Сертогамма
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Сертогамма
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Бұлшықет ішіне енгізілетін ерітінді, 2мл
Құрамы
1 ампула препараттың құрамында, миллиграммда:
белсенді заттар: тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) - 100.00
пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) - 100 .00
цианокобаламин (В12 дәрумені) - 1 .00
лидокаин гидрохлориді - 20.00
қосымша заттар: бензил спирті, натрий гексаметофосфаты, калий гексацианоферраты (III), натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Күңгірт қызыл түсті мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Дәрумендер. В1 дәрумені және оның В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімі. В1 дәруменінің В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімі.
АТХ коды А11DB
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тиамин гидрохлориді
Тиамин гидрохлориді б/і енгізгеннен кейін инъекция орнынан жылдам сіңіріледі және қанға енеді (15 минуттан соң 484 нг/мл). Организмде шамамен 1 мг тиамин күнделікті ыдырайды. Дәруменнің кез келген артық шамасы несеппен шығарылады.
Пиридоксин гидрохлориді
Пиридоксин гидрохлориді б/і инъекциядан кейін қан ағысына жылдам сіңіріледі және 5-ші қалыпта СН2ОН тобы фосфорлануынан кейін коэнзим рөлін атқара отырып, организмге таралады. Дәруменнің 80% жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Пиридоксин бүкіл организмге таралады, плацента арқылы өтеді және ана сүтінен табылады, бауырда жинақталып, 4-пиридоксин қышқылына дейін тотығады, ол кг дене салмағына 0,05-0,1 мкмоль мөлшерінде, сіңірілгеннен кейін көп дегенде 2-5 сағаттан соң несеппен шығарылады. Адам организмінің құрамында 40-150 мг В6 дәрумені болады және 2,2 – 2,4% толықтыру жылдамдығы кезінде бүйрек экскрециясында оның күнделікті жылдамдығы 1,7-2,6 мг жуықты құрайды.
Цианокобаламин Цианокобаламин негізінен тәулігіне 0.5- 5 мкг мөлшерінде өтпен шығарылады, бұл ретте 70% жуығы реабсорбцияға ұшырайды және энтерогепатикалық айналымға түседі. Жоғары дозалар тағайындағанда (0.1-1 мг жуық) цианокобаламиннің елеулі мөлшері бүйрекпен шығарылады (50-90% жуық дені сау субъектілерде 48 сағат бойы). Цианокобаламин жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) салыстырмалы түрде ұзақ, 123 сағатқа созылады.
Фармакодинамикасы
В тобының нейротропты дәрумендері жүйке және тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларына жағымды әсер етеді. Қан ағымының күшеюіне ықпал етеді және жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.
В1 дәрумені (тиамин) көмірсулар метаболизмінде, сондай-ақ кейіннен ТПФ (тиамин пирофосфат) және АТФ синтезіне қатыса отырып, Кребс циклінде шешуші рөл атқарады.
B6 дәрумені (пиридоксин) ақуыздар, майлар мен көмірсулардың метаболизмін реттейді.
Екі дәруменнің де физиологиялық функциясы бір-бірінің әсерін күшейту болып табылады, ол жүйке, нейробұлшықет және жүрек-қантамыр жүйесіне оңды әсер етуден байқалады.
B12 дәрумені (цианокобаламин) жасушалық метаболизм, қалыпты қан түзілуі мен жүйке жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажет. Ол нуклеин қышқылының биологиялық синтезін және сәйкесінше жаңа жасушалар ядролары құрылымын катализдейді. Цианокобаламин миелин қабығы синтезіне қатысады, гемопоэзді көтермелейді, шеткері жүйке жүйесі зақымдануымен байланысты ауырғанды сезінуді азайтады.
Қолданылуы
Шығу тегі әртүрлі неврологиялық аурулардың кешенді емі құрамында:
-
неврит
-
невралгия
-
полинейропатии (диабеттік, алкогольдік және т.б.)
-
миалгия
-
түбіршек синдромы
-
плексопатия
-
ретробульбарды неврит
-
белдемелі теміреткі
-
бет жүйкесінің парезі.
Қолдану тәсілі және дозалары
Инъекцияны бұлшықет ішіне терең жасайды.
Айқын ауыру синдромы жағдайында қанда препарат концентрациясының жоғары деңгейіне жылдам жету үшін 5-10 күн бойы күнделікті 2,0 мл-ден бастаған дұрыс болады. Ауыру синдромы басылғаннан кейін және аурудың жеңіл түрлері кезінде ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен емді жалғастыру мүмкіндігімен, одан әрі не ішке қабылдауға арнаған дәрілік түрімен емдеуге, не анағұрлым сирек инъекцияға (аптасына 2-3 рет 2-3 апта бойы) көшеді.
