Сефабел (порошок для приготовления раствора, 0.5 г)

МНН: Цефтриаксон
Производитель: Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ceftriaxone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022244
Информация о регистрации в РК: 08.02.2022 - 08.02.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Сефабел

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефтриаксон

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 0.5 г және 1.0 г ұнтақ еріткішпен жиынтықта (инъекцияға арналған 2 мл және 3.5 мл лидокаин гидрохлоридінің 1% ерітіндісі)

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 608.38 мг немесе 1216.77 мг натрий цефтриаксон тригидраты (510 мг немесе 1020 мг цефтриаксонға баламалы)

Еріткіш:

бір ампуланың ішінде

белсенді зат – 21.4 мг немесе 37.45 мг лидокаин гидрохлорид моногидраты (20 мг немесе 35 мг лидокаин гидрохлоридіне баламалы),

қосымша зат: инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ дерлік немесе сарғыш түсті, сәл гигроскопиялы кристалл ұнтақ.

Еріткіш: мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы бета-лактамды басқа да препараттар. Үшінші буынды цефалоспориндер. Цефтриаксон.

АТХ коды J01DD04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

500 мг және 1 г цефтриаксонды көктамырішілік болюстік енгізуден кейін, плазмада цефтриаксонның орташа деңгейі, сәйкесінше, шамамен 120 және 200 мг/л болды. 500 мг, 1 г және 2 г цефтриаксонды көктамырішілік болюстік енгізуден кейін, плазмада цефтриаксонның орташа деңгейі, сәйкесінше, шамамен 80, 150 және 250 мг/л болды. Бұлшықетішілік енгізуден кейін плазмада цефтриаксонның орташа деңгейі, баламалы дозада көктамырішілік енгізуден кейін байқалғаннан кейінгіге қарағанда, шамамен екі есе аз болды. Бір реттік бұлшықетішілік 1 г дозаны енгізгеннен кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрация 81 мг/л-ге жуықты құрайды, оған енгізуден кейін 2 - 3 сағат ішінде қол жеткізілді.

Бұлшықетішілік енгізуден кейін "концентрация-уақыт" тәуелділік қисығы астындағы аудан баламалы дозаны көктамырішілік енгізуден кейінгідегідей болды.

Цефтриаксонның таралу көлемі 7 - 12 л-ге тең болды. Тиісті патогендердің көбісінің ең төмен тежегіш концентрацияларынан едәуір көбірек концентрациялар өкпені, жүректі, өт жолдарын/бауырды, бадамша безді, ортаңғы құлақты және мұрынның шырышты қабығын қоса, тіндерден, сондай-ақ жұлын, плевралық, простаталық және синовиальді сұйықтықтардан табылды. Плазмадағы орташа ең жоғары концентрацияның (Cmax) 8 - 15%-ға жоғарылауы препаратты қайталап енгізгенде байқалды; Тепе-тең жағдайға көптеген жағдайларда препаратты қабылдау тәсіліне байланысты 48 - 72 сағат ішінде жетті.

Цефтриаксон мидың қабығына өтеді. Ми қабығы қабынған кезде өтуі өте жоғары болады. Бактериялық менингиті бар пациенттерде жұлын сұйықтығындағы цефтриаксонның орташа ең жоғары шектегі концентрациялары есептерде көрсетіледі, олар ми қабығы қабынған пациенттердің плазмасындағы концентрациялардың 2%-ымен салыстырғанда, плазмадағы концентрациялардың 25%-ына дейінін құраған. Жұлын сұйықтығында цефтриаксон ең жоғары шектегі концентрациясына көктамырішік енгізуден кейін шамамен 4-6 сағаттан соң жетеді. Цефтриаксон плацентарлы бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінде төмен концентрацияларда бөлініп шығады.

Цефтриаксон альбуминмен қайтымды байланысады. Плазма ақуыздарымен байланысуы плазмадағы 100 мг/л-ден төмен концентрацияларда 95%-ға жуықты құрайды. Байланысуы қаныққан болып табылады және байланысқан бөлімі концентрацияның өсуімен азаяды (плазмада 300 мг/л концентрацияларда 85%-ға дейін).

Цефтриаксон жүйелік түрде метаболизденбейді, ол ішек флорасының әсерімен белсенді емес метаболиттерге айналады.

Жалпы цефтриаксонның (байланысқан және байланыспаған) плазмалық клиренсі 10 - 22 мл/мин құрайды. Бүйректік клиренсі 5 - 12 мл/мин құрайды. Цефтриаксонның 50 - 60%-ы организмнен өзгермеген күйінде несеппен бірге, негізінен бүйректе шумақтық сүзілу жолымен шығарылады, 40 - 50%-ы организмнен өзгермеген күйінде өтпен бірге шығарылады. Жалпы цефтриаксонның организмнен жартылай шығарылу кезеңі ересектерде шамамен 8 сағатты құрайды.

Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде цефтриаксонның фармакокинетикасы, тіпті бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, жартылай шығарылу кезеңі шамалы (екі еседен азырақ) артатындай өте аз ғана өзгереді.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде жартылай шығарылуының біршама аздап артуы бүйректік емес клиренсінің компенсаторлық жоғарылауымен түсіндіріледі, бұл ақуыздың байланысуының төмендеуімен және жалпы цефтраксонның бүйректік емес клиренсінің тиісінше артуымен түсіндіріледі.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде организмнен жартылай шығарылу кезеңі бүйректік клиренсінің компенсаторлық жоғарылауына байланысты ұлғаймайды. Бұл да цефтриаксонның плазма фракциясынсыз артуымен байланысты, ол препараттың жалпы клиренсінің бақыланатын әдеттен тыс жоғарылауына, сондай-ақ таралу көлемінің жалпы клиренспен қатарласа жоғарылауына мүмкіндік береді.

Егде жастағы адамдар

75 жастан асқан егде адамдарда орташа жартылай шығарылу кезеңі, жасөспірімдерге қарағанда, әдетте екі-үш есе көбірек.

Балалар

Жаңа туған нәрестелерде цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңі артады. Жаңа туғандардан 14 күнге дейінгі балаларда шумақтық сүзілудің төмендеуі және ақуызбен байланысуының өзгеруі сияқты факторларға байланысты бос цефтриаксонның деңгейі артуы мүмкін. Балаларда жартылай шығарылу кезеңі жаңа туған нәрестелерге немесе ересектерге қарағанда азырақ.

Жалпы цефтриаксонның плазмалық клиренсі және таралу көлемі жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде және балаларда ересектерге қарағанда көбірек.

Дозаға байланыстылығы/байланыссыздығы

Цефтриаксонның фармакокинетикасы дозаға байланысты емес, ал барлық негізгі фармакокинетикалық параметрлер, жартылай шығарылу кезеңін қоспағанда, егер олар препараттың жалпы концентрацияларына негізделсе және дозаға пропорционалдыдан азырақ жоғарыласа, дозаға байланысты болады. Дозаға байланысты еместігі плазма ақуыздарымен байланысуының қанығуымен жүзеге асырылады және сондықтан жалпы цефтриаксонда плазмадан байқалады, бірақ бос (байланыспаған) цефтриаксонда емес.

Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы арасындағы байланыс

Басқа да бета-лактамдар сияқты, фармакокинетикалық, фармакодинамикалық көрсеткіштер препаратты қабылдау аралығындағы пайыз болып табылатын, тірі организмдегі тиімділігімен өте жақсы үйлесетінін көрсетеді, сондықтан байланыспаған концентрация кейбір зерттелген түрлер үшін цефтриаксонның ең төмен тежегіш концентрациясынан (ЕТК) жоғары күйінде қалады (яғни % T > ЕТК).

Фармакодинамикасы

Цефтриаксон пенициллинмен байланысатын ақуыздарға (РВР) мықтап бекітілгеннен кейін бактериялық жасушалық қабырғаның синтезін басады. Бұл жасушалық қабырға биосинтезінің (пептидогликанның) үзілуіне әкеледі, ол бактериялық жасушалардың лизисіне және өлімге әкеп соғады.

Бактериялардың цефтриаксонға төзімділігі келесі механизмдердің біреуімен немесе бірнешеуімен байланысты болуы мүмкін:

• бета-лактамазалардың, соның ішінде кең ауқымды бета-лактамазалардың (ESBL), карбапенемазаның және Aмп C ферменттерінің гидролизі, олар бактериялардың белгілі бір аэробтық грамтеріс түрлерінде индукциялануы немесе тұрақты түрде басылуы мүмкін

• цефтриаксон үшін пенициллинмен байланысатын ақуыздардың афинділігін төмендетуі

• грамтеріс микроорганизмдерде сыртқы жарғақшаның өткізбеушілігі.

• бактериялық эффлюксті сорғылар

Микробтарға қарсы сезімталдығын тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) белгілеген ең төмен тежегіш концентрацияның (ЕТК) бақылау нүктелері мыналар болып табылады:

Патогенді микроорганизм

Сұйылту тесті (MIC, мг/л)

Сезімтал

Резистентті

Enterobacteriaceae

≤ 1

> 2

Staphylococcus түрлері

а.

