабет, гипертония, коронарлы артерия аурулары, гиперлипидемия және темекі шегу сияқты қауіпті факторлар бар. ФДЭ5 тежегіштерін қолдану мен артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық невропатияның дамуы арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Дәрігерлер артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық невропатияны өткерген емделушілерді осы аурудың даму қаупінің жоғарылығы жөнінде хабардар етуі тиіс. Көру кенеттен нашарлаған немесе көрмей қалған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Постмаркетингтік және клиникалық зерттеулерде, Силденафилді қоса, барлық ФДЭ5 тежегіштерін пайдаланғанда естудің күрт нашарлауы немесе естімей қалудың сирек жағдайлары жөнінде мәлімделді. Осы емделушілердің көпшілігінде естудің күрт нашарлауына немесе естімей қалуға тән қауіпті факторлар болды. ФДЭ5 тежегіштерін қолдану мен естудің нашарлауы немесе жоғалуының арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Есту күрт нашарлаған немесе одан айрылған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Силденафилдің эрекцияны емдеуге арналған басқа заттармен біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелген жоқ, сондықтан мұндай біріктірілімдерді қолдануға ұсыныс жасалмайды.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Силденафил препаратын қабылдау аясында автомобильді немесе басқа да техникалық құралдарды басқару қабілетіне қандай да болсын теріс әсері байқалған жоқ, алайда препаратты қабылдаған кезде АҚ төмендеуі, хроматопсия дамуы, көздің бұлыңғырлануы мүмкін болғандықтан, аталған жағдайларда, әсіресе емнің бас кезінде және дозалау режимін өзгерткенде препараттың жекелей әсерін мұқият қадағалаған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас ауыру, қан құйылулар, бас айналу, ас қорыту бұзылысы, мұрынның бітелуі, көрудің өзгеруі
Емі: симптоматикалық ем. Гемодиализ тиімді емес.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 немесе 4 таблеткадан салынған.
Пішінді 1 (1 таблеткалық), 1 (4 таблеткалық) қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Жубилант Лайф Сайнсес Лтд,
Village Sikandarpur Bhainswal,
Roorkee-Dehradun Highway,
Bhagwanpur, Roorkee,
District Haridwar, Uttarakhand 247 661, India/ Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Жубилант Лайф Сайнсес Лтд, Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ALIMOR Corporation» ЖШС
Алматы қ-сы, Мұратбаев к-сі 63
Тел./факс + 7 727 233-39-97, E-mail: reg@alimor.kz