Дәрігер апта сайын тексеруі керек.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түріне көшуді барынша мүмкін болатын қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.
Ең жоғары бір реттік доза: 2,0 мл,
Ең жоғары тәуліктік доза: 2,0 мл,
Енгізу жиілігі: тәулігіне бір рет.
Жағымсыз әсерлері
Қолайсыз жағымсыз әсерлерінің пайда болудың жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес келтірілген:
Өте жиі: >1/10
Жиі: >1/100, <1/10
Жиі емес: >1/1000, <1/100
Сирек: >1/10000, <1/1000
Өте сирек: <1/10000
-
препарат компоненттеріне, атап айтқанда бензил спиртіне аса жоғары сезімталдық реакциялары
Сирек
-
аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы, экзантема, бөртпе, қышыну, тыныс алудың қиындауы, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну)
Өте сирек
-
тахикардия
-
брадикардия
-
аритмия
-
құсу
-
қатты терлеу, безеу бөртпесі, қышыну және есекжеммен тері реакциясы
-
шаншулар
Бірлі-жарым жағдайларда
-
бас айналу, сананың шатасуы
-
құрысулар
-
препарат енгізген орындағы тітіркену; жылдам енгізу немесе артық дозалану кезінде жүйелік реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жекелей сезімталдық
-
декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
В1 дәрумені. Тиамин құрамында сульфит бар ерітінділерде толық ыдырайды. Басқа дәрумендер В1 дәруменінің ыдырау өнімдері қатысқанда (темір иондары концентрациясының төмендеуі мұндай белсенділігін жоюды болдырмауы мүмкін) белсенділігін жояды.
В6 дәруменінің емдік дозалары леводопа тиімділігін әлсіретуі мүмкін. Одан әрі изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен өзара әрекеттесуі байқалады.
Тиамин тотықтырғыш заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкоза және метабисульфитпен үйлеспейді. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; мұнымен қоса, тиамин рН мәні ұлғайғанда (3 астам) өзінің әсерін жоғалтады.
В6 дәрумені. Леводопа В6 дәрумені емдік дозаларының әсерін төмендетеді. В6 дәруменінің пиридоксин әсерін төмендететін циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, адреналинмен, норадреналинмен, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі жүруі мүмкін.
В12 дәрумені. Цианокобаламин тотықтырғыш заттармен және ауыр металл тұздарымен үйлеспейді, тиамин туындатқан аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін. Рибофлавин, әсіресе жарықтың әсерімен деструктивті әсер етуі мүмкін. Никотинамид фотолизисті күшейтеді, ал антиоксиданттар болса, осы үдерісті тежейді.
Адреналин норадреналинмен, сульфонамидтермен бір мезгілде қолданғанда лидокаинді парентеральді енгізген жағдайда жүрекке жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Сертогамма тек қана бұлшықет ішіне (б/і) енгізіледі, ешқашан вена ішіне (в/і) қан ағымына енгізуге болмайды. Венаға кездейсоқ түсіп кеткен жағдайда науқас дәрігердің бақылауында болуы немесе симптомдардың ауырлығына қарай ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Алты айдан артық қолданғанда препарат нейропатияны туындатуы мүмкін. Сертогамма бірлік дозасының (2 мл) құрамында 1 ммоль (23 мг) аздау натрий болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары жүргізушілерінің және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін адамдардың қолдануына қатысты сақтандыру жөнінде ақпарат жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас айналу, аритмия, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл-ден қоңыр шыны ампулада.
Поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан және бөлгіштері бар картон тұғырға 5 ампуладан салынады.
ПВХ картон тұғырдан жасалған 1 пішінді ұяшықты қаптамадан (5 ампуладан) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші және қаптаушы
Мефар Илач Санайи. А.Ш
Мекенжайы: Стамбул. Рамазанолу Мах. Энсар Джад. №20. Курткёй-Пэндик, Түркия
Тіркеу куәлігінің иесі
Др Сертус Илач Санайи Ве Тиджарет Лимитед Ширкети, Түркия
Мекенжайы: 34212 Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джаддеси № 50, Гириш Кат, Гюнешли, Багджылар, Стамбул, Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта).
«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғылы 222-б
тел: 8+7 727 251 99 35, +7 727 251 99 45 факс: 8+7 727 252 90 90
+7 701 786 33 98 (24 сағат бойы қосулы)
pvpharma@worldmedicine.kz