а.

Streptococcus түрлері (A, B, C және G топтары)

б.

б.

Streptococcus pneumoniae

≤ 0,5 с

> 2

Streptococci Viridans тобы

≤0.5

> 0,5

Haemophilus influenzae

≤ 0,12с

> 0,12

Moraxella catarrhalis

≤ 1

> 2

Neisseria gonorrhoeae

≤ 0,12

> 0,12

Neisseria meningitidis

≤ 0,12 с

> 0,12

Түрмен спецификалық емес байланысқандар

≤ 1 d

> 2

а. - Сезімталдық цефокситиннің сезімталдығынан болады.

б. -  Сезімталдық пенициллиннің сезімталдығынан болады.

с. - Сезімталдық тұрғысынан цефтриаксон МІС изоляттары сирек және, егер табылған болса, қайтадан тестіленуі тиіс және, егер олар айғақталса, оларды референтті зертханаға жіберген жөн.

d. - Күн сайынғы 1 г х 1 көктамырішілік дозаға және ең кемінде 2 г х 1 жоғары дозаға бақыланатын нүктелер қолданылады.

Спецификалық патогендерге қарсы клиникалық тиімділік

Жүре пайда болатын резистенттіліктің таралуы географиялық тұрғыдан және таңдап алынған түрлер үшін уақыты бойынша өзгеруі және резистенттілігі жөнінде, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде жергілікті ақпараттың болғаны дұрыс. Қажет болғанда, егер резистенттіліктің жергілікті таралуы инфекциялардың кейбір түрлеріне қарсы цефтриаксонның пайдалы екендігі күмән тудыратындай болса, сарапшыдан кеңес алған жөн.

Бактериялардың сезімтал түрлері:

Грамоң аэробтар – алтын түстес стафилококк (метициллин-сезімтал), коагулазожағымсыз стафилококктар (метициллин-сезімтал), пиогенді стрептококк (А тобы), агалактиа стрептокогы (В тобы), пневмония стрептокогы, viridans тобының стрептокогы

Грамтеріс аэробтар - Borrelia burgdorferi, гемофильді таяқша, Haemophilus parainfluenzae, моракселла катарралис, гонококктар, менингококк, бактерия протеус мирабилис, Providencia spp., бозғылт трепонема

Жүре пайда болған резистенттілік күрделі мәселелерді тудыруы мүмкін түрлер

Грамоң аэробтар - эпидермальді стафилококк, гемолиздік стафилококк, стафилококк хоминис

Грамтеріс аэробтар - цитробактер фреунди, энтеробактер аэрогенес, энтеробактер клоаки, ішек таяқшасы, пневмония клебсиелласы, окситок клебсиелласы, Morganella morganii, тұрпайы протей, серрация марцесценс

Анаэробтар – бактероидтар, фузобактериялар, пептострептококк, энтеритті клостридия

Тұқым қуалайтын резистентті организмдер:

Грамоң аэробтар – энтерококк, моноцитогенді листерия

Грамтеріс аэробтар - акинетобактерия бауманна, көкіріңді таяқша, Stenotrophomonas maltophilia

Анаэробтар - клостридиум диффициле

Тағы басқалар – хламидия, Chlamydophila spp., микоплазма, легионеллалар, Ureaplasma urealyticum

Барлық метициллин-сезімтал стафилококктар цефтриаксонға сезімтал болып табылады.

Қолданылуы

Сефабел ересектерді және, шала жаңа туған нәрестелерді қоса, балаларды емдеу үшін қолданылады:

- бактериялық менингитте

- ауруханадан тыс пневмонияда

- ауруханаішілік пневмонияда

- жедел ортаңғы отитте

- интраабдоминальді инфекцияларда

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында (соның ішінде пиелонефритте)

- сүйектер мен буындардың инфекцияларында

- тері мен жұмсақ тіндердің күрделі инфекцияларында

- созда

- мерезде

- бактериялық эндокардитте

- ересектерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының жедел өршуінде

- ересектердегі және туғанына 15 күндік болған жаңа туған нәрестелерді қоса, балалардағы Лайм ауруында (ерте және кеш сатыларында)

- нейтропенияда және бактериялы инфекциядан туындаған қызбада

- операция алдында хирургиялық инфекциялардың профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сефабел бұлшықетішілік қолдануға арналған. Құрамында лидокаин бар ерітінді, көктамыр ішіне енгізуге болмайды!

Доза инфекцияның ауырлығына, сезімталдығына, орныққан жеріне және түрлеріне, сондай-ақ пациенттің жасына және бауыр-бүйрек функциясына байланысты.

