Сертазол

МНН: Сертаконазол
Производитель: Рубикон ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Сертаконазол
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024436
Информация о регистрации в РК: 13.01.2020 - 13.01.2025
Номер регистрации в РБ: 20/06/2101
Информация о регистрации в РБ: 30.05.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Сертазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сертаконазол

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер 300 мг

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - сертаконазол нитраты 300 мг,

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремний қостотығы, қатты май.

Сипаттамасы

Пішіні жұмыртқа тәрізді, ақ түсті суппозиторийлер. Шұңғыма тәрізді ойығы болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда. Имидазол туындылары. Сертаконазол

АТX коды G01AF19

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қынап ішіне қолданғанда қан плазмасындағы белсенді заттың концентрациясы анықталу шегіне жетпейді. Радиоактивті таңбаланған сертаконазолды қынап ішіне қолданғаннан кейін қан плазмасында радиоактивті зат анықталған жоқ.

Фармакодинамикасы

Зеңге қарсы дәрілік зат, имидазол және бензотиофен туындысы. Емдік дозаларда фунгистатикалық және фунгицидтік әсері бар. Әсер ету механизмі эргостерол синтезінің бәсеңдеуіне және жасуша жарғақшалары өткізгіштігінің артуына негізделген, бұл зең жасушасының лизисіне әкеледі.

Candida spp. (оның ішінде Candida albicans) қатысты белсенді. Сонымен қатар, грамоң бактерияларға (Streptoccus spp., Staphylococcus spp.) қатысты бактерияға қарсы белсенділігі бар.

Қолданылуы

- қынаптық кандидозды жергілікті емдеу.

Өзіне тән клиникалық белгілері болмаған жағдайда, оң микробиологиялық қорытынды өздігінен емді бастау үшін көрсетілім болып табылмайды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынап ішіне қолдануға арналған.

Бір рет тағайындайды. Қынаптық суппозиториді ұйықтар алдында қынапқа тереңдетіп енгізеді. Клиникалық белгілері сақталған жағдайда дәрілік затты 7 күннен кейін қайталап қолдануға болады.

Тәжірибелік нұсқаулық:

Препаратты қолданар алдында рН бейтарап сабынды пайдалана отырып, сыртқы жыныс мүшелерін жуып-шаю керек.

Инфекцияны сақтауға ықпал етуі мүмкін факторларды болдырмау ұсынылады (синтетикалық түрінің орнына мақта-мата іш киімін пайдалану, қынапты қарқынды жууды болдырмау және т. б. ұсынылады).

Дұрысы вульва және перианальді аймаққа зеңге қарсы кремді қосымша қолдану керек.

Жыныстық жұптасын қатар емдеу әрбір нақты жағдайда жеке қаралуы керек.

Етеккір суппозиторийлерді қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

Сирек: аллергиялық реакциялар.

Енгізу орнындағы жүйелік бұзылулар мен асқынулар:

Кейде: ашыту, қынаптың қышуы (өздігінен кетеді, дәрілік затты тоқтатуды қажет етпейді).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сертаконазолға, имидазол туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бір мезгілде латексті мүшеқап немесе диафрагманы қолдану

- 14 жасқа дейін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жергілікті контрацептивтермен бір мезгілде қолдану соңғысының спермицидтік әсерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Кандидоз диагнозы расталған кезде инфекцияның дамуына және сақталуына ықпал ететін тұрмыстық және гигиеналық факторларды табу және жою маңызды.

Осылайша, қайталануын болдырмау үшін қоздырғышты жою және жоғарыда аталған тұрмыстық және гигиеналық факторларды анықтау қажет.

Қажет болған жағдайда кандидозбен астасатын басқа да инфекцияларды емдеу керек.

Ем жергілікті жақпаушылық немесе аллергиялық реакция пайда болған жағдайда тоқтатылуы тиіс. Пациенттерге рН қышқылды сабынды пайдаланбауды ұсыну керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік пен лактация кезеңінде сертаконазолды қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Дәрілік заттың қолдану тәсілін (бір рет), сондай-ақ жүйелі сіңірілуінің жоқтығын ескере отырып, Сертазол жүктілік және лактация кезеңінде, егер шарана немесе бала үшін ықтимал қауіптен ана үшін болжанған пайдасы асып түсетін жағдайда қолданылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бір суппозиторийден ПВХ/ПЭ полимер материалдарынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Рубикон» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, 210002, Витебск қ., М. Горький к-сі, 62 Б, тел/факс: +375 (212) 34-06-29,

www.rubikon.by, e-mail:secretar@rubikon.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Рубикон» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, 210002, Витебск қ., М. Горький к-сі, 62 Б, тел/факс: +375 (212) 34-06-29,

www.rubikon.by, e-mail:secretar@rubikon.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

Қазақстан Республикасындағы «Рубикон» ЖШҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы, Пушкин к-сі, 2/76, 905-кеңсе, тел/Факс:+77017865802, email: Rubikon.kz@mail.ru

Прикрепленные файлы

Сертазол_(финал--_откорректирован_ОР_18.11_.19)_.docx 0.03 кб
Сертазол_КАЗ1_супп.doc 0.06 кб
20_06_2101_s.pdf 0.15 кб
20_06_2101_p.pdf 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