Төменде кестеде ұсынылған дозалар осы көрсетілімдер бойынша жалпы ұсынылатын дозалар болып табылады. Аса ауыр жағдайларда ұсынылған ауқымның өте жоғары шегіндегі дозаларды қарастыруға болады.

Емдеу ұзақтығы ауру барысына байланысты болады. Жалпы, антибиотиктермен емдеген жағдайдағы сияқты, цефтриаксонды енгізуді, пациент афебрильді болғаннан кейін, немесе эрадикация айғақтамасы алынғаннан кейін 48 – 72 сағат бойы жалғастырған жөн.

Ересектер және 12 жастан асқан (≥ 50 кг) балалар:

Қолданылуы

*Тіркелген бактериемияда ұсынылған дозалар ауқымының жоғарғы шегін қарастырған жөн

** Күніне екі рет енгізуді (әрбір 12 сағат сайын) күніне 2 г-ден көбірек дозада енгізілетін жерде қарастыруға болады.

Дозалаудың спецификалық графигін қажет ететін ересектер және 12 жастан асқан (≥ 50 кг) балалар үшін көрсетілімдер:

Жедел ортаңғы отитте Сефабелдің бір реттік бұлшықетішілік 1 - 2 г дозасын енгізеді. Шектеулі деректер пациент ауыр сырқаттанған немесе бұның алдындағы ем сәтсіз болған жағдайларда 3 күн бойы күніне 1 - 2 г дозада бұлшықетішілік енгізген кезде Сефабелдің тиімді болуы мүмкін екендігін айғақтайды.

Операция алдында хирургиялық инфекцияның профилактикасы үшін препаратты операциядан 30 - 90 минут бұрын операция алдындағы бір 2 г доза түрінде тағайындайды.

Соз

Ұсынылатын доза бір реттік бұлшықетішілік инъекция түріндегі 500 мг құрайды.

Мерез

Ұсынылатын доза 10-14 күн ішінде нейромерез жағдайында доза күніне бір рет 2 г-ге дейін арттырылатын күніне бір рет 500 мг - 1 г құрайды.  

Лайм ауруы (ерте және кеш сатылары)

Ұсынылатын доза 14-21 күн бойы күніне бір рет 2 г құрайды.

Педиатриялық популяция

Жаңа туған нәрестелер және туғанына 15 күннен бастап 12 жасқа дейінгі (<50 кг) балалар

Дене салмағы 50 кг немесе одан көп балалар үшін ересектерге арналған әдеттегі дозаны тағайындаған жөн.

Қолданылуы

*Тіркелген бактериемияда ұсынылған дозалар ауқымының жоғарғы шегін қарастырған жөн

** Күніне екі рет енгізуді (әрбір 12 сағат сайын) күніне 2 г-ден көбірек дозада енгізілетін жерде қарастыруға болады.

Дозалаудың спецификалық графигін қажет ететін жаңа туған нәрестелер, туғанына 15 күннен бастап 12жасқа дейінгі (<50 кг) сәбилер мен балалар үшін көрсетілімдер:

Жедел ортаңғы отит

Жедел ортаңғы отитті бастапқыда емдеу үшін Сефабелдің бір реттік бұлшықетішілік 50 мг/кг дозасын енгізуге болады. Шектеулі деректер нәресте ауыр сырқаттанған немесе бастапқы ем сәтсіз болған жағдайларда 3 күн бойы күніне 50 мг/кг дозада бұлшықетішілік енгізген кезде Сефабелдің тиімді болуы мүмкін екендігін айғақтайды.

Операция алдында хирургиялық инфекцияның профилактикасы үшін препаратты операциядан 30 - 90 минут бұрын операция алдындағы бір 50-80 мг/кг  доза түрінде тағайындайды.

Мерез

Ұсынылатын доза 10-14 күн бойы күніне бір рет 75 - 100 мг/кг (4 г-ден аспайды) құрайды.  

Лайм ауруы (ерте және кеш сатылары)

Ұсынылатын доза 14-21 күн бойы күніне бір рет 50 - 80 мг/кг құрайды.

Туғанына 0-14 күн болған жаңа туған нәрестелер

Сефабелді шала жаңа туған балаларға қолдануға болмайды.

Қолданылуы

*Тіркелген бактериемияда ұсынылған дозалар ауқымының жоғарғы шегін қарастырған жөн. Ең жоғары тәуліктік дозаны 50 мг/кг-ден асырмаған жөн

Дозалаудың спецификалық графигін қажет ететін, туғанына 0 - 14 күн болған жаңа туған нәрестелер үшін көрсетілімдер:

Жедел ортаңғы отит

Жедел ортаңғы отитті бастапқыда емдеу үшін Сефабелдің бір реттік бұлшықетішілік 50 мг/кг дозасын енгізуге болады.

Операция алдында хирургиялық инфекцияның профилактикасы үшін препаратты операциядан 30 - 90 минут бұрын операция алдындағы бір 20 - 50 мг/кг  доза түрінде тағайындайды.

Мерез

Ұсынылатын доза 10-14 күн бойы күніне бір рет 50 мг/кг құрайды.

Егде жастағылар

Ересектер үшін ұсынылатын дозалар бүйрек және бауыр функциялары қанағаттанарлық болған жағдайда егде жастағы адамдар үшін ешқандай өзгертуді қажет етпейді.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Қолда бар деректер бүйрек функциясы бұзылмаған жағдайда бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуларында дозаны түзетудің қажет екендігін көрсетпейді.

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді зерттеу деректері жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бауыр функциясы бұзылмаған жағдайда цефтриаксон дозасын төмендетудің қажеттілігі жоқ. Бүйрек функциясының претерминальді жеткіліксіздігі жағдайларында ғана (креатинин клиренсі <10 мл/мин) цефтриаксонның дозасы күніне 2 г-ден аспауы тиіс.

Диализде жүрген пациенттерде диализден кейін ешқандай қосымша дозалау қажет емес.

Цефтриаксон перитонеальді диализбен немесе гемодиализбен шығарылмайды. Қауіпсіздігіне және тиімділігіне клиникалық бақылау ұсынылады.

Бауырдың және бүйректің ауыр бұзылулары бар науқастар

Бүйрек және бауырдың ауыр дисфункциясы бар науқастар үшін қауіпсіздігін және тиімділігін клиникалық бақылау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1/100 - <1/10)

- эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения

- диарея

- бөртпе, анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция, аса жоғары сезімталдық

- бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100)

- генитальді зеңдік инфекциялық аурулар

- қанның және лимфалық жүйенің бұзылыстары (гранулоцитопения, анемия,

коагулопатия)

- бас ауыру, бас айналу

- жүректің айнуы, құсу

- қышыну

- флебит, инъекция жасалған жердің ауыруы, қызба жағдайы

- қанда креатинин деңгейінің өсуі

Сирек (≥ 1/10000 - <1/1000)

- жалған жарғақшалы колит

- бронхтың түйілуі

- бөртпе (есекжем), қышыну, ісінулер, қалтырау

- гематурия, глюкозурия

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалауға келмейді)

- салдарлық инфекция

- гемолиздік анемия, агранулоцитоз

- құрысулар, бас айналу, вертиго

- панкреатит, стоматит, глоссит

- гепатобилиарлы бұзылыстар (өт қалтасында преципитаттар, ядролық сарғаю)

- бүйректік және несептік бұзылыстар (олигурия, бүйректік преципитат (қайтымды))

- терінің және теріасты тіндерінің бұзылулары (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема, жайылған жедел экзантематозды пустулез)

- Кумбс тестісінің, галактоземия тестісінің және глюкозаны анықтаудың ферментативті емес әдісінің жалған-оң нәтижелері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- цефтриаксонға, кез келген басқа цефалоспориндерге, бактерияларға қарсы бета-лактамдық дәрілердің кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- лидокаинге жоғары сезімталдық

- шала туған 41 аптаға дейінгі жаңа туған нәрестелер (гестациялық жасы + хронологиялық жасы)

- шала жаңа туған нәрестелер (өмірге келгеніне 28 күн толмаған):

а) гипербилирубинемияның, сарғаюдың, гипоальбуминемиялардың немесе ацидоздың болуы, билирубиннің байланысуы бұзылуы мүмкін жағдайдың бар болуы

б) цефтриасонның кальций тұздарының преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты, егер кальцийді немесе құрамында кальций бар ерітінділерді көктамырішілік енгізу қажет етілсе (немесе қажет етілуі мүмкін)

- құрамында лидокаин бар ерітінділерді көктамыр ішіне енгізуге болмайды

- лидокаинды балаларда және жасөспірімдерде еріткіш ретінде қолдануға тыйым салынады

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рингер ерітіндісі немесе Гартман ерітіндісі сияқты құрамында кальций бар еріткіштерді Сефабел ампуласының ішіндегіні еріту үшін пайдаланбаған жөн, өйткені шөгінді түзілуі мүмкін. Егер цефтриаксон көктамырішілік енгізудің бір жүйесінде құрамында кальций бар ерітіндімен араласатын болса, цефтриаксон-кальцийдің шөгінділері де түзілуі мүмкін. Цефтриаксонды Y-ұштық арқылы парентеральді түрде қоректендіру сияқты, құрамында кальций бар ерітіндімен үздіксіз жасалатын инфузияны қоса, құрамында кальций бар көктамырішілік ерітіндімен бір мезгілде енгізбеген жөн. Алайда, жаңа туған нәрестелерден басқа, пациенттерге цефтриаксонды және құрамында кальций бар ерітінділерді, егер инфузиялық жүйелер инфузиялар арасында тиісті сұйықтықтармен мұқият жуып-шайылса, бірінен кейін бірін енгізуге болады. Ересектердің in vitro плазмасын және жаңа туған нәрестелердің кіндік қанынан алынған плазмаларды зерттеу жаңа туған нәрестелерде цефтриаксон-кальций шөгіндісі түзілуінің жоғары қаупінің байқалатынын көрсетті. Демек, цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділер араластырылмауы немесе бір мезгілде енгізілмеуі тиіс.

Пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану K анти-витамині әсерін және қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Халықаралық қалыптасқан қатынасты (INR) және цефтриаксонмен емдеу кезінде де, сонымен қатар емдеуден кейін де тиісінше түзетілген К анти-витамині-препараттарының дозасын жиі бақылау ұсынылады. Цефалоспориндермен бірге пайдаланылған кезде аминогликозидтердің бүйректік уыттылығының біршама потенциалды артуының қарама-қайшы деректері бар. Мұндай жағдайларда клиникалық іс-тәжірибеде аминогликозидтер мониорингісінің (және бүйрек функциясының) ұсынылатын деңгейін қатаң сақтаған жөн.

Іn vitro зерттеулерде хлорамфеникол мен цефтриаксонды біріктіргенде антагонистік әсерлер байқалды. Осы қорытындының клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Цефтриаксон мен құрамында кальций бар пероральді препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер немесе бұлшықетішілік цефтриаксон мен құрамында кальций бар препараттар (көктамырішілік немесе пероральді) арасындағы өзара әрекеттесулер жөнінде ешқандай мәлімдемелер болған жоқ.

Цефтриаксон қабылдаған пациенттерде Кумбс тестісі жалған-оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Цефтриаксон, басқа да антибиотиктер сияқты, галактоземияға тестілердің жалған-оң нәтижелерін туындатуы мүмкін.

Осыған ұқсас, несепте глюкозаны анықтаудың ферментативті әдістері де жалған-оң нәтижелер беруі мүмкін. Сондықтан цефтриаксонмен емдеу кезінде несептегі глюкоза деңгейін анықтауды ферментативтік әдіспен жүргізген жөн.

Үлкен дозалардағы цефтриаксон мен күшті әсер ететін диуретиктерді (мысалы, фуросемидті) бір мезгілде қолданғаннан кейін бүйрек функциясының нашарлағаны байқалған жоқ.

Пробенецидті бір мезгілде енгізу цефтриаксонның элиминациясын төмендетпейді.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Бактерияларға қарсы барлық бета-лактамды дәрілер жағдайындағы сияқты, күрделі және кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары жөнінде мәлімделді. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары жағдайында цефтриаксонмен емдеу дереу тоқтатылуы және талапқа сай төтенше шаралар қабылдануы тиіс. Емдеуді бастар алдында пациенттің сыртартқысында цефтриаксонға, басқа цефалоспориндерге немесе бета-лактамды агенттердің кез келген басқа типтеріне ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының сыртартқыда бар-жоғын анықтаған жөн. Егер цефтриаксонның басқа бета-лактамды дәрілерге аса жоғары сезімталдығының ауыр еместігі сыртартқыда көрсетілген пациенттерге тағайындалса, оны сақтықпен қолдану керек.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (Стивенс –Джонсон синдромы немесе Лайелл синдромы / туытты эпидермальді некролиз) тіркелген. Дегенмен, осы жағдайлардың жиілігі белгісіз.

Құрамында кальций бар препараттармен өзара әрекеттесуі

Шала жаңа туған нәрестелерде және туғанына 1 ай толмаған, жетіліп жаңа туған нәрестелерде өкпедегі және бүйректегі кальций-цефтриаксон шөгіндісінің өлімге әкелу реакциясының жағдайлары сипатталған. Ең жоқ дегенде олардың біреуі әртүрлі уақытта және әртүрлі тамызғыштар арқылы цефтриаксон және кальций қабылдаған. Қолда бар ғылыми деректер бойынша, цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділерді немесе құрамында кальций бар кез келген басқа препараттарды қабылдаған, жаңа туған нәрестелерден басқа, науқастарда айғақталған қантамырішілік преципитаттар жөнінде мәлімдемелер жоқ. Іn vitro зерттеулер жаңа туған нәрестерлерде, басқа жас тобындағылармен салыстырғанда, цефтриаксон-кальций шөгінділері түзілулерінің жоғары қаупі бар екендігін көрсетті.

Кез келген жастағы пациенттерде цефтриаксонды құрамында кальций бар көктамырішілік кез келген ерітінділермен араластырмаған немесе, тіпті әртүрлі инфузиялық жүйелердің немесе инфузияның әртүрлі жерге жасалуының жәрдемімен де, бір мезгілде енгізбеген жөн. Алайда, 28 күндіктен асқан жаңа туған нәрестелерде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді, егер әртүрлі жерлерге инфузиялық жүйелер пайдаланылса, немесе егер инфузиялық жүйелер алмастырылса немесе инфузиялар арасында шөгіндінің түзілуіне жол бермеу үшін физиологиялық тұзды ерітіндімен мұқият жуып-шайылса, біртіндеп бірінен кейін бірін енгізуге болады.

Егер цефтриаксонды пайдалану толық парентеральді қоректендіру үшін құрамында кальций бар ерітіндімен (ТPN) үздіксіз инфузияда жүрген пациент үшін қажет деп саналса, әртүрлі инфузиялық жүйелердің жәрдемімен және әртүрлі жерге бір мезгілде енгізуге болады. Балама ретінде, ТPN ерітіндісінің инфузиясын цефтриаксонды құю кезінде тоқтата тұруға болады, ал инфузиялық жүйелерді ерітінділер арасында жуып-шаю керек.

Иммунитетпен байланысты гемолитикалық анемия

Иммунитетпен байланысты гемолитикалық анемия, Сефабелді қоса, цефалоспориндер класының антибиотиктерін қабылдап жүрген пациенттерде байқалады. Егер пациентте цефтриаксонды қабылдау кезінде анемия дамыса, диагнозын цефалоспоринмен байланысты болған анемия деп қарау және, эитиологиясы анықталғанша, цефтриаксонды қабылдауды тоқтату керек.

Ұзақ емдеу

Ұзақ уақыт емдеу кезінде жүйелі уақыт аралығынан кейін қанға толық талдау жүргізген жөн.

Колит / Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуі

Антибиотикпен астасқан колит және жалған жарғақшалы колит, цефтриаксонды қоса, барлық дерлік антибиотиктерді қолдану жағдайында тіркелді және ол жеңілден өмірге қатер төндіретін ауырлыққа дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан цефтриаксонды енгізу кезінде және енгізгеннен кейін диарея болған науқастарда бұл диагнозды қарау маңызды. Цефтриаксонмен емдеуді тоқтату және Clostridium difficile-ні спецификалық емдеуді бастауды қарастырған жөн.

Перистальтиканы басатын дәрілік препараттарды бермеген жөн. Бактерияларға қарсы басқа дәрілер жағдайындағы сияқты сезімтал емес микроорганизмдермен суперинфекция туындауы мүмкін.

Бүйрек және бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

Бүйрек және бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі кезінде қауіпсіздігі мен тиімділігіне клиникалық бақылау ұсынылады.

Серологиялық тестіленуіне ықпалы

Кумбс тестісіне араласым туындауы мүмкін, өйткені Сефабел сынаққа жалған-оң нәтижелерге әкеп соғуы мүмкін. Сефабел сондай-ақ галактоземияға жүргізілген сынақтың жалған-оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін. Несепте глюкозаны анықтаудың ферментативтік емес әдістері жалған-оң нәтижелер беруі мүмкін. Сефабелмен емдеу кезінде несептегі глюкоза деңгейін анықтау ферментативті түрде жүргізілуі тиіс.

Натрий

Сефабелдің әрбір грамында 3,6 ммоль натрий бар. Бұны натрий бақыланатын диетада жүрген пациенттерде ескерген жөн.

Бактерияларға қарсы ауқымы

Цефтриаксонның бактерияларға қарсы белсенділік ауқымы шектеулі болады және, егер қоздырғыш әлі де айқындалмаса, инфекциялардың кейбір түрлерін емдеуге арналған дәрілердің бірі ретінде пайдалануға жарамайды. Күмәнді патогендер цефтриаксонға төзімді организмдерді қамтитын полимикробтық инфекцияларда қосымша антибиотик енгізуді қарастырған жөн.

Өт тастарының түзілуі

Сонограммаларда көлеңке байқалған кезде цефтриаксон кальций преципитаттарының түзілуі мүмкін екендігін қарастырған жөн. Өт қалтасындағы тастар деп қате қабылданатын көлеңкелер өт қалтасының сонограммаларында анықталды және цефтриаксонның тәулігіне 1 г және одан көп дозаларында өт жиі байқалды. Педиатриялық популяцияға ерекше назар аударған жөн. Мұндай преципитаттар цефтриаксонмен емдеуден кейін жоғалады.  Цефтриаксон кальций преципитаттарының болуы сирек симптомдармен байланысты болды. Симптоматикалық жағдайларда хирургиялық емес консервативті ем ұсынылады, ал дәрігер пайда-қаупіне спецификалық баға беру негізінде цефтриаксонмен емдеуді тоқтатуды қарастырғаны жөн.  

Билиарлы стаз

Этиологиясы билиарно-обструкциялық болуы мүмкін панкреатит жағдайлары цефтриаксон қабылдаған пациенттерде тіркелді. Оларда билиарлы стаз және билиарлы сладж қаупінің факторлары, мысалы, бұдан бұрын үлкен ем қабылдау, ауыр сырқат және парентеральді түрде қоректендіру болған. Билиарлы шөгіндінің түзілуімен байланысты цефтриаксонның триггерлерін немесе кофакторларын жоққа шығаруға болмайды.

Бүйрек тастарының түзілуі

Цефтриаксонды қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болған бүйрек тастарының түзілу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Симптоматикалық жағдайларда сонография жүргізген жөн. Бүйрек тастары пайда болған немесе сыртартқысында гиперкальциуриясы бар пациенттерде пайдалануды дәрігер пайда-қаупіне спецификалық баға беру негізінде қарастыруы тиіс.

Фертильділік

Репродукциялық зерттеулер еркектер мен әйелдердің фертильділігіне ешқандай жағымсыз әсер ету белгілерін көрсеткен жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Цефтриаксон плаценталық бөгет арқылы өтеді. Цефтриаксонды жүкті әйелдерге пайдалану деректерінің саны шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулер эмбриональді дамуға/ұрықтың дамуына тікелей немесе жанама зиянды әсер етуін көрсеткен жоқ. Цефтриаксонды жүктілік кезінде және, атап айтқанда, жүктіліктің алғашқы триместрінде, егер пайдасы қаупінен басым болса, енгізген жөн.

Цефтриаксон емшек сүтіне төмен концентрацияларда бөлініп шығады, бірақ цефтриаксон емдік дозаларда емшек емізуге ықпалын тигізеді деп күтілмейді. Дегенмен, диареяның және шырышты қабықтардың зеңдік инфекцияларының қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сенсибилизацияның болу мүмкін екендігін ескерген жөн. Емшекпен қоректендірген кезде емшек емізуді тоқтата тұру немесе, емшек емізудің нәресте үшін артықшылықтарын және әйелдер үшін емдеудің пайдасын ескере отырып, цефтриаксонмен емдеуді тоқтату/тежей тұру шешімін қабылдаған жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Цефтриаксонмен емдеу кезінде жағымсыз әсерлер (мысалы, бас айналу) пайда болуы мүмкін, олар көлік құралдарын басқаруға ықпалын тигізуі мүмкін. Пациенттер техниканы жүргізу немесе қолдану кезінде сақ болуы тиіс.

Артық дозалануы

Артық дозалану кезінде жүректің айнуы, құсу және іш өту сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Цефтриаксонның концентрацияларын гемодиализ немесе перитонеальді диализ жолымен төмендетуге болмайды. Артық дозалануды емдеу симптоматикалық болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған және қорғаныш пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, түссіз шыныдан жасалған құтыларға препарат 0.5 г немесе 1.0 г-ден салынған. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырады.

Түссіз шыныдан жасалған ампулаларға еріткіштер 2 мл немесе 3.5 мл-ден құйылған. Ампулаға сындыруға арналған сақина және тез бекитін бояумен терең басу әдісімен жазылған мәтін жапсырылады.

Картон қорапшада ішінде препараты бар 1 құты және көлемі 2 мл (0.5 г доза үшін) немесе көлемі 3.5 мл (1 г доза үшін) еріткіші бар 1 ампула медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл ( инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ үшін)

5 жыл (еріткіш үшін)

Сұйылтқаннан кейін қолдану кезеңі 25°С температурада 24 сағат, тоңазытқышта 72 сағат.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш., Түркия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы: nobel@nobel.kz

Тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 162 Е

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы: nobel@nobel.kz

 

 

 

 
   

 

 

Прикрепленные файлы

618562341477976212_ru.doc 143 кб
005943341477977474_kz.doc 203 